Менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 09:15, реферат

Описание

. Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әркилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

  Кәсіпкерлік  қатерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады.

  1. Тәуекелдік пайда  болу табиғаты  бойынша былай  жіктелмек:

  а) меншік шаруашылығы;

  ә) кәсіпкерліктің жеке тұлғасына байланысты;

  б) табиғи факторлармен себептес.

  2.    Пайда   болу   себебі   бойынша    тәуекелдікті   мынадай салдармен бөліп көрсету мақсатқа лайықты:

  а) болашақтың болжауға келмейтіні;

  ә) серіктестің мінезінің  жұмбақ болуы;

  б) ақпараттың жеткіліксіздігі.

  3. Сақтандырылу мүмкіндігі  бойынша кәсіпкерлік  тәуекелдікті былай  жіктеуге болады: а) сақтандырылатын;  ә) сақтандырылмайтын.

  4. Кәсіпкерлік мәселені  шешу кезеңдеріне  қарай қатер мыналарда  пайда болады: а)  шешім қабылдауда; ә) шешімді жүзеге  асыруда.

  5. Фирмаға ықпал  ететін әсердің  ұзақтығы бойынша:  а) қысқа мерзімді; э) ұзақ мерзімді.

  6. Болжамды нәтижелер  бойынша тәуекелдік былай жіктеледі: а) алыпсатарлық; ә) жай.

  7. пайда болу саласы  бойынша:

  а) сыртқы;

  б) ішкі.

  8. Аукымы бойынша:  а) қысқа (тұжырымды); ә) ғаламдық.

  9. Ұйғарылу деңгейі  бойынша:

  а) ұйғарымды; ә) қиын; б) апатты.

  Тәуекелдіктің түрлері:

  - саяси;

  - экономикалық;

  - техникалық.

  Экономикалық  қатер мына тәуекелдіктерді  қамтиды: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, инвсстициялық, ақпараттық және т.б..

    Кәсіпкерліктің ұйымдық  формалары (нысандары)

  Нарықтық  экономикасы дамыған  елдерде кәсіпкерлік ұйымның үш формасы бар: жекеше шаруашылық, серіктестік, корпорация.

  Жекеше  шаруашылық - бір  меншік иесі шешімді  өзі жекеше қабылдап, барлық істің жауапкершілігін  өз мойынына алады.

  Бірқатар  бағалаулар бойынша, АҚШ-та 1980-ші жылдардың  ортасында фермерлік шаруашылықтарды қоспағанда 7 млн. жекеше шаруашылық болған екеи.

  Жекеше  шаруашылықтың артықшылығы  меншік иесі (қожайын) істің барысына толық  бақылау жүргізеді.

  Кемшілігі - капитал мөлшері (шамасы) мардымсыз (аз) болады; меншік иесі залал, зиян, ысырап, қарыз үшін жалғыз µзі ғана жауап береді.

  Серіктестік - екі немесе одан да көп кәсіпкерлер  шешімді бірігіп  қабылдайды, әрі барлық іс үшін жеке жауап  беретін кәсіпкерліктің ұйымдық формасы, АҚШ-та олардың саны 1 млн.-ға жетті.

  Серіктестік жекеше шаруашылыққа тән алғашқы кемшілікті (капитал мөлшерінің аздығы) жеңуді көздейді. Барлық серіктестер, меншік иелері залал, ысырап және т.б. орын алған жағдайда бірдей жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген болады. Бұл жағдайда ортақ иеленушілер белгілі бір шектеулі мөлшерде капитал қосуға құқылы болады және кәсіпорын атынан басқару ісіне немесе келісімге қатыспайды. Серіктестік көбінесе құқықтану, медицина, брокерлік (басқа тұлғаның атынан тауарды сатушы және сатып алушы) салаларында тараған.

  Корпорация - әдетте кәсіпкер меншік иесі мен меншіктен бөлек, қаржылық жауапкершілігі де шектеулі болатын акционерлік меншік негізіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық формасы.

  Артықшылықтары:

  - ол акцияларды  сату жолымен елеулі  капиталды тарта  алады;

  - корпорацияның меншік иелері, акционерлер фирманың міндеттемелері бойынша материалдық тұрғыдан жауап бермейді, олар банкрот бола қалған жағдайда тек акцияларының құнын ғана жоғалтады;

  - корпоративтік форма  тәуекелдік деңгейі  жоғары аса үлкен  ауқымдағы өндіріске  ірі капитал қажет болатын жағдайда іс жүзінде µзінің ұтымды әрекет ететінін дәлелдеген (Директорлар кеңесі басқарушыларды жалдайды).

  Корпоративтік кәсіпкерліктің кемшіліктеріне жататындар:

  - корпорацияны басқару  ісіне барлық акция  иеленушілердің қатысу  мүмкіндіктері болмайды;

  - фирманың қызметіне  бақылау жүргізеді;

  - акционерлерге екі  жақты салық салынады; пайдаға салынатын  салық - дивидендтің  шамасын кемітеді;

  - дивидендке салық  салу.

  XX ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында АҚШ-тағы корпорациялардың саны 2 млн.-ға жетті.

  7-тақырып.  Ұйым туралы түсінік  және оның түрлері

  1. Менеджментті оқып  білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет.Ұйьм менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.

  Ұйым  дегеніміз не? Қандай да бір топ Ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәикес болу керек.

  1. Әрбір топтың ұйым  болып есептелуіне  төмендегідей талаптар  қойылады:

  1. Осы топтың мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы;
  2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы;
  3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі.

  Осыдан  барып төменгі  анықтамаға тоқталамыз.

  Ұйым  – алға қойылған мақсатқа жету барысында  адамдар тобы еңбегінің  саналы үйлестірілуі.

  Ұйымның мақсаты жан-жақты болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің, өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау т.б. яғни ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс-әрекеттер орындалады және осы мақсаттың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді. 

      Ұйымдар формасы,  мақсаттары, ұйымдық  құрылымы бойынша  ерекшеленеді, сонымен  қатар ортаң сипаттары  бөлініп шығады. Төменде  келтірілген ортақ  қасиеттері табысқа,  жетістікке жету  үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.

  Оларға  ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділігі, көлденең және тік  еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі  енгізіледі.

    Ресурстар. Жалпы  алғанда кез-келген  қызметі – нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде  ресурстарды тиімді  пайдалану. Ұйымдардағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық болып жіктелінеді.

  Адамдық ресурстардың нәтижелілігі – басқару ісінің сан қилы міндеттерін  орындайтын басқарушылар, мамандар, техникалық қызметкерлердің кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызмет орындайды.

  Технологиялық және ақпараттық ресурстар алдыңғы қатарлы ғылымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.

    Сыртқы ортадан  тәуелділігі. Ұйымның  қызметі мен нәтижесі  көп жағдайда оның  қоршаған ортасындағы  экономикалық, саяси,  нарықтық, технологиялық,  халықаралық, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұсынуға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға және тиімді факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік туындайды.

    Көлденең және  тік еңбек бөлінісі.

  Басқару ісінің тиімділігі сондағы әрекеттердің нақтылы жағдайына қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.

  Көлденең  еңбек бөлінісі дегеніміз  – басқару процесіндегі әртүрлі қызметтерді  икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтармен бөлімдер мен қатар барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметтекерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т.б. бөлімдер құрылады.

  Тік еңбек бөлісі –  басқару ісінің күрделі  жүйелі сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы  ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет. Осыдан барып қызметтердің анықталуы, өкілеттіліктердің  берілуі және басқару  деңгейлеріне бөліну жүзеге асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төмен болып бөлінеді.

  Жоғарғы буын (деңгей) ұйымның  жалпы стратегиясын, бағыт-бағдарламасын  уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып  жасауда және жалпы  ұйымдық дамуды бағалауда  қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.

  Орта  буын (деңгей) – жоғарғы  буын анықтаған ұйымның  жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру  қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық  бөлім басшылары.

  Төменгі деңгей – тікелей  орындаушылар және төменгі  ішінара қызметтерді  орындайтын басшы  буындар.  

  2. Адам қарым-қатынасты қажет етеді, ол адамды қуанышқа бөлейді. Қатынас уақытша және онша маңызды емес, тұрақты және маңызды болуы мүмкін. Біз әрқайсымыз бірнеше топтарға жатамыз - жанұя, достар, ұжым.

  Топ - бұл әрбір жақ екінші жаққа ықпал ететін және басқа жақтардың ықпалында болатын, бір-бірімен қарым-қатынастағы екі немесе одан да көп жақтар. Ұйым ресми және бейресми топтардан тұрады.

  Ресми ұйымдар — жетекшінің еркімен құрылған топтар. Оларға жетекші топтар, өндірістік немесе жұмысшы топтары, комитеттер жатады.

  Барлық  топтар біртұтас ұжым ретінде тиімді жұмыс жасаулары керек.

  1924 жылы қарашада зерттеушілер тобы Хоторн зауытында эксперименттер жасай бастады. Эксперимент 4 кезеңнен тұрды, 8 жыл бойы жүргізілді. Мұнда іс-әрекеттік факторларға, жетекшімен өзара байланыстыруға назар аударылды.

  Элтон Мэйо әлеуметтік және психологиялық факторлар  неғұрлым күшті ықпал  жасайды деп бекіту жасады. Жетекшімен жоспарланбаған, бақыланбаған әлеуметтік қатынастар - бұл еңбек өнімділігінің өзгерістерінің, басты себебі. Бұл өзгерісте маңызды рөлді бейресми ұйымдар атқарады.

  Бейресми  ұйым - белгілі бір  мақсатқа жету үшін өзара байланысқа түсетін, аяқ астынан  құрылған адамдар тобы.

  Бейресми  ұйымдар иерархия, міндеттер, лидерге  ие. Адамдар не үшін ресми ұйымдарға  енетінін анық біледі, ал бейресми ұйымдарға  енетін себептерін адамдар  жиі біле бермейді, бірақ оған себептер бар:

  •   қатынастарға ие болу үшін;

  •  өзара көмек көрсету үшін;

  •  өзара қолдауды жузеге асыру үшін;

  •  тығыз араласу  үшін;

  •  құштарлық.

  Бейресми  ұйымдар басқарудың тікелей катынасына ие, өйткені ресми  ұйымға тиімді ықпал  етеді.

  Бейресми  ұйымдар төмендегі  белгілермен сипатталады:

Информация о работе Менеджмент