Социал-демократия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:55, реферат

Описание

Социал-демократия – көптеген елдердiң жұмысшы және демократиялық қозғалысытарындағы үлкен әсерін тигізетін күш. Қазіргі кезде, дүние жүзінің 17 миллион халқы социал-демократиялық ұстанымдағы 80 партияда тіркелген. Бір ғасырлық тәжірибесі бар социал-демократизм идеологиясы, әлемнің түпкілікті өзгеруіне қарамастан әлеуметтік жағынан тиімді болып шықты. Осы уақыттағы басқа, көптеген саяси идеолагиялар қоғамдағы өз беделдерінен айырылып жатса, социал-демократизм идеологиясы өз ықпалын одан арман күшейткен. Бүгінгі күні социал-демократиялық идеология, орталықшы күштердің доктринасы болып табылады, бірақ бұл идеология марксизімнің ішіндегі солшыл идеология ретінде бастауын алған.

Работа состоит из  1 файл

Социал-демократия.docx

— 39.37 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Социал-демократия – көптеген елдердiң жұмысшы және демократиялық қозғалысытарындағы үлкен әсерін тигізетін күш. Қазіргі кезде, дүние жүзінің 17 миллион халқы социал-демократиялық ұстанымдағы 80 партияда тіркелген. Бір ғасырлық тәжірибесі бар социал-демократизм идеологиясы, әлемнің түпкілікті өзгеруіне қарамастан әлеуметтік жағынан тиімді болып шықты. Осы уақыттағы басқа, көптеген саяси идеолагиялар қоғамдағы өз беделдерінен айырылып жатса, социал-демократизм идеологиясы өз ықпалын одан арман күшейткен. Бүгінгі күні социал-демократиялық идеология, орталықшы күштердің доктринасы болып табылады, бірақ бұл идеология марксизімнің ішіндегі солшыл идеология ретінде бастауын алған. Айта кететін болсақ, ешқашан бұл теорияның ортодоксалді сипаты болмағандықтан, оған әлеуметтік өзгерістермен бірге органикалық өзгеруге мүмкіндік берді. Ол теория, әртүрлі бағыттардағы саяси ойларды біріктіріп, жұмысшылардың, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің мүддесін көрсететін идеологияны құрды. Бұл жағдай, социал-демократизм идеологиясына қызығушылықты тартады.

Көптеген адамдар үшін социал-демократия – идеологияларда, саясатта, партия ішілік құрылымдарда бірмәнді түсінік болып табылады. Бірақ социал-демократиялық партиялар 1951 жылы құрылған Социалистік интернационалдың мүшелері болып табылады. Онда, партиялар географиялық белгілер бойынша да ерекшеленеді,  өйткені қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері әртүрлі мемлекеттердің мүдделерін ұсынады.

Әрине, социал-демократиялық  қозғалыстың арқа сүйер біртұтас құндылықтарын атап кетуге болады: бостандық, әлеуметтік әділеттілік  және ынтымақтастық. Партиялардың социал-демократиялық  белгілерін бөлуге болады. Біріншіден, олардың идейялық жиынтығы – демократиялық социализмге бағытталған, және оны тек идеал ретінде ғана түсінбей, қоғам өзгерісінің ұсақ процессі ретінде түсіну керек. Екіншіден, кәсіподақ қозғалысындағы әртүрлі жалдамалы жұмысшылармен тұрақты байланыстың болуы.Үшіншіден, әртүрлі мәселелерді шешу үшін, саяси консенсусті іздестіруі.

Әйтеуiр, төртiншiден, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң шешiмiнде, басымдылықты жұмысшылардың әлеуметтік қорғанысы алады.

Тек социал-демократияның  мойнына ілінетін көптеген сұрақтар( нарық сұрақтары, бағаның құрылуы, салықтық саясат, экономиканы мемлекттік қадағалауы, экологиялық саясат және т.б) тек белгілі бір партияның  бағытымен ғана қарастырылады.Әрине, ол партия Социнтердің мүшесі. Қазіргі кезде мұндай жағдайларда да кездеседі, кейбір мемлекеттерде реформаларды социал-демократтар өткізсе, басқа бір елдерде олардың саяси қарсыластары өткізеді.

Жоғарыда айтылғаннан, мынадай  қорытынды шығаруға болады: социал-демократияның  үлгісі – қарапайымдалған түсінік болып табылады. Социал-демократиялық партиялардың саясаты қандай да бір өнегеге бағытталмаған, осы жерде оның күшін де байқауға болады, өйткені олардың саясты нақты мемлекеттердің әлеуметтік-саяси ерекшеліктері мен экономикалық дамуына бағытталған. Конгрессте социал-демократтар өздерінің негізгі біртұтас қозғалыс идеологиясынан бас тартты және Социнтернде соғысқа дейнгі кейбір шарттарды орындамауға бас бұрды. Өйтекені, әр партия жеке-дара шешім қабылдай алады және тек өз мүшелері мен сайлаушыларының алдында ғана жауапты болады, ол Социнтернді ұйымдық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Енді « демократиялық социализм» тұжырымдамасы бостандыққа, әлеуметтік әділеттікке және ынтымақтастыққа негізделетін болса, ал социал-демократтар коммунисттер сияқты әлеуметтік мақсатқа экономикалық детерминизм жақтан қарамай, олар кезкелген теорияның қабілеттілік мүмкіндіктері шектеулі болады деп жорамалдайды, осыдан нақты жағдайларда кезкелген теория әрдайым түзетуді, нақтылауды қажет етеді. Осыған байланысты қазір де социал-демократтар әртүрлі елдерде көптеген қолдаушылары бар үлкен күш ретінде танылады. Қазіргі тарих, жаңа демократияның саяси және идеологиялық таңдауында, социал-демократиялық тәжірибеге сүйенетінін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социнтерн партиялары

 

Социалистік-демократиялық  қозғалыстың пайда болғанына  бір ғасыр болды. Бұл қозғалыс ХІХ ғасырдың соңында Батыс Еуропада ең алғашқы бастауын алды. Социал-демократияның орнығуына ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы батыс еуропа елдерінің қуатты индустриялды дамулары себепкер болды, осыған орай жалдамалы жұмысшылардың қатарлары күрт өсті. Қажеттілік, жұмысшылардың алдында өзінің шартын қойды, ол кәсіпкерлердің алдында өз кұқықтарын қорғау еді. Негізінен кәсіподақ арқылы, саяси ортада олардың құқықтары үшін парламентте күресетін саяси партиялар арқылы жүзеге асады. Әдетте, партияларды құруға кәсіподақтар ынталанатын. Осыған орай, олар осы партиялардың ұжымдық мүшелері ретінде қалыптасты. Осыдан, пайда болған өзіндік лейбористік модель – партия басшылары мен депутаттарын кәсіподақ қызметімен тікелей араластырып, байланыстыратын модель. Осындай модель 1900 жылы Ұлыбританияда бастауын алды, британ кәсіподақтары мен біршама социалистік ұйымдардың ынталануымен, осы жұмысшылардың атынан шығатын жұмысшының, парламентке сайлануын жүзеге асыру үшін, Ұлыбритания Лейбористтік Партиясы құрылды. Бір жылдай уақытта, партия құрамында 1 миллионнан астам адам тіркелді, олардың көбісі кәсіподақ мүшелері. 1906 жылы сайлауда, бірлестік палатасына, 54 лейборист сайланды. Осыдан кейін бұл модель ағылшын доминиондарына да тарап кетті. Олар Австралия, Жаңа Зеландия және Канада. Қазір де осы елдерде лейбористтік партиялар өз жұмыстарын атқарып жатыр: олар не үкіметті басқарады – Австралияның Лейбористтік Партиясы, Лейбористтік Партия ( Жаңа Зеландия),немесе өздерінің ұжымдық принциптарын емес тек атауларын өзгертіп, оппозициялық ықпалы бар күш ретінде қалады, мысалы Канадада ( Жаңа Демократиялық Партия).

Германияда жұмысшылардың  мүддесін қорғайтын партия, Англияға қарағанда еретерек пайда болды, яғни 1863 жылы. Германиядада кәсіподақ  пен партия басшыларының арасында тығыз байланыс орналасты, бірақ екі жақ та өз күштерін толығымен сақтап қалды. Осындай модель еуропалық социал-демократилықтарда кеңінен таралған, әсіресе солтүстік еуропада, яғни Скандинавияда. Бұл партиялар өздерін социал-демократиялық деп атайды, кейбір кезде, мысалы Швецияда партияға анықтама ретінде « жұмыстық » деп ,яғни кімнің құқықтарын қорғап жатқандығын білдіру үшін қойылады.

Бірқатар социал-демократиялық  бағыттағы партиялар өздерін  социалисттік деп атайды,  оны  өздерінің демократиялық социализм  идеалдарына адал екедігін көзге  көрсету үшін жасады. Оған мысал  ретінде – француз социалисттерінің партисын келтіруге болады. 1905 жылы құрылып, партияның бастақы атауы Социалистік интернационалдығы Француздық секция. Партия өзінің радикалды саяси бағдарламасымен көзге түсетін, бір аралықта коммунисттермен жақындасты, тек 1971 жылы құлдыраудың алдында тұрған партия, қайта құрылу мүмкіндігін іске асырып, атауын Француз Социалисттік Партиясына ауыстырып, өзінің бағдарламалық нұсқауларын қайтадан қарастырды. Екі рет үкімет басында болды (1981 жылы және 1988жылы). Бұл жерде айтып кететін жайт, бүгін де нақты мәселелерді шешуге бағытталған прагматиктер ( өздерін социал-демократтар деп атайды ) мен күнделікті қызметтің әсерінен демократиялық социализмнен ауытқымауды қадағалайтын теоретиктердің ( өздерін социалисттер деп атайды ) арасында айтыс-тартысты байқауға болады.

Социал-демократиялық бағыттағы  партиялардың керемет белсенділігін  Латын Америкасында байқауға болады. Оның нақты себептерін атап өтейік: біріншіден, әскери-репрессивті режим құлады ( 70-80 жж ) және саяси демократияны игеруге көшті; екіншіден, бірқатар мемлекеттердің экономикаларының қарқынды дамуы, әлеуметтік қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар санының өсуіне әкеліп соқтырды. Латиноамерикандық социал-демократтардың еуропалықтардан айырмашылығы: ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі үстемдік еткен радикалды көңіл олардың теорияларында, сөздерінде, партия атауларында әлі де болса бар, мысалы: солшыл революциондық қозғалыс ( Боливия), Доминикандық революциялық партия, Чилидің Радикалды партиясы және т.б.

Ал Азияттық континентте, социал-демократия тек Жапонияда  нық орнай алды. Бұл жерде социал-демократия бағытындағы тек екі партия бар: Жапонияның Социалисттік партиясы( 1945 жылы құрылды ) және демократиялық социализм  Партиясы ( 1960 жылы құрылды ). Олар мықты  оппазициялық партиялар ретінде  танылады. Олар өкімет басында болмағанымен, мемлекет өміріне тигізетін ықпалы өте зор.

Үндістан, Индонезия, оларға қоса ислам әлемінің мемлекеттері де Социнтерннің ықпалынан тыс қалды. Қиыр және Орта Шығыстың тек санаулы  мемлекеттерінде ғана ( Израиль, Ливан, Мысыр, Түркия ) социал-демократиялық  партиялардың белсенділігі байқалады. 1989 жылдың маусымында Стокгольмде өткен Социнтерн конгрессінде, бұл ұйымға консультативті мүшелер ретінде Пәкстан мен Непал социал-демократиялық партиялары қабылданды. Қазіргі тарихта, жаңа демократия, саяси және идеологиялық таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, социал-демократия тәжірибесіне сүйенеді. Осыған орай бұрынғы социал-демократиялық дәстүрлері бар партиялар мен социал-демократиялық таңдауды жасаған партиялар жайлы айтып кетуге болады. Оны Африканың тәжірибесінде айқын көруге болады, себебі онда үш қана партия социал-демократиялық бағытта қызмет атқарады: Сенегалда, Маврикияда және Буркино-Фасода. Көптеген жылдар бойы Африка, жергілікті шарттарға бейімделмеген идеологиялардың сынақ полигоны ретінде болды. 1981 жылы бірқатар африкалық партиялар, Африкалық социалисттік және демократиялық интернационалға бірікті. Африкалық социалисттер, мазмұнында « негритюд » элементтері бар, африкалықтардың ортақтығын жариялайтын « үшінші жол » бағдарламасында, капитализм мен коммнунизмге қарсы альтернативаны көріп тұр. Олар социализмінің негізі ретінде ежелгі африка қауымына тән қоғамдық қатынастар, моралдық және этикалық дәстүрлер, т.б қарастырады. Африкалық социалисттердің, Батыс социал-демократтармен жақындасулары баяу жүріп жатыр ( тек ОАР-дан басқалары ).

АҚШ-тағы социал-демократияның  жағдайы қызық, ол онда мүлдем таралмаған деп айтуға болады. АҚШ-та Социнтернге  кіретін екі партия бар: Демократиялық  социалисттердің АҚШ-тағы халықтық-республикалық  партиясы ( 7 мың адам ) және АҚШ-тың  социал-демократтары ( 1 мың адаға  жуық ). Оның себебі: өз уақытында АҚШ-тың жалдамалы жұмысшылары көбінесе, мұхиттың арғы жағына өткен, кәсіпкерлік қызметте жеке жетістікке үміттенген белсенді адамдармен толықтырылатын. Американдық қоғамның индивидуализмге бағытталғандығы, ұжымдық психологияның, социалисттік қайта құрумен байланысқан қоғамдық идеалдардың қалыптасуына жағымсыз әсерін тигізді. Ал енді, 20-жылдардан кейін американдық жұмысшылардың Ресейдегі социалисттік эксперименттердің қайда апаратындығына көздері жетті ( революциядан кейінгі бірінші жылдары энтузиасттар – Кеңестік Ресейге көмек көрсету үшін жұмысшылар мен инженерлер келген ), социал-демократиялық түсіндіруде де, социалисттік идея, аз ғана қолдау тапты. Қазіргі кезде, АҚШ-тың социал-демократиялық топтарына, тек солшыл бағыттағы интеллигенцияның бір бөлігі кіреді.

Шығыс Еуропа елдерінде өкімет басында коммунисттер болғандықтан, социал-демократия болмаған сияқты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін  социал-демократиялық партияларға  не тыйым салынды немесе коммунисттік партиялармен бірігтті. Мысалы, осыған орай Германияның Социалисттік біртұтас партиясы құрылды. Шығыс Еуропа елдеріндегі, соңғы жылдары болған процесстер, әсіресе көппартиялық жүйенің құрылуы, социал-демократияның қайта өркендеуіне қабіллетті екендігін көрсетті. Айтып кетсек, күтпеген жайт ретінде постсоциалисттік Монғолияда, социалисттік-демократиялық партия құрылуын көрсетуге болады. Бұрынғы КСРО республикалары мен қазіргі Ресейде социал-демократиялық партилар құрылды. Пайда болған көппартиялы жүйеде, Ресейде социал-демократтар өз орнын алды, бірақ мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне одан арман ықпал ете алмады.

Көріп отырғандай, социал-демократия жүз жылға жуық таңқаларлық өміршеңдігін көрсетті. Одан бөлек, оның идеяларына, саяси тәжірибеде жаңа күштердің назар аударуы жалғасып келе жатыр. Оның себептері: жұмысшылардың мүддесін қорғайтын социал-демократтар өз тәжірибелерінде бәрінен бөлек дұрыс ойларды қолданды және теориялық қағидаларды ауыстырудан қорықпады, егер нақты жағдайларға қарсы келмесе, олардың басты қызметі қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социал-демократтардың экономикалық көзқарастары

 

 

Социал-демократтардың өздері үшін шығарған басты қорытындылардың  бірі: кәсіпкерлердің жұмыскерлерге жол беру мүмкіндігіне ие болуы,бірақ жұмыскерлердің талаптары шектен тыс шықпау керек, өйткені кәсіпкерлердің болашақ қызметке деген ынталары жоғалып, кәсіпорынның ұйымдасу қабілеті төмендеп кетуі мүмкін. Осының мәні ретінде нақты әлеуметтік әріптестікті айтуға болады. Неге кәсіпкерлер осындай жол беруге барады? Қаржыны қайдан алады ?

Социал-демократтар, пайда – тек жұмысшының төленбеген еңбек ақысының иемденуінен ғана емес, біртұтас факторлар қызметтерінің нәтижелерінен, яғни кәсіпкердің, менеджердің қызметінен қалыптасады; нарықтың конъюнктурасы ретінде өсу масштабында еңбекті сақтайтын техника мен технологияларды қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Әрине оны кәсіподақтар да түсініп, пайдалана бастады. Өкімет басында тұрған социал-демократтардың саяси ерекшеліктері ретінде, олардың тек салалық пен аймақтық кәсіподақтардың  мүдделерін ғана емес, бүкіл қоғамның, әлеуметтік топтардың, соның ішінде әлеуметтік қысым көрген топтардың мүдделерін және қажеттіліктерін қорғайтынын айтуға болады. Осыдан, олар көптеген жылдарын, мемлекет тарапынан реттелетін, дамыған әлеуметтік қорғалуды қалыптастыруға кетіреді. Осыған байланысты социал-демократтардың ойлары бойынша, еңбек ақының өсу қарқындылығын төмендеткенімен, салықтардың есебінен мемлекеттің әлеуметтік қорына көбірек қаржат түсіру қажет. Бұл саясат келесі салыстырулардан байқалады: Швецияда өңдеуші өнеркәсіптерде сағаттық еңбек ақы ( өкіметті социал-демократтар жарты ғасырға жуық басқарып отыр) 1987 жылы 8,83 долларды, АҚШ-та 9,94 долларды құрады. Бірақ сол жылы мемлекеттің әлеуметтік қажеттіліктері жалпы ұлттық өнімінің  Швецияда 55,8% , ал АҚШ-та 28,9% құрады. Бұл шығындар әр түрлі тармақтарға бөлінгендіктен, олар қосылған кезде біртұтас « әлеуметтік мемлекет » жүйесін құрайды. Ол жүйенің құрылуы – әлемдік өркениеттің дамуына қосқан зор үлесі болып табылады. Ең қызығы, өкімет басына социал-демократтардың орнына консервативті немесе либерал бағыттағы партиялар келгенімен, айтылып кеткен жүйе бәрібір жұмысын тоқтатпайды. « Әлеуметтік мемлекеттің » дамуы экономикалық процесстердің жанама реттеу механизмымен тығыз байланысты болады. Бұл механизмді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ағылшын ғалымы Дж.Кейнстің ( бұл саясат «кейнсиан» деген атауға ие болды ) тұжырымдамасына сүйеніп тұңғыш рет социал-демократтар меңгерді. Кейнсиандық реттеу әдістері 70-жылдардың ортасына дейін жақсы жұмыс істеді, бірақ мұндай реттеу саясатының мемлекеттің өсіп жатқан көлемдік шығындарымен ( әсіресе әлеуметтік қажеттіліктерге) әсерлесуі, кәсіпкерлік бастаманы баяулатады. Кейбір мемлекеттерде социал-демократтардың орнына келген консерваторлар жаңа монетаристтік нұсқаудағы экономикалық саясатты ұсынды. Дегенмен, консерваторлар жанама реттеу механизмынан біртұтас бас тарталмады, тек қолдану бағыттары мен ауқымдарын қайта қарастырды.

Информация о работе Социал-демократия