Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:55, реферат
Социал-демократия – көптеген елдердiң жұмысшы және демократиялық қозғалысытарындағы үлкен әсерін тигізетін күш. Қазіргі кезде, дүние жүзінің 17 миллион халқы социал-демократиялық ұстанымдағы 80 партияда тіркелген. Бір ғасырлық тәжірибесі бар социал-демократизм идеологиясы, әлемнің түпкілікті өзгеруіне қарамастан әлеуметтік жағынан тиімді болып шықты. Осы уақыттағы басқа, көптеген саяси идеолагиялар қоғамдағы өз беделдерінен айырылып жатса, социал-демократизм идеологиясы өз ықпалын одан арман күшейткен. Бүгінгі күні социал-демократиялық идеология, орталықшы күштердің доктринасы болып табылады, бірақ бұл идеология марксизімнің ішіндегі солшыл идеология ретінде бастауын алған.
Айтылып кеткеннің барлығы
өткен жүзжылдықта социал-
Саяси теория және оның эволюциясы
Социал-демократтардың тағы бір ерекше белгісі: олар күнделікті жұмысшылардың мүддесін қорғағанымен, рухани игіліктерін ешқашан жоғалтпай, тек демократиялық социализм қоғамына қарай жылжыған. Социал-демократияда, қоғам дамуына байланысты түрлі қиыншылықтар пайда болып, олардың шешілуі әртүрлі жолдармен табылған теория ретінде қарастырылады. Егер социал-демократтардың теориялық платформасы шыдыққа сай келмейтініне көздері жетсе, оны дереу қайтадан қарастырады. Бұл ерекше белігіні Еуропадағы социал-демократиялық қозғалыстың тарихи даму кезеңдерінің үлгісінде қарастырып, оның ішінде қалыптасуының бірінші кезеңінде ортодоксалді болған неміс социал-демократтарының қызметін ерекше қарастырсақ болады.
Германиядағы социал-
Неміс социал-демократтарының келесі теориялық жетістігі ретінде, 1959 жылы Бад-Годесбергте қабылданған жаңа ұстанымдар бағдарламасын қарастыруға болады. Годесберг бағдарламасында социализмнің процесс ретінде көрінісі нақтыланады: « Социализм – ол ешқашан бітпейтін міндет ». Осындада социализмнің негізгі құндылықтарның ішінде бостандық бірінші орынға қойылады. Бірақ, бұл ұстанымды басқа да саяси қозғалыстар ұстанатындықтан, социал-демократтар бостандықты әділдік пен ынтымақтастықпен тығыз байланыстырады.
Годесберг бағдарламасында енді жеке меншік сөзсіз мойындалды. Социал-демократтар оны нарықтық бәсекелестікпен, аралас экономикамен тығыз байланыстырады және онда меншіктің басқа түрлері бірдей құқықта бола алады: қоғамдық, ұжымдық, жеке және т.б. Нарыққа қатынас мына формуламен анықталады: бәсекелестік – мүмкіндігі қанша болса, жоспарлау – мүмкіндігі сонша болу керек. Ақырында, Годесберг бағдарламасында, неміс қоғамының әлеуметтік құрылымында жылжуларды ескере отырып, социал-демократтар мынадай қорытынды жасады: біз, тек жұмысшы таптың ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін қорғағанымен, авангардтық рөлге талаптанбаймыз.
Осындай қайта бағалау көзқарастары басқа елдердің социал-демократиялық партияларына да тән, әсіресе қиын кезеңдерде, яғни 50-ші, 60-шы, одан кейін 70-ші жылдары. Қабылдағыштық, өзгермелі шындықта әртүрлі мәселелерді шешуге ықпал етті: тіленген болашақтан айырмашылығы бар шынайы дүниеде қызмет ету. Ол пайда болған қиыншылықтарды азды-көпті ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін. Ал пайда болған қиыншылықтар аз болмады. 50-ші мен 60-шы жылдар Батыс пен Шығыстың арасындағы талас-тартыспен өтті. Социнтерннің «қырғиқабақ соғысқа» тартылуы, өз қатарында шиеленісушілікке әкелді. Бәсеңдік рухыдағы акцияларды қарсы тұрумен қарсалды. Тек 60-шы жылдардың соңында және 70 жылдардың басында Социнтерн саяси бәсеңдікке тұжырымдама ретінде қолдау берді, келешекте де ол бейілділкті сақтады. Үйкелістердің басқа көзі ретінде, колониалды және тәуелсіз елдер халықтарының азаттық күресі болды. Сол кезде, Англияның лейбористтік үкіметі британ империясының көптеген халықтарына бостандығын берсе, француз және бельгия социалисттері колониалдық соғысқа араласып кетті. Партиялардың арасында қатты қарама-қайшылық болғандықтан, Социнтерн өзінің айқын ұстанымын алуға ие болған жоқ. Тағыда 60 жылдардың ортасында, АҚШ-тың Вьетнамға әскери шара қолдануында да Социнтерн өзінің ұстанымын бірден анықтай алмады.
60-жылдардың соңы мен
70-жылдардың ортасында,
Осындай импульстар әржақтан келе жатты. Маңызды оқиғалар Оңтүстік Еуропада орын алды. Францияда Миттеранның жетекшілігімен Социалисттік партия қайта ұйымдастырылып коммунисттермен « Бірлескен үкіметтік бағдарламаны » (1927 ж) қабылдады. Португалияда, Испанияда, Грецияда диктаторлық режимдерге қарсы әрекеттер күшейіп, оған бұл елдердің социалисттері де қосылды. Социнтерннің кейбір партиялары оларға көмек көрсетті. Социнтеріннің қолдауына ие болған Чилидегі Халықтық бірлестік үкіметінің құлатылу оқиғасы, көп ойластыруға мәжбүрледі.
Құрылғанынан бері Социнтерн алғаш рет өз конгресттерін үш рет өткізілу уақытынан алыстатты. 1976 жылдың қарашасында Женевадағы 13 конгресс Социнтернді қайта ұйымдастыру мақсатымен өткізілді. Саяси жағдайлардың өзгеруі, Солтүстік-Оңтүстік келіспеушілктер сияқты ғаламдық мәселелер( Солтүстік – индустриялды дамыған елдердің қатары; Оңтүстік – үш « тропикалық континент » мемлекеттері), қаруландыру жарысы күшейіп, әсіресе ядролық қаруландыру, адам құқығынын бұзылуы әлем жұртшылығынын асқын назарын аударуы – осының барлығы Социнтерннің маңызын түсінуі үшін, одан жаңа идеялар мен бастамаларды қажет етті. Социал-демократтар өздерінің теориясы мен практикасын тек ішкі бағытында ғана емес, сыртқы саяси бағытында да қайта қарастыруға мүмкіндік алды. Бұл 70-жылдардың ортасындағы Социнтерн беделінің өсуін көрсетеді. Жаппай базасының артуы да байқалады. Осылай 1975 жылы мекеменің құрамына сайлау құқығы бар 35 партия кірді, ал 1989 жылы ол 52 партияға дейін өсті, егер консультативті мүшелерімен есептесек 77 партияға жетті. Шамамен үштен бірі басқарушы партиялар. Социнтерн партияларына дауыс беретін сайлаушылар саны осы уақытқа дейін екі есе өсті, яғни 80 миллионнан 150 миллионға дейін.
80-ші жылдар социал-
Берлиндік бағдарламады ынтымақтастық қоғам түсінігі пайда болды. Байқап кетейік, бұл тек неміс социал демократтарына ғана емес. Француз социалисттері 1988 жылы өз үкіметінің бағдарламасында басты назарды осы идеяға жұмылдырды. Ынтымақтастық қоғам – бұл тармақты және сенімді жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, денсаулық сақтау және білім жүйесінің жақсартылуы, жұмыссыздықпен күресуі, қоршаған ортаны қорғауы, тұрғын үй құрылысы, қызмет көрсету саласының кеңейтілуі, балаларға, жастарға, әйелдерге қамқорлық көрсетілуі, жеке және ұжымдық құқықтардың, бостандықтың және т.б дамытылуы, осының барлығы адамның өмір сүру дейгейінің жоғарлауын қамтамасыз етеді. Француз социалисттері тек материалдық деңгейді ғана айтпай, әрбір адамның және бүкіл қоғамның рухани және мәдени өмірінің дамуын айтады. Ынтымақтастық, адамға тек бір қоғамға тиісті екенін түсіндіреді, ал бұл оның интеграциясының мықты факторы болып табылады.
Француз социалисттері мен
неміс социал-демократтарының
Қорытынды
Қорытындыда мынаған назар аудару керек, социал-демократиялық қозғалыстың даму кезеңдерінде ерекше саяси мәдениет қалыптасты. Ол реалисттікпен, дұрыс мағынамен, басқа партия өкілдерінің қозқарастарына сабырлық танытумен, ымыраларға әуестенумен, парламенттік қызметтегі қағидалардың адал орындалуымен сипатталады. Бірақ, социал-демократия тоталитарлық режиммен ымыраны мойындамайды, өйткені ондай ымыраға бару, демократиялық идеяға қарсы келеді. Коммунисттердің тоталитарлы тұйықтанудан шығуға талпынысын және демократиялық бағытқа қарай дамуын байған социал-демократтар олармен байланысты жаңарта бастады. Мысалы, КОКП-мен жақындасу әрекеті ХХ съездден кейін басталып, бірақ 70-80 жылдары қайтадан межеленді. Екінші әрекет 1985 жылдың сәуірінен кейінгі кезеңіне жатқызылады. Социал-демократия КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде таралады және социал-демократиялық бағыттағы партиялар жаңа саяси құрылымдарда үн береді деген үміттер ақталмады.
Социал-демократия – ол ең алдымен адамгершілік қозғалыс. Бүкіл өмірде, яғни саяси, әлеуметтік, экономикалық кеңістікте ең алдымен адам қатынастарының гуманизациялануын қалайтындар, біртұтас социал-демократтармен бірігеді. Сондықтан социал-демократтардың қатарында тек жұмысшылар ғана емес, басқа мамандықтар мен басқа таптың да адамдары бар. Егер де басында социал-демократия адамның ұжымдық қызығушылығына назарын аударса, ал енді қазір жеке адамның қызығушылықтары мен ниеттеріненазар аударады.
Социал-демократтар қазіргі әлемде ықпал ете алатын күш ретінде қала алама, жоқ па, оны болашақта көрерміз. Социал-демократия тарихында тек жеңістер ғана емес, адасушылық, жаңсақтық, қателіктер де болды. Социал-демократия өзінің рәмізі ретінде раушан гүлін алғанымен, бұл қозғалыстың жолы оның жапырақтарымен безендірілмегені анық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі