Абай аудармалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………….
1 Абай аудармаларының негізгі сипаттамалары............................................
1.1 Абай аудармаларының айшықтары...........................................................
1.2 Абай аудармалары және оның тілі...........................................................
2 Абай аудармаларының ерекшеліктері.........................................................
2.1 Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы ………………….
2.2 Абай аудармаларының ерекшеліктері......................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Абай аудармалары.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Әрине орыс тілін жақсы білмесе, жеке талант та өз бетімен аударма жөнінде ештеңеге арзымайды. Және тілді білу бар да, оның әдемілік қасиетін ұғыну бар. Екеуі бір-бірімен байланысты. Бірақ бір емес. Тіл білген адамның бәрі бірдей әрбір сөз, әрбір образдың әдемілік қасиетін түсіне бермейді. Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін сезіну тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы ақынның өзінде сол тілді жай жақсы білу, түсінумен қатар, әдемілік қасиет күшін ұғып, түсіне білерлік ақындық жан, үлкен талант болуы керек.

 

«Лилейная рука тебя мне поднесла,

В знак памяти, в минуту расставания,

И в первый раз не кровь вдоль по тебе текла,

Но светлая слеза - жемчужина стараданья.

И черные глаза, остановясь на мне,

Исполненны таинственной печали,

Как сталь твоя при трепетном огне,

То вдруг тускнели, то сверкали...» (229)

 

«Еркелі нәзік қолымен маған тиді,

Ұмытпа деп айрылған жерде берді.

Қан сорғалар жүзіне, жас сорғалар,

Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.

Қара көз қарап маған көп қадалған,

Құпия қайғы өртеніп бойын алған,

Болатша дірілдеген жалын көрген,

Бір күңгірт тартып және оттай жанған».

(Абай, ІІ том, 103-бет)

 

Осы екі үзіндіні салыстырсақ та, Абайдың орыс тіліндегі образды сөздердің әдемілік, көркемдік қасиет, күші сезімге өз тілінде қалай әсер етеді, оған теңдес қазақша қандай сөз қолданса, қазақтың өз ұғымынша қандай сөздер әсерлі болатындығын терең ұғынғандығын, орыс тіліндегі қолданылған сөз образдары мен қазақ тіліндегі қолданылған сөз образдарының жай ғана мәнін емес, әдемілік күшін, әсерін ұға, түсіне білушілерге дәлелдеп жатудың қажеті аз. Міне, осы жерден келіп, орыс өлеңдерін аударуға қазақ тілінің байлығының үлкен орын алуы, яғни жоғарғы айтылған үшінші себебі келіп шығады. Егер оригиналды үздік образдарды түсіне тұрса да, оған лайықты және қазақ оқығанда да ой тербетіп, жан үзгендей сөз таба алмай қожыратса, бұлай болып шықпас еді. «Лилейная рука» дегенді «апақай», «аппақ», «талдырмаш», «жіңішке» деп аударса да, мағынасын берер еді. Бірақ ол толып жатқан синонимдерден «нәзік қол» дегенді таңдайды және өте дұрыс, орынды таңдаған.

Лермонтов:

 

«Как сталь твоя при трепетном огне,

То вдруг тускнели, то сверкали...» -

 

десе, Абай да сол орыс тіліндегі күрделі теңеуді бұлжытпай, күш-қасиетін өз қалпында сақтап:

 

«Болатша дірілдеген жалын көрген,

Бір күңгірт тартып және оттай жанған» -

 

деп аударады. Бұл күрделі теңеу орыс тілінде қандай үздік, әдемі, қандай жан тербететін күшті, әсерлі десек, қазақшасы туралы да соны айта аламыз. Сөйтіп, Абайдың шебер аудармашылығының негізінде ұлы талант орыс тілінің әдемілік күш-қасиетін терең ұғу, қазақтың өз тіліне байлық, оны талғап, таңдап ала білу жатқандығын көреміз.

Абайдың жалпы аудармаларымен байланысты тоқтауды керек ететін және бір мәселе орыс әдебиетін терең білу және қазақшаға аудару Абайдың өзіне не берді, қазақ әдебиетін дамытуда аудармалардың қандай мәні болды деген сұрақтарға жауап бере кетуді керек етеді.

Бірақ аңғарған адамға бұл сұрақтардың бірқатарына «Абайдың қазақ әдебиет тіліне енгізген жаңа сөз, жаңа сөйлемдері» деген бөлімде және эпитет, теңеу, тағы басқа поэтик тілдердің түрлерімен байланысты бірқатар жауап берілді. «Мүйіз шығар», «Сабағын айтып тынар», «Мен сынық жан», «тасты жол», «барасың қайда, қайда болмай маған?» деген тәрізді сөз қолданыстар немесе «Апарар сырын білмес бір далаңға» орыс әдебиетінің үлгісінда жасалған образдар деп жоғарыда айтылған болатын. Сол сықылды:

 

«Қатып қалған көзімде бір тамшы жас,

Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?..» -

(Абай, ІІ том, 89-бет)

деген тамаша көркем образдардың тегін қуа келсек те, бірқатарының-ақ негізі Пушкин, Лермонтовтарда жатқандығын көрі қиын емес. Жоғарғы өлеңнің орысшасында:

 

«И если есть в очах застывших капля слез,

Они расстают и прольются...» -

 

делінген. Орыстың әдеби тілінің үлгісімен жасалынып, Абайдың қазақ әдебиет тіліне кіргізген сөз образдарына осы еңбектің әр тарауында айрықша тоқталып отырдық. Оларды қайталап айтудың керегі аз. Сондықтан бұрынғы тарауларда айтылмаған, бізше, бұлар да орыс әдебиетінің үлгісінен алынған және бір-екі әдіске тоқталалық. Бұлар - шебер құрылған диалог пен мінездеу.

Диалогтың түрі бұрын да бар. Қазақтың айтыстары диалогтан құралады. Батырлар жырындағы кездесетін екі батырдың сөйлесулері, не билер сөздері - бәрі де диалог. Бірақ айтыс жырларда кездесетін диалогтар көпшілігі тым ұзақ, тым шұбалаң, әрқайсысының сөздері ұзын-ұзын монолог болып келетін. Өлеңде бір сөз, екі сөзден құрылған және сөйлеушілердің мінез-құлқына тән, олардың бейнесін айқындауда үлкен мәні бар, әрі қысқа, әрі шебер құрылған диалогтардың көрнекті үлгілері қазақ әдебиетінде Абайдан басталды және бұл үлгіні де Абай орыс әдебиетінен алған. Өйткені олардың көпшілігі аудармаларында кездеседі.

   

«Ағайынын, дос-жарын

Жиып алып үйіне

Жылады шағып мұң-зарын,

«Болыстық қыл» деп күйіне.

Бәрі ақылды, бәрі есті,

Бәрі желдей еседі.

«Болмас еді бұл» десті,

«Өзіңнен болды» деседі.

Біреу айтты: «Лапкіңді

Мұнша алысқа салмау ғой,

Аулаққа тастап әрнеңді

Бүйтіп қалып қалмау ғой...»

«Аузың күйді аулақтан,

Енді жақын салсаңшы

Қабаған біздің мойнақтан...

Бір күшікті алсаңшы!

Бір күшікті сіз үшін

Берейін, құда, келтіріп,

Жылда талай күшікті

Бос қырушы едім өлтіріп...»

(Абай, ІІ том, 117-бет)

 

Диалогқа өте шебер Крылов, Лермонтов, Пушкиндердің өлеңдерін аудару  сол үлгіні қазақ әдебиетіне енгізуге негізгі себеп болды.

Өлеңде өз сөздерінің арасына қатысушылардың мінез-құлықтарын айқындайтын, соларға тән өздерінің бірді-екілі қысқа-қысқа сөзін кіргізіп отыру әдісі де, не қаһармандардың өз аузынан шыққан сөз арқылы олардың образын жасау әдісі де сол орыс әдебиетіндегі диалог, төл сөздерді қысқа, шебер түрде қолдана білумен байланысты тәрізді. Бірінші, бұл үлгі Абайдан бұрынғы қазақ әдебиетінде болған емес, екінші, Абайдың бұндай өлеңдері оның аудармалық еңбектерінен кейін жазылған.

 

«Бай алады кезінде көп берем» деп,

«Жетпей тұрған жерінде тек берем» деп,

Би мен болыс алады күшін сатып,

«Мен қазақтан кегіңді әперем» деп.

Дос алады «Бермесең, бұлт берем» деп,

«Жауыңа қосылуға серт берем» деп.

«Бұзылған соң, мен оңай табылмаспын,

Неғылып оңайлықпен ырық берем» деп».

(Абай, І том, 46-бет)

   

2

«Болыс болдым, мінекей,

Бар малымды шығындап,

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап.

Сүйтседағы елімді

Ұстай алмадым мығымдап,

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап...»

(Абай, І том, 87-бет)

 

Мұның біріншісінде автор өз сөзінің араларына оқиғаға қатыстырып суреттеп отырған адамдардың төл сөздерін кіргізе отырса, екіншісінде, ұзақ монолог ретінде болыстың өз сөзі арқылы оның мінез-құлқын көзге елестетеді. Алдыңғысының да, соңғысының да адам образын жасауда мәні үлкен.

Абайдың орыс классиктерінен алған өте бір құнды әдісі - сөз арқылы қаһармандарының мінез-құлық, ішкі сыр-сипатын ашу. Бұл - психологиялық суреттеуде ерекше әдіс. Психологиялық суреттеуде ішкі әртүрлі сезім өзгерістері көрсетілсе, мінездеуде адамның бойына берілген өзіне тән, басқалардан ерекшеліктерін суреттейді.

Біреу күйгелек, біреу жеңілтек, біреу салмақты, біреу ақкөңіл, біреу сұңғыла, әр адамның өзіне тән табиғи мінездері болады. Әрине бір адамда бір мінез ғана болуы шарт емес. Бірнеше мінездердің басы қосылып, өте қиыннан қиысқан мінездердің болуы мүмкін. Жалпы, әсіресе бірнеше қаһарман қатысқан сюжетті ұзақ поэма, роман, әңгімелерде образ-типтердің бірі екіншісіне ұқсап кетпеу үшін, мінездеудің мәні үлкен.

Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің қай түрінде болсын, мінездеу де өте кенже қалған әдіс болатын. Жырларда, не әртүрлі поэмаларда мінездеулер не кездеспейтін, кездесе қалса, жұрнағы, сұлбасы ғана болатын. Жырларда кездесетін батырлардың бір-бірінен онша айрылмай, барлығы біркелкі болып кетушілігінің бір сабағы осы мінездеулердің бойы өсіп, бұғанасы қатпауымен байланысты. Батырлар жыры, не осы жырлардағы бір батырдың екіншілерден айырмашылығын көрсетпек болғанда, көбіне сыртқы портрет жағынан суреттеу арқылы жекелей көрсететін.

Абай қазақ әдебиетінің бұл кемшілігін сезді де, орыс әдебиеті, әсіресе Пушкин өлеңдерін аудару арқылы мінездеудің тамаша-тамаша үлгілерін қалдырды. «Онегиннің сипаты» деп аталатын «Евгений Онегин» романынан аударған үзіндісі адамның мінез-құлқын қалай суреттеу керектігін көрсетуде, бізше, өзіне шейінгі әдебиетте жоғы былай тұрсын, күні бүгінге дейін теңдесі жоқ мінездеу.

 

  «Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,

Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,

«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше.

Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,

Қамыққансып, қайғырып орны келсе.

Жай, жаңа кісі болып түк білмеген,

Қалжыңын білдірмейді қалай деген.

Жаның шошыр, ерлігі жаннан бөлек,

Кісіге балдан тәтті орны келген...»

(Абай, ІІ том, 69-бет)

 

Бірақ мінездеу жөніндегі Абайдың үзіндісі тек орыс әдебиетіндегі жақсы үлгілерді аударуында ғана емес, өз бойына сіңіріп, өз шығармаларында да үздік өнеге қалдыруында.

Абайдың поэмаларындағы Ескендір, Аристотель, Масғұт, Жәдігөй шал, Әзім, Хан қыз образдарын, олардың әрқайсысының мінездерін жекелеп көрсетуде шеберлігін былай қойғанда, өз кезіндегі болыс, билерді, атқа мінер қуларды сықақ еткен қысқа-қысқа сатиралық лирикаларының өзінде де адамның ішкі сыр-сипатын өте ашық, айқын етіп көрсетеді («Болыс болдым, мінекей», «Мәз болады болысың», «Дүтбайға», «Көкбайға», т.б.). Дүтбайға:

 

 

«Жылуы жоқ бойының -

Жылмиғаны неткені?

Құбылуы ойының -

Кетпей құйтың еткені.

Мұңды жылмаң киімін

Кезек киіп, ел жиып,

Болыс болса, түсінің

Түксігін салар тырсиып.

Бір көрмекке тәп-тәтті

Қазаны мен қалбаңы.

Дөң айналмай ант атты,

Бүксіп, бықсып ар жағы,

Сенен аяр түгі жоқ,

Бүгін жақсы көрініп.

Бүгін жалын, ертең шоқ,

Сөзі мен өзі бөлініп.

Әлі үміт, әлі серт,

Жын сықылды бұзылып.

Қулық емес, бұл бір дерт,

Тұрлауы жоқ құбылып...»

(Абай, І том, 214-бет)

 

Улы сарказммен жазылған сатиралық осы кішкене өлеңнің өзінен де ақынның мінездеуге қандай ұсталығын көру қиын емес. Сондықтан басқа мысалдар келтірмесек те болады.

Жоғарғы айтылғандарды қорытсақ, Абайдың аударма жөнінде де қазақ әдебиет тарихында орны айрықша екендігін көреміз.

Бірінші, бұл - қазақ әдебиетінің даму жолындағы күрделі жаңа адым. Екінші, қазақ жұртшылығын ұлы идея, үлкен қор, жоғарғы сатыдағы әдебиетпен таныстырып, екі елдің рухани тіршілік мәдениет, әдебиеттерін байланыстыруға берік дәнекер болды. Үшінші, орыс әдебиетін жақсы аудару, олардың үлгісінде жаңа образ, жаңа сөз, сөйлем, қазақ әдебиетінде бұрын жоқ әртүрлі әдістерді әдебиетке кіргізіп, қазақтың әдеби тілін бұрынғыдан да байытып, дамытты, ілгерілетті. Төртінші, шет тілден өлеңдерді қалай аудару керек екендігінің бірінші рет жолын салып, кейінгілерге үлгісін пішіп берді.

Абай аудармалары - бүгінгі аудармашылар үшін де көрнекті үлгі.

 

 

 

 

 

 

 

2  Абай аудармаларының ерекшеліктері

 

2.1  Абай Құнанбаевтың Евгений Онегин нен аудармасы

Информация о работе Абай аудармалары