Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 13:43, реферат
Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықтарының құрамына енді.
Қазақстанның ежелгі қалалары
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Қазақстанның
ежелгі қалалары – жазба деректемелер
мен археологиялық материалдар нәтижесінде
анықталған байырғы қоныс орындары, қала
жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан
мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті
жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар
түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықт
Оңтүстік-Батыс Жетісуда
қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен
егіншіліктің және құрылыс техникасының
дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері
болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас
жазықтарына көптеп қоныстана бастады.
Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын
салды. Осындағы Тараз және Суяб қалал
9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.
Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды.
Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағ
Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жет
Біріншісіне:
Екіншісіне:
Үшіншісіне:
Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.
Бұлар – көп қабатты ескерткіштер,
мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге
дейін жетеді және одан да қалың. Қазба
жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан
түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер
шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар
табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың
дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының
кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка
– Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады.
Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының
астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын
төрткөлдер ірі қалалар және астаналық
орталықтар болып табылады. Екінші топтағы
қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін
жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы
10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының
құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде
қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын
үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында
орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары
жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер
мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары
деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар
болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ
сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне
жақын орналасқан екі немесе тіпті үш
бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың
түйіскен тұсына салынған.[1]
Бұл кезеңде отырықшы
және қала мәдениеті Қазастанның
орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан.
Қазақстанның батысында қоныстар пайда
болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір
және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде
ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген
қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда
және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан
шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс
хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан
Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың
көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия
елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында
болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған
қалалар мен мекендерді кездестіргенін
жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі
Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге
бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде
жазған күнделігінде жоғарыда аталған
жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын,
олардың көбін мал жайылымына айналдыру
үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария
мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп,
тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар,
Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент
14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының
солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік
жорықтарында бекініс қамалдары болып,
одан кейін қолөнер және сауда орталығы,
хандардың резиденциясына айналған. Олар
қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл
атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының
қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі
саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру
барысында қазақтардың этникалық аумағының
қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы
– 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін,
ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына
жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды.
Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті
барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда,
Оңт. Қазақстанның жазбаша деректемелер
бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей,
ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып
кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси
және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент