Қазақстанның ежелгі қалалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 13:43, реферат

Описание

Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықтарының құрамына енді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның ежелгі қалалары 2.docx

— 40.87 Кб (Скачать документ)

Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.

Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.[2]

Пайдаланған әдебиет

    ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Информация о работе Қазақстанның ежелгі қалалары