Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы талдауға үйретудің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:56, реферат

Описание

Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 146.41 Кб (Скачать документ)
 
 

      
 
 
 

Реферат  

«Бастауыш сынып оқушыларын    көркем шығарманы  талдауға үйретудің  өзекті мәселелері» 

                                  Орындаған: Мусаева Ж.Ж.

                                БОПӘ, 1-курс

                                 Қабылдаған: Базарбекова Р.Ж. 
         
         
         
         
         
         

           Алматы, 2012ж  
       
       

     Қазіргі кезеңде егемен еліміздің  жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы  озық көзқарас негізінде жан-жақты,  жарасымды дамыған, қоғамдық-саяси  белсенділігі жоғары интеллектуалды  адамдар етіп тәрбиелеу басты  талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш  Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,  «ең сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен  салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» − деп орынды атады.

   Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда  бастауыш сыныпта  өтілетін пәндер арасында ана тна тлінің  алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы  мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті  қуатты құралдардың бірі ретінде  пайдалану – ана тілі пәнінің  басты мақсаты болып есептеледі.

      Ана тілі   пәні  арқылы  оқушылардың  рухани дүниесі байиды,  туған  тілін  сүюден  елін,  адамзатты  құрметтеуге  дейінгі сезімдері  тәрбиеленеді. Ана тілі  арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Ана тілін  оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен  таныстыру, халық даналығы, халық  өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа  деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы      парасаттылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа, сұлулыққа  тәрбиелеу.

   Бала  жастан көрген-білгенін көкейге түйген оқушы этикалық құндылықтарға, әсемдік  әлеміне, эстетикалық, сұлулық дүниесіне  бастауыш сыныптардан бастап-ақ  қызыға  назар аударады. Олар оқу бағдарламасының талаптарына сай  әдебиет сабағында қазақ және туысқан халықтардың, әлем  әдебиетінің кейбір озық үлгілерімен таныстырылады.

   Әдеби шығарманы оқып-үйренуде жас оқырман  өзінің  шығармашылық  ойлау қабілетін  дамытып, сол оқыған туындысы негізінде  ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың  қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ  барысында әдеби шығармаларды ұтымды талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың  пәнді оқуға ынтасын арттырады. 

     Көркем туындымен танысу үстінде бүлдіршіндердің  қоршаған орта туралы түсініктері қалыптаса түседі. Табиғат әлемі, оның терең тылсым сырлары, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, обал мен сауап, сан алуан басқа да рухани-әлеуметтік мәселелер, қоғамдық, адамгершілік, тарихи-саяси құбылыстарды өз биігінен байқап барлайды. Жақсыдан үйренетін, жаманнан жиренетін өмірлік ғибрат алады. Соған сәйкес бала  өз дәуірінің, өмір сүріп отырған заманының талабына сай азамат болып жетіледі. Әдеби шығарманы оқи отырып, олар ондағы образдар жүйесін, шығарманың тақырыптық-идеялық мұратын шәкірттік ақыл-таразысына салып, балаң ой елегінен өткізеді. Алған әсеріне қарай әрқайсысы өзінше баға береді. Ол мұнда өзін-өзі тану арқылы қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатысын саналы түрде сезінуге, айналаға, қоғамға өзінің көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға құлшынады. Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Соның нәтижесінде оқушы өзінің дербес өсу және өзіндік жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, шәкірт  адами толысуын, өмірдің мәні мен өзінің ондағы  мақсатын ұғынады.

   Көркем  шығарманы сабақ үрдісінде талдаудың  алғашқы үлгілері, кейіпкерді танытудың  ең қарапайым белгілері − оның сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған тұрмыстық-әлеуметтік ортаға көзқарасы, әдеби туындының  тақырыптық-идеялық  нысанасы секілді мәселелер бастауыш сыныптардан басталып, сынып жоғарылаған сайын көркем шығармаға әдебиеттанымдық  талдау жасаудың жолдары күрделене, түрлене түседі. Жалпы білім беретін бастауыш мектеп тәжірибесінде көркем шығарманы талдаудың тұтастай (немесе автор ізімен), образ бойынша (кейіпкер, жан - жануар, табиғат, т.б. бейнелері), проблемалық-тақырыптық деген секілді кеңінен тараған әдістемелік жолдары қолданылады. Алайда,  күнделікті сабақ барысында әлі де болса мақсатты түрде талдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндігі байқалып келеді. Оқушылар көркем шығарманы талдау барысында образ табиғатына, көркем бейне характерінің қалыптасу жолдарына, шығарманың сюжеттік желілері мен композициялық құрылымының атқарар қызметіне жете мән бере қоймайды.

   Қандай  талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек

   1. Оқушының туындыны қабылдауы,  әсері, эмоциясын тану,

   2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға  сеп болу,

   3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі  мен дербестігін ұштау,

   4. Ең бастысы – көркем туынды  бойынша талдау жасау, пікір  айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б.  кешенді түрде қарастыру/.

   Әдеби шығармада кейіпкер, оның өсу динамикасы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым  − композиция болмайды. Демек, көркем туынды да жоқ деген сөз. Сондықтан  да ұстаз мектеп қабырғасында көркем шығарманы оқып-үйрену барысында  кейіпкерлерді әртүрлі жағдайларға  байланысты өзге бейнелермен тығыз  органикалық бірлікте, қарым-қатынаста  қарастыруы қажет. Мұны өмірлік мәні бар құбылыстармен салыстыра  танытуға, оған шәкірттердің өз пікірлерін білдіруіне назар аударуы керек.

   Әдетте  оқушы шығармадағы көркем ойды шындық түрінде ғана қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі  секілді әдебиеттің теориялық астарларына  назар  аудара бермеуі мүмкін. Сол  үшін мұғалім көркем мәтінмен жұмысты  тереңдете отырып, оқушыларды әдеби-теориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл көркем туындыны дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді. 

     Мектепте  әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір  қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен  жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді  оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді  – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.

     Көркем  туындыны талдау үшін  мәтінді оқудың мынандай түрлері бар:

    1. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу дегеніміз, мәтіннің мағынасын түсініп алған соң, сол мағынаны тиісті көңіл күй, ой-сезіммен жеткізіп, дұрыс, анық, дауыстап оқу.
    2. Логикалық оқу. Мәтіннің бөліктерінде, әр бөліктің ішіндегі сөйлемдерде негізгі ойды білдіретін сөздерді, сөз тіркестерін анықтайды. Оларды екпін түсетіндей етіп оқиды. Ой арасын дауыс үзілісімен білдіреді. Бұл – логикалық үзіліс.
    3. Көңіл күймен оқу. Мәтіннің мазмұнын дұрыс оқу үшін оның ішіндегі қуаныш – қайғыны, реніш-шаттықты, жеңіл сүйсіне күлу мен ащы мысқылды, т.б. сезіммен, көңіл-күймен оқу шарт. Ол үшін міндетті түрде, мәтін мағынасын алдын ала түсініп алу қажет.
    4. Талдап оқу. Мәтінді талдап оқысақ, оны жақсы түсініп, еске ұзақ сақтаймыз. Талдап оқудың тәсілдері жоспар жасаудан, тезистен және дәлелдемелерден тұрады. Мәтіннің негізгі ойларын анықтап, оларды рет-ретімен тізімдеп жазып, жоспар құрып аламыз. Сөйтіп, негізгі ойларды, оларды баяндай ретімен меңгереміз.
 

     Көркем  туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік  тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.  

   Автор ізімен талдау немесе тұтастай талдау. Мұндай талдаудың негізінде шығарманың сюжеті жатады, ал оның нақты бөлімдері – сахналық көріністер, тараулар, эпизодтарды талдауда ерекше мән берер бірнеше құндылықтары болады. Оқу үрдісінде талдаудың табиғи тәртібі, күрделі шығарма мәтінін қайталап оқудың негізінде автордың өрбітіп келе жатқан ойына ілесуден, әсерленуден туған сыныптың  назары, көңіл-күйі шығарманы түр мен мазмұнның бірлігінде қарастыруға байланысты болмақ.

   Оқушылардың көз алдында әдеби шығарма  оқиғасы бөлім-бөлім болып тізбектеліп  өтеді. Олар сюжеттің дамуын бақылап, негізгі  көріністерді бөліп, қаһармандар іс-әрекетінің сенімділігіне, шығарманың тіл көркемдігіне назар аударады.

      Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе  сөздің дұрыстығын, анықтылығын,  тазалығын  дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті,  әуезді болу жағын талғайды» деп  жазады.

      Көркем  туындының  құрылысы әртарапты көптеген компоненттердің бірлігінен тұрады. Олар көркем шығарма тілінің заңдылығына  бағынады және тілдік жүйе түзеді. Осы  жүйені жасайтын жазушының өзі. Осыдан «автор бейнесі» мәселесі туындайды». «Автор бейнесі»-көркем әдебиет тілінің  ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын  анықтауға мүмкіндік беретін  категориялардың бірі әрі негізгісі  болып табылады. Автор өзі жазып  отырған шығарманың өн бойында ойы  мен идеясын,  көзқарасын,  психологиясын  танытып отырады,  яғни әрбір көркем шығарманы оқығанда автор бейнесін де байқауға болады. Көркем мәтінде  жазушы өз идеясын,  көзқарасын жеткізуде  оқырман қажетіне жарайтындай, түсініп  оқитындай тілдік бірліктерді қолданады.

             Көркем мәтінді талдауда композиция,  сюжет,  жазушы стилі, көркем  туынды негізінде жатқан идея,  оның көтерген мәселесі ерекше  назарға алынады. Әдеби талдау  арқылы оқушылардың әр түрлі  реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер  етеді,  ойларына ой,  пікірлеріне  пікір қосып,  бүкіл жан дүниесін  оятады.

   Көркем  шығармаларды оқыту мен есте сақтауда орындалатын жұмыстың маңыздыларының бірі – оқи отырып жоспар құру.

   Шығарманың  кейіпкерлер жүйесін  оқып-үйрену. Көркем туындының кейіпкерлер жүйесін талдау − мектептегі шығарма талдаудың ең кең таралған жолы. Ол, жалпы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты жүргізіліп, әдебиетке адамтану ғылымы деген көзқарастың бекуін қалыптастырады.

   Әдеби туындыны талдаудың нәтижелілігі оқытудың түрлері мен әдістемелерін тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты болады. 

   Көркем  шығармаларды оқу және талдай білу − оқушылардың әдеби білімін  дамытудың негізгі тәсілі. Бұл  көркем сөз зергерінің шығармашылық өсу үрдісін де байқатады. Оқу  мен талдауды ұйымдастыру кезінде  мұғалім сабаққа тек ғылыми-танымдық тұрғыдан қарамай, оған көркемдік ойлау  тұрғысынан да қарауды ұмытпаған  жағдайда ғана табысқа қол жеткізеді. 

   Проблемалық-тақырыптық талдау  – мектептегі талдаудың ең мәнді  де мазмұнды жолы. Қазіргі кездегі мектептегі проблемалық-тақырыптық оқытуда проблемалық талдау жолының өзіндік түйінді орны бар. Бұл талдау жолын оқып-үйрену үшін алдымен проблемалық сұрақ пен проблемалық жағдаят түсінігін анықтап алған жөн.

   Проблемалық жағдайды «қатып қалған күйде» шешу тиімді бола бермейді, керісінше оқушы түсінігін  жұтаңдатып, өнерден алыстатады. Проблемалық  жағдайлар ойды, қиялды, әдеби түсінікті  оятуға, оқушылардың ойын шарықтауға, дамытуға жағдай жасайды. 

     Оқушының  танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау  белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын  ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс  шешім табуға жетелейтін әдістің  бірі – проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.

Әдебиет- заманалар тарихының, ұлы оқиғалардың, адамзат тіршілігінің, таным- нанымдарының көркем шежіресі. Әдебиет адам баласымен  бірге жасап, оларға рухани күш-дем  беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.

   Сұрау-тапсырмалар  жүйесін жасау, оның тізімін құру мұғалімнен көп төзімділікті, ыждағаттылықты талап етеді. Мұнда алдымен әрбір  сұрақтың мақсатын анықтап алу қажет, сосын оған берілген жауап арқылы оқырмандық қабылдаудың қай жақтары  ашылатынын ойластырып алу керек. Әдетте шығарманың сезімдік әсер күштері, туындының  мазмұны мен мағынасын шәкірттердің еркін меңгеруі, оның көркемдік түріне назар аудару дәрежесі, қиялдану белсенділігі, ойлау деңгейі мен өзіндік  шығармашылық жұмысы анықталады. Бұл  төрт қабылдау әрекетінің даму өрісін барлық сауалнамалар мен жүргізілетін әңгімелерді бастапқы кезеңде белгілеп алған жөн. Алайда бұл сұрақтар бір  тектес, бір-біріне ұқсас болмауы  тиіс. Сұрақтардың бір тектестігі оқушылардың қызығушылығын төмендетеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы талдауға үйретудің өзекті мәселелері