Бейімбет Майлин - сатирик жазушы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:17, курсовая работа

Описание

Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы.Саяси репрессияның құрбаны болды.
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
І. Бейімбет Майлин - сатирик жазушы
1.1 Б. Майлин өмірі мен шығармашылығына қысқаша сипаттама...................4
1.2 Б. Майлиннің әңгімелеріндегі сатира мен юмор...........................................8
1.3 Бейімбет Майлиннің сатиралық драмалары.................................................16
1.4 Бейімбет Майлин поэзиясының стиль ерекшелігі.......................................21
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Работа состоит из  1 файл

Бейімбет Майлиннің прозасыкурстық жұмыс.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)


 

                                                          

 

 

Жоспар

  Кіріспе..................................................................................................................3

І.  Бейімбет Майлин - сатирик жазушы

1.1 Б. Майлин өмірі мен шығармашылығына қысқаша сипаттама...................4

1.2 Б. Майлиннің әңгімелеріндегі сатира мен юмор...........................................8

1.3 Бейімбет Майлиннің сатиралық драмалары.................................................16

1.4 Бейімбет Майлин поэзиясының стиль ерекшелігі.......................................21

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

    Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы.Саяси репрессияның құрбаны болды. 

Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында сатира жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

              Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі ақын, сатирик, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің алатын орнын анықтау. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. Бейімбет прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, әңгімелеріне шолу жасау.

 

 

 

 

 

 

 

І. Бейімбет Майлин - сатирик ақын

1.1 Б. Майлин өмірі мен шығармашылығына қысқаша сипаттама

Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, аса көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген рухани мәдениетіміздің тарихымызда алтын әріптермен жазылды. XX ғасыр барысындағы соқтықпақты-соқпақты, алағай-бұлағай, аумалы-төкпелі кезеңдердің ащы да тұщы пікір сынағында шыңдалған жазушы шығармашылығы XXI ғасырға да  даңқы бірегей болмыс-бітімімен, мазмұн-маңызымен, биік көркемдік жетіп отыр.

   Бейімбеттің шығармашылық өмірбаяны да өзінің көптеген замандарына тон таптық сипатпен сыналатын өлшем аясында қалыптасып, ол ақыры бір кезде өзі талмай жырлаған қоғамның кұрбан-шешіміне айналды.Жазушы мен оның шығармалары жайындағы XX ғасырдың 20-жылдан басталатын зерттеулердің мәселені біржақты қарастырған тақырып емес. Көбіне оның 1917 жылғы қазан төңкерісімен байланысты туындаған шығармашылық іс-әрекеттері басым көрсетіліп, кез- келген таптық көзқарас аясында сараптау басым тұрды. XX ғасырдың елең-алаңындағы ұлттық ояну үрдісімен сәйкесіп, сол кездегі көзі ашық қазақ даласы бастан кешірген ұлтжандылық мақсаттағы зиялы ойдың орамында ұзақ жүрген кезеңі кеңінен келмеді. Бұған 30-жылдардың ойраны қосылды. Қуғын-сүргін зымырап, жазықсыз жазалы болып өмірден өткен Бейімбет Май-линнің бірегей мұрасы және жиырма жыл бойы туған халқынан тыс, жетпіс жылдан астам ғұмыр кешкен кеңес заманының Бейімбет Майлин ұдайы біржақты, қоғам мен заманға қолайлы таныстырылып келіпті. Әрине, қаламгердің жеке басын осындай тарихи таразыға тартылған тұста, оның қаламынан ұсақты шығармаларының барлығын шашыратпай таныстыру баршаға шектеулі болатыны түсінікті.Қол жеткізген егемендікпен, талай ғасыр сарыла тосқан тәуелсіздікпен жарыса жеткен жаңа дәуір Бейімбет Майлиннің шығармаларынан пайымдауға тың өріс ашты. Енді ғана қазақтың біртуар жазушысы Бейімбеттің жүрегімен жазылып, қаламымен жаратылған күллі еңбектерін оңды-солды ойнақшытпай біртұтас дүние ретінде қарастыруға, мүмкіндігінше толық жинақтап топтастыруға мүмкіндік туып отыр.

Көп томдық шығармалар жинағының иесі - Бейімбет Майлин кім? Ол 1894 жылғы 15 қарашада бұрынғы Қостанай уезінің Дамбар болысындағы (қазіргі Қостанай облысындағы Таран ауданының Бейімбет ауылы) Ақтөбе деген жерде дүниеге келген.Бейімбет бір жасқа толмай әкесі қайтыс болып, жетімдік зардабын аз тартпаған. Бай қолында қозы, қой бағады, делбеші болып та істейді. Ол он екі жасқа шыққанда, 1906 жылы, шешесі Құлғизар дүние салады да, әжесі Бойдастың қолында қалады. Көзі тірісінде шешесі оны молдаға апарып жүріп оқытады, сөйтіп хат танитын дәрежеге жетеді. 1913 жылы бірнеше ай жеке адамдардың балаларын оқытумен шұғылданады. Тройцкідегі «Уәзипа» медресесіне түсіп оқиды. Бірақ оны бітірмей, біраз уақыт елде мұғалім болып жүреді.1914 жылы ағайындарының көмегімен Уфадағы жоғары мұсылмандық діни оқу орны - «Ғалия» медресесіне кіреді. Оны да денсаулығының нашарлауына байланысты бітірмей тастап кетіп, мұғалімдікке қайта оралады.Өнерге жаны жақын Бейімбет өлең, мақалалар жазып, ол туындыларын «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына жіберіп, жариялатып жүреді.Осы жылдары «Айқап» журналы шығып тарады. «Айқапты» құмарта оқитын болдым. «Айқапта» басылған өлеңдерге еліктеп жазатын болдым»  дейді жазушы өзінің өмірбаяндық еңбектерінің бірінде «Ғалия» медресесінде оқып жүргенде «Садақ» атты қолжазба журнал шығаруға қатысады, оның алғашқы редакторларының бірі болады.Әйгілі «Шұғаның белгісі» повесінің алғашқы әдеби нұсқасы осы кезде жазылады.Бейімбет өміріндегі елеулі кезең - 1918 жыл. Қараша айына дейін мұғалім болып істеген ол, сол жылы күзде алашорда атты әскерінің қалпына қатардағы жауынгер болып кіреді. Бірақ үш айдан соң одан шығып, қайтадан мұғалімдік кәсібіне араласады. Ауылында мектеп ашады. Балаларды білімге, ән-күйге, өнерге баулиды. Алғашқы сахналық шығармаларын жазып, оны ел жастарының күшімен жұртшылыққа көрсетіп жүреді.Екі жылдан кейін жоғарылап, губерниялық оқу бөлімінің Дамбар бойынша инспекторы болып тағайындалады. Келесі жылы болыстық оқу бөлімінің меңгерушісі болады. Тіпті 1921 жылы аз уақыт болыстың орынбасары болып сайланатыны да бар. Міне, 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке кіргенше, Бейімбет осындай белестерден өтіп, өмірлік тәжірибе жинайды. Мұнда хатшылық міндетін атқаррды.Ал, қаламгерлік тәжірибесін «Айқап», «Абай» журналдары, «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас азамат», «Бірлік туы», «Ұран», «Қазақ мұңы» сияқты сол тұстағы белгілі басылымдарда жарияланған мақала-өлеңдері арқылы қалыптастырған Бейімбет Майлин «Еңбекші қазақ»-қа шыққан мақаласында да қаламының желі бар журналист һәм жазушы ретінде өзін тағы бір қырынан көрсетеді. Сондай-ақ «Қызыл Қазақстан» журналына да ат салысады. 1923 жылдары Сәкен Сейфуллин басқарған «Еңбекші қазақ» басылымында сыннан өткен Бейімбет каламгерлік қызметі өскеннен кейін 1923 жылдың 14 шілдесінен бастап Қостанайдың «Ауыл» тіршілігіне жалғасты. «Ауыл» газеті алғаш рет 1922 жылы шыға бастап тоқтатылып қалған еді. 1923 жылдың қыркүйегінен оны қайта шығару қажет болғанда, Бейімбет Майлин газет редакциясына жауапты хатшы болып шақырылды. Көп ұзамай редактордың орынбасары болып тағайындалады. Сөйтіп, ол бұл газетте 1925 жылдың наурыз айына дейін еңбек етті.

Атап көрсететін жайт - «Ауыл» газеті Бейімбеттің сан алуан жанрда жалықпай қалам тербеп, жазушылық шеберлігін шыңдаған мектебі болды. Газеттің әр нөміріндегі бүркеншік есімдермен жазылған шағын хабар-ошарларды есепке алмағанның өзінде, Бейімбеттің әрі көркем, әрі көсем сөйлейтін қолтаңбасын айқын аңғартатын көлемді туындылары, кейіннен әңгімеге, повестке айналған белгілі шығармалары алдымен «Ауылда» жарияланды. Жазушының «Ауыл» газетінде жарияланған шығармалары көп уақыт бойы араб қарпінен қазіргі қаріпке түсірілмей, жинақтарына енгізілмей келді. Б. Майлиннің осы газеттегі бірқатар шығармалары С. Байменше құрастырып шығарған «Тұңғыш құрбан» жинағында (Алматы: Рауан, 1994 ж.) алғаш рет әдеби-ғылыми айналымға қосылды. Бір ғана 1924 жылы осы газетте жазушының жетпіске тарта шығармалары (өлеңдері, әңгімелері, оқшау сөздері, мақалалары) жарық көрді. Бұлардың көпшілігі әлі жұртшылыққа жеткен жоқ. Сондықтан бұл томда жазушының осы газетте жарияланған әңгімелеріне көбірек орын берілді.1925 жылғы 11 наурызда Бейімбет Қостанайдан Орынборға қоныс аударды. Ол «Еңбекші қазақ» газетінің есігін екінші рет ашты. Бұл кезде газет редакторы Смағұл Сәдуақасов болатын.

 Бейімбеттің аталмыш газет аппаратындағы қызметі 1922 - 1923 және 1925 - 1928 жылдарды қамтиды. Басқа басылымдарда, мемлекеттік баспада еңбек еткен кезінде де тұсауын кескен газетінен қол үзбеген. 1929 - 1936 жылдарда жарияланған, әлі танылмай жатқан шығармалары тіпті мол. 1933 жылы бірыңғай шығармашылық жұмысқа ауысқаннан кейін де сиясы кеппеген туындыларын ең алдымен «Социалды Қазақстанда» жариялап тұрған.1925 - 1928 жылдар ішінде ғана «Еңбекші қазақ» газетінде Бейімбеттің алпысқа жуық өлендері, сексеннен астам оқшау сөздері, фельетон, әңгімелері, бір жүз алпысқа таяу мақалалары жарияланды. Бұлардың да бірқатары әлі күнге әдеби-ғылыми айналымға қосылмай келеді. Осы көп томдықта мұны ескергелі отырмыз.Басқа замандастарына қарағанда, Бейімбет Майлиннің бір ерекшелігі - ол баспасөзден ешуақытта қол үзбеген. Газет басқармаларында әртүрлі лауазымды атқара жүріп, журналистік қызметпен тікелей айналысқан. Енді Бейімбет Майлин кітаптарының жарық көру шежіресіне тоқталайық.

1925 жылдан 1937 жылға дейін жазушының алпыс алты кітабы жарық көрді, мұның 49-ы өзінің төл кітаптары, ал қалғандары - басқа қаламгерлермен бірігіп жазған еңбектері.

Ал Бейімбет Майлиннің осы кезеңдердегі оқулықтар, деректі кітаптар жазумен айналысқан қызметі - танымнан тыс жатқан қаламгерлік өрісі. Ол көркем шығармалар жазып, ондаған кітаптар шығарумен бірге, халық үшін аса қажетті оқулықтар түзуге, күнтізбелік кітаптар жасауға атсалысты, әр жылдарда шыққан ұжымдық жинақтарда, оқу құралдары мен хрестоматияларда шығармаларын жариялады.

    1937 жылдың қазан айынан бастап 1957 жылдын бас кезіне дейін Бейімбет Майлиннің есімі мен шығармашылығы жиырма жылға жуық аталмай, жабық жатты.

Жазушы мұрасын жаңғырту, оның шығармашылық қызметін насихаттау 1957 жылдан бастап қайта қолға алынды. 1957 жылғы 27 қарашада Қазақстан Жазушылар одағында өткен кеш Бейімбет Майлин шығармашылығына арналды. Бейімбет туралы Қ. Жармағамбетов баяндама жасап, Ғ. Мүсірепов, С. Есова, Ә. Мұстафин, М. Қаратаев, Е. Ысмайлов, Б. Шалабаев, С. Қожамқұлов естеліктер айтты.Осы кезден бастап жазушы шығармашылығын әр қырынан тануына қазақ ғалымдары түгелдей атсалысты, олардың бірқатары Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы жеке зерттеу еңбектерін жазды. Жазушы шығармашылығын тікелей негізге алып, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.Мұның бәрі, сайып келгенде, жазушы шығармашылығының ұлттық әдебиет тарихындағы өлшеусіз орнын айқындауға, кәсіби шеберлікті, жанрлық ерекшеліктерді талдауға,автордың идеялық және эстетикалық мұратын кеңінен танытуға жол ашты.Ұлттық әдебиетіміздің классиктерінің бірі Ғабит Мүсіреповтің: «Ақтау да, қаралау да бүгінгінің мақсаттарынан туады» деген  сөзі бар. Айталық, партиялық саясат кезінде Бейімбет Майлинді «халық жауы» атандырды. Сол қоғамның «жылымық» саясаты 17 сәуірде өзі ақтап алды. Ақтап алды да, оны тап күресінің жыршысы деп әуелетті...

 

1.2 Б. Майлиннің әңгімелеріндегі сатира мен юмор.

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.

Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт  ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..."—дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы — әйелді ортаға салады білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді". Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа, "әйел мен қыз ортаға түседі" дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Ақыры Шәрипа қызы Әбулақап деген мұғалімге қосылғанда ғана тыным табады.

Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.

Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар "шаш ал десе, бас алуға әзір", айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер.

Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:

Информация о работе Бейімбет Майлин - сатирик жазушы