Әбілхан Қастеев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:41, реферат

Описание

Жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылым нәтижелерімен өмір сүріп, жаңа биіктерге қол жеткізіп жүргендер үшін уақыт — ең әділетті де парасатты төреші, өзіндік емтихан. Қазақстанның тәуелсіздігіне он жылдан аса уақыт өтсе ол тек күнделікті тұрмысты жақсартуға ғана емес ұлттық өнер мен мәдениеттің құндылығын сезінудің өлшемі мен сынағы болғаңдай. Идеологиялық жүйенің әр түрлі ерекшелігіне қарамастан Табиғат пен Адамзат алдында қажыр-қайраты мен ой-арманы таза адамдардың шығармашылығы ұлттық өнердің құндылығын, оның мәнін құрайды.

Работа состоит из  1 файл

Әбілхан Қастеев.docx

— 53.37 Кб (Скачать документ)

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әбілхан Қастеев

     Жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік     құрылым нәтижелерімен өмір сүріп, жаңа биіктерге қол жеткізіп жүргендер үшін уақыт — ең әділетті де парасатты төреші, өзіндік емтихан. Қазақстанның тәуелсіздігіне он жылдан аса уақыт өтсе ол тек күнделікті тұрмысты жақсартуға ғана емес ұлттық өнер мен мәдениеттің құндылығын сезінудің өлшемі мен сынағы болғаңдай. Идеологиялық жүйенің әр түрлі ерекшелігіне қарамастан Табиғат пен Адамзат алдында қажыр-қайраты мен ой-арманы таза адамдардың шығармашылығы ұлттық өнердің құндылығын, оның мәнін құрайды. Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде өмір сүріп жатқандар үшін еліміз 2004 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткен суретші Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы, ұлттық мінез-қүлықтың ең бір жақсы көрінісінің белгісі. Осы тамаша оқиға бізге шебердің мұрасына бүгінгі көзқараспен қайта үңіліп, оның өмірлік және шығармашылық жолына көз жүгіртіп, тұлғалық талашының мәні мен күш-қуатын толығырақ сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан бейнелеу өнерінде көпшілікке есімі мен шығармашылық тағдыры қызғылықты талант иеялары  аз емес. Солардың ішінде, Әбілхан Қастеевті  көптеген себептермен алдымен ауызға аламыз. Бұрынғы Ресей империясының, ал 1917 жылдан кейін большевиктер елі — Советтік Социалистік Респубикалар Одағының алыс түктгірінде кеңестік өнердің — кескіндеме, сурет, су бояумен салу деген формаларының жаңадан пайда бола бастаған шағына сурет мектебі түгіл ешбір өнер орталығы да болмағаны рас. Бірақ, бала Әбілханның құмға сызған суреттерінен оның арманы алысқа жетелеп, тіпті суретшілік жолы жолы белгіленіп қойылғандай көрінген. Ғүламалар айтпақшы: барльпының да бастамасы бар.

Ескіні еске түсірсек, XX - ғасырдың басында өлеуметтік, саяси  идеологиялық катаклизмдер барлық дүниеде  бірдей жүріп жатқан кезде Әбілханның өмірлік, шығармашылық жолының басталуы сөйкес келген екен. Адамдар ғасырлар бойы қалыптасқан тірлікті жаңа жағдайда жаңаша құруға тиіс болды. Ә.Қастеев те сол ұрпақтың өкілі еді. Басқа емес оның өз тағдыры, "өзіңе ғана сен" деп, оңынан туған жарық жүлдызына қарай бағыт берді.

1904 жылдың қаңтарында Шежін ауылының малшы отбасыңда ер бала дүниеге келген-ді. Оған Әбілхан деп ат қояды. Сол бір үрейлі үркіншілік заманда Үлы Жібек жолының бойындағы Жаркент қаласының маңындағы ауылдың атын шығаратын осы бала екенін кім білген. Бірақ, осы дүниеде бір зандылық бар ма, қалай? Олай дейтінім біздің жан дүниемізге, жүрегімізге, тіпті жадымызға биік таулы жасыл жайлауды, бұлқына аққан Шежін өзенінің суын сіңірген осы бір тылсым дүниенің қүндылығын бойына жинаған Ә.Қастеевтің өнері емес пе?

Ия, өмірдің өз зандылығы бар ма? Кішкене ауылға да өзгеріс лебі жеткен еді. 1928 жылы Әбілхан да жаңа өмірдің дүрмекті оқиғаларына араласуға бел буып ауылдан кетеді. Сол кездің аты шулы қүрылысы Түрксібте (Түркістан-Сібір темір жолы) қара жүмысқа кіріп, еңбек ете бастады.

Бүгін жүз жыл өткен соң, XX ғасырдың тек ғылым мен техникада ғана емес өнерде де үлкен жаңалықтары болғанына тандана, тамсана қараймыз. Бүл "таңғажайыптардың" біздің далаға бірден келе қоймағаны да белгілі. Енді тек орысша оқып, орысша сөйлеп қана мәдениетке, өркениетке жетуге болатын болды. Осындай кезенде Ә.Қастеевке білім алу керек еді. Бірақ ол орталықтың жоғары оқу орындарында оқи алмады. Ол кездегі "өзге үлттан шыққан" талантты адамдардың көбі өз беттерімен ізденіп білім-өнер үйренуге мөжбүр болды. Кейін келе Әбілхан Қастеев Мөскеудегі педагогикалық институттың жүмысшы жастарға арналған студиясынан екі жыл білім алды.

Ол өзі туралы әр уақытта "суретке мен өз бетіммен үйренгенмін" дейіін. Шынында дүниедегі көптеген шеберлер өз беттерімен суретгі меңгеріп, үлы дарын атанғаңдары тарихқа белгілі, мөселен: Ван Гог, Пиросмани тағы басқалар. Олардың шығармашылығы да әр түрлі, тағдырлары да бір-біріне үқсамайды. Ал Қастеевтің өнері өуел бастан өзінің ерте жетілген салмақтылығымен ерекшеленеді. Мүмкін ол, оның өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтындығынан да шығар. Өйткені, әкесі дүниеден өткен соң отбасындағы жалғыз еңбекке жарамды өзі болған соң, ауыртпалықтың бөрін өз мойнына алған еді. Ең бастысы ол Николай Хлудовтан (1921 жылдан 1929 жылға дейін), содан кейін Мөскеуден (1934-1936 жылға дейін) оқып жүрген кезінде шығармашылыққа тек жақсы сурет салу аздық етегінін, ол үшін аянбай еңбек ету керекгігін де өбден сезінген. Бүл табиғат пен үлы шеберлерден үйренудің үзақ та үлағапы жолының басы еді.

Осы екі фактор Ә. Қастеев  шығармашылығының бастапқы да одан кейіші де жылдардағы ең негізгі ерекшелігі болып қалды. 30 — жылдардағы жас  қазақ бейнелеу өнеріне өзінің біртума  дарынымен келген суретішнің алғашқы  шығармаларының өзіне көшігіліктің көзіне қарауы олардың "кішкене шедеврлер" екенін жарнамалаумен бірдей еді. Олар өз дөуірінің дерекгі қүжаты, сонымен қатар ол жас жанның өзін қоршаған адам мен табиғат өлеміне деген ықылас, махаббаты еді. Алғашқы жүмыстарынан өр адамға ыстық та қымбат үлпық дөстүр мен тарих сияқты елдің ерекшелігін белгілейтін қүндылықтарға жіті көзбен, терең үңілгендігі көрініп түрады. Осылардағы көркем бейненің шыншыл да поэтикалық мақамы көрерменді баурап алатын шығармаларының түрақты қасиеііне айналды.

Әбілхан Қастеев дарын сезімталдығының арқасында осы жылдары өзінің алғашқы кескіндемесін, майлы бояумен салудың ерекше төсілдерін жүзеге асыра бастайды. Тіпті олар этюд немесе жай нобай болса да сол өмірдің тьшыс-демін өкеягеңдей еді. Фанерге салынған "Мектепке" (1930 ж.) немесе "Қазақ өйелінің кескіні" (1930 ж. акварель) деген суреттерінің бізге аса ыстық көрінуі сондықтан да болар. "Іс тігу" (1924 ж.), "Киіз үй алдындағы қарындасым", "Көк киімді жас қазақ өйелі" (1931 ж.) атты жүмыстары жеңілдеу нобай түрінде салынғанымен басқаларынан еш кемдігі жоқ. Шын мөнінде керемет үстамдылықпен бет өлпетін, қалпағының өшекей-өрнегіне дейін, жағасы мен қос бүрымын, көкшіл көйлектің желбір етектерін "Қазақ қызы" (1932 ж.), "Кесікбаевтің келбеті" (1930 ж.) атты шығармаларында көрсете білген. Техникалық орындалуы жағынан бүл жүмыстары графика мен кескіндеме суреттің арасында. Жаңарудың куөгері болғандықтан суретші өзінің алғашқы сызбаларыңда, одан кейіші полотноларында ең қүнды деген бейнелерді ой-елегінен өтйзе келе көптеген сюжеттерінде "ескі" мен "жаңа" өмірдің бейнесін психологиялық көңіл-күйдің қарама-қайшылықтарынсыз сол күйінде қабылдауға мүмкіндік береді. Су бояу (акварель) жас суретагінің ең жақсы көретін материалы. Бүл бояуды қолданғанда ол өзін еркін өрі нақты көрсетеді. Н.Г.Хлудовтан (1850-1935) білім алғанда (Ә.Қастеевпен бірге О.Таңсықбаев, С.Чуйков т.б. болған) бүл студияның оқыту негізі •гікелей табиғаггың өзінен бейнелеу екеңдігіне көз жетйзесіз. Үстаз бен шөкірт этюдтері кейде бір-біріне үқсайды, оны Чуйков пен Хлудовтың ("Таудағы киіз үй", "Биік қарағай") жүмыстарынан байқауға болады. Майлы бояумен ол Мөскеуден (1934-1936) оқып келгеннен кейін жаза бастаған сияқты.

Әбілханның алғашқы үздік  туыңдыларының бірі деп 1932 жылы су бояумен жазылған "Түрйсібін" айтуға болады. Композицияның динамикасы мен сызықтарының үшқырлығына қарай бейімделген суреттің паровозға келгендегі өрбір бөлшегіне дейін сызып көрсетуінен еяінің, жерінің осыңдай жаңальиына суретаіі перзентгік қуанышын ерекше үқышы сызықтардың тербелісінен білдіргеңдей. Сол қуаныппың артында түрған бесжылдықтың ауыр да көлемді жоспарларынан белі қайысқан қазақ жүмыскерлерінің өмірі мен ауыр еңбегі еске түседі. Қайткенменде өмір жылжып, Әбілхан да сол толқыңды түрмыстың екпінімен өнерін шындай берді.

Осы акварельдің ықшам  ғана атында сол заманның мына бір өнінщ сөзі: "Алға үш біздің паровоз, аялдама Коммунада" — дей-тінін сызықтардың даму динамикасы, түр-түспен жарықтың тара-луы сол уақыпың рухы мен мазмүнын паш етер метафора жасаған-дай. Жаңағы өннің сөзі мен суретаіінің шығармасын қатар тендес-тіруде ешқандай кереғарлық жоқ. Екеуінде де болашаққа имандай сенген жаңдардың жарқын көңіл күйі мен рухы бар. Мүмкін Әбілхан Қастеев шығармашылығы жөне 1930-шы жылдар өнері тек осындай шабыты мен сенімі арқылы бізді тандандыратын шығар. Енді міне оның жүмыстарын айшықты метафора деуге өбден болады.

Отызыншы жылдарға жататын, дөлірек айтсақ 1932 жылы салынған, оның "Автопортреті". Жақындарының айтуынша 1934 жылы салынған "Шопан" деген суреіі де автопортрет көрінеді. Осы екеуін салыстырудың өзі қызық. Екі портрет те айшықты, өзгеше. Жазушы Ю.Домбровский: "Жағы шығыңқы, жалпақ бетті жігіт доғал жақтаудан бізге тесіле қарап түр. Еріндерін жымқыра, тіке қараған көзін кең ашқан... Бүл портреттегі басты нөрсе — суретаіінің жастығы, оның қайсарлығы, өз-өзіне сенімі, қайтпас қайраты"— деп, Қастеев туралы естелік кітапта бірінші автопортрет туралы өзінің алған өсерін тамаша баяңдай кеяе былай дейді: "Мүнда бөрі сенімді жөне мығым. Бөкебайын ширата ораған, польтосының түймелері түгел салынған, малақайы басына орнықты киілген. Қаракүлдің бүйрасын да мүқият сызып келгірген. Ал ең бастысы, сүрша қағаздан бізге қарап отырған адамның өзі мықты"

1934 жылғы "Шопан"  акварелі "Түрксібке" өлдебір жақыңдығы бар. Күле қарап түрған жас жігіттің түлғасы жеңіл сызықтармен еркін салынған. Өзіндік ерекшелікпен орналастырылған табиғат бейнесінің үсақ бөлшектері жас суретшіге төн емес асқан сезімталдық нөтижесі.

Ә.Қастеевтің үлылығы оның көркемсуреггі оқып- үйренуге өз беіімен, өз бағьпымен жетуінде емес, "ресми пайымдауға" суреткер ретінде түтас та терең бейнелер жасай отырып шекесінен шертйзбей, ақылгөй, философ үстамында шығыстық бекзаттықпен, ақша қардың сықырынан, таза ауаның хош иісінен, аптап ыстық күннен тараған ызынды сезерлік, сезімтал нөзікгікпен қалып қоюында. "Көк көйлекті қыз", "Кесікбаевтің портреті", "Қазақ қызы", немесе "Қарындасымның портреті" апы қайталанбас, қайтатумас бенелеу өнерінің жахүттарын жасаған ол — Адам қүдыретін "сезінеіін" сирек, сергек суреткер.

Кеңес уақытыңда зерттеушілер үшін мөңді дүниелер болып табьшатын "тақырыптық" түрғыдағы шығармалар болатьшы белгілі еді ғой. Идеологиялық үстанымдардан қүтылған кезде суретаіінің мүраларын зерттеушілер үшін беягілі бір сюжетке бағыңдырьшмаған "таза" табиғат бейнесі аса бағалы дүние болып шықты. Олар Ә.Қастеев атындағы өнер музейіндегі таңқаларлық, ғажайып акварельдер топтамасы. Олар — суретаіінің арамызда өзі жоқ болса да туған табиғатқа сүйсіне қараған көз қарасы, жан дүниесі. XIX-XX ғасырлардағы ең дарынды шебердің шығармашылығында болатын ерекшелік сияқты Ә.Қастеевтің де акварельдерінде айқындық пен қарапайымдылық жан дүниенді баурап алады. Олар да Қастеев сияқты жасандылықтан аулақ, шынайы, анық сезімді— түр-түстің өлсіз тербелісінен жөне оның суреткер жаны мен жанарындағы бейнесінен көргісі келеітін арманы еді. 1930 жылдан бастап 1960-70 жылдарға дейіші үзақ уақытта акварельмен жасалған Ә.Қастеев жүмыстарына қарап отырсаң алуан қырлы етіп бейнеленген дүниелерде ол тек сол материалға көбірек көңіл қойғанын байқайсың. Байқайсың да ол кісінің дүрыс ісін мойындайсың. Тек акварель ғана оның даласы мен кеңістігі, адами жан-сезімінен туған жарық дүниесі — бояу деп еш уақытта ойламайсың, бір-бірімен астасқан түтастық қана.

Суретшішің ерен еңбекқорлығын  білгендіктен суреттерін салуға минуттан бастап, сағаты мен күніне дейін үнемдей жүмсайтын ол, үкімет тапсырмасын орындау үшін де солай істемеді деуге болмайтын сияқты. Сондықтан да болар, қыздың бүрымындай сымбапы көк теректердің қүбылма бояуы, ақ күмістей жаңа түскен қар, бөрі де еркін, жеңіл, бояуы қанық.

Табиғатты суреттеуге шыққан суретшілер этюдтерін отыра қалып  тез-тез біііре салатьш көрінеді. Әбекең болса бір жерде кешке дейін отырып жаңа шыққан күннің ертеңгіліктегі көрінісін салады екен. Кейде табиғаттың бір жердегі көрінісін төуліктің өр кезіндегі жағдайына қарай жарықтың таралуын, түр-түсінің өзгеруін, аптап ыстығы мен қоңырсалқынын өдейілеп бейнелейді екен. Қастеевтщ осындай акварельдері Жапон мен Қытай шеберлерінің шығармаларын көзге елестетеді. Солар сияқты болмыстың тамырын басып, ырғағын сезінетіндей мөңгілік қүндылықтардың астын сызып белгілеп кеткендей.

Адам өмірі мен табиғат өзгерістерінің тамаша көрінісін "Сөкіден қараған көрініс" (1935), "Қалыңдықты үйге кіргізу" (1937), "Сепаратордың қасында" (1941) немесе 1950 жылдардың акварельдерінен байқаймыз.

Осы тамаша акварельдерінің  ішінен "Сөкіден қараған көрішсіі" ерекше атауға болады. Оның себебі жарық пен көлеңкенің өзгеше үшбүрыштанып жатуынан сюжетгік терең мағынаға ие болуы, сөшіп қарапайым да сүйкімді жүмбақ дүние өлде біреудің жүмағы сияқты көрініс тапқан.

Акварель — оның шығармашылығының басты бейнелеу мүмкіндііі болып  қала берді. Ол осы техникада өзінің бағдарламалы сериаларын деректі-дөлелді түрғыда сомдады. Республиканың күнделікті еңбек тьшысын жан-жақты көрсетеіін "Тың жер туралы", "Қазақстан байлығы", "Жетіжылдық қүрылыстары" апы акварель сериалары көшііілікке белгілі.

1950— жылдардан кейінгі  көптеген тарихи-тақырыптық жанрдағы  полотнолары, немесе атақты адамдардың  портреттері тапсырыс жолымен  жасалған. Олар партиялық-кеңестік жүйенің идеологиялық ерекшеліктеріне негізделген "бағдарламалық" шығармаларға жатады. Ондай еңбектер тек Қастеевке ған төн емес еді, көпшілік суретшілердің ой-өрісі мен қайрат-жігерін ол жүйе толық өзіне бағындырған еді. Ә.Қастеев шығармашылығының осы түсын айта келе біз оның жеке ерекшеліктерін де баса көрсеткеніміз жөн болады. Мөселен идеологиялық сипат беру үшін Қастеев өте бір жеңіл де өдемі өдіс тапқан. Ол қызыл жалау. Әр жерге бір шаншып қойған жалаулар композицияда еш бір көрнекті рөл атқарамайды. Солардың бөрін жинап алсаң да сурет өз мөнін бір сөтке де жоғалтпайды. Суретші о бастан осы бір дүниенің артық екенін, уақытша екенін көрсете бейнелеген сияқты. Біраз суреттерінде көтергіш краңдар, бульдозерлер мен тракгорларды бүлт астындағы күн сөулесінің сыздықтаған алауын, жыртылған жердің бетінен несібесін іздеген торғайды бірге көруге болады. Сонда барып қанша жерден "тапсырыс" орыңдаса да сезімтал да нөзік жанды суреткер Қастеев өз сеніміне берік екенін байқайсыз.

Өзінің табиғи сезімталдығының  арқасында ол талай көркем дүниелерді өмірге өкелді, олардың негізгі арқауы туған жерге, адамына, өз халқына  деген орасан зор сүюспеншілік еді. Сондықтан да болар ен дала мен  ашық аспанды философиялық мөнге  ие боларлық дөрежеге жетйзе бейнелеуі, жөне сол бейнеге тең келер балама да табу қиын сияқты. Қастеевтің замандастарының бірі оның "Медеу", "Талас алқабы", "Қапшағай ГЭС-і" пейзаждарындағы кеңістік көруін батыс еуропа шеберлерінің кескіндемелерімен салыстыра келіп: "Қастеевтің шексіз кеңістікке талпынысы, адам өрекеттерінің өр түрлілігіне қызығушылығында брейгельдік үқсастық бар. Осы картиналарын оншақты нүктеден қарауға болады, өйткені оларда оншақты мазмүн жөне орталық бар" дейді.

Әрине, суретші өзінің композициялық  қүрылымын тапқан. Оны өрқилы қисында келііре отырып адам бейнесін сомдайды, осындай өдіс А.Иманов (1950 ж.) портретінде, немесе "Көк киімді жас өйел" (1931 ж.) "Колхоздың сүт фермасы" (1936 ж.) апы ертеректегі акварельдерінде айқын білінеді. Басқа шығармаларыңда ол табиғат бейнесіне көбірек орын береді де адам өрекеттері баяу, бөсең халде қалады. Ондай шешім "Талас алқабы" (1970 ж.), "Қапшағай ГЭС-і" (1972 ж) жүмыстарына тиесілі. Қастеев табиғат кеңістігіндегі адам түлғасының мөнін табиғатпен етене етіп, терендеп кетіп бара жатқан кеңістікті ерекшелеуді көкжиек сызығының не жоғары, не төмен орналасуы, адам бойының масштабын дөл табу арқылы көрсетеді. "Талас алқабыңда" адамдар бейнесі табиғаттың шынайы көрінісін сезінуге көмекші, қосымша бөлшектер ретінде үсақ бейнеленеді. Сондықтан да ол "Талас алқабы" болып қабылданады. Әрине, бүл ерекше суреткерлікқасиет.

Информация о работе Әбілхан Қастеев