Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:41, реферат
Жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылым нәтижелерімен өмір сүріп, жаңа биіктерге қол жеткізіп жүргендер үшін уақыт — ең әділетті де парасатты төреші, өзіндік емтихан. Қазақстанның тәуелсіздігіне он жылдан аса уақыт өтсе ол тек күнделікті тұрмысты жақсартуға ғана емес ұлттық өнер мен мәдениеттің құндылығын сезінудің өлшемі мен сынағы болғаңдай. Идеологиялық жүйенің әр түрлі ерекшелігіне қарамастан Табиғат пен Адамзат алдында қажыр-қайраты мен ой-арманы таза адамдардың шығармашылығы ұлттық өнердің құндылығын, оның мәнін құрайды.
Ертеректе Ә.Қастеев туралы шыққан бір кітапта суретаіінің: "Менің өмір-тіршілігін бейнелейтін суреттерім ақынның қүлаққа да, жүрекке де жағымды өнімен бірдей емес пе. Тек ақын көргенін өлең сөзбен қиыстырады, ал мен болсам қағаз бетіне сурет қып түсіремін" — деп өзінің айтқаны бар . Сөйтіп ол сөз бен дыбысты сызық пен түр-түстің тіліне "аударып" жырлаудан шаршамайды. Шынында, бейнелеу өнерінің ақыны екендігін сезіну тауқымегі оған маза бермей ақыры өмірінің мөні мен мазмүнына, қуанышына айналды. 1960 жылдары Қастеев өнеркөсіптік пейзаж — жаңа тақырыпқа бет бүрды. Көз алдыңда етек жайған үлы жегіжылдық қүрылыстарын бейнелеу — көкке шаншылған көтергіш краңдардың мойындары ("Руда алу фабрикасының қүрылысы", 1960 ж.), терең рудалық карьерлер ("Мартен рудасы", 1960 ж. жөне басқалары) таудан қүлаған өзеңдердегі тосқауылдар мен завод ғимараттары бола түрса да Қастеев өзінің негізгі тақырыбын туған өңірдің жаңарған табиғатьш алып өнеркөсіптің көлеңкелері арасынан көре білді. Жаңа тақырып Қастеевтщ палитрасына да өзгерістер берді. Нөзік өрнекгі күмістей өрілген түр-түс қосыңдылары сол "өнеркөсішік" табиғатгы кескіндеп жапы.
Ауылшаруашыльиына келе бастаған жаңа технологияға "Жүгері заводының жалпы көрінісі", "Ауыл шаруашылығындағы авиация", (1962 ), суэлектр станцияларға ("Болашақ Қапшағай ГЭС-і") арналған "Қазақстан байлығы" атгы топтама суреттер дүниеге келді. Бүл еліне, жеріне деген ыстық ықыластан, оның еңбек жеңістерін уақтылы бейнелеп қалуға деген талпыныстан туған, таусылмас тақырыпқа айналған. Советгік Қазақстанның өмірі суретаіі-патриот Әбілхан Қастеевтің өміріне айналған сөт еді. Замандастары оның шеберлігіне бас иіп, Қастеев шығармашылығы ерекше көркемөнерлік қүжат екендігін мойыңдайды.
Ә.Қастеевтің мыңнан асатын
суреттерін, картиналарын, акварельдерін
республиканың көркемөнерлік
Оның мұрасы— өз жан-дүниесінің жетегінде жүріп жетілу белгісі, туған жердің сүлульиын көрсетуге деген ынтасы, оның бедері мен сансыз бояуы. Ең басты өсемдік — Табиғат пен оның зандылықтары берген, махабатқа толы көркем бейнелер.
Өткен дөуірдің суретші шығармашылығына деген көзқарасынан, баға беру мен сынау төжірибесінен бірден үзілді-кесілді қоштасу мүмкін емес. Өйткені бөріміз де "сол ауылдан" шыққанымыз белгілі ғой. Сондықтан Әбілхан Қастеев сынды суретшінің сырлы шығармашылығының тереңінде жасырынған қүндылыққа жету үшін бүрынғы түсініктерден аулақтана білу ауадай қажет. Оңда жұмбақ пен құпияға тең қарапайымдылық пен ақиқат жатыр.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Әбілхан Қастеев»
Орындаған: __________________
Қабылдаған: _________________