Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 17:57, реферат
Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.
Дәуірдің көркем шежіресі
(Бейімбет
Майлиннің прозасы)
Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.
Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.
Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..."—дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.
Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы — әйелді ортаға салады білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді". Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа, "әйел мен қыз ортаға түседі" дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Ақыры Шәрипа қызы Әбулақап деген мұғалімге қосылғанда ғана тыным табады.
Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.
Б.
Майлиннің бірсыпыра
Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:
"Төртбақ,
теке көз, шалбар бет қараны
көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы
екен де қой. Мұқыш екенін
сездіруге өзі де құмар:
— Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.
— Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.
Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:
— Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.
Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой",—деп, өзің де қол қоясың.
Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй сөзі мынау “сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.
"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы — Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді...
Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!
Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады". Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.
Әрі қарай "біз" дегеннің бірі — автор, екіншісі — "отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам" — Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады...
"Жел артымыздан еді" деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай әсер етеді.
Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" дей салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді.... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға ! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді..."
Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.
-
Мынау аттан түсіп жатқан кім?—
-
Артыма жалт қарасам, екі
- Әбдірахман ғой, — дедім.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
- Иә, әлгі учителъ баласы ма?
- Иә.
- Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді..."
Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.
Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.
Шұға — сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.
-
Жайың қалай, тәуірмісің?—
— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. — Тәуір емеспін. Тәуір болуды
тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.
— Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...
—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.
— Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.
Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.
"Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде: "Құдай рақымет етсін!.," деп беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап: