Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 17:57, реферат
Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ (мысалы, "Шұғаның белгісі") үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.
Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты:
Өй,
Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті".
Ал
енді осы Шұғаның үзілер алдында
Әбдірахманды шақырып қалдырған
арыздасу хатын оқып көрейікші:
... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында
ақ туының пайғамбардың!..
Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.
Біз
онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып,
алғаш рет қалай
Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"
Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... "Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".
Ал осы ару Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде ұялап қалған. Әбдірахманды алғаш көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра алмай: "Жап-жас жігіт екен ғой", — десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға жолдан кездесіп қалғанда: "Қош, қалқам, калқам! — деп, кемсеңдеп, жылап отыра кететіні бар еді-ау". Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман "жаным шығарда: "Шұғам!" — деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер ем", — дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай, ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: "Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.." — дейміз.
Хикаянның басты
"Шұғаның белгісі" — жастардың
теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік
әділетсіздіктерге қарсы үн
Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген оқиғаларының шынайылығы мен тартымдылығы, шұрайлы да суретті тілінің сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен Әбдірахман бейнелерінің айырықша сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың тағдыр-талайының трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі ең биік туындылар қатарына қосады.
Драмалары. Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б.Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді "жанды қалпында" көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.
Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен "Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Амангелді", "Көзілдірік", "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан" тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.
Майлиннің шығармашылық стиліне тән мысқыл мен сықақ күлкі әсіресе оның драматургиялық кейіпкерлерінін сатиралық толық қанды бейнесін жасаудың таптырмас кұралына айналады. Өйткені Бейімбеттің күлкісі де, мысқылы да өмірдің шынайы шындығынан, өрескел, керағар үйлесімсіздігінен туады. Мәселен, "Талтаңбайдың тәртібі" комедиясын альш қараңыз. Туындының атынан-ақ, кісі есімі болса да, Талтаңбай сөзі мен тәртіп сөзінің тіркесінің өзінен-ақ өрескел сорақылықты бағамдаймыз. Жөні түзу, түйсігі бар адам талтаңдамайды, Ақылы жоқ ақымақ, көргенсіз делкұлы ғана талтаңдайды. Ал біз танысқалы отырған көргенсіз, ұрда-жықтың аудан берген өкілеттілігі бар. Екі сөздің басын жөндеп кұрай алмайтын, жазған мәнін өзі де жөнді түсінбейтін және тілі де келе бермейтін орыс сөздерін араластырып, ата-бабасында көріп, білмеген, естімеген колхоз дегеннен шошып, үркіп тұрған елдің зәресін ұшырады, асқағын ашса болды, тіліне "темпу, саботаж, лодыр" деген сұмдық сөздер оралады, онымен де қоймай: "құқ", "түрмеге тық!-" деп бейкүнә, момын жұрттың басына әңгір таяқ ойнатады.
Ұлы Абай: "Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал" деген ғой, Талтаңбай Талтаңбаевтың " үдетпелі жоспарды жиырма төрт сағат ішінде орындау үшін не істеу керек екенін жұртқа "түсіндіргенінің" сыйқы мынау: "Талтаңбаев (үстелге сүйене тұрып); Жолдастар! нағыз тәртіп беремін, үдетпелі жоспар жиырма төрт сағат ішінде орындалады, понятно? Оның үшін не істеу керек? Вот былай істеу керек: мәселен, үй салса, оның алдымен төрт аяғын тұрғыза ма? Төрт аяғын тұрғызады, яғни қадайды. Понятно? Сосын стенасын қалайды. Сонан крышасын покрывать қылады... Понятно? Бұл да сол: алдымен төрт аяқтан бастау керек. Орысша айтқанда низ дейді. Нағыз опасность низда жатыр, понятно? Бір кітаптан оқығаным бар... Ымм... да вот былай: "капиталистическое хозяйство өрбиді дейді, — низдан, понятно? Сонда Парыз деген өтірік белсенді: "Пай, пай, пай, пайым-ай!"—деп қолпаштаса, Талтаңбаев одан сайын еліріп: "Соның үшін мұның низін қопарып, тамырын жұлып, е... сүйтіп нетпесе, е... Бұл қаулап жанған өрт болып, өрт пожар... Бұл солай болады, понятно?"
Ол осы сандырақтарымен-ақ өзінің қуыс кеуде, бейбастақ надан, елдің сорын қайнатқан содыр екенін көрсетіп тұрған жоқ па?
Академик 3. Қабдолов Талтаңбай образына талдау жасай келіп: "Жоқ, Талтаңбаев — жай ғана "шолақ белсенді немесе "зиянсыз мылжың" емес, әлеуметтік жағынан қауіпті, жауапсыздығы жауыздыққа ұласқан зиянкес. Оның "шаш ал десе, бас алатын" әпербақандығының арғы жағында саяси бұзақылық жатыр. Қай кезде де түсін өзгертіп, тонын айналдырып шыға беретін бюрократизм, валюнтаризм, тағы басқа кертартпа "измдер" осылардан өрбиді... " — дейді. Шынында да, Кеңес заманының түрлі кезеңдерінде халқымыз бастан кешкен зұлматтар коммунистік, таптық саясат тайраңдатып қойған көрсана Талтаңбаевтардың "күш-жігерінің" арқасында өте ауқымды, өте қасіретті болғаны белгілі.
Екі перделі "Неке қияр" пьесасы драматургтің бұл жанр ерекшелігін игеру жолындағы елеулі табысы деуге болады. Пьесада әр кейіпкер өзінің дара-дара мінезімен көрінеді. Әрқайсысының іс-әрекеті де, сөзі де өз бойына қонымды.
Әсіресе мінезді саралап, образ сомдауда үлкен шеберлік танытады, кейіпкерлер даралана, ірілене түседі. Пьесаның мазмұны қыз айттырудан неке қию төңірегіндегі ырым-жырымдарымен қоса алынған көне салттың көлеңкелі жақтары десек, соның бәрін, атынан да көрініп тұрғандай, Ылаңбайдың (бас кейіпкер) іс-әрекеті, сойқанды қылықтары арқылы көрсетеді.
"Драмалық ірі серпін". "Майдан" — тек Майлиннің ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының ірі табысы саналатын драма. Таланттың қадір-қасиетін тануда алдына жан салмайтын көреген М.Әуезов бұл пьесаны кезінде "драмалық ірі серпіннің басы" деп бағалаған.
Драманың
мазмұнына аты шулы ұжымдастыру
кезеңінің оқиғалары алынған. Ұжымдастыру
әсіресе қазақ елінің тарихындағы
зардабы осы күнге дейін
Ал кеңес өкіметі беті бүлк етпестен өзінің бұл сойқанды ісін кеңес халқының жеңісі деп бағалап, жазушылардан солай етіп көрсетуді талап етті. Бірақ Бейімбет сияқты талантты реалист суреткерлердің туындысы, объективті түрде, сол кезең өмір шындығының көркем бейнесі, әдеби ескерткіші болып қалды.
Пьесаның басты кейіпкері — кешегі жалшы, колхоз басқармасының төрағасы, коммунист Досанның іштегі өзімен-өзі сөйлесіп, ой өрбіткен жерін оқып көрелікші: "Досан (кереуетке отырып, үңіліп оқиды): "Атам, атан, алды!.." (Күлімсіреп). Бір ай оқығанда кәдімгідей танып қалғанымды қарашы... (Тағы оқиды). "Асан қалқозға жазылды" (Басын көтеріп). Мен сияқты біреу-ау, ә? Қатынымен ризаласып жазылды. ма екен, әлде, мен сияқты жасырынып жүріп жазылды ма екен?.. (Ойланып). Жасырынды демекші: мен қашанғы жасырынбақшымын осы? Қалқозға кірген соң малды бірлестіру керек. Іспектің басына: "Досан Қалабаев, бір ат, бір сиыры бар" деп жаздырып та қойдым. Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қара сиырды қатын бермей жүрсе, қайтем? Жұрттың қатынындай қай бір сөзге көне қоятын адам ол. Мен бірдеме айтсам, арс етіп беттен ала түседі.., Оңбағыр, кім көрінгеннің тіліне еріп... Әй, үйі күйгір Мамық-ай, біздің қатынды бүлдіріп жүрген, дәу де болса, сен- ау..,"
Осы үзіндінің өзінен-ақ қолдан өршітілген тап тартысы, ұжымдық шаруашылық жайындағы бұлдыр түсінік, бір-бірімен аңдысып-арпалысқандардың амал-айласы, ниет-пиғылы, т.б. анық аңғарылады.
Досанның әйелі Пүлішті азғыратын Мамық кемпірдің (байдың бәйбішесі) сөзі мен ісі де колхозға шошына қарағандардың бәріне тән шындық. "Мамық (қолын сілкіп): Сұрама, келін, бойыңнан түңілесің. Құдай басқа бермесін де! Салқоз болғандарды көретіндері сол ғой... (Тыржия түседі)."
Пүліш (ынтығып, Мамықтың жанына жетіп келеді): Айтшы, шешейеке, о не?
Мамық (төне түсіп): Мынадай масқарасы бар, келін-ау: Салқоз болғандарды нөмірлейді дейді; сауырларына таңба басады дейді; нөмірі тура келген еркек пен әйел жүре береді, — дейді...
Пүліш (бетін шымшып): Бетім-ау!.. (Аңырайып көпке қарайды).
Мамық (тағы төне түсіп); Одан да масқарасы бар: салқоз болғандардың бәрін бір көрпенің астына жатқызады,—дейді.
Бұл колхоз туралы қарабайыр түсініктен гөрі, оған деген өшпенділіктің белгісі.
Пьесада
колхозды жақтаушылар мен
Әрине, сол кездегі кеңес адамдарының басым көпшілігі сияқты, Б. Майлин де колхозды кедейлер жағында, коммунистік көзқарас тұрғысындағы түсінікпен суреттеді. Бірақ жасанды өмірді емес, шын өмірді көрсетті.
Колхоз бастығы Досан, ауыл кеңесінің төрағасы Зәуре, партия ұясының хатшысы Орынбай, орнатылып жатқан жаңа тұрмысқа тіс-тырнағымен қарсы Бекболат бай, оның айлалы әйелі Мамық, осылар жағындағы алаяқ Көдебай, екі арада теңселген кедей Әліш, "кедейдің кербезі" Пүліштердің өзара тартысы, өзіндік тағдыры арқылы колхоздастыру дәуірінің күрделі өмірі елес береді.