Олжас Сүлейменов Омар-ұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 04:41, реферат

Описание

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар.

Работа состоит из  1 файл

Олжас Сулейменов.doc

— 120.50 Кб (Скачать документ)

Сол кездегі мемлекет басшысы М.Горбачев теледидардан сөйлеген сөзінде: "Баска республикалар бөлінеміз десе қарсы емеспіз. Ал, Қазақстанды жіберуге кақымыз жоқ. Қазақстан мен Ресейдің байланысы мына он саусақ сияқты, оны қалай бөліп алуға болады", — деді. "Әрине, болмайды. Қазақстан бізден кете алмайды. Қазақстанды жібермейміз" деді. "Оның үстіне Қазақстанның бес облысында орыстар тұрады. Бөлінемін десе, сол облыстарды бөліп аламыз" дегенін өз құлағыммен естідім. Таң қалдым. Каби-нетте емес, үйінде отырып сөйледі. Көп ұзамай орнынан түсіп қалды.

Желтоқсан оқиғалары кезінде біз таң атқанша кеңседе отырып жүрдік. Өйткені жастардың барлығы Жазушылар одагына келіп, Олжасты іздеді. Абылай хан даңғылының бойында: "Олжас, Олжас" деп тұрып алды. Олар Олжасты рухани көсемі санады.

Санасы ояу, зердесі зерек жастар - Абайды, Махамбетті, Мүкағалиды, Олжасты оқыған, казақ өдебиетін оқып өскен жастар Жазушылар одағына неге келді? Олжас бастаған қазақ жазушылары зиялы қауымның рухани көшбасшысы еді. Ол сөздің қадірі қашпаған, әдебиет арзандамаған уақыт болатын. Жазушының сөзі алтын, аузы дуалы заман еді. Ол кезде жазушымен, олардың басын біріктірген одақпен бәрі санасатын. Алаңға шығып, теңдік сұрап талабына жете алмаған жас толқын Жазушылар одағын арка сүйер асқар тауым, тірегім деп келді. Ол кезде Олжас Сүлейменов сол одақтың бірінші басшысы болатын.

Өткенде Олжас Отанымыздың ең жоғарғы орденін алғанда менің есіме осыдан жиырма жыл бүрынғы оқиғалар оралды. Әлі есімде, желтоқсанның соңғы күндері республикаға бірінші басшы болып тағайындалған Колбин деген нөкерлерін ертіп, Жазушылар одағына келген. Сонда Жұбан Молдағалиев секілді ағаларымыз қорғалақтамай, қорқақтамай шындықты айткан. Партияның қылышынан қан тамып тұрғанда ондай сөз айту үшін де аса зор азаматтык қасиет, жүрек керек еді. Жазушылар сондай болатын. Ал, менің досым Олжас Сүлейменов әрқашан алдыңғы лекте жүрді. Әлі де сол дәстүрінен жаңылған жоқ. Ол бүрын да өр еді, ер еді.

 

Өкпе-наз.

 

Олжас достың ақындығын, өрлігін, ерлігін мойындай отырып, көңілде жүрген өкпе-назды жасырып қалсам жараспас. Любовь Шашкованың мақаласын окып, Олжасты кештім дегенмен, көңілдің терең түкпірінде бір дық қалғанын ішім сезеді.

Олжас жетпіске келгенмен, әлі де жас, ширак. Ол кемеліне келді. Халықтың Олжастан күтері көп. Оның өр кезде айтып қалып жүрген олқы-толқы пікірлерін "сүйер ұлына сүйініп жүретін" халқы кешіреді. Олжас енді ағат айтпаса, сүйінген жұртының назасына қалмаса екен деп тілеймін. Мен де Олжасымды енді қайтып жоғалтып алмасам деймін.

Олжас - қазақтың баласы. Ол жаттың сөзін сөйлеп, сойылын соқса, баскалар не істемейді? Халык мүддесіне қарсы сөз айту Олжас Омарұлындай үлкен азаматтың абыройына түскен дақ. Алда әлі талай өмір бар. Мен Олжастың өз үйірін табарына сенемін. Оның ұлы бабасы Олжабай батырдың аруағынан кешірім сұрайтындығына сенемін. Жаланың құрбаны болып, Сібірдің қай жерінде қалғаны белгісіз Омар Сүлейменовтың аруағынан кешірім сүрайды деп ойлаймын. Бұлай істеу үшін де кемел ақыл, батыр жүрек керек. Акыл мен ерлікті Олжас ешкімнен қарызға сүрамайды. Қүдіреті күшті Алла Тағла Олжас Омарұлынан ештеңесін аямаған, оған бәрін берген. Мұның өзі Алланың біздің ұлтқа деген жомарт пейілінің бір көрінісі деп ойлаймын.

 

 

Әкім Тарази,2006ж.

 

 

Ақын туралы аз ғана сөз.

 

Шын ақын тұралы шын ақын ғана шынайы айта алмақ.. Олжас Сүлейменов тұралы талай лебіздерді естідік, бірақ біздің білуімізше, олардың ішіндегі ең толымдысы тағы бір талантты ақынымыз, марқұм Жұматай Жақыпбаевтың қаламына тиесілі секілді. Ол "Аға" атты өлеңінде Олжас Сүлейменов тұралы былай толғайды:

— "Қалай, — деп, — ағам?"қарадъш аспанга кілең,

Бағасын жұлдыз көрсетті бос бармагымен.

Қасоққа әкеп береді балық пен суын,

Іле өзені Қытайдан басталганмен. 

Ағам да сондай. Алысты жақынга балап,

Қақтырған біздің намыс пен ақылға қанат.

Дешті-Қыпшақтан кеп, Игорьге орысшо сөйлеген

Тургандай болам сауыпісыз батырға қарап...

Иә, Олжас Сүлейменов — біздің сауытсыз батырымыз. Бағасын жұлдыз бас бармағымен көрсететін ақынымыз. Ол бізге тек Іле емес, сонау Евфрат пен Тигр, Африкадағы Ніл, Еуропадағы Тибрден де олжа салып жүрген ғажайып дарын иесі.

 

Олжас туралы сөз.

 

"Қазақстандық жас ақын Олжас Сүлейменовтің "Арғымақтар" және "Адамга табын, Жер, енді" деп аталатын екі кітабы бұрын қолыма түспегеніне қатты өкінемін.             

 

Мен жас жазушылар мен ақындардың кенесінде оның үшініпі кітабы — "Нұрлы түндермен" таныстым. Жалғыз мен ғана емес, кеңеске қатысушылардың барлығы да шиыршық атқан поэтикалық ой екпініне, образдың қуаттылыгына, сезімнің алғырлыгына, тақырып аясының кендігіне мейірлері қанып мейлінше тәнті болды.

Егер кейбір жас ақындарға шын мәнінде ауқымдылық жетіспесе, бұл кітапта автор құлашын барынша кеңге сермеген, бағзы Азияның, ғасырлар қойнауындагы аңыздардан суырып алғандай, көмескі тартқан көріністері мен қазіргі заманның ең бедерлі айшықтары, оған қоса Париж көшелері, мұхиттың арғы бетіндегі қиырда жатқан Алабама кеңістіктері поэтикалық сурет боп түйдек-түйдек көз алдыңыздан өтеді және соның бәрі оқиғаның жедел өрбуі үстінде, шарпысқан әртүрлі бояулармен, драмалық көріністерімен, тепсінген ыстық сезімнің молшылығымен, ыза мен мейірімнің, ақ шашты эпос пен романтикалық лириканың алмасуымен таң-тамаша қалдырады.

Өткен мен бүгін туралы поэтикалық баян, ақынның дауысы мен рухын айқындай отырып, тосын да тың ой-сезімдерді сомдайды. Міне, осындай лаулаган ақындық жалыннан ғана жаңа адамның, қуатты индустриямыз бен атом ғасырының ұлы қүдіретінің тұтқасын ұстаған замандастарымыздың тұлғасы жасалады.

Кейде осынау бұрқ-сарқ атқылаған ақындық қуат өлеңнің аясына сыймай, экстатикалық прозаға ауысады, ақынның орнына аузынан от шашқан шешен екпіндетіп, термелеп сөйлеп кетеді..."

Н.Тихонов. 1963 ж

 

"Меніңше, орыс Азиясы біздің поэзиямызда бұрын-сонды дәл мұндай айрықша сонылықпен сөйлеп көрген емес..."

Б.Сулцкий

 

 

"Олжас Сүлейменовтің "Мешін жылы" кітабынан мен кеше мен бүгіннің тамырластығын таныдым. Сөз тамыры... Мен сол тамырдың не екенін, оның Олжас Сүлейменовті қалай алып шыққанын және қазақ мәдениетімен ұласып жатқан ұлы көпірді таныдым. Сол көпір Отанға, ауыз әдебиеті дәстүрінің құдіретіне деген сүйіспеншіліктен туғандығын ұғындым".

Лили ДЕНИ, 1963 ж.

 

"Олжас Сүлейменовтің дауысы өлемнің бүгінгі аса көрнекті ақындық дауы-сынажатады..."

Андре ДЕЛЮ, 1975 ж.

 

"Жер мен Адамзатгың бірлігін сезіну О.Сүлейменовтің поэтикалық оптимизмінің тағы бір қайнар көзіне айналды. Шексіз әлемге шарықтап сан қырлы өмірдің сұлулығын ашу образдар мен сезімдердің Шығысқа тән буырқанысын туғызып қана қоймай әрі соны тағы да ақтап тұрғандай — О.Сүлейменов елден алабөтен бар жан-тәнімен (бірақ қызбалықсыз!) қазіргі дүниенің тағдырына аландайды. Ол — замана ақыны. Оның поэзиясының адресі — жұмыр Жер".

А.БУЧИС

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдибиеттер тізімі:

 

1.      Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.

2.      Ә.Тарази «Ақын Олжас Сүлейменов туралы эссе». Парасат журналы

       №6 - 2006 жыл.

3.      Ахундова Э. «Олжас атты әлем бар». Алтын Орда журналы -2006 жыл.

4.      «Олжас –заманымыздың ұлы, ақыны, ойшыл –гуманист». Жұлдыз журналы №5 - 2006 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 



Информация о работе Олжас Сүлейменов Омар-ұлы