Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 13:56, реферат
Түрік дәстүрін,салтын,әдетін,сенімдерін,басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан,оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді.
Ана — ердің серігі, батырдың бағдаршысы, ұрпақтың ұлы анасы. Сондықтан ананы құрметтеу, ананы аялау, ананың абыройын ардақтау — кісіліктің белгісі, ердің инабаты, ұлттың ұлағатты қасиеті деп біледі Қорқыт атамыз. Осы ойын жырларына өзек етіп, ұрпағын ананы ардақтауға баурайды.
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Оның асыл мұраларын - этностық тәлім-тәрбиенің алтын бастауы деп білеміз.