Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 17:37, сочинение

Описание

Ана тілінің қадір-қасиетін танытып көпшілікке ой салу ,пікірлерін ұштау мақсатымен тіл,ана тілі,қазақ тілі жайлы ұлы ойшылдар мен қайраткерлердің,танымал тулғалардың,ғалымдар мен сөз зергерлерінің даналық ой тұжырымдары мен түйінді сөздерінен жыйынтығын әр жерден аударып тіркеп жыиып журетінмін Осы жыинағымды алғаш массаған сайтынада жариялап көпке таныстырған едім Енді өз блогымада тіркеп қойуды жөн көрдім

Работа состоит из  1 файл

Тіл жайлы дана.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

 ….Тегенде,тоқырау  кезіндегі және оның алдындағы  жылдардағы ойластырылмаған саясат  қана емес,сонымен қатар қазақ  тілінде сөйлейтін халықтың өзі  де кінәлі.

 Сіздер мен  біздер,жергілікті ұлтың өкілдері –орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз.

 Оның үстінде  тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет  етілмеуі,оның тіпті қазақтардың  өздері арасындағы беделінің кеміуіне әкеп соқты.

 Көптеген  семъялар,әсіресе қалаларда ,іс  жүзінде орыс тілін сөйлейтін  болып алды.Ана тілін тіпті  тұрмыстық қарым –қатынаста да  қолданудан қалды.Сөйтіп,атасы өзінің  туған немересімен ана тілінде  сөйлесе алмайтын жағдай жиі  кездесіп отыр…….

 Барлық цивилизацияларда  және әрқашан да-тіл ұлттық  мәдениеттің өзегі болып табылады,ұлттардың  архитектурасы,бейнелеу өнері,музикасы,жалпы  интерллектуалдық және рухани  потенциалы тілге байланысты.Ұлт  тілін қолдану аясын кеңейту-ұлттық  мәдеиеттің иесі және оны жалғастырушылар болып табылатын оқырмандар,көрермендер және тыңдаушылар саны да көбейтіу деген сөз.

 Тіл пайдаланып  жүрген кезде өшпек емес,қоғамдық  қатынастарда толымды түрде және  белсенне пайдаланылатын тілі  болып тұрған кезде ұлт өмір  сүре бермек».  

 Қазақстан  Компартиясы Орталық Комитетінің  бірінші секретары Н.Ә. Назарбай /19творчестволық және ғылыми интеллигенция  өкілдермен кездесуіндегі сөзінен  1989/

* * * * *

 «Қазақстанның  болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз  ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз !»

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *

 Ғасырлар  бойы қазақтың ұлт ретіндегі  мәдени тұтастығына ең негізгі  ұйытқы болған – оның ғажайып  тілі 

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай

* * * * *

 «Ана тілі  – ардағымызды жойылудың аузынан  аман алып қалған сол өршіл  рух емес пе?» 

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай 

* * * * *

 Он бес  жылда аюға да тіл үйретуге  болады.

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *

 Қазақ тілі  мемлекетіміздің барлық азаматтарын  біріктіруге қуатты.

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *

 Мемлекеттік  тіл енді ұлттық саясаттың  діңгегі болуы тиіс.

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай:

* * * * *

 «Өз тілімізбен  өмір сүрейік!»- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!»

 Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбай 

* * * * *

"Әрбір халықтың  тілін сол елдің дүниетанымы,  мә¬де¬ниеті мен тарихы, салт-дәстүрі  ар¬қылы меңгеруге болады. Өзге тіл¬ді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі”,

 Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбай 

* * * * *

 «…жалтақтауды  қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң  болашағы қазақтардың өздерiнiң  қолдарында,» 

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбай

* * * * *

 «Мемлекеттiк  тiлдi дамыту жөнiнде жұмыстар  жүйелi жүргiзiлуде. Менiң бастамам  бойынша «Мемлекеттiк тiлдi дамыту»  Президенттiк қоры құрылып, қазiрдiң  өзiнде бiрқатар жаңа жобаларды  жүзеге асыра бастады. Мемлекеттiк  тiлдi оқыту жөнiнде өңiрлiк орталықтар жұмыс жасап жатыр.

 Жаңа сөздiктер  шығарылды және бiрқатар компьютерлiк  бағдарламалар жасалынды»  

 Тәуелсiздiктiң  17 жылдығына байланысты сөйлеген  сөзiнде 

 Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбай:

 Сорласа жұрт  рухсыздықтан сорлайды.

 Қырандардан биік қойсақ торғайды,

 Отанды кім  торғайлардан қорғайды?

 Рухсыздың,қайырсыздың  баюы,

 Бәлкім,ертең  ұлтымызға зор қайғы. 

 Мұхтар Шаханов 

 Біліп айтқан  сөзге құн жетпейді,

 Тауып айтқан  сөзге шын жетпейді.

 Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

 Үйренгеннен  ештеңең кетпейді.

 Мұхтар Әуез 

 Ана тілді  тірек етіп күн кешем, 

 Артық емес  тілсіз өмір түн десем! 

 Қазақпын  деп кеуде соқпа, бауырым 

 Қазақ тілді  сүйіп, жетік білмесең!

 Керім 

 Өр көкірек  ұйғырда жүр орыста…. 

 Өз жеріңде  жалтақтап қазақ жасыма?

 Бәсекелес  мына қыйлы заманда. 

 Кеуде соғар  ұлдарым әсте қажыма!

 Керек олар  озбырларды жөнге сап, 

 Отаршылдар  ышқынсын ойбайлап.

 Кеуде соғар  тентек болса ұлдарым, 

 Жетесіздер  жүрер еді жорғалап.

 Жанарбек.

 Жақсы пікір  жан дүниеңді тыңайтады,

 Шолақ ой  жаныңды жеп мұңайтады. 

 Ақын көп  екі сөздің басын құрар, 

 Керімдей  келтіріп нақышында кім айтады.

 Керім ойың  керемет!!! Егер тағы бір коминизім  пайда боп тағы бір кун көсемге  табыну керек болса мен сендей  қазақй Анаға табынар едім… қурбым рақымет.

 Елбасы ел  басылық салауатымен, қазақ еліндегі  кірмелерге сен қазақша сөйлесенші  деп әркімге жалынып көшеде  жүрмейді ғой, тіпті солай бола  қалған кунің өзінде халықаралық  баспа сөз қуралы тыныш жатпас  қазақстанда адам қуқғы бұзылды  деп жер әлемге жар салатыны ақиқат сондықтан ұлтық қундылықты мәнсаптылар емес төмендегі мәнсапсыздар шегелеп отырып тақауырау керек әр түрлі жолмен уздіксіз жүмыс жасау отырыс,митингілер әр қилы үндеулбер арқылы ана топастарды ояту керек!!!

 Менің байқағаным  осындай белсендлер елдің санасына ой саламыз дейдіде көп жағдайда Елбасының өзімен алысып кетеді сосын белгілі,істің аяғы жіңішкеріп жатады.Әйтеу тыш тағы жүрмеиміз деседе бізде өте шебер ісұйлестірушілік жетіспей жатырма деп ойлаймын сіздер қалай ойлайсыздар!!!

 «Қазақ елiнде  тұрып, қазақша бiлмеу ұят» 

 Елена Кириллова 

 Баяғыда Хан  Қожанасырды шақырып алып 

- Саған мың  ділдә берем , мына есекке он  жылда тіл үйрет , – депті. 

- Айтқаныңызға  құлдық – деп , Қожа бір қап  ділдәні 

 арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан

 шығып: 

- Ей , алжыған  ! Қай заманнан көрдің есектің  тіл үйренгенін-

 депті . Сонда  Қожанасыр:-

- Саспа , кемпір ! Он жылда не есек өлер , не  мен өлем, не 

 хан өліп  бір жөні болар – депті жарықтық.

*ов* пен *ев*

 Осыдан он жеті жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде менің фамилиям «Мұртаза» болып жазылды, *ев* алып тасталды.

 Дәл осы  амалды Парламент мәжілісі енді  қолға алып, заң қабылдап жатыр  /Айқын: 8.10.2008/. Бұған да шүкір. 

 Әлі де *ев*, пен *ов*, «ин», «ич» дегендер маңдайларына  тушьпен жазылғандай өмірі кетпейтін  таңбалар көп. Арада ұрпақ өтер. Келер ұрпақ тазаланар. 

 Баяғыда еврей  халқы перғауынның құлдығына  түсіп, одан әулие Мұса пайғамбар  құтқарып, құлдықта болғандар өмірден өтіп таусылғанша, еврейлерді қырық жыл бой шөлдің ішімен алып жүрген.

 Жаңа,жас  ұрпақ дүниеге келгенде Мұса  пайғамбар оларды Палестина жеріне  қоныстандырып, Израиль мемлекетін  құрған ғой. Бәріне төзім мен  ақыл керек. 

 Бізге де  таза,құлдық көрмеген ұрпақ келер.

 Бір кем  дүние… 

/Ш.Мұртаза/ 

 Тарихың тұр  санаңа өткел тастап 

 Өз тіліңде  ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен  бастап,

 Бүкіл баба  рухымен 

 Ұлттық, гендік-ақпараттық  байланысың кесілер. 

 Тағдырыңнан  ата-мұра шамын солай өшірер… 

 Өз тіліңді  жерсінбеудің,

 Өз анаңды  менсінбеудің 

 Арсыздығы  қай дәуірде болып еді тапқырлық? 

 Ол – рухи  мүгедектік әрі ұлттық сатқындық! 

 Аз қайғы  ма, талабыңды түсінігің алдаса?..

 Мейлі он  тіл, тіпті жүз тіл меңгергенің  далбаса 

 Өз ұлтыңның  тілі мен рухы 

 Ой санаңа іргетас боп қалмаса!

 М.Шахан 

 «Тіріні көрге  салатын да – сөз, 

 Өліні тірілтіп  алатын да – сөз.» 

 Низами 

"Ана тілім  жойылар болса, мен бүгін өлуге  даярмын” Р.Гамзатов 

 Тілім менің  түзелер, 

 Билік басы  қолдаса. 

 Елім алда  күйзелер,

 Ана тілім болмаса.

 Қыдырқожа  Султанкерей 

 Ұрпақтың  жаңаруы мемлекеттің болашағының  беріктігін,қазақ ултының гүлденуін  айқындайды. Қазіргі жасбуынға осыны  жетік түсінулері керек. Жас  буынға тарихи құндылықтар мен  рухани қасиеттерге ұмтылта, өздерін  өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген арманға қол жеткізу тіпті де қиын болмасы белгілі.

 Халқымыздың  сан жағынан көбейіп, сапа жағынан  тұрақтауы — міне, осы ақиқатқа  тәуелді болмақ.Сондықтан жас  буындарды ултық қундылыққа тартып  осы жағыннан басты назарда устап,бағдарламалар жасай білмесек ғылым техника дамыған мына ғасырда жәй бірақатықпен жалтақтаудың кесірінен біз уақыттан оңбай утылып қаламыз.Сондықтан түйсікке сеніп баяндама қойып жүрген басшылардың сөзіне тоқмейіл танытпай әліде тақырыпты аша түсер жан жақты зерттей анықтай түсп әрі насиқаттай біліуіміз қажет.

________________________________________

 өз иті  әлсіз ауылға өзгенің иті үреді. 

 ана тілін  білмеген итшілеп өмір сүреді.

 Жанарбек  Ақыбйұлы 

 Білімділіктің  ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

 Георг Гегель 

 … ТАРИХЫҢ  ТҰР САНАҢА ӨТКЕЛ ТАСТАП,

 ӨЗ ТІЛІҢДЕ  ОЙЛАУ,СӨЙЛЕУ ТОҚТАЛҒАН СӘТТЕН  БАСТАП 

 БҮКІЛ БАБА  РУХЫМЕН БАЙЛАНЫСЫҢ КЕСІЛЕР. 

 ТАҒДЫРЫҢНАН  АТАМҰРА ШАМЫН СОЛАЙ ӨШІРЕР.

 ӨЗ ТІЛІҢДІ  ЖЕРСІНБЕУДІҢ,

 ӨЗ АНАҢДЫ  МЕНСІНБЕУДІҢ 

 АРСЫЗДЫҒЫ  ҚАЙ ДӘУІРДЕ БОЛЫП ЕДІ ТАПҚЫРЛЫҚ? 

 ОЛ-РУХИ МҮГЕДЕКТІК,ӘРІ  ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ! 

 АЗ ҚАЙҒЫ  МА,ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСІНІГІҢ АЛДАСА?..

 МЕЙЛІ,ОН  ТІЛ,ТІПТІ ЖҮЗ ТІЛ МЕҢГЕРГЕНІҢ  ДАЛБАСА, 

 ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ  ТІЛІ МЕНЕН РУХЫ 

 ОЙ САНАҢА  ІРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА.

/М.ШАХАНОВ/ 

.Ана тілден  жүректер от алуда, 

 Мұрасы өшіп,батпасын  Ата мұңға. 

 Тілін сатқан  сатқындық,опасыздық, 

 Сатар оңай  халқын да,Отанын да!

 Ана тілмен  игеріп қаншама өнер,

Информация о работе Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы