Ыбырай Алтынсарин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 11:24, сочинение

Описание

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып,өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды.Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Работа состоит из  1 файл

ыбырай.docx

— 30.60 Кб (Скачать документ)

Ыбырай Алтынсаринның  педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау  оны басқа  этно-педагогикалық жүйелермен салыстыруды қажет етеді.

Әлеуметтік антропология ілімінің өкілі, британдық ғалым  Дж. Горер «пеленочный», қазақшаласақ, «құндақтау» гипотезасын ұсынады. Оның айтуынша, орыстарға сәбилерді  жөргекте қатты, қол-аяғын тырп еткізбейтін  етіп бөлеу тән. Бұл балалардың қайратты, ұстамды болып өсуіне әкеледі, ал еркіндікте олар тіпті жарақат алып қалуы мүмкін. Сондықтан орыстар  балаларын  шамалы уақыт қана еркін ұстап, суға түсіріп, ойнатады. Осыдан келіп Дж. Горер орыс мінезін екі баламалы кезеңмен байланыстырады: ұзақ уақыт қимылсыздық, сылбырлық және оған қарама-қарсы сілкініс, белсенділік. Ол орыстың ұлттық мінезі орыс халқының тарихынан, бүгінгі Ресейдің ішкі және сыртқы саясатынан көрініс алып отырғанын айтады. Көптеген орыстардың жан дүниесі, оның ойынша, депрессия, жабығу, жабырқаулар арасындағы қарқынды, екпінді қызуқандылық пен белсенділіктен тұрады. Бұл, әсіресе, Ресейдің саяси өміріне тән: ұзақ уақыт көніп, бойсұнып келеді де кенет күшті, қарқынды революциялық қозғалысқа ауысады.

Әлеуметтанушылар  мен педагогтар бұл теорияны сынаумен де келеді. Бірақ «орыстың жаны –  құндақталған жан» деген тұжырымдаманы  қолдаушылар да бар. Баланы бөлеу — әлемдік бала тәрбиесінде кең тараған салт, бірақ орыс мәдениетінде бұл үлкен күш алған деген ой басым. Керенаулық, енжарлық пен екпінді, қызулы әрекеттер орыс тарихында итжығыс түсіп жатады. Сонымен, «жөргек комплексіне» байланысты бүгінгі әлемдік педагогикада мынандай пікір айтылуда: егер ұлттардың психологиясы дараланып, өзгешеленіп тұрса, оларды тәрбиелеудің де тәсілдері өзгеше болғаны. Орыстар үшін оның жолдары әртүрлі: бүгін гуманистік тәрбиеден фашистік тәрбиеге дейінгі аралықты қамтып өтетін пікірлер айтылуда. Бұл енді, әрине, Ресейдің бас ауруы.

Қазақ халқының  психологиясында да қарама-қарсы баламалы құндылықтар кезектесе алмасып жатады. Ұлан-байтақ кең даладағы соғыстар мен жаугершілік рухы халықты  бейбітшілік өмірге ертерек бейімдеді. Жаулап алушылықтар мен жорықтар этномәдени шеңберінде қорған және өзін-өзі нығайту идеяларына ұласты. Қазақ даласында бытыраңқылық, өзара араздық пен бірігушілік идеялары  алмасып отырды. Елдің бірлігі тек халық басына ауыр күн туғанда, қиын қыстау кездерде ғана бой көрсетіп, басқа кезеңдерде рулық, тайпалық қайшылықтар белең алып, бірлік уақытша сипатта болғаны белгілі. Бірлік — бүгін де қазақ үшін күрделі мәселе.

Ыбырай Алтынсарин ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың ой-санасын  жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы  тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә.

Ыбырай Алтынсарин  үшін де қазақ ұлты — қарама-қарсылықтардың ажырамас бірлігі. Сондықтан оның шығармаларының тіні: «жамандық пен жақсылық», «достық пен алауыздық», «сараңдық пен жинақтылық» «тәкаппарлық пен қарапайымдылық», «өнер, білім мен надандық», «әділдік пен әділетсіздік»… Ыбырай осылай қарама-қарсылық негізінде, жамандыққа жақсылықты, адамгершілікті қарсы қою арқылы бірлікке тәрбиелеуді ұстанған.

Ыбырай Алтынсаринның  «Бай мен кедей баласы» ел көшіп  кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктегі оқиғаны суреттеуге арналса да, тереңірек қарағанда, автордың ой түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.  Меніңше, Ыбырай Алтынсарин «дені саудың — жаны сау» деген қағиданы жоққа шығарады. Жас шамасы бір балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыздау болуын олардың екі таптан шыққандығымен түсіндіру — ең оңай жол. Асанның да, Үсеннің де естері дұп-дұрыс, дендері сап-сау, биологиялық, психологиялық ауытқушылық жоқ, бірақ жандары әртүрлі. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі де, ал Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуге қабілеттілігі де негізінен  тұрмыс, әлеуметтік жағдайға байланысты. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасы мен ақысыз-пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрескер етті.

«В здоровом теле — здоровый дух» деген  сөзді көне римдік сатирик Ювенил тілек ретінде айтқан екен. «Дені саудың жаны сау» болсын деген ықыласы ғой.

Педагогика ғылымы осы  сөзді кейін бұлтартпайтын қағидаға айналдырып, дені сау адамның жаны да міндетті түрде сау болатындай, жан саулығы ден саулығынан туатындай себеп-салдарға негіздеді. Ал бұл қағиданы теріске шығарған неміс педагогтары болды, себебі неміс фашистері негізінен дені сау адамдар еді. Ал Ыбырай Алтынсарин бұл тұжырымды қазақы тұрмыс негізінде XIX ғасырдың екінші жартысында айтқан еді.

Мұхтар Әуезов Ыбырай есімінің әрқашан Абай атымен бірге  жазылып, жатталып, таратылып жүруін бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман-бағыты және болашақ тағдыры  бір екендігіне қисындырып еді.

Орыс отаршылдығы  билеп-төстеп тұрған заманда орыс мәдениетіне  көзқарас Ыбырай, Абай үшін ең бір көкейтесті мәселе еді. Абай «Жиырма бесінші  қара сөзінде» айтқаны баршаға мәлім: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал  да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр». Бұл орыстан басқа халықтарда өнер, ғылым, білім жоқ дегенді  білдірмейді. Қазақ орысқа тәуелді  болғандықтан, орыстың зорлық-зомбылығынан, қысымынан аман қалу,  орыспен тепе-тең, бәсекелесте болу үшін орыстың тілін, мәдениетін меңгеру қажет еді. Абай және былай дейді: «Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын,  ғылымын білмек керек».  Айта кетейін, Абайдың осы сөздерін орыс тіліне аударушылар «зарарынан қашық болу» дегенді орысқа емес, қазақтың «зарарынан қашық бол» деп аударады.

Ыбырай Алтынсарин Орынбор басшыларына бір запискасында  қазақ халқының белгілі бір бөлігі арасында көрші халықтарының тілін білуге, олардың жазуын үйренуге ұмтылушылық күшейіп келетіндігін, қазіргі экономикалық және саяси жағдайдың өзі аяқтарын аттап басқан сайын дерлік,  орыс тілін, орыс жазуын білуді қажет етіп отырғанын баяндайды. Сондықтан қазақ мүддесі және үкімет мүддесі жағынан қарағанда да қазақ даласында орыс-қазақ мектептерін тез тарату қажет-ақ болатынын жазған. Дегенмен патша үкіметінің орыстандырушы саясатына Ыбырай қарсы болды. Оның «Қазақ хрестоматиясы» қазақ балаларына бейімделгенін, лайықталғанын көреміз. Оған енгізілген әртүрлі әңгімелер  Паульсон, Ушинский, Толстой, тағы басқалардан алынған. Бұл әңгімелерді орыс тілінен аударма түрінде ұсынуды емес, оларды ерекше қазақшалап, қазақтың қазанында қайнатып, қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды  мақсат еткен. Сондықтан бұл шығармалар «Алтынсарин әңгімелері» деп орынды аталған. Ол ұлттық тәрбиеге негіз болды.

Ы. Алтынсаринды орыстандырушы  етіп көрсету миссионер Н.И.Ильминскийлердің ниеті болса керек. Миссионерлер бұрын да, бүгін де, әсіресе, діни миссионерлер, шын пиғылын жасырып, жергілікті халықтың қолымен от көсеу  арқылы мақсаттарына жетуді көздейді. Сондықтан орыс алфавитін орыс-қазақ  мектептерінде енгізуде Ы. Алтынсарин есімін бетке ұстап насихаттаған. Бірақ, Ыбырайдың  тәрбиесін алған ұлт жастары, миссионерлер ойлағандай, патша үкіметінің ықпалын қазаққа таратуға күш салмады, олар алған білімдерін қазақтың мәдениетін өркендетуге, білімін өсіруге жұмсады.

С. Садуақасұлы, дегенмен, миссионерлердің әрекеттерінің  сәтсіз аяқталғанын айтады: «…русско-киргизские школы, помимо и вопреки стараниям  своих создателей, в своем развитии стали развиваться совершенно в  нежелательном направлении для  правительства. Эти школы не только не оправдали его (правительства) надежд, а наоборот из своих недр стали  выпускать таких людей, которые  впоследствии сделались первыми  казахскими революционерами-националистами».  Бұл жерде националист патриот деген мағынада айтылып отыр.

Ыбырай Алтынсарин туралы Кеңес тұсындағы педагогикалық  әдебиетте оның ислам дініне қарсы, атеист екендігі жөнінде пікірлер айтылып  қалып жүрді. Бұл  атеистік идеологияның  салдарынан да болар. Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Күлсеңіз, күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын», — деп жазған Ы.Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин татар молдаларының дінді озбыр, фанатизм, догмаға айналдыруын, діни мектептердің зайырлы пәндерді оқытуға қарсылығын қатты сынаған. Бұл мұсылман дініне қарсылық, христиан дінін тіпті де қолдау емес еді. Ол дүниені жаратушы құдай деп білген. «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым, Тең етті бәрімізге күн мен айын», — дейді бір өсиет өлеңінде. «Жаз» деген өлеңінде «Құдайға шүкір етер жас пен кәрі, Бердің деп жаңға рахат мұндай дәрі»  деген. «Мұсылмандықтың тұтқасында» бір құдайдың барлығына қатысты тұжырымын айтады.

Ғалымдар Ы.Алтынсариннің  көзқарасы деизмге жақын екендігін  айтады.

Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінде  дін сабағы оқылатын кезде қазақ балаларына жеке діни тәрбие берілуі қажеттігі жөнінде талап қойды. В.В.Катаринскийге жазған хатында былай дейді: «Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Біздің Бессонов Александр Григорьевич, сірә, есінен айрылған болар деймін. Өйтпесе, оның өз оқушыларына істеген сорақылықтарын басқаша түсіне алатын емеспін. …Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-және  4-кластарында, оқытушылардың қарсы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, бір жағынан, ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастайды да, екінші жағынан, оқушылар оқудан бас тарта бастапты. Тіпті ол шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін және оларды кластан  желкелеп шығаруға дейін барыпты. Бұл қылығын қазақтар естіп қоймасын, нағыз бәлеге сонда қаламыз». Енді бір хатында Красноуфимск қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шәкірттерінің наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В.В.Катаринскийге 1889 жылы мамырдың  10-ында жазған хатында: «Тағы бір наразылық яғни қазақ  оқушыларының наразылығы  Красноуфимскіде ауыл шаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі: мұсылман дәстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа бақтыру, орыс балалармен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұның бәрі де ұнамсыз нәрсе ғой… Сондықтан әзірше іс насырға шаппай тұрғанда, сонда барып, оқушыларға түсіндіріп,  наразылықты жойғым келеді. Ал егер қажет болған жағдайда директордың өзімен де сөйлескім келеді», — деп хабарлайды.

Мектептерде дін  сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, Ыбырай қазақ балалары үшін «Шариятул-ислам» атты оқулықты жазған. Бұл кітап  балалардың мұсылман дінінің қағидаларын  игеруіне айтарлықтай үлес қосты.

Ыбырай Алтынсарин патша әкімдерінің отарлау, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру саясатына  барынша қарсылық білдіріп, ұлттық және діни наным-сенім тәрбиесін  іргесін қалағаны туралы әңгімеміздің бір парасы — осы.


Информация о работе Ыбырай Алтынсарин