Жоқтау тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 08:02, курсовая работа

Описание

Қай елдің болмасын рухани жан азығы – ауыз әдебиеті халық дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап пайда болған. Қазақ халқының фольклорлық мұрасын біріктіретін шығармалар көлемі, мазмұны, маңызы және көркемдік ерекшелігі жағынан шоқтығы биік.

Работа состоит из  1 файл

Жоқтау тарихынан.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

    Жоқтау  тарихынан 

      Қай елдің болмасын рухани жан азығы – ауыз әдебиеті халық дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап пайда болған. Қазақ халқының фольклорлық мұрасын біріктіретін шығармалар көлемі, мазмұны, маңызы және көркемдік ерекшелігі жағынан шоқтығы биік.

    Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудыратындықтан, ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

    Фольклор  шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреті мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан.

    Қазақтың  жерлеу дәстүрі жеке-жеке ырым жораға тармақталып кететін, біртұтас циклді құрайды. Олар: естірту, көрісу, жоқтау, аза тұту, еске алу, «үші», «жетісі», «қырқы», «жылы» немесе «асы», белгі тұрғызу (құлыптас, сағана, күмбез) т.б.

    Аза тұтудың өлген күннен бастап ас берілген күнге дейін созылатын бір белгісі – жоқтау. Қазақ халқының көне заманнан келе жатқан салт-дәстүрінде,  ауыз әдебиетінде жоқтау шығару елеулі орын алған. Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі.

    Жыл бойына созылатын жоқтаудың негізгі міндеті – ол өлген адамның қоғамдағы алған орнын дәріптеу, көрсеткен еңбегін құр жалаң тізіп шығу деген жадағай ұғымнан анағұрлым тереңде жатыр. Адам өлсе де, оның жаны тірі, ол біздің не айтып, не ойлап отырғанымыздың бәрін біледі. Сондықтан оның аруағына тиестік ғайбат  сөздер айтпау керек. Өйтсең-ақ болды, өлген адамның киесі атады, бір пәлеге душар етеді деп түсінген. Сондықтан, өлген адамды жоқтаудың мазмұны – бірыңғай мақтауға құрылатын себебі де содан. Ас кезінде жоқтаудың көлемі де ұлғайып, мағынасы да мазмұнды бола түседі. Қазақтар жоқтауды жоқтау үшін айтпаған. Оны биік дәрежелі көркем өнер сатысына көтеріп айтқан. Сол арқылы «о дүниеге» кеткен адамды өлтірмей, оның тарихы азаматтық болмысын көркем сөзбен бейнелеп берген.[1;40-41]

       «Өмір бар жерде өлім де бар» дейтін халқымыз өлгенді дәріптеп, еске түсірумен қатар тірі шағында еткен еңбегі мен жасаған жақсылығын кейінгіге үлгі ету мақсатында туындаған «жоқтау» дәстүрінің тамыры тереңге жайылған.

    Жоқтаудың дәл қай кезде туып, дәл қай  кезде хатқа түскенін нақты айту қиын. Десек те, осы қастерлі дәстүр көшпелілер өмірінде басқа ешбір халыққа ұқсамайтын, өзіндік бағытта, тосын бір жолда қалыптасты, дамыды. Академик Ә. Марғұлан: «Жоқтау әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй ішінде, қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр. Жоқтау Орхон жазуларының түбегейлі аялғысы», - дейді. Бұдан түйер ойымыз, этнографиялық сипаттағы тасқа қашап жазылған дастандарымыз жоқтаудың көне үлгісі ретінде көрінеді.

      «Жоқтау – ерте замандағы ерлік жырының  бір түрі. Оның негізгі алғысы - өлген  адамның ерлігін ардақтау», - деген академик пікірінің дәлелі ретінде Орхон жазуларындағы Күлтегінді жоқтаудың қысқаша үлгісін келтірейік:

     Інім  Күлтегін,

         Тәңірге керек болды,

         Мен өзім сағындам,

         Көрер көзім көрместей,

         Білер білгім білместей болды,

         Мен өзім сағындым,

  Ой тәңірі-ай,

         Кісі  ұғлы өлмей қалмастай, -[2,168;]

    Елім  деп еңіреп туған ерлерін, қол  бастаған батырларын, ту көтерген ұлдарын  ардақтау бағзы заманнан келе жатқан салт. Жоқтау – түркі халықтарында ежелден тұрмыс-салтымен бірге келе жатқан көне жанр.

    Түркі қағанаты дәуірінің сөз шеберлері  де белгілі қоғам қайраткерлері, батырлары қайтыс болғанда көне дәуірлерден  қалыптасқан дәстүр бойынша жоқтап, олардың еліне еткен қажырлы іс, еңбектерін, ерлікке толы батырлық жорықтарын көлемді жырға айналдырумен қатар, оларға ескерткіш орнатып, жазып қалдыруды, санадан өшірмеуді дәстүр еткен.

     Көне  түркілер заманында (V-VIII ғасырларда) тасқа қашалған дәйектердің көбінде жеке батырлар, ел басқарған, жорық жүргізген айтулы сарбаздар, олардың ерлігі, өмірі суреттелсе, сол жорықтарда қаза тапқан әрі ақылды, әрі батыр ұлдары (Күлтегін, Білге Қаған т.б) арналған жоқтаулардың бірен-сараны бүгінде сақталған.

     Жоқтаудың әлеуметтік, идеялық тұрғысынан қарағанда, қазақ қауымының ислам дінін місе тұтпай, толық мойындамай өткені бірден білінеді. Оның сыры мынада. Сонау көне замандардағы түркі кезеңінің өзінде (V-VIII ғасырларда) түркі тайпаларынан «өлген адамға қатты қайғырып, өлген адамның тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын» әдет болған. Оның мәнісі «өлген жақсы адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар?» - деп қараудан шыққан. Бұған ешкім тыйым салмаған. Сондай-ақ, Иорданның еңбегінде Еділ (Атилла) патша қайтыс болғанда ғұндар қайғыра отырып, той өткізген. Бір-біріне кереғар көрінетін шаралардың өткізілуін ежелгі адамдар өздерінше түсінген. Той – марқұмды сыйлау, ал, спорттық ойындар – әскерилердің ойыны емес, марқұмның тірі кезінде көңіл көтеру мақсатында жасаған істері ретінде енді оның құрметіне бағышталып өткізілген. [3,512;]

      Ал XI ғасырдан кейінгі жерде жазылған барлық еңбектерде ислам дінінің  талабы бойынша, өлімге қатты дауыстап жылауға, денеге зақым келтіруге болмайды. Олай ету «алланың әміріне қарсы келу» деп бағаланды.

Бұған дәлел  ретінде сол кезден бізге жеткен:

Жылама деп  айтады

Өсиеті ісләмнің, -

деген үзіндіні келтіре аламыз.  

     Бұдан сәл кейін (X-XIII) ғасырлар ғылымда қыпшақтар заманы деген кезең өтті. Батырлар мен ақылды аналарға тастан қашап мүсін, тас қою осы дәуірде кең етек жайды. Әйтсе де, XIII ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы осы бір негізі қаланған мәдениеттің одан әрі дамуына жол бермей, барды қиратты, жойды. Содан былайғы тұста қазақтар қаза тапқан батырлары мен ел ағаларына арналып қойылатын ескерткішті сөзбен, жырмен қалайтын дәстүрге көшті. [4,26;]

      Осылайша бір үзіліп, бір жалғанып  келген жоқтау айту дәстүрі  күні бүгінге дейін жалғасын  тауып келеді.

    ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауларының поэзиясында модельдік формалар біршама жетілдірілген түрінде қайталанып отырады. Махмұт Қашқари "Сөздігінде” алып Ер Тоңға батыр өлгенде айтылатын ұзақ жоқтау былай басталады:      

             Шеңгелін ажал салды ма,                 

 Ер  Тоңғаны алды ма,                

 Сұм  дүние артта қалды ма,                

 Қайғылы  жүрек жыртылды- ау,                

 Сұм  ажал бүгін жылатты,                

 Құрығын  салып құлатты,                 

 Бектердің  бегін сұлатты,                 

 Қыршын  да ғұмыр қырқылды-ау.

     Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана- қарындастары, қызы және жақындары шығарып, айта беретін болған. Ал аса құрметті адамдарға сол елдің сұлу, әнші қыздары қатыстырылған.

       «Қазақ халқында кездесетін көптеген әдет-ғұрыптардың ішінде этнографтардың назарын аударатын бір тақырып айрықша қызықты. Мұнда көшпелілер әйелдерінің мінез-құлқы, ақыл-ой дамуы мен ақпейіл қасиеті айқын көрінеді. Бұл, әсіресе, ошақ отбасысы қайтыс болған кезде ерекше байқалады. Тегі жағынан ақсүйек сұлтандардан шыққан немесе қоғамда көрнекті орын алатын қазақтардың қазасында жылап-сықтап, жоқтаумен өлең айтылады. Мұнда марқұмның түрлі қасиеттері жырланады. Жесірдің күйеуін, қызының әкесін, немесе қарындасының ағасын жоқтап өлең айтуын қазақтар «жылау», иә болмаса «жоқтау» деп атайды», бұл халық поэзиясын алғаш ғылыми тұрғыдан жүйелеген шығыстанушы Әбубәкір Диваевтың жоқтауға байланысты берген пікірі. Бұдан басқа «жоқтау» дәстүріне байланысты зерттеліп, жинаққа енген еңбектер мен шығармаларда аз емес.

     Ш. Уәлиханов жоқтау жырларын «Надгробный плач» - «Табыт басындағы зар» деп атаған еді. Ұлы Абайдың да жоқтау жырлары жетерлік. Бұл тұста Әбдірахманға шығарған тоғыз  жоқтау : “Әбдірахман өлгенде”, “Арғы атасы қажы еді”, “Кешегі өткен ер Әбіш”, “Тұла бойың ұят-ар едің”, “Жиырма жеті жасында”, “Талаптың мініп тұлпарын”, “Орынсызда айтпаған” “Әбдірахманның әйелі Мағышқа айтқан жұбатуы” (жоқтай отырып, жұбату деуге болады), “Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген  жоқтау ” және “Баласы өлген анаға Абай шығарып берген” және Оспанға шығарған үш жоқтаудың “Кешегі Оспан”, “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай” деп келетін туындыларының ұлттық таным мен қазақ дәстүрлі мәдениетін танытар көрсеткіш ретіндегі орны да ерекше. “Жүректің басынан у төгілгендей” жыр-жоқтауы халық махаббатының тереңінен сырт тартқандай қабылданары рас. Белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Мұса» (Шорманов) атты жоқтауы (345 жол) қазақ әдебиетіндегі ең бай, әрі ең көлемді жоқтаулардың бірі. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап 1926 жылы Москвада «23 жоқтау» деген атпен бастырған фольклорлық мұрасы жоқтау жырларының асыл қазынасы. Осы жинақты құрастырушы ақын әдеби тілдің қалай жасалатынын айта келіп: “Әдеби тіліне негіз етіп аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны естен шығармау керек..”, - дейді. Жинақ Шәңгерейдің “Сыршы” деген өлеңінің:

     Құйрық  атып құлия,

     Түлкідей  қашқан жымия.

     Қараңды үзіп барасың,

     Бізден  қайран дүние...

     Дәурен  өтіп, жас жетіп,

     Замандас  құрбы адамдар

     Азайып  келіп о бітті.

     Көрген  түстей бәрі де

     Көзімнен  болды зым-зия.., —[5;]

деген жолдарымен басталады. Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтауда трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Исатай мен Махамбет сынды бірнеше тарихи тұлғалар, түсініктемелерде дәлді деректер бар. Бұған дәлел ретінде «Қаздауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауы». Бұл жоқтау тарихи тұлғаны өзгеше жоқтаудың бір үлгісі болып табылады. Мәселен:

     Алаштан озған әкешім,

     Жоқтаусыз қалай тастайын?

     Қазақ болып зарлады,

     Тілеуді құдай бермеді.

     Кешегі  жүрген әкекем

     Жоқтаусыз тастар ер ме еді?!..

     Айырылды-ау қазақ панадан

     Төрт  тіреудің бірі едің,

     Қиын-қыстау іс келсе,

     Бәрінен де ірі едің!

     Енді  қазақ не болар

     Асқар тауы құлаған,-

деп әкесін дүйім жұртқа елдің тіреуі, иесі ретінде танытып, жырлайды. Әкесінің дуалы сөздерін алға тарта отырып сол жаугершілік замандағы қазақ-қалмақ арасындағы бітпес мәселенің шешімін тауып, қалмақ ханы Қоңтажыны сөзден жеңіп, қазақтың малы мен жанын еш ұрыссыз ақылымен жолын тауып, елге қайтарған даналығын жоқтау арқылы жеткізеді. Қамқа қыздың бұл жоқтауы қазақ тарихындағы жоқтаулар жырының баға жетпес үлгісі ретінде сақталады. Бұған қоса:

     Мақтауыңа жете алмай,

     Қызыл тілім қырқылды

     Ілімімнің жоғынан...

     Қас қылған емес бір жанға,

     Басын иіп құл болып,

     Бағынған  емес бір ханға.

     Қазаққа арнап жол салдың

     Қолайлы қылып әр заңға.

     Жесір қатын, жетім ұл.

     Аруағыңа  таянып

     Ие  болды мал-жанға!

     Жоғалмақтай жол салып,

     Үлгі  болып сөз қалып,

     Кеткен  жоқ әкем арманда,-

қарт данаға арналған жоқтаудан өлім өкініші мен ажалды жазғырудан гөрі еліне асқар таудай пана болған ердің артықшылығы басым. Мұндай жоқтаулардың қай-қайсысы болмасын өткен ғасырлардағы қазақ қауымының тұрмыс –тіршілігі мен елдік, ерлік істерін, қат-қабат ғұмыр тарихының жарқын беттерін көз алдыңызға елестетеді.

       «Жоқтаулардың күй жоқтау, ән  жоқтау, жыр жоқтау деп аталатын  түрлері кездеседі», - деп «жоқтау»  тарихын жік-жікке бөліп, жете меңгеріп, зерттеген ғалым Тоқтар Арынов жоқтауды үш түрге бөледі. «Біріншісі, өлген азаматтың балалары (көбінесе қыздары) шығарған, солар айтқан жоқтаулар; Екіншісі, өлген азаматтың анасы не жұбайы шығарған жоқтаулар; Үшіншісі, белгілі бір ақын, жыраулар шығарған жоқтаулар;» [5;]

     Жоқтау  жырлары негізінен аурудан ем қонбаған аяулы жандар мен не бір күтпеген жерден, әсіресе, соғыс жылдарында жау қолынан мерт болып, қыршынынан қиылған азаматтарға арналып шығарылған. Сол бір алапат соғыс кезінде ел ішіне келіп жатқан «суық хабар», «қара қағаз» кімнің болмасын қабырғасын қайыстырмай қойған жоқ. Қаралы хабарды естіген жаралы жан өзінің зарын, ішкі күйін, шерін жоқтау айту арқылы жеңілдетеді. Бұған дәйек ретінде дарабоз Жамбыл ақынның майданда қаза тапқан ұлы Алғадайды жоқтап шығарған «Алғадай туралы әрбір ой» деген өлеңіндегі әке зарын түсінбеу мүмкін емес:

Информация о работе Жоқтау тарихы