Қаза очеркінің поэтикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 10:38, реферат

Описание

Сөз жоқ кез-келген жанр туралы ұғымда белгілі дәрежеде, шарттылық болады. Мұндай қасиеттен очерк жанры да шет емес. Олай болса, зерттеп отырған тақырыптың мән-мағынасын саралап тануға дәс беретін очерк жанрының табиғаты туралы ұғымды орнықтырып алу қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым көпшілігінде очеркті әрі көркем әдебиеттің, әрі публицистиканың жанры ретінде тану бел алып жатады.

Содержание

Кіріспе
Бірінші тарау
Очерк – замана шежіресі
Байырғы жазба ескерткіштердегі очерктің деректік нышандары
Шежіре деректеріндегі очерктік белгілер
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзіндегі очерктер үлгісі
Қазақтар туралы орыс басылымдарындағы очерктер
Екінші тарау
Очерктің жанрлық ерекшеліктері
Очерктіңтөл сипаты
Очерктегі шындық пен ойдан шығару
Очерктің көркемдік кілті
Очерк синкреттілігі
Үшінші тарау
Қазақ очеркінің поэтикасы
Очерктегі бөлшектің қызметі
Очерктегі өзекті мәселе проблемасы
Тип және типология
Диалогтың шынайылығы
Идея мен шындық
Пейзаждың қызметі
Бейненің сомдалуы
Тіл және стиль
Тақырып пен көркемдік шешім
Төртінші тарау
Очерктің негізгі түрлері
Жол-сапар очеркі
Портреттік очерк
Этюд
Беллитристикалық очерк
Публицистикалық очерк
Очерк арқауы - өнер
Оқиғалы очерк
Этнографиялық очерк
Проблемалық очерк
Өмірбаяндық очерк
Бесінші тарау
Очерк жанрының архитектоникалық құрылымы
5.1. Очерк – мақала
5.2. Очерк - әңгіме
5.3. Очерк – повесть
5.4. Очерк - роман

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚ ОЧЕРКІНІҢ ПОЭТИКАСЫ.docx

— 22.21 Кб (Скачать документ)

Очерктегі диалог автордың ұшқыр қиялы, фантазия қуаты арқылы шығарманың идеялық-көркемдік  өрісін биіктете түседі. Очерк кейіпкері  жазушы, не журналистпен дәл шығармада  көрсетілгендей сөйлеспеуі мүмкін. Алайда, автордың суреткерлік құбылысты  қарымына орай очерктің тілі мен стилінде өзіндік ерекшеліктер болатыны аян. Очерк тілі – бейнелі, айшықты, жатық, қарапайым, қалың көпшілікке түсінікті  болуы шарт. 

Бір шындықтың  басы ашық, әр очеркшінің өзіне тән  мәнері, суреткерлік тегеуріні бар. Мысалы, Сәбит Мұқанов баяндау  тәсілін жиі қолданады. Ғабит  Мүсірепов очерктерінде ұшқыр ой түйіндеулер, шешендік сөздер көп. Мұхтар Әуезов табиғат суреті мен адам бейнесін мүсіндеуге ұста. Әзілхан Нұршайықовта оқиға желісі белгілі бір жүйемен өрбіп отырады. Сәуірбек Бақбергенов қазіргі мен өткенді шендестіру арқылы түйін жасайды.  

Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік  ерекшелігі арналы әңгімеге арқау. Образ  көркем шығармаларға ғана тән, очеркке  тек нақтылық керек деген пікірде  біржақтылық бар. Очеркшіге өмірдің  қайнаған ортасында жүрген, сол ортаның  елеулі де қалаулы тұлғасы ретінде  танылған, болмыс-бітімі үлгі-өнеге  боларлық кез-келген адам кейіпкер бола алады. Қаламгер үшін очерк кейіпкерінің мінезін, рухани жан-дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттеу - образ жасаудағы, характер ашудағы  басты мұрат болса керек. Очеркте  экспозиция, оқиғаның өрбуі, шарықтау шегі, шешуі, т.б. болады. Кейде сюжетке  құрылған, оқиға желісі қою, бұған  қоса көркемдік шеберлікпен жазылған очеркті әңгімеден айыру қиын. Бұны Бейімбет Майлиннің “Борамбайдың бірінші адымы”, Мұхтар Әуезовтің  “Түркістан солай туған”, Әзілхан  Нұршайықовтың “Алыстағы ауданда” очерктерінен айқын аңғаруға болады. 

Қазақ әдебиеті тарихында очерк жанрына  ден қоя зерттеген ғалымдар санаулы  ғана. Тек кейбір ғалымдар мен жазушылар  әр кездері очерк туралы ойларын  жол-жөнекей ортаға салып, мақалалар, зерттеулер жазған. Әрине, уақыт пен  әлеуметтік ортаның, адам мен қоғамның «жанды» шежіресі ретінде очерктің рухани мәдениет аясындағы мән-маңызы айрықша зор. Бұл тұрғыдан келгенде очерк жанрына қоғамды шыңдайтын, талғамды жетілдіретін мәдени-рухани ықпалды «құрал» деп қарап, оның эстетикалық және ағартушылық қасиеттеріне ғылыми зердемен ден қойып отыру  қажет. Бұған қазақ топырағында  туындаған очерктер сандық та, сапалық  та өресімен әбден лайық. Бүгінгі  таңда қазақ очеркінің 250-300 томдай болатын мәтіндік материалдары бар. Бұл – мәдени-рухани толымды қазына. Ал, оның көркемдік-эстетикалық болмысын ғылыми зердемен парықтау – тарихи міндет. Осы тақырыпты орыс әдебиетінде  зерттеген, ғылыми-теориялық еңбектер жазған ғалымдар да баршылық. Оның ішінде Е.Журбина, Б.Костелянец, М.Шур, Н.Золотарев, В.Канторович т.б. монография, зерттеу  еңбектерін жазған. Бұл еңбектер орыс әдебиетіндегі очерк жанрының екі  ғасырлық қалыптасуы мен дамуын қамтиды. Орыс әдебиетіндегі очерк жанры  біршама зерттеліп, сараланғаны  жалпы орыс қоғамындағы көркем ойдың  өресін танытады. Бұл тараптағы зерттеу еңбекке қазақ қоғамы да зәру. Рас, оқырман назарына ұсынылып отырған зерттеу еңбекте қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының бәрін қамту және оларды түбегейлі саралап беру мүмкін емес. Алайда, қазақ топырағында туындаған очерк жанрының тек-тамыры мен қалыптасу жолдарына ден қоя отырып, очерктің толысқан үлгілерін ғылыми зердемен саралау зерттеу еңбектің өзекті мақсаты болмақ.

Информация о работе Қаза очеркінің поэтикасы