Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Описание

Ілияс Жансугіров тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем соз мэдениетін дамытты, әдеби тілді байытты.

Работа состоит из  1 файл

Ілиястану.docx

— 32.19 Кб (Скачать документ)

 

Тақырыбы: I.Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы  орны.

Жоспары:

  1. I.Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны.

2.Шығармаларымен әдебиетiмiздегi көркемдiк  тәсiлдi қалыптастырудағы елеулi  үлес қосқандығы.

Ілияс Жансугіров тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик  және талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем соз мэдениетін дамытты, әдеби тілді байытты.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айының 1-де бұрынғы Қапал уезінің Ақсу болысына қарасты (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) «Қызылтаң» ауылының маңындағы Кіндікқоңыр қыстағында туған, Әкесі Жансүгірдің шағын ғана дәулеті бар, ескіше хат танитын, араб-парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинап, батырлық дастандар, тарихи оқиғалар мен аңыз-ертегілерді, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін кезі қарақты, ол саусағынан өнері тамған адам болған. Ілиястың 4 жасында анасы Көкіш қайтыс болып, жастық шағы көбіне әке тәрбиесінде етеді. Балаға қатал Жансүгір Ілиясты мезгілінде хат танытып, қазақ ішіндегі белгілі ақындар мен жыраулардың кең тараған шығармаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен ерте табыстырады. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала Біржан мен Сараның, Әсет лен Рысжанның, Жанақ пен Түбектің, Шөже мен Кемпір-байдың айтыстарын жаттап алып, «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Рүстем-Зорап» қисса-дастандарын майын ағыза оқитын дәрежеге жетеді.

Аз уақыт өз үйінде әкесінен, 1910 жылы ай жарым уақыт Қасен молдадан сабақ алған соң, ауылда екі жыл экесіне шаруашылыққа көмек етіп жүреді.

1912 жылы күзде талапты жас  оқуға ілініп, Қарағаштағы «Мамания»  мектебінде төрт жарым айдай  оқиды. Бірақ бұл жолы да  түрлі себептерге байланысты  оқуды тастап кетуге мәжбүр болды.

Міне,  Ілиястың  жас   шағында  алған  білімі  осымен аяқталады.

Білімінің аздығын, оқыған кітаптарының мардымсыздығын қатты сезінген Ілияс қайтсе жұйелі түрде оқымақ ниетімен  1920 жылы Ташкент қаласына барып, сондағы мұғалімдер  даярлайтын  қазақ-қырғыз  институтының  екі жылдық курсына түседі. Осы кезеңде «Ақ жол» газетінде корректор болып жұмыс істей жүріп, Ғани Мұратбаевтың ұйымдастыруымен   «Жас   Алаш»   газетін   шығаруға   ат салысады. Өзінің «Жалиы жасқа» деген өлеңін осы газеттің бірінші бетіие бастырады. 1921 жылы денсаулығының нашардауына   байланысты   еліне   қайтып,   Талдықорған уезіндегі  Белтоған   ауылдық мектебінде  мұғалім  болып істейді.   1922  жылдың жазына дейін бала оқытып,  осы көздері Алматыда шығып тұрған  «Кедей еркі»,  «Тілші» газеттеріие өлеңдерін шығарады.

1922 жылы   қараша   айында   «Қосшы»   одағының шақыруымен   Алматыға келіп, «Тілші»  газетіне  әдеби қызметкер болып орналасады. Газетте істеу, экспедицияға шығып,  халық ауыз әдебиеті үлгілерін  жинау жас Ілиясты ширатады, шыңдайды.

1923 жылдың ақпан айында Алматыдағы  қазақ-қырғыз институтының   меңгерушісі   болып  тағайындалады.   Жас  азаматтын,  қызметтен   өзге  уақыты  түгелдей   кітап   пен баспасөз беттерін оқуға,  көңіліндегі көрікті ойын қағазға  түсіруге жұмсалады. Осы уақыт  - Ілияс творчествосындағы өрлеу,  ерекше жемісті, өнімді кезең.  1924 жылға дейін Ілияс қаламынан  50 тарта өлең шыққан. Алғашқы өлеңдері 1917  жылы  "Сарыарқа»   газетінің   15-сі  мен  22  тамыз күндері шықса, басқа жырлары «Тілші»,  «Кедей еркі», «Жас  Алаш»,  «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» басылымдарында жарық көреді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.

Алайда, білім кемшілігін қатты  сезінген Ілияс қаламгерлік таланты  мен есімі танылып қалса да, өз еркімен қызметтен босанып, 1925 жылы күзде Мәскеудегі Коммунистік  журналистика институтына оқуға  аттанады. Оны ойдағыдай бітіріп  шыққан соң, әдебиет, журналистика саласындағы  еңбекке қызу араласады. Алғашында  «Еңбекші қазақ» газетінде істеп, кейін 1932 жылы 18 мамыр күні өткен ҚазАПП-тың  соңғы жиналысында Қазақстан  Кеңес жазушыларының ұйымдастыру  комитеті 10 адамнан құрылып, оның төрағалығына Ілияс Жансүгіровті сайлайды. Қазақ  әдебиетінің қалыптасуы мен алғаның  басуына Ілияс осы жылдары  көп еңбек сіңіреді. Осы қызметте 1935 жылға дейін істейді.

1935-1937 жылдарда көркем әдебиет  баспасында поэзия бөлімін басқарады.

1937 жылы 5 тамыз күні жікшілдер  мен шаш ал десе, бас алатын  қаныпезерлердің кесірінен қамауға  алынып, 1938 жылы 26 ақпан күні ату  жазасына бұйырылады.

Тек 1957 жылы 12 көкекте жазықсыз жазаға ұшырап, республикада отызыншы жылдары  орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік  заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны, жазушы, журналист Ілияс Жансүгіров толықтай ақталып, туған халқымен қауышады.

Ілияс Жансүгіровтің жан-жақты  талант иесі екенін халық әлдеқашан  мойындаған. Қаламгердің сан-салалы асыл мұраларының құны жойылмайтыны анық.

Осы баға жетпес дүниелерді зерделеу — қазіргі ұрпақ еншісінде. Қазақ  әдебиетінде қаламгерлердің биографиялық болмыс-бітімдері жөніндегі фактілерді зерттеу кеш қолға алынса да, біршама  қазақ даналарының ғұмырлық кейбір қалтарыс беттері айқындалды.

Ілияс замандастары ішінде «тонның  ішкі бауындай» болып кеткен тағдырлас  Сәкен Сейфуллиннің өмірі жөнінде  кітап филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішевтің авторлығымен «Тамаша адамдар өмірі» сериясы  бойынша Мәскеуден 1984 жылы кітап  болып шықты, Кейін қазақ тілінде  жарық көрді.

Бейімбет Майлиннің «Тамаша  адамдар өмірінен» сериясы бойынша 90-жылдардың басында өзіміздің  жерлесіміз, филология ғылымының  кандидаты, әдебиетші-ғалым - Тоқтар Бейісқұловтың  авторлығымен жарық көрді. Ал, Ілиястың өміріне қатысты бұл сериямен кітап шықпақ түгілі ғұмырнамалық (автобиографиялық) фактілері нақты анықталып болмаған. Бұл, әрине, өкінішті жайт.

Ілиястың творчестволық лабораториясы  кең, ауқымды. Оны зерттей жүріп, кей шығармаларының шығу жайы, тарихы жөнінде бір дерек қажет болатын  болса, өмірлік фактілеріне жүгінуімізге тура келгенді.

Екінші жағынан кандидаттық  диссертация тақырыбын бекітер  тұста, өзімнің ғылыми жетекшім, ұстазым, елге танымал белгілі әдебиетші-ғалым  Т.Кәкішев:«Ілияс өміріне қатысты «Жизнь замечательных людей» сериясы бойынша еңбек дайындау қажет, оны шығарудың мезгілі пісіп-жетілді» деген ұсынысы көңілімде жатталып қалғанды.

Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен  творчестволық жолын зерттеуді мен 1991 жылы қолға алдым. Осы жылы ҚазМУ-ды бітіріп, қаламгердің Талдықорғандағы әдеби мұражайына қызметке кірген едім.

Қаламгердің ресми түрде жазылған өмір тарихы жөніндегі деректерді оқи отыра, бір-біріне кереғар жолдарды көргенімде, еріксіз талай фактілерді анықтауға, түрліше деңгейде жазылған әдебиеттерді қарастыруды қолға алдық. Қөптеген дүниелерді анықтау жолында мұражайда мұрағаттар негіз болса, одаи бері де Ілиястың балалары марқұм Үміт Ілиясқызы, кіші қызы Ильфа, ұлы Болат, Саяттар көп көмек етті.

Сонымен қатар, Ілиястың көзін көріп, араласып бірге қызмет істеген адамдар  Әбділда Тәжібаев, Мұқаметжан Қаратаев, Сәду Машақов, Бекболат Мұстафин, Серпербай  ақсақал, Зейнеп апай (Мейірман Ермектасовтың жұбайы) және Ілиястың поэзиясын жете зерттеген филология ғылымының докторы Т. Әбдірахманованың, филология ғылымының докторы, профессор Т.Қожакеевтің көмектері зор болды. Тіпті, Ілияс прозасына қатысты кандидаттық диссертация қорғағанда оның ресми оппоненттері Тұрсын-хан апай мен Темірбек ағайдың тезінен өтіп, олардан үлгі аларлық тәлімді жайттарды атап өту парызым. Біріншіден, Ілиястың туған жылы жөнінде. Өзі «Жылқы жылы туыппын» дейді. Бұл 1894 жыл. Ал, туған айы жөнінде «Жазға салым» делінген. Ол тұста қолда құжат болмағандықтан, өзінің туған күнін 14 май деп жаздырған. Ал, басқа әдебиеттерде 1 май деп жазылған. Бұл турасында ілиястанушы ғалым Мырзабек Дүйсенов мынадай қызғылықты жайтты айтады (атап өту керек, Ілияс өмірі мен творчествосын жіті зерттеп монография жазган бірден-бір үлкен ғалым М.Дүйсенов): «Революциядан бұрын өмір сүрген қазақ туган жылы мен айын біледі, бірақ күнін дәл біле бермейді».

Сәкен, Бейімбет үшеуі бір күні Ілиясты ортаға алып туған күнін  сұрағанда (Ф.Ғабитованың дерегінен):

- Жазға салым туыппын, бірақ  ай-күнін білмеймін, - депті.

-  Ендеше     жазға    салым    күннің    біреуін    таңда, еуропалықтарша тойлаймыз туған күнінді, - деп Сәкен мен Бейімбет ұсыныс жасайды.

Ілияс: - Туған күнді тойлап, уақыт  өткізіп жүреміз бе? - деп көнбейді. Екі құрдасы болмаған соң, ақырында ойланып тұрып:

-   Мереке      күні     бәрі     бір     жұмыс     істемейміз, мейрамдаймыз ғой.

Ендеше, менің туған күнім сол 1 май күні болсын, -дейді».

Сондықтаи, әр кітаптардағы 14 май не басқа емес, нақты бірінші май деп жазылса керекті. Өйткені, мектеп және жоғары оқу орнында пайдаланатын көп еңбектерде 14 май деп жазылған.

Тағы бір атап етер жайт - Ілиястың туған жері туралы көбіне «4ауылда»  туған деген дерек кездеседі. (Оны өзі солай жазған). Бірақ, одан да аулақ болып, оқырманды не оқушыларды шатастырмау мақсатында нақты «Ақсу ауданы, Қызылтаң ауылының Кіндік төбе қыстағында туды» деп  айтылса, құба-құп болар еді.

Бір атап өтер жайт: Ілиястың сол ауылдың ішінде тумаса да, соның жанындағы «Кіндік төбе» деген жерде туғандығы.

«Кіндік төбенің» ұшар басына Ильфаның жолдасы, марқұм Санжар Жандосов белгі  қойған. Кішігірім цемент бағанада үш қарияның бейнесі салынған мыс  металлдан жасалған панно.

Белгі Қызылтаң ауылынан үш шақырым  жердің шығыс жағындағы орналасқан қой фермасының сол жақ қапталында.

«Кіндік төбе» деп аталатын себебін  айта кеткен жөн.

Ілияс туғанда ерекше қуанып, оның кіндігін сол жерге атасы Берсүгір көмгенді. Сол уақыттан бастап сол  төбені, «Кіндік төбе» деп кеткен. Берсүгірдің аздап өлең шығаратыны болыпты. Жас кезінде Ілиясты еркелетіп былай деп әндетеді екен:

«Сенің атың білемін Ілиястай,

Саған келіншек әперсем сірә, жастай.

Үйлендіріп еншінді бөліп берсем,

Кетер ме едің әкене қарайласпай?

Әлде сері боларсың жорға мінген,

Әлде өлеңші боларсың ән күйлеген,

Бақыт, дәулет, абырой әлі алдында,

Сонда мені есіңе ал әлдилеген,

- деп, Берсүгір Ілиясты құшақтап бетінен сүйеді.

Ілиястың ата-бабаларын айту үшін шежірені тарату жөн болар деймін. Біріншіден, Ілияс Орта жүздің Найман елінен, оның ішінде - Қасқару, Одан - Төлегетай, одан -Матай, одан - Сүттіболат, одан - Аталық, одан - Қайнар, одан - Тоқпан, одан - Жарылғап, одан - Жамбай, одан - Берсүгір тарайды. Үлкен әкесі Берсүгірден Жансүгір, Шөкен, Сүлеймен (аталарының бірқатарын өзіне «псевдоним» етіп алады. «Матай», «Аталық», «Сүттіболат», «Қайнар», тагы басқа (М. Дүйсеновтың дерегі).

Жансүгір - үлкен ұлы. Бұдан үш қыз, үш ұл туады. Үлкені қыздар. Олар - Рахима, Рахия, Қани. Ұлдары -Бимағзұм, Ілияс, Қызырбек.

Жансүгір бірнеше әйел алған, бірінші  әйелі ерте дүние салған. Одан Бимағзұм туады. Екінші әйелі Көкіш (кейбір деректерде ол Шөкі деп теріс айтылып жүр), Көкіштен Рахия, Рахима, Ілияс туады. Көкіш Сарқан жақтағы, кейін «Қызылту», совхозы тұрған жердің қызы. Әжептәуір әнші болған адам. Ол кісі Ілиястың төрт жасында дүние салып, ол кейінгі өгей шешесі Бибінің қолында өседі. Бұдан Қызырбек туады. Ал, сол немеренің ішінде Ілиястың бала кезінен ұғымтал, зерек болып өсіп келе жатқанына қуанған атасы Берсүгір оны ерекше жақсы көріп, «қоңырым» дейді екен.

Ілиястың әкесі туралы айтар  болсақ, 1928 жылы Ілиястың өз қолымен  жазған өмірбаянында «Жансүгір — әкем көзі тірі, жылы жылан, жетпіс бірде» дейді. 1928 жылы 71жастағы кісінің туған жылын анықтау қиын емес. Сонда Ілиястың әкесі 1857 жылы туған болса, биыл 150 жасқа келіп отыр. Жансүгір халық арасындағы Жанақ, Шөже, Бақтыбай, Құлмамбет, Шернияз, Базар сынды жыраулармен қатар, Ақан, Біржан-Сара айтыстары мен шығармаларын мұқият жинап, оларды ел арасында кеңінен насихаттаған адам. Ал Сүйінбайдың жырларын Жансүгір сүйіп оқитын болған. Балаға суық, қатал Ілиясқа қара танытқан да өз әкесі болды. Қазақстанда аштық жылдарында Оңтүстік Қазақстан жақтағы канал қазу жұмыстарына қатысып (Мақтарал ауданында), сол жерде 1932 жылы дүние салады. Жерленген жерін Ілияс түгіл бейбіт өмірде өз балалары іздеп таба алмайды.

Енді Ілиястың өз автопортреті жөнінде. Әдетте, суретке қарап ол кісі осындай екен ғой деп қоямыз, әрине фотосурет болғаны жақсы ғой. Бірақ ол кісіні тіл, сөз арқылы суреттегенде көп қызғылықты жайтқа кезігеміз. Біріншіден, фото өлі бейне, ал сөз арқылы (словесный портрет) жасағанда оны басқа қырынан танимыз. «Ілияс балуан тұлғалы, үлкен бетіндегі үлкен мұрыны ерекше еді», - дейді. Мұхаметжан Қаратаев Ілияс жөнінде: «Сом денелі, мықты кісі еді, жоталы алқам-салқам пішініне қарап, батыр немесе балуан дейтіндей». Бет әлпеті - «ат ерінді, ер мұрынды келсін» дегендей, кавказ мұрынды, кең маңдай, бүркіт қабақ жігіт екен. Елпілдеп, желпілдеп жан-жағына жалтақтап,  әркімнен  әр нәрсе жайында сөйлеп  отыратын кісілер сияқты емес, мінезі тұйықтау тұнжырық, ұстамды адам тәрізді.

Аз сөйлейді, жарқылдап, шешенсіп, өлеңдетіп сөйлеу онда жоқ. Қоңыр үнмен марғау, бәсең сөйлейді, бірақ сабырмен айтқан пікірлерінде қорғасындай салмақтылық, қиыннан қиыстырған қарапайым қисындылық пен ой жүйелілігі сезіледі. Дегенмен, ойлы, дәлелді сөйлеу және соз арасында жіңішкелеп әзіл-қалжың, мысқыл қыстырып сөйлеуге өте шебер» - дейді.

Бейсембай Кенжебаев өз естелігінде: Ілияс ұзын бойлы, ірі, алып денелі, балуан мүсінді десе де болар еді. Дене мүсініне бет әлпеті сай еді: кең мандайлы, қою қара қасты, жар қабақ, шүңірек қара көзді, үлкен қыр мұрынды, жазық бетті, сұйір иекті, қара торы еді. Сондай-ақ, шоқша қара мұртымен ол кавказдықтарға біраз ұқсар еді.

Информация о работе Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны