Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:23, реферат

Описание

Ілияс Жансугіров тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем соз мэдениетін дамытты, әдеби тілді байытты.

Работа состоит из  1 файл

Ілиястану.docx

— 32.19 Кб (Скачать документ)

Жүргенде Ілияс бірдеңеге құлақ салып келе жатқан тәрізді, басын сол жағына қисайтып, жайбарақат, сәл салқам жүретін. Жүрісі дене мүсінімен бет әлпетіне жарасып тұратын.

Ілияс аз сөйлейтін. Бірақ қу тілді  болатын. Сөйлегенде сөзді тауып, ақылды, дәлелді, жүйелі, жатық, өткір, көп ретте күлкілі етіп сөйлейтін. Күлдіргі, мысқыл, әжуа әңгімелерді әрі көп білетін, әрі келісті етіп айтатын. Ол қандай қызық, күлдіргі әңгіме айтып, жұрт күліп жатса да өзі күлмейтін. Тек үстіңгі ернінің бір бұрышын бір бұлқ еткізіп қойып, отыра беретін. Ілияс тегі ауыр мінезді, сабыр иесі адам еді. Жүріс-тұрысы байсалды болатын, салмақты, ұстамды сөйлейтін.

Ілиястың дене құрылысы мен бетәлпетіне сай келмейтін жері — үні, дауысы болатын...Қатты қызуланып сөйлегенде оның үні шіңкілдеңкіреп шығатын (Азамат ақын. Алматы, «Жазушы», 1994, 104 б.). Ілиястың өнері туралы сөз қозғағанда оның эншілігін айта кеткен жөн. Оны замандастары былай деп еске алады: «Ілияс әнші еді, эн салғанда оның дауысын да ерекше бір қасиет пайда болатын. Ол әрі сылдырлы, әрі созылымды, өте таза, сонымен құлаққа жағымды болып шығатын, жазғы қоңыр желдей есетін қоңыраудай, таудан аққан тас бұлақтың суындай сылдырлайтын.

Ілияс жолдас-жоралары бас қосып  отырған жерде, қонақта ән салуды жақсы көретін. Жұрт сұраса іркілмей он сала беретін. Қазақтың көптеген тамаша әндерін әдемі айтатын. Әсіресе, Әсеттің әнін, «Сұршақыз», «Қаракөз», «Құлагер», «Жайдарман», «Екі жирен» әндерін келісті шырқайтын. Жұрттың құлақ құрышын мейілінше қандыратын. «Халық арасында айтылып жүрген «Шилі-өзен қамыс-ай» энінің сөзін Ілияс жазған. Қазірде «Шилі-өзен қамыс-ай» деп айтылып жүр, ол дұрыс емес. Қамыс әдетте өзен емес, өзекте өседі деге бар еді ғой Фатима Ғабитованың Мырзабек Дүйсеновпен бір сұқбатында. Шынында да, Ілиястың туған ауылының айналасын көргенімізде шилі, қамысты жерлерді кеп байқадық. Ақын әдетте көргенін жырламай ма?

Ілиястың өнерінің тағы бір қыры - оның айтыскерлігі. Ол жас кезінде талай адамдармен айтысып, алдына жан салмай кеткен ақын еді. Оған дәлел Айтолық, Тойымбала, Әлиша тағы басқа ақын қыздармен айтысып, олардан озық шығады.

Ілияс Жансүгіровтің отбасы туралы әр-әр жерде тамғұмдап жазылып  жүр. Айталық, қаяу түсірер жайсыз әңгіме естіліп қалатыны да жасырын емес. Сондықтан, оның анық-қанығын білу үшін кейбір түйткіл жайды айқындап алу  үшін де және халық, кейінгі ұрпақ  Ілиястың өз басы жөнінде құлағдар, хабардар болу үшін осы төменгі жайды айтуды мақсат тұтып отырмыз.

Біріншіден айтарымыз, Ілияс жас  кезінде өзінің табиғат берген қабілет-қарымы арқасында ауылды жердің «оқуын»  толық игеріп алған еді. Оны алға, білімге жетелеген, тағы бір жайт - оның Барлыбек Сыртановпен кездесуі.   Оны   Барлыбек   Сыртановтың   баласы   Әбдул-қадыр (Кәке) Сыртанов былай деп есіне алады: «Ілияспен жақын танысып араласып кеткенім әлі есімде. 1913 жыл еді. Онда әкем тірі. Ілияс менен ересектеу болатын. Біздің үйге келгенде, жас әнші жігітке әкем араб әрпімен басылған қазақ кітаіттарын бермуші еді. Орыс, Еуропа ақындары туралы айтып отыратын» (Азамат ақын. Алматы, 1994,180 бет).

Жас жігіт арман-қиялға батып, әрі  қарай оқуды аңсайды. Бірақ оның тағдыры — қатал әкенің қолында. Балаларды оқытуға молда жоқтықтан Ілиясты Жансүгірдің өзі оқытты. Жансүгірдің Ілиясты өзі оқытқандығы күткен үміті – кәміл хат таныту, өмір өрісінде еңбекке баулу, өлгенде «әкесіне арнап, молдаларға құран оқыту дәрежесіне іліндіру» болған. Бірақ Ілиястың бала жасынан ынтасы дүниетану болды. Зерделі бала өмірдің сырын білуді, айналасын тануды арман етті» («Азамат ақын». Алматы, 1994, 132-бет, Құсайын Шөкеновтың естелігі). Ол «Ғалия» мектебіне баруға құштар еді. Әкесі: «Осы оқуда аз болмас, шырағым Ілияс, сені көз алдымнан қайда жіберемін, қалай шыдаймын? Тағы оқимын деген оның болса, ана Абдыра Бекеттегі Сары молдадан оқы», - дейді. Ілияс, «Сары молданың жинап отырған оқулығы ылғи «Мұхтасар», «Бақырған», «Афтиек», «Құран», онымен қанша жерге барамын, Сары молдадан оқымаймын» — дейді әкесіне. «Оқымасаң онда ауылда бол» деген ойды бекем ұстанган әкесі Ілиясқа өзінен едәуір үлкен Жәмила деген қызды айттырып қосады. Үш-төрт жылдай отасқанда, бала болмаған соң әйелінің өз ризалығымен оны төркініне жібереді. Бұл - 1919 жыл. Кейін Тасыбай деген елдің Аманша Берентайқызы деген бір қызын алып береді. Бірақ Аманшаға Ілиястың онша ықыласы болмайды. Оның үстіне Аманша ауру еді. Сол тұста анкета толтырғанда (1925)  «әйелім    бар»    дегені    -    Аманшаны    айтқан.

«Шаруашылығымда бір атым және бір  сиырым бар дегені - өз билігі өзінде, жеке отбасы болғаны» деп түсіндік.

Енді ол өзінің арман еткен оқуына аттанады. Бұл -1925 жыл. Мәскеудегі КИЖ-ге түседі. Онда Ілияс 31 жаста. Аманша өзінің әпкесі Балдыбаланың қолында тұрады. Бұрынғы Садық-Сыдық поселкесінде (қазіргі Еркін селосы) қалады. Өйткені, ауру еді.

Ілияс Мескеуде жүргенде Аманша 1927 жылы босана алмай баладан өледі. Ал, 1929 жылы өзі сүйіп қосылған адамы  Бәтима Ахметқызы Төребаева еді. Ол 1911 жылғы, Қызылорданың Жаңақорған ауданының қызы. Мамандығы - казақ  тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бәтима Төребаевамен екі жыл отасады, одан екі перзент көреді.

Бірі Саят Жансүгіров 1930 жылы ақпанда  туған және қызы Сайра. Бірақ Сайра ерте қайтыс болады. Бәтима Төребаевадан ресми түрде бөлініскеннен кейін, - жылы Фатима Ғабитоваға қосылады. Одан үш перзент сүйеді. Үміт, Ильфа және Болат. Үміт 1997 жылы дүниеден өтті. Ал, Ильфа мен Болат Алматы қаласында тұрады. Ілиястың Фатима Ғабитоваға деген ықыласы ерекше еді. Фатимамен отасқанда оның ең бақытты және шабытты шағы оянғандай болған. Осы тұста оның қаламынан түрлі жанрда, түрлі формада сан жүздеген шығармалары жарық көріп, халыққа, жұртқа кеңінен танылады. Ол қиын-қыстау шақта, Ілияс қамауға алынғанда асқан батылдық пен қажырлылык танытын, оиың шығармалары мен еңбектерін аман сақтап қалады. Бүгінгі күні сол Фатима Ғабитованың Ілиясқа деген ынтасы арқылы талай ақиқатты және көп еңбектерді оқып отырмыз, сол Фатима Ғабитова нағыз бақытты жан. Ілиястың 1957 жылы ақталуын және еңбектерінің жарық көргенінің куәсі болып, 1968 жылдың 6 қаңтарында асқазан ауруымен науқастанып көз жұмды. Ол кісінің сүйегі Алматыдағы Кеңсай зиратында. Зиратты өз қолымен баласы Болат Ғабитов тұрғызған. Бір ескерер жайт, XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ зиялыларының көбіне орыс, татар ұлтының қыздарына үйленетіндігі ойланар факт. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың әйелі Бадрисафа, Әлихан Бөкейхановтың әйелі - Елена Яковлевна Севостьянова, Қаныш Сәтбаевтің әйелі Таисия Алексеевна, Мұхтар Әуезовтің әйелі - Валентина Николаевна, тағы басқа қазақ зиялылары ұлты өзге қыздарға үйленген. Сонда қалай болғаны, әлде заман ыңғайы солай болды ма? Бұл тұста оқыған білімді адаммен тізе қосып, көңілін аулар, тең дәрежелес сауатты, ішкі және сыртқы эстетикалық мәдениеті бай қазақ қыздары некен-саяқ еді. Бұған ғасырлар бойғы қазақ халқының қыз баланы оқытуға көңіл қоймай, көбіне «Қыз жат жұрттық» психологиясы мен «Қызға қырық үйден тию» ұлттық болмыстың кесірі болуы әбден мүмкін?

Музейдегі экспонаттардың ішінде ерекше көңіл қояр екі құжат бар: ол Ілиястың қайтыс болғандығы мен атылу мерзімі көрсетілген анықтама қағаз.

Біріншісі: 1957 жылы 12 көкекте Кеңес  одағының жоғарғы соты әскери коллегиясы анықтама берген қағазында «Ілияс Жансүгіровтің 1938 жылы 26 ақпан күні атылғандығын» растайды.

Екіншісі: «1947 жылы 19 көкекте қайтыс болғандығы», оны Алматы қаласынаың №2 бөлімшесінің Халық соты 29 мамыр 1957 жылы беріп отыр, осындай тағы бір анықтама қағазды 1961 жылы 22 наурыз күні берген. Осындай жағдайды басынан өткізген Ілиястың балашағасы әрі-сәріге түседі. Қайсы шын, қайсы жалған, әкелерінің не тірі, не өлгенін біле алмай дал болады. Өйткені, Ілиястың жерленген жері анықталмаған. Заң орындарына барса деген қағаздары анау, НКВД қасына адам жуытпайды. Негізгі ақиқатын білетін НКВД, Ілиясты солар әкеткен еді. Сол тұста «Мира-83» үйде тұратын Ілиястың отбасына бір белгісіз адам келіп (қазан айы 1955 жыл), «Мен қамаудан жуырда босадым, Сібірде әкелеріңмен бірге болдым. Көп ұзамай аман-есен босап келеді. Мені сол кісі жіберіп еді»-деп дүрліктірді. Әлгі адамды жақсы қарсы алып, дәмді, жылы-жұмсақ тағамды алдына тосады. Қаражаттың жоғына қарамастан, ол адамға киім-кешек әпереді. Сөйтіп, әлгі адамның асты-үстіне түсіп, бәйек болып қалады. Бір күні Хоппижамал (Ф.Ғабитованың шешесінің сіңлісі) төрде тұрған Ілияс пен Біләлдің суретін көрсетіп, «қайсысымен қамауда болып едің» дегенде, әлгі бейбақ Біләлдің суретін көрсетеді. Содан ол адамға сенімсіздік туып, оны Фатимаға айтқанда, Фатима Хоппижамалға ұрысады. Сол күннен бастап белгісіз адам көрінбей кетеді. Екі-үш ай өткенде әлгі адамды көшеде көрген Фатима бас салып ұстап үстіндегі Болаттың пальтосын шешіп алып қалады.

Ал, Ілиястың жерленген жері Талғар ауданы, Жаңалық селосы екені 1992 жылы наурыз айында анықталған тұста біз Алматыда болғанда, осы жайды Үміт Ілиясқызы әңгімелеп берді. Тіпті, осы оқиға жөнінде кезінде поэма да жазады. Поэманың жазылу жайы да қызғылықты. Ол экспромтпен жазылған. Бір жолын Үміт жазса, екінші жолын Мұрат Әуезов жазады.

Сөйтіп, бір оқушының жол дәптері толады. Шығармаларының атын «Татар жөнінде поэма» деп атап қояды.

Ілиястың өміріне қатысты әлі  де болса анықталар фактілер баршылық.


Информация о работе Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану ғылымындағы орны