Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 11:57, реферат
Сот-медициналық сараптаманы жүргізуді құзыретіне мыналар:
1) зорлықпен өлтірілген жағдайларда мәйітке сараптама жасау;
2) зорлық көрсетілгендігіне күдіктенген жағдайда немесе сот-медициналық тәртібімен мәйітті зерттеу қажеттілігімен түсіндірілетін басқа да жағдайлар кезінде мәйітке сот-медициналық сараптама жасау;
Сот-медициналық сараптаманы жүргізуді құзыретіне мыналар:
1) зорлықпен өлтірілген жағдайларда мәйітке сараптама жасау;
2) зорлық көрсетілгендігіне
күдіктенген жағдайда немесе
сот-медициналық тәртібімен
3) денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жасын, жыныстық жағдайын анықтау және сот медицинасы саласындағы танымдарды талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушілерге, айыпталушылар мен басқа да адамдарға сараптама жасау;
4) зертханалық зерттеу
әдістерін қолдана отырып, заттай
дәлелдемелерге сараптама
5) қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді жете тексеру материалдары бойынша, сондай-ақ жеке айыптау ісі бойынша сараптама жасау енетін сот-медициналық сарапшысы жүзеге асырады.
4-Бөлім
. Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау
мен ұйымдастырудың тәртібі туралы негізгі ережелер
74. Мәйітті сот-медициналық сараптау (бұдан әрі - сараптау) өлу себебін анықтау және қаулыда көрсетілген басқа мәселелерді шешу үшін анықтау жүргізуші адамдардың, тергеушінің, прокурордың, соттың қаулысымен тағайындалады.
Мәйітке сот-медициналық сараптау жүргізбей тек медициналық құжаттар бойынша өлу себебін анықтауға тыйым салынады.
78. Сараптауды сот-медициналық
мәйітханасында немесе осындай
бөлмелерге қойылатын
Сараптау бір сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі. Жеке жағдайларда (шетелдік азаматтың мәйітін сараптау; қабірден қазып алынған бұрын жарып көрілмеген мәйітті алғашқы сараптау; мәйітті қайталап сараптау және тағы басқалар) сараптау екі немесе одан да көп сот-медициналық сарапшылармен жүргізілуі мүмкін.
Сараптау мәйіттің алғашқы өзгерістері пайда болғаннан кейін (дененің салқындауы, мәйіт дақтары, мәйіттің қатуы) басталуы мүмкін. Осы аталған өзгерістер пайда болғанға дейін мәйітті жарып қарау тек өлгені туралы деректі белгіленген тәртіпте және тиісті кесімдерді рәсімдеген соң ғана жүргізілуі мүмкін. Осы кесімнің бір данасы сараптау тапсырылған сот-медициналық сарапшыға тапсырылады да, қорытындының көшірмесімен бірге сараптау мекемесінде сақталады.
Мұздатылған мәйіттер бөлме температурасында олар толық ерігеннен кейін ғана зерттелуге тиіс, жоғары температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуге болмайды.
16-Тарау. Мәйітке сот-
жүргізудің ортақ тәртібі мен дәйектілігі
Мәйітті сараптауға сарапшының келесі әрекеттері кіреді:
1) сарапшыға берілген қаулымен және басқа құжаттармен (оқиғаның болған орнын тексерудің хаттамасының көшірмесі, ауруы туралы қағазы және тағы басқалар) танысу;
2) сараптау жүргізуді жоспарлау;
3) мәйітті сырттай зерттеу;
4) мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу;
5) қосымша және зертханалық зерттеулер үшін материалдар алу;
6) сот-медициналық диагноз жасау;
7) мәйітті зерттеудің, қосымша және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін және сарапшыға берілген материалдардың деректерін кешенді бағалау;
8) қорытындыларды түйіндеу;
9) "Сарапшының қорытындысын" рәсімдеу;
Сот-медициналық сарапшыға берілген құжаттарды зерттеген кезде, өлу себебін анықтау үшін маңызы бар деректерге және басқа сұрақтар жауабына ерекше көңіл аудара отырып, өлімнің болу шарты мен жағдайын анықтайды.
Мәйітті сырттай қарауға мәйітпен бірге жеткізілген киімді, аяқ киімді және басқа заттарды зерттеу; мәйіттің өзін зерттеу; қажет болған жағдайда суретке түсіру және адамның дене бөліктерінің зақымдануының контурлық сызбада суреттемесін беру; мәйітті және киімін сырттай қараған кезде табылған жұғындыларды, бөлінділерді және басқа үлгілерді зертханалық зерттеу үшін алу; осы жағдайдың спецификасында көрсетілген сарапшының басқа да әрекеттері кіруі мүмкін.
Мәйіттің өзін зерттеуді сыртқы белгісі бойынша жынысын, жасын, дене бітімін, қоңдылық деңгейін, мәйіттің бойын өлшеуден және қажет болғанда оның салмағын өлшеуді айқындаудан бастайды.
Бір жасқа дейінгі балалардың мәйітін міндетті түрде өлшеу керек; қажетіне қарай жарақаттанудың кейбір түрлерінде - автокөлік, биіктен құлау; эталон, басқа да белгісіз улармен уланған кезде ересек адамдардың мәйітін де өлшеу керек.
Мәйіттегі өзерістерді зерттеу кезінде:
1) дененің киіммен жабылған және ашық бөлігін сипалау арқылы мәйіттің суығанын анықтайды; керек болған жағдайда кем дегенде екі рет, бір сағаттық үзіліспен, қолтық астының және тік ішектің температурасын өлшейді;
2) мәйіттің денесінің қатқанын (қатпағанын), оның таралуын және бет, мойын, аяқ-қолдың бұлшық еттеріндегі бүліну деңгейін анықтайды;
3) мәйіттің дағының болуын (болмауын), олардың дененің нақты бөліктеріне таралуын; сипаты (төгілген, мол, кең таралған); түсі; дақтардан айрылған (киім мен заттардың таңбасы) бөліктер сипатталады; үш рет саусақпен немесе динамометрмен 2 кг/шаршы сантиметр күшпен басады және алғашқы түсінің (секөндте, минөтте) қайта қалпына келу уақытын белгілейді;
4) көздің қасаң қабағының
кебуін, қараюын, Белоглазов симптомы
мен Лярше дағының болуын
5) кейінірек болатын мәйіттің өзгерістері (шіру, балауызды май, мумификация, шымтезек илеуі) болған жағдайда олардың белгілері мен көріну деңгейін сипаттайды; көгеру бөліктерінің болуын, олардың таралуын, мөлшері мен түсін, шыбынның дернәсіл салуын, басқа бунақденелілердің болуын, өсімдіктің өсуін көрсетеді;
6) өлімнің болған уақытын айқындаудың белгіленген тәртіпте ұсынылған аспаптық және зертханалық әдістерін қолданады.
Тері жабындарын қарайды. Олардың түсі мен ерекшеліктерін (құрғақ, ылғалды, көгерген тері, "қаз тері" және тағы басқалар), түк өсу дәрежесі (соның ішінде бастағы шаштың ұзындығын), енгізілген дәрінің ізінің болуын, бөрткендерді, домбығулардың, созылмалы жаралардың анатомиялық және басқа жеке туа және жүре пайда болған ерекшеліктерді (тыртықтар, туа пайда болған мең, татуировка және тағы басқалар) көрсетеді. Қажет болған кезде, мысалы, белгісіз адамның мәйітін зерттеген кезде сөздік портретімен қатар, анықталған анатомиялық және басқа жеке ерекшеліктері масштабпен суретке түсіріледі.
Басын зерттейді. Басты сипаттаған кезде бас қаңқасы сүйегінің жағдайын, қозғалмалылығын, өзгеріске ұшырауы мен басқа ерекшеліктерінің болуын көрсетеді. Шашты бөлігін аса мұқият қарайды. Көзі ашық па, соны көрсетеді, нұрлы қабықтың түсін және қарашықтың диаметрін айқындайды, көз алмасының ақ қабықшасы мен дәнекер ұлпасының жағдайын (солғындығын, сарғыштығын, экхимозын және т.б.), бетінің домбыққанын айқындайды. Мұрын қуысынан, ауыздан және құлақтан бөлінген заттар бар ма, жоқ па және бөлінділердің сипатын айқындайды. Ерін көбесін және кілегейлі қабықшасын қарайды. Аузы ашық па, тісі жабылған ба, тілі қысылған ба, соны көрсетеді. Тістің түсін және ерекшелігін, тіс сауыты мен протезінің соның ішінде алтын тіс протезінің санын көрсетеді. Жоқ тістерін атайды және қызыл иектің альвеолярлық бетінің жағдайын сипаттайды. Ауыз қуысында қанның, тамақтың бөлшектерінің, ұнтақтардың, басқа бөгде заттардың бар, жоғын көрсетеді.
Мойнын, кеудесін, құрсағын, арқасын, аяқ-қолдарын, қолтығын, емшектің астындағы тері қатпарларын, шаттың арасын және артқы тесік аймағын қарайды.
Сыртқы жыныс мүшелерін зерттейді.
Қаңқа сүйектерін сипап көреді. Патологиялық қозғалыс немесе өзгеріске ұшырау барын көрсетеді.
104. Барлық табылған сыртқы зақымдарды мәйіттің түрлі аймақтарын дәйектілікпен қараған кезде не жеке, бөлімнің соңында "Сыртқы зерттеуде" сипаттайды.
Сыртқы зақымдарды зерттеуді алдымен жай көзбен қарайды, ал қажет болған жағдайда ұлғайтқыш әйнектің немесе стереомикроскоптың, операциялық микроскоптың көмегімен жүргізеді. Зерттеуді оқиға жағдайын әрі қарай қалпына келтіру үшін (зақымның пайда болу механизмін анықтау; жарақаттау құралының түрлік, топтық немесе жеке белгілерін және тағы басқалар) қажетті нақты мәліметтер алумен қамтамасыз ететіндей толығымен жүргізеді.
108. Адам денесінің бөліктерін
сызбалық бейнелеу арқылы
109. Денедегі зақымдар суретке түсіріледі. Тек шолу сипатындағы суреттерді (дене зақымының жалпы түрі) ғана емес, сондай-ақ жеке зақымдардың да суретін түсіруді (міндетті түрде масштаб пайдаланылады) жүргізу керек.
Дене мен киімдегі зақымдарды суретке түсіруді сот-медициналық сарапшы немесе оның басшылығымен лаборант жүргізеді.
111. Мәйіттің ішкі құрылысын зерттеу барынша толық болуға тиіс. Міндетті түрде бас сүйек, кеуде және құрсақ қуыстарын зерттейді. Омыртқа оның зақымы немесе ауруы анықталған жағдайда зерттеуге жатады, сондай-ақ бас сүйек-ми жарақатында, жол-көлік апатында, түрлі биіктіктен құлаған кезде, басқа жағдайларда - көрсетілген жағдайда зерттелінуге жатады.
118. Барлық мүшелерді үстінен және тілген жерде өлшейді және зерттейді. Олардың тығыздығын, анатомиялық құрылымының келбетін, түсін, қанға толуын, спецификалық иісін, өзгерістер мен зақымдарды мұқият зерттейді; қуыс мүшелердегі заттардың сипаты мен көлемін айқындайды. Миды, жүректі, өкпені (бөлек), бауырды, көкбауырды, бүйректі (бөлек) таразыға тартады. Қалқанша, бұғақ және ұйқы бездерін, бүйрек, гипофиз, эпифиз және басқа мүшелерді таразыға тартуды олардың патологиясы болған кезде жүргізеді.
129. Мәйітті зерттеу үрдісінде сот-медициналық зертханасы бөлімінде зерттеу жүргізу үшін материал алады. Мәйітке сараптау жүргізуші сарапшы сараптың шешілуіне қойылған мәселелер мен осы жағдайдың ерекшелігі нәтижесінен зерттеудің қажетті түрлерін айқындайды. Материал алуды сарапшы жүргізеді, орауды сарапшының басшылығымен және бақылауымен санитар жүзеге асырады.
Мына заттар міндетті түрде зертханалық зерттеулерге жіберілуге тиіс:
1) мәйіттің мүшелерінен (көп уақыт бойы ауруханада болған ересектер мен кішкентай балалардың өлімінен басқа), - этил алкоголінің болуы мен сандық мөлшерін анықтау үшін қан мен зәр зерттелінуге тиіс;
2) сыртқы зақымдану мен қан ағумен жүретін зорлап өлтірілуде; кісі өлтіру немесе соған сезіктенгенде; белгісіз адамдардың мәйітін зерттеген кезде АВО (Н) және басқа жүйе бойынша антигенді қатыстылығын анықтау үшін қан алынуға тиіс;
3) гистологиялық (гистохимиялық)
зерттеу үшін ішкі мүшелер
мен ұлпалардың кесектерін алу
- өлімнің барлық жағдайында
4) улағыш заттардың болуын және сандық мөлшерін анықтау үшін мәйіттің мүшелері (ұлпалары) - химиялық заттармен, улы өсімдіктермен улануға сезіктенген кезде және тамақпен уланған кезде алынады;
5) бөлгіш санатын анықтау үшін өт пен зәр:
6) шәуітті анықтау үшін, қынап эпителийінің морфологиялық ерекшелігін зерттеу үшін қынаптың ішіндегі тампондар мен жұғындысын және басқаларды алады - жыныстық қылмыстарда немесе оған сезіктенген кезде; жыныстық қатынас айуандықпен жасалғанына сезіктенген кезде еркектер мен әйелдер мәйітінің ауыз және тік ішегінің кілегей қабатынан тампондар мен жұғындылар алады;
7) салыстырмалы зерттеу үшін бастағы шаштан кісі өлтіргенде сезіктенген кезде; жыныстық қылмыстарда немесе оған сезіктенген кезде; көлік жарақатында; бастың шашты бөлігі зақымданғанда; белгісіз адамдардың мәйітін зерттеген;
8) тез арадағы болған
балалар өлімінің барлық
9) жұқпалы аурулардан немесе
бактериялық, тамақтан
10) жарып, ашылмаған бүйрек,
диатом планктонына зерттеу
11) сот-химиялық зерттеу үшін жатырдың, түтіктің, аналық бездің және жатыр маңы клетчаткасының тамырларының әртүрлі аймақтарынан тілімдер, жатырдың ішіндегісі мен қабырғасының бөлігі, цитологиялық зерттеу үшін қынап пен сүт бездерінің бөлінділерінің тампондары мен жұғындылары ауыруханадан тыс түсік нәтижесінде өлімнің болғанына сезіктенген кезде, сепсиспен асқынған түсік кезінде алынады, бактериологиялық зерттеулер үшін қосымша материал алынады;
12) киімді, теріні, зақымданған
шеміршек бөліктері мен
Информация о работе 1-Бөлім. Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру