1-Бөлім. Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 11:57, реферат

Описание

Сот-медициналық сараптаманы жүргізуді құзыретіне мыналар:

1) зорлықпен өлтірілген жағдайларда мәйітке сараптама жасау;

2) зорлық көрсетілгендігіне күдіктенген жағдайда немесе сот-медициналық тәртібімен мәйітті зерттеу қажеттілігімен түсіндірілетін басқа да жағдайлар кезінде мәйітке сот-медициналық сараптама жасау;

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 32.54 Кб (Скачать документ)

 

Сот-медициналық зертханасына жіберуге арналған объектерді алып, орайды да, сәйкес мөр басады. Мәйітке сот-медициналық сараптау тағайындау туралы қаулыны кім және қай кезде шығарды және қаулыдағы зертхана бөлімшелерінде сараптау жүргізген кезде шешілуге тиіс мәселелер де көрсетілген зертханаға жіберілетін тиісті бланк (бланкілер) толтырады.

 

Нақты жағдайларға байланысты сараптауды тағайындаған адам немесе қалалық (аудандық, ауданаралық) сараптау мекемесінің бөлімінің меңгерушісі алынған материалдарды сараптау мекемесіне жеткізуді ұйымдастырумен қамтамасыз етеді.

 

Мәйітті зерттеп болған соң сарапшының бақылауымен барлық мүшелерін мәйіттің ішіне салып, мәйітті тігеді. Сондай-ақ қосымша жүргізілген тілімдер де тігіледі. Мәйіттің дене қуысына оған тиесілі емес мүшелерді немесе бөтен заттарды салуға жол берілмейді.

Мәйітті зерттеу және зертханалық зерттеуге материал алыну аяқталғанға дейін мәйітке шірітпейтін заттарды енгізуге жол берілмейді. Мәйітке сараптау аяқталысымен сараптау мекемесінде консервациялау сараптауды тағайындаған адамның тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін.

Мәйітті сараптау кезінде зақымданудан, уланудан, ауруханадан тыс түсіктен болған асқынудан және тағы басқалардан зорлықпен өлтірілгені анықталған жағдайда, ол жайында сараптауды тағайындаған адамға белгісіз болса, сарапшы бұл адамды (органды) анықталған өлімнің себебі туралы тез арада хабардар етуге тиіс.

Тірі күнінде анықталмаған өте жұқпалы аурулар (бөртпе, іш, қайтарма сүзектер, қантышқақ және басқа) табылған жағдайда сарапшы немесе бөлім меңгерушісі бұл туралы жазбаша түрде тиісті санэпидемстанцияға хабарлайды. Ерекше қауіпті инфекциялар (ООИ) белгілері табылған кезде шұғыл түрде жергілікті Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау саласының өкілетті органға хабарлайды.

 

136. Мәйітке сараптау үрдісінде  диагностика мен емдеудің ірі кемістіктері айқындалған кезде сарапшы бұл туралы сараптау мекемесінің басшысына хабарлайды, ол бұл жағдайды сот-медициналық клиника-анатомиялық конференцияда тек тергеушінің рұқсатымен ғана алдын ала тергеудің деректерінің жариялауын алып тастап, талқылауға шара қолданады.

 

 

 

Сот-медициналық сараптама  мекемесінің химико-токсикологиялық бөлімшесінде сот-медициналық сараптама жүргізу Ережесі

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

 

Химико-токсикологиялық сараптаудың  мақсаты токсикологиялық химия  саласында арнайы танымды талап  ететін объектілерді (айғақтық заттарды, үлгілерді) химиялық зерттеу болып табылады.

Химико-токсикологиялық зерттеулердің  объектілері болып, адамдардың мәйітінің  ішкі органдары, адам денесіндегі биологиялық  сұйықтықтар мен бөлінділер, химико-токсикологиялық  зерттеулер талап етілетін басқа да айғақтық заттар табылады.

Химико-токсикологиялық зерттеулердің  нақты нәтижелері тек химико-токсикологиялық сараптау жүргізу ережелерін сақтағанда ғана алынуы мүмкін.

 

 

 

34-Тарау. Сараптама жүргізу  тәртібі

 

 

 

Бөлімге түскен объектілер мұқият қаралады және жұмыс журналына сараптау жүргізу тапсырылған сарапшы толық сипаттап жазады. Бұл жағдайда алынған объектілер бірге жіберілген құжаттардағы жазылғандармен сәйкестігі анықталады.

Химико-токсикологиялық зерттеулер жүргізген кезде қабылданған  әдістемелерді пайдаланады.

Егер объект этил спиртімен  консервленген болса, онда зерттеуге  консервлеу үшін пайдаланылған бірдей мөлшердегі сол спирттің бақылау  сынамасы жіберілуге тиіс. Зерттеуге жіберілген объектілерді этил спиртімен консервлеу этил спирті мен нитраттардың барын анықтауға тыйым салынады.

 

Химико-токсикологиялық сараптау жүргізген кезде жіберілген объектілердің  екіден үш бөлігі жұмсалады, ал үштен  бірі ықтимал қайталап немесе қосымша зерттеу жүргізу үшін бөлімшенің архивінде сақтайды.

Объектілердің шектеулі мөлшері  алынған жағдайда оларды жіберген тұлғалардың  келісімі бойынша толық жұмсалуы мүмкін.

Зерттеу объектісінің салыстырмалы үлкен мөлшерінен өте аз мөлшердегі уды алу қажеттігі сарапшы  химиктен анализдің әрі қарай жүру барысы мен оның нәтижелері тәуелді болатын алудың дұрыс әдісін таңдап алу біліктілігін талап етеді.

Мүшелерден (ұлпалардан) химиялық заттарды оқшаулаған кезде объектілерді шамамен 8х8х8 миллиметр дейінгі мөлшердегі кесектерге ұсақтаған кезде ең жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Мүшелерден (ұлпалардан) химиялық заттарды алған кезде заттар су ерітіндісі түрінде болатын клетка жарғақшасына оңай өтетін гидрофильді қасиеті бар (спирт, ацетон және тағы басқалар) еріткіштерге ерекше көңіл аударған дұрыс. Осындай көзқарас ең жақсы нәтижемен қамтамасыз етеді.

 

323. Зерттеу жүргізу үшін  сапалық және сандық анықтаудың  сарапшы химик білетін және  оларды қолдану кезінде туындайтын  қателіктерді ескере алатын әдістерді  ғана қолдануға тиіс.

 

324. Қолданылатын аналитикалық  сынақ дәлелді, спецификалық, ерекше  жоғары сезімталды заттардың  ашылу минимумы мен табылу  шекарасымен (шектеулі құрамымен)  сипатталуға тиіс.

 

325. "Теріс сот-химиялық  мәні бар" реакцияларды жүргізген  кезде теріс нәтижелер алу  сарапшыға осы затты немесе заттардың тобына ары қарай зерттеу жүргізуді тоқтатуға құқық береді.

 

326. Нәтижелерді салыстырған  кезде қате болмауы үшін бірнеше түрлі реакциялар жүргізу қажет.

 

327. Кез келген пайдаланылатын  аналитикалық реакцияның нәтижесін  оның толық өтуін реттейтін  уақыттан соң бағалау керек.

 

328. Егер сараптау барысында  қаулыда көрсетілмеген заттардың  анализін жүргізу қажеттілік  туындаған жағдайда сарапшы, сараптаманы  тағайындаған тұлға (органға)  ескертіп, зерттеуді кеңейтуге міндетті.

 

329. Әрбір зерттеуді әрдайым жұмыстың кез келген мерзімінде ол айналуы мүмкін сандық зерттеу ретінде жүргізу керек. Сынақ үшін объектілерді салмағы бойынша алады, ал дистилляттар, диализаттар, фильтраттардың мөлшерін көлемі бойынша алады.

 

330. Улы заттардың сандық  құрамын тиісті анықтау әдістемесі бар барлық жағдайда зерттейді. Табылған заттардың мөлшері объектінің анализге алынған салмағының 100 г жатады және салмақтық бірлікте өрнектеледі.

 

331. Анализге пайдаланылатын  реактивтердің химиялық тазалығына  көз жеткізу керек, бұл жағдайда реактивтердің тазалығын сот-медициналық зерттеулер барысында қолданылатын әдістермен және реакциялармен анализдеуге қолданылатын ең аз мөлшерде тексереді.

 

332. Кез келген зерттеуді  жұқа қабатты хромотография әдісімен  орындаған кезде органикалық  еріткіштер мен суды өтірік нәтижелер болмау үшін хромотографиялық пластинкалардың бетінен кетіру керек.

 

Белгісіз умен уланғанына сезіктенген жағдайда химико-токсикологиялық  сараптау токсикологиялық маңызды  заттардың тізіміне сәйкес жүргізіледі:

1) су буымен айдалып  оқшауланатын заттар: синиль қышқылы  мен оның қосындылары, метил,  этил, пропил, бутил, амил спирттері,  формальдегид, хлороформ, төрт хлорлы  көміртегі, дихлорэтан, ацетон;

2) қышқылданған сумен немесе  қышқылданған спиртпен, басқа органикалық еріткіштермен оқшауланатын органикалық заттар: барбитур және тиобарбитур қышқылдарының туындылары, морфин, кодеин, дионин, героин, гидрокодон, папаверин, промедол, стрихнин, атропин, гиосциамин, скополамин, кокаин, пахикарпин, никотин, кофеин, хинин, эфедрин, эфедрон, тетрагидроканнабинол, фенотиазин туындысы, 1,4-бензодиазепин туындысы, карбофос, метафос, метилэтилтиофос, метилнитрофос, трихлорметафос-3, метилмеркаптофос, фосфамид, фталофос, фозалон, бутифос, хлорофос, октаметил, севин;

3) минерализациялаумен оқшауланатын  заттар: сынап, күшала, талий, кадьмий, қорғасын, барий, мыс, марганец, хром, мырыш, сурьма, күміс, висмут;

4) диализбен оқшауланатын  заттар: нитраттар, нитриттер, азот, күкірт және басқа қышқылдар, күйдіргі калий және натрий, аммоний асқын тотығы және басқа қосындылар;

5) арнайы әдістермен оқшауланатын  заттар: мырыш фисфиді, йод, тром, көміртегі тотығы және басқа;

6) клиникалық, секциялық картинаға байланысты іс жағдайына, оқиға болған жерінен алынған деректерге, химиялық реакциялардың өту ерекшелігіне байланысты жалпы зерттеуді кеңейтетін заттар.

 

334. Сарапшы химик сараптауды  орындаған кезде тек алдына  қойылған мәселелерді шешумен айналысып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің арнайы танымы шегінде іс үшін маңызы бар зерттеулерді де жүргізуге міндетті.

 

 

9-Бөлім. Сот-медициналық  зертханасында сараптама

 

(зерттеу) жүргізу үшін  мәйіт материалының

 

үлгісін алу және жолдау тәртібі

 

 

 

378. Сот-медициналық сарапта  мекемесінің зертханасында сараптама  зерттеулерін жүргізу үшін үлгіні Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 33 тарауындағы ережелердің талабына сәйкес алып, жолдайды.

 

Сараптамалық зерттеу  үшін мыналар алынады:

 

1. Химия-токсикологиялық  сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

2. Сот-гистологиялық сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

3. Цитологиялық зерттеу  үшін үлгі;

 

4. Сот-биологиялық сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

5. Медициналық-қылмыснамалық  (физикалық-техникалық) сараптау (зерттеу) үшін үлгі;

 

6. Микробиологиялық (вирусологиялық) зерттеу үшін үлгі;

 

7. Диатомдық планктонды  зерттеу үшін үлгі.

 

Химия-токсикологиялық сараптама (зерттеу) үшін үлгілер алу кезінде, сарапшы жорамалданған удың мәйіттен алынбауын және мәйітке сырттан  түспеуін қадағалауға тиіс. Сондықтан  мәйітті жарып көргенге дейін секциялық үстелді, аспаптар мен қолғаптарды мұқият жуу керек. Мәйітті жарып көрген кезде суды және басқа сұйықтарды пайдаланбау керек.

Мүшелердің бөліктерін құрғақ шыны құтыларға салады. Металл немесе керамикалық ыдыстарды пайдалануға тыйым салынады. Құтыларды қышаның немесе соданың ерітіндісімен жуып, мұқият таза су құбырының суымен жуу керек, содан соң айдалған сумен шайып, кептіргіш шкафта кептіру керек.

Уланған кезде у мүшелер мен ұлпаларда түрліше таралады. Сондықтан жорамалданған умен улануға байланысты мынадай мәйіт материалдарын алады:

 

1) алколоидтармен (апиынмен, морфинмен, стрихнинмен, бруцинмен,  атропинмен, кокаинмен, анабазинмен,  пахикарпинмен, аконитинмен және  басқа) уланғанда - ішіндегісімен  қарынды, аш және тоқ ішектерді,  ішіндегі өтімен бауырды, бүйректі, көкбауырды алады. Хининмен уланғанына  сезіктенген кезде - қосымша жатырды  да алады;

2) барбитураттармен және  барбитурат емес қатардағы ұйықтататын  дәрілермен уланғанда - бауырды өтпен бірге, бүйректі, ішіндегісімен бірге, қарынды ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішекті алады;

3) гликозидтармен уланғанда  - бауырды өтпен бірге, бүйректі, қанды, жүректі, дәрі құйған жерден ұлпаларды алады;

4) қышқылдармен және күйдіргіш  сілтілермен уланғанда - ішіндегісімен  бірге қарынды, жұтқыншақты, ауа  тамырды, өңешті бауырды, бүйректі, у әсер еткен іздері бар  тері бөліктерін алады;

5) "ұшқыш" улармен  уланғанда (нитробензолмен, анилинмен,  бензолмен және басқа) ішіндегісімен  қарынды, ішіндегісімен аш ішектің  жоғарғы бөлігін, қанды (кем дегенде 200 миллилитр), өтпен бірге бауырды, миды, бүйректі алады;

6) "металлды" улармен  уланғанда ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді, бауырды, бүйректі, көкбауырды

7) метил және басқа спирттермен (этил спиртінен басқа) уланғанда - ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішектерді, миды, қанды, бауырды өтпен бірге, бүйректі алады;

8) нитраттармен уланғанда  - бауырды өтпен бірге, ішіндегісімен бірге қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді;

9) көміртегі тотығымен  немесе басқа газдармен уланғанда - қан (кем дегенде 200 миллилитр) алады;

10) психотроптық заттармен  (аминазинмен, элениуммен, седуксенмен  және басқа) - бауырды, бүйректі, қанды,  қарынды, ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді алады;

11) синиль қышқылымен және  олардың тұздарымен уланғанда  - ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен  аш ішектің жоғарғы бөлігін, қанды (кем дегенде 200 мл), өтпен бірге бауырды, бүйректі алады;

12) фенолдармен, крезолдармен  уланғанда - ішіндегісімен қарынды,  ішіндегісімен бірге аш және тоқ ішектерді, қанды (кем дегенде 200 мл), өтпен бірге бауырды алады;

13) формальдегидпен (формалинмен)  уланғанда - ішіндегісімен қарынды,  ішіндегісімен бірге аш ішекті, бүйректі алады;

14) фосфорорганикалық және  карбаматты пестицидтермен уланғанда  бауырды, бүйректі, қарынды, ішекті, қанды алады; тыныс алу арқылы  ФОС түскенде қосымша ми мен  өкпені алады;

15) фторидтермен уланғанда  - ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге алады;

16) хлорорганикалық көмірсулар мен хлорорганикалдық пестицидтермен уланғанда - миды, май бездері, ішіндегісімен қарынды, ішіндегісімен бірге аш ішекті, бауырды өтпен бірге бүйрек алады;

17) этил спиртімен уланғанда  - қан мен зәрді 20 миллилитр  мөлшерде (тығыны бар ыдыста) алады;

18) қанды пипеткамен немесе  шприцпен қолдың ірі көктамырынан немесе мидың қатты қабықшасының синустарынан алады. Қанды, зәрді немесе мүшелерді жіберу мүмкін болмағанда бұлшықет ұлпасын (1000 грамм жуық) алады.

 

Зерттеу үлгілерін (объектілерін) тек жүрек гликозидтерімен, фенотиазиннің  туындыларымен, фосфоорганикалық пестицидтермен, алколоидтармен және трицикльді антидепрессаттармен  улануға сезіктенген жағдайда ғана консервілейді. Бекіту үшін құтыда деңгейі ішкі мүшелердің бетінде кем дегенде 10 миллиметр спирт-ректификатты пайдаланады. Зерттеу үлгілерімен (объектілерімен) бірге бір мезгілде сол партиядан 250-300 миллилитр мөлшерінде спирттің бақылау сынамасын жібереді.

Информация о работе 1-Бөлім. Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру