АЯҚТАЛМАҒАН
ҚЫЛМЫС.
Қылмыстың
жасалу сатылары – бұл қылмысқа
дайындалудан, оған оқталудан және
аяқталған қылмысты іске асырудан тұратын
қасақана қылмыс дамуының белгілі бір
сатылары.
Адамда
қылмыстық мінез-құлықтың бастамасы,
яғни қылмыстық ой-ниетін іске асырып
бастауы, қылмысқа дайындалу болып
табылады. ҚК-тің 24-бабына сәйкес «тікелей
ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын
іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп
жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру,
қылмыс жасауға сөз байласу не
қылмыс жасау үшін өзге де қасақана
жағдайлар жасау, егер бұл орайда
қылмыс адамның ниетіне байланысты
емес мән-жайлар бойынша ақырына
дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу
деп танылады».
Тікелей
ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын
іздестір, әзірлеу немесе бейімдеп
жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру,
қылмыс жасауға сөз байласу немесе
қылмыс жасау үшін өзге де жағдайлар
жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның
еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша
ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа
дайындалу деп танылады (24-баптың
1-бөлімі). Заңда ауыр немесе ерекше
ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық
жауаптылық орнатылған (24-баптың 2-бөлімі).
Заңда дайындық әрееттерінің негізгілері
ғана анықталған. Мұнда қасақана қылмыс
жасауға туғызылатын жағдайлардың
жалпы көріністері ғана берілген.
Кінәлі адам күні бұрын ауыр, аса
ауыр қылмыстарды жасау үшін өзіне
өте қажетті жағдайларды жасайды.
Мысалы, пәтерге түсіп, ұрлық жасау
үшін алдын ала иесіз пәтерді
анықтап, құлыпты ашуға кезекті
кілттерді немесе басқа да құралдарды
дайындайды, жалған ақша жасау үшін
соны жасауға қажетті аспаптарды,
жабдықтарды, қажетті материалдарды
іріктейді.
Сонымен
қылмыс істеуге дайындалу мына белгілермен
сипатталады:
- дайындық
іс-әрекеттерін жасау;
- қылмысты
тек тікелей қасақаналылықпен істеу;
- оның қылмыс
құрамын толық орындауға дейін тоқтатылуы;
- қылмыс
адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты
істелмеуі. Дайындық әрекеттері көп жағдайларда
қылмыс құрамының объективтік жағының
белгілерін қамтамасыз етумен тікелей
байланысты болады. өзінің объективтік
белгілеріне сәйкес қылмыс істеуге дайынды
адамның мынадай үш түрлі әрекеттері арқылы
іске асырылады: қылмыс істеу үшін құралдар
немесе қарулар іздестур, не лайықтау
немесе қасақана бір жағдайлар туғызу.
Қылмыс
істеу үшін құралдар мен қару-аспаптар
іздестіру дегеніміз кез келген
тәсілмен заңды немесе заңсыз жолмен
осы заттарды алуды айтамыз.
Қылмыс
істеу қару-аспаптары болып қылмыс
істеуге қолданылатын кез келген
аспаптар мен заттар саналады. Оған
атылатын немесе суық қарудың барлық
түрлері, қолдан жасалған фин пышағын,
сондай-ақ әртүрлі кесіп-тесетін
нәрселер жатады. Қлымыс құралдарына
қылмыс істеуге әдейі бейімделіп
пайдалнылатын таяқ, үшкір тас, бөтелке
сынығы, балта, балға, бұрғы, шеге суырғыш,
бұрауыш яиқты заттар да жатады. Мысалы,
адам қолдануға қолайлы үшкір тасты денеге
жарақат келтіруге немесе автокөліктің
әйнегін сындырып ішіндегі заттарды ұрлауға
пайдалануы мүмкін. Кінәлі адам шеге шығарғышты,
бұрауышты немесе қашауышты бөтеннің
үйінің есігін бұзып, мүлкін ұрлауы үшін
дайындауы мүмкін. Қылмыс істеу құралына
қылмыс істеуге жеңілдік туғызатын заттар
жатады. Мысалы, әскери міндетін өтеуден
жалтару немесе контрабандамен айналысу
үшін жалған құжаттар дайындау, адамды
өлтіру үшін у дәріні дайындау, қатты әсер
ететін зәрлі заттарды дайындау, ұрланған
заттарды, қылмысты топ мүшелерін тасуға
пайдаланылатын көлік құралдары жатады.
Егер де автокөлік, трактор, басқа да көлік
түрлері қоймаларды бұзуға, кедергілерді
таптап өтуге пайдаланылса, онда ол қылмыс
істеудің құралы емес, қылмыс істеудің
қаруы ретінде есептелінеді. Құралдар
мен қару аспаптарды лайықтау деп қылмыс
істеуге пайдалнылатын заттарды қайта
өңдеу, түрін өзгерту, қайта жасауды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауға пайдалану
үшін бірнеше кілттерді қолдан қайта өңдеу,
қолдан тапанша, пышақ, жалған құжаттар
жасап, оларды қылмыс істеуге, қылмыс іздерін
жасыруға пайдалануға әзірлеу және т.б.
әрекеттер.
Қылмысқа
қатысушыларды іздестіру деп
әртүрлі тәсілдермен уәде беріп
қорқыту, бопсалау жолымен болашықта
істелетін қылмысқа бірге қатысушыларды
табу, алу болып табылады. Қылмыс
жасауға сөз байласу деп екі
немесе одан да көп адамдармен нақты
қылмысты істеу туралы күні бұрын
уағдаластыққа қол жеткізу болып
табылады. Қылмыс істеу үшін қасақана
басқа бір жағдайлар туғызу деп
құралдар мен қару-аспаптарды дайындаудан
басқа қылмыс істеуге бағытталған
кез келген әрекеттерді айтамыз.
Бұған жататындар: ұрлық істеу
үшін қылмыстық топқа мүшелер
іздестур, болашық қылмыстың жоспарын
жасау. Қылмыс істелетін объекттердің
жүйесін зерттеу, қоймаларға жасырын
кіру үшін дыбыс беретін құралдарды
күні бұрын жою, пәтерге түсу үшін
үй иелерінің келіп-кету мерзімін болжау
сияқты әрекеттер жатады.
Субъективтік
жағынан дайындық әрекетін әр уақытта
да тікелей, нақты қасақаналылықпен,
қасақана қылмыс істеуге жағдайлар
туғызады. Тікелей қасақаналылықсыз
жағдайлардың өзін тудыру мүмкін емес.
Кінәлінің ырқынан тыс жағдайларға
байланысты іс-әрекеттің үзіліп қалуы
деген белгі де қылмыстың тек
қана тікелей қасақаналылықпен жасалатындығын
көрсетеді. Яғни бұл тұрғыдағы қылмысты
абайсыздықпен немесе жанама қасақаналылықпен
жасауға мүлдем болмайды, мұндай жағдайда
қылмыстан туатын зардап объективтік
және субъективтік жағынан алғанда
сөзсіз емес, жорамал күйінде болады.
Қылмысты істеуге дайындық сатысының
негізгі бағыты сол, ол жоспарлаған
қылмыс нәтижесінің сөзсіз болуын қамтамасыз
ету болып табылады. Қылмысқа дайындалудың
зияндылығы сол, қылмыс субъектісі қылмыс
істеуге бар жағдайларды жасай
отырып, өзінің еркінен тыс жағдайларда
қылмысты жасай алмайды. Кінәлінің
еркіне байланысты емес жағдайлармен
дайындық сатысының үзіліп қалуы
объективтік немесе субъективтік мән-жайларға
байланысты орын алуы мүмкін. Мысалы, дайындық
сатысында басқа біреуді өлтіру үшін сатып
алынған аңшылық мылтығын полиция қызметкерінің
алып қоюы немесе ұрлық жасау үшін пайдаланылатын
қойма кілтін жасауға әрекеттенгенімен,
оны жасай алмай қалуы және т.б. Мысалы
ағайынды С және К көршісінің пәтеріне
түсу үшін қажетті саймандарды әзірлеп
қойған кезде, сол пәтердің алдына басқа
көршілер жиналып, өзара кездесіп қалып,
ұзақ уақыт бойы шахмат ойнайды. Бұл ағайындылардың
қымыс істеуге мүмкіндіктерін жоймағанымен,
оны іске асыруға кедергі келтіреді. Бұл,
сөз жоқ, ұрлық істеуге кінәлілердің ырқынан
тыс жағдайларға байланысты жол берілмей
үзіліс жасалады.
Қылмысқа
дайындықтың адам ойының қалыптасуынан
айырмашылығы мынадай: адам ойының қалыптасуы
– қылмыстың психологиялық сыртқы,
объективтік көрініс бермеген сатысы,
қылмысқа даыйндық әр уақытта қасақана
қылмыс жасауға мүмкіндіктер туғызатын
нақтылы іс-әрекеттер. Адамның ойын,
яғни өзінің ойын қылмыс жасау туралы
мінез білдіруі қылмыс сатысы болмайды,
өйткені ол қылмыс жасауға өзінің
пікірін айтқанымен, қылмыс істеуге
бағытталған әрекет жасамайды. Қылмысқа
дайындалу әр уақытта да іс-әрекеттер
арқылы ықлмыс істеуге қолайлы жағдайлар
жасайды, онсыз қылмыстың істелуі
мүмкін емес. Қылмыс істеуге дайындықтың
қылмысқа оқталудан айырмашылығы бар.
Қылмысқа дайындықта белгілі бір
нақты қылмыс құрамын жасауға
мүмкіндік жағдайлар жасалады, ал
қылмысқа оқталуда ол мүмкіндіктер нақты
іске асырыла бастайды.
Дайындық
сатысында істелген қылмыс Қылмыстық
кодекстің 24-бабы және Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің тиісті бабы боыйнша
сараланады. Мысалы, басқа біреудің
пәтерін ұрлау үшін кілт дайындап
жатқан субъект осы кеде әшкереленсе,
оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің
24, 175-баптары бойынша ұрлық жасауға
оқталғаны үшін сараланады. Бұл жерде
24-баптың көрініс табуы субъектінің
аяқталмаған қылмыс жасағанын білдіреді.
Субъект
өзінің дайындық әрекеттеріне тыйым
салынғанына дейін басқа қылмыс
құрамын орындап үлгеруге, оның әрекеттері
қылмыстардың жиынтығы бойынша –
тиісті қылмысқа дайындалғандық және
басқа аяқталған қылмыс жасағаны
үшін сараланады. Мысалы, А өзінің қызметтес
досы Б-ны кек алу үшін атып өлтіруге
қара базардан Калашников автоматын
сатып алған, бірақ оның бұл қылмысты
істеуге дайындалғаны дер кезінде
анықталып, полиция қызметкерлері
оны ұстаған. Оның іс-әреекттері қаруды
заңсыз сатып алғаны үшін Қылмыстық
кодекстің 251-бабының 1-бөлімімен және
кісіні кекшілікпен өлтіруге дайындалу
– 24-бап, 96-баптың 1-бөлімімен екі
қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға
жатады. Қылмыс істеуге дайындалған
субъектке жаза сол Қылмыстық
кодекстің аяқталған қылмыс құрамы
туралы санкциясында көрсетілген бабының
санкциясы шеңберінде тағайындалады.
Жаза тағайындағанда сол қылмыс зардабының
болуының мүмкіндігін, оның іске аспайқалу
себептері, қылмысқа дайындық сатысының
іске асырылуы ескеріледі. Заңда қылмысты
дайындық сатысында істеген субъектке
жаза тағайындаудың ерекше тәртібі
анықталған.
Қылмыстық
кодекстің 24-бабының 3-, 4-бөлімдері бойынша
«Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған
ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),
егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты
емес мән-жайлар бойынша ақырына
дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға
оқталу болып табылады.
Қылмыстық
жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе
аса ауыр қылмыс жасауға оқталғаны
үшін ғана басталады».
Қылмыс
істеуге оқталудың төрт түрлі
белгісі бар.
Бірінші
іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей
бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда,
қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға
тікелей кіріседі және қылмыстық
құқықтық норма диспозициясының
объективтік жағында көрсетілген
элементтерін орындайды. Мысалы, кісіні
өлтіруде оған қарай мылтық атады, ұрлық
жасағанда есікті бұзып тұрғын жайға
кіреді, көлік құралын айдап әкетуде
көлікті қозғалысқа келтіру әрекетін
жасайды және басқа да әрекеттер.
Қылмысқа оқталғандағы іс-әрекет қылмыстың
зардабын туғызатын себептің көрінісін
білдіреді. Егер ол іс-әрекет үзіліп қалмаса,
онда қылмыс зардабының болуы сөзсіз
болар еді.
Қылмыс
істеуге оқталудың екінші белгісі
– субъективтік белгісі болып
табылады. Қылмыс істеуге оқталу тек
тікелей қасақаналылықпен іске асырылады.
Бұл туралы қылмыстық заңның өзінде
қылмыс істеу үшіт тікелей бағытталып,
істелген әрекет немесе әрекетсіздік
деп тура көрсетіліп отыр. Заңдағы
тікелей бағытталған деген сөздің
өзі осы тұрғыда қылмыстық
тек қана тікелей қасақаналылықпен
іске асырылатындығын білдіреді. Мысалы,
кісіні қасақана өлтіру туралы сот
тәжірибесі туралы Жоғарғы сот қаулысында
кісіні өлтіруге оқталу тек қана тікелей
қасақаналылықпен жүзеге асырылады, өйткені
мұндай жағдайда кінәлі адам өзінің әрекетінің
зиянды екенін біле тұра, оның зиянды зардаптырн
болжай тұра, бұл зардаптың болуын
тілеп істейді.
Мысалы,
С деген азамат өзінің жұбайы К-ның
Д деген азаматпен көңілдес екенін
біліп, екеуінің кедзесу шағын аңдып,
ақыры осындай бір сәтте олардың
өзара оңаша сүйісіп отырғанының
үстінен шығып, С қалтасындағы бәкісімен
әйелінің көңілдесі Д-ның күре тамырын
қиып жібереді. Дәрігерлік көмектің нәтижесінде
Д тірі қалады. Сот С-ның әрекеттерін
қызғаныштан қасақана кісі өлтіруге
тікелей оқталғандық деп саралаған
(Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі,
96-бабының 1-бөлімі).
Қылмыс
істеуге оқталғандық әрекетсіздік
арқылы да іске асырылады. Мысалы, анасынынң
өз нәрестесінен құтылуы үшін емшек
бермей өлтіруге бағытталған әрекетсіздігі.
Қылмыс істеуге оқталу жанама қасақаналылықпен
жүзеге асырылмайды.
Қылмыс
істеуге оқталғандықтың үшінші белгісі
– істеуге бағытталған қылмыстың
ақырына дейін жеткізілмеуі болып
табылады. Яғни қылмыс құрамын орындау
сатысында қылмыстық әрекет амалсыздан
үзіледі. Бұл жерде қылмыс істеуге
оқталғандықтың белгісі қылмыстың
аяқталмай қалуы болып отыр. Бұл
белгілі аяқталған қылмысты қылмыс
істеуге оқталғандықтың айырудың басты
белгісі болып табылады.
Мұндай
ретте Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі қылмыс құрамының белгілері
толық жүзеге асырылмайды немесе
заңда көрсетілген қылмыстың
зардабы болмай қалады. Сөйтіп аяқталған
қылмысқа қарағанда объективтік
жағының белгілерін түгелдей орындауға
бағытталған іс-әрекет толық аяқталмай
қалады. Мысалы, өзіне қас кісіні
өлтіремін деп ол ұйықтап жатқанда
оның үйінің есік-терезесін сыртынан
бекітіп, үйінен шықпастай етіп, үйіне
өрт қояды. Нәтижесінде ол ауыр дене
жарақатын алып, аман қалады. Бұл
жерде кінәлінің әрекеттері қасақана
кісі өлтіруге оқталғандық деп саналады.
Себебі оның тікелей адам өмірін жоюға
деген әрекеттері ақырына дейін
оған байланыссыз себептермен іске
аспай қалады, яғни айтқанда, қасақана
кісі өлтіру туралы қылмыстық заң
нормасының объективтік жағының
белгісі қылмыстың зардабы –
кісі өлімі болмай қалды. Қылмыс істеуге
оқталғандық үшін жаза тағайындағанда
сот кінәлінің істеген әрекетінің
дәрежесі мен сипатын, қылмыстық
ниетті іске асыру дәрежесін және
қылмыстың ақырына дейін жеткізілуіне
кедергі болған себепкерді еске алады.
Яғни
бұл жерде кінәлінің ырқына байланысты
емес себептерден қылмыстың ақырына
дейін жеткізілмеуі – қылмыс істеуге
оқталғандықтың төртінші белгісі болып
табылады. Бұл жерде кінәлінің
ырқына байланысты емес себептерден
деген ұғымды әртүрлі объективтік
және субъективтік жағдайлардың жиынтығы
ретінде қарау керек. Бұл жерде
субъектінің өзінің ниетін іске асыруға
бар пәрменін сала кіріскенімен, оның
ырқына байланысты емес себептермен
қылмыс ақырына дейін жеткізілмей
қалды (мысалы, әйелді зорлағанда жәбірленушінің
қарсылық көрсетуінен, үйді өртеуге
қажет болған от тұтатқыш суланып
жанбай қалуы және т.б.).