Аяқталмаған қылмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 20:46, реферат

Описание

Қылмыстың жасалу сатылары – бұл қылмысқа дайындалудан, оған оқталудан және аяқталған қылмысты іске асырудан тұратын қасақана қылмыс дамуының белгілі бір сатылары.

Адамда қылмыстық мінез-құлықтың бастамасы, яғни қылмыстық ой-ниетін іске асырып бастауы, қылмысқа дайындалу болып табылады. ҚК-тің 24-бабына сәйкес «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның ниетіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады».

Работа состоит из  1 файл

АЯҚТАЛМАҒАН ҚЫЛМЫС.docx

— 37.40 Кб (Скачать документ)

    Қылмысты  істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әртүрлі  болуы мүмкін. Осыған байланысты оқталудың  өзі аяқталған және аяқталмаған  деп екіге бөлінеді. Аяқталған  оқталу деп кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекеттерін  толық істеуі, бірақ осыған қарамастан, адамның ырқынан тыс жағдайларда  қылмыс аяқталмайды немесе қылмыстың  зардабы болмайды. Оқталудың бұл  түрін аяқталған қылмыстан қылмыстың  аяқталмауы немесе зардаптың болмай қалуы ғана ажыратып отыр. Мысалы Ж  деген азамат арақ ішіп, мас күйінде  өзінің әйелінің ағасы С-ға тиісті, оның жүрегінің тұсынан екі рет  пышақпен соққан. Осыдан кейін Ж  далаға шығып, көршілеріне естіріп, «көптен күткен арманымды іске асырдым, бір жауыдзы өлтірдім» - деп айқайлайды. Бірақ С-ның өмірі дер кезінде  дәрігерлік көмектің көрсетілуі арқылы өлімнен құтқарылып қалады. Облыстық сот Ж-ның әрекеттерін бұзақылық  ниетпен кісіні қасақана өлтіруге оқталғандық  деп саралаған.

    Бітпеген  оқталу деп кінәлінің қылмысты істеуге  қажетті деп санаған барлық іс-әреекттерін  толық емес, жарым-жартылай орындауы болып табылады. Мысалы У деген  азамат Ю деген азаматты атып өлтіру мақсатымен, мылтықты оған кезеніп, оның шүріппесін баса бергенде Х деген  азамат У-дың қолынан келтекпен  ұрып, мылтықты тартып алып, оның өзін ұстаған. Бұл аяқталмаған оқталуға мысал. Ал егер Х мылтықты атып, ол К-ге тимей кетсе, онда оның әрекеті біткен оқталу болып саналар еді.

    Қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге  оқталу жарамсыз объектке, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталу деп түрлерге бөлінеді. Жарамсыз объектке немесе затқа  оқталу деп оған кінәлі қаншалықты әреекттер істегенімен жәбірленушінің, қылмыс объектісінің немесе затының  өзіндік ерекше өзгешеліктеріне  байланысты оған зиян келтіру мүмкіндігінің  мүлдем болмайтындығын айтамыз. Мысалы, кінәлі тірі адам екен деп өлген  адамның басын балтамен шауып, ақша екен деп жәбірленушінің қалтасынан бір бума хатталған қағаздарды ұрлайды.

    Жарамсыз  құралдармен оқталу деп кінәлі адам қылмысты ниетті жүзеге асыруда қателесіп  жарамды құралдың орнына жарамсыз құралды  пайдаланып қылмыс жасайды. Мысалы, П  және Ә деген жігіттер Ақтау қаласында  З деген кәрі шалдың үйінде пәтерде  тұрады. П және Ә қарт адамды уландырып  өлтіріп оның пәтерін өздері иелік  етіп сатпақ оймен З-ның ішетін тамағына колорадо қоңызын өлтіретін у  дәрі салып жібереді. Асты қабылдаған З-ға алғаш ешқандай қатер болмайды. Бірақ П мен Ә З ас іше  бастағанда өз істеген әрекеттерінен  қорқып, ішкі істер органына келіп, болған жағдайды шын жүректен өкініп хабарлайды. Олардың әрекеттерін  сот кісі өлтіруге оқталғандық ретінде  бағалаған. Қылмыстық кодекстің  кейбір баптарында, сондай-ақ құқықтық әдебиеттерде «қылмыс істеуге әреекттер» деген сөзді кедзестіруге болады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 257-бабында  кәнігі бұзақылықтың белгілерінің бірі ретінде оқ-дәріні, газбен атылатын қаруды, пышақты кастеттердің және өзге де атылатын қаруды не денеге жарақат  түсіруге арнайы белгіленген басқа  заттарды қолдануға әрееттер деген  сөз бар. Бұл біткен қылмыс құрамының  түсінігін білдіреді. Өйткені осы  қылмыс құрамының диспозициясының  ерекшелігі сол, ол аталған заттарды қолдану немесе қолдануға әрекеттер  арқылы жасалса, онда оның объективтік  жағының қажеті белгілері толық  орындалған болып саналады.

    Қолданып  жүрген қылмыстық заң бойынша  қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір  негізі болып Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттері болып  табылады (3-бабы). Бұл қағида аяқталған  немесе аяқталмаған қылмысқа бірдей қатысты. Сонымен, аяқталмаған қылмысты іс-әреекттер үшін (қылмысқа дайындалу  мен оған оқталу) қылмыстық жауаптылықтың  негізі болып, аяқталмаған қылмыс құрамының  белгілері бар іс-әрекеттер жатады. Мұндай ретте нақты қылмысқа дайындалу  немесе оқталу әрекеттері орын алған  жағдайда қылмыстық жауапкершілік  кодекстің 24-бабына сілтеме жасала отырып, істелген әрекеттер ерекше бөлімнің тиісті баптары бойынша  сараланады. Мысалы, ұрлық істеу  үшін оқталғанда кінәлінің әрекеттерін  Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі және 175-бабының 1-бөлімі бойынша саралау  керек. Мұндағы 24-баптың 3-бөлімі қылмыстың  аяқталмағанын және оның оқталу түрінде  істелгенін көрсетсе, ал, 175-баптың 1-бөлімі қылмыс істеген адамның ұрлық  істеуге оқталғанын білдіреді. Қылмысқа дайындалу мен оқталу үшін жауапкершіліктер өзара ұқсас және олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы екеуі де аяқталмаған қылмыс сатысына жатады және осы әреекттерді істегенде қылмыстық жауапкершілікке тартылғанда міндетті түрде Қылмыстық кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады. Айырмашылығы сол, қылмысқа дайындалуда жауаптылық ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға дайындалған кезден бастап іске асырылады, ал оқталуда жауаптылық орташа, ауыр, аса ауыр қылмыстарды істеуге тікелей кіріскен уақыттан бастап есепке алынады. Аяқталмаған қылмыстар үшін жаза тағайындалғанда сот қылмыстық заңның 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады. Сонымен бірге, жаңа Қылмыстық кодексте аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындаудың арнайы ерекшеліктері көрсетілген. Олар мынадай:

  1. аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жай ескеріледі;
  2. қылмысқа дайындалғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы кодекстің Ерекше бөлімінде аяқталған қылмыс үшін тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек;
  3. қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері осы кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлешірінің төрттен үшінен аспауы керек;
  4. қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды (56-бап). Яғни осы баптың мазмұнына сәйкес аяқталмаған қылмыстың аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілігі аз екендігі ескеріліп, жаза тағайындалғанда есепке алынуы әбден заңды болып табылады. Сондай-ақ қылмысқа дайындалуға қарағанда оқталу үшін жаза қатаңырақ болуы шарт. Аяқталған оқталу үшін жаза аяқталмаған оқталудан көбірек болуы тиіс.

    Кінәлінің істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық  заңда көрсетілген қылмыстың  барлық белгілері болса, ондай қылмысты аяқталған қылмыс деп атаймыз (25-бап). Қылмыстық заңның көрсетілген қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты аяқталған қылмыс әртүрлі болуы  мүмкін, оның әртүрлі болуы қылмыс құрамының құрылысының түрліше  болуына тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қайсыбір қылмыстың  аяқталуы қылмыстың объектісіне  зиян келтіруге байланысты болып, ал басқа бір қылмыстың аяқталуы сол бір қылмыстың объектісіне  зиян келтіру қаупін туғызатын жағдайда-ақ жүзеге асады. Қылмыстық заң осы  аталған жағдайлардың орын алған  уақыттан бастап қылмыс құрамының аяқталғанын  білдіреді. Сол себепті қылмыстың  аяқталуы барлық уақытта да белгілі  бір қылмыс құрамының ерекшелігімен  тығыз байланысты болады.

    Қылмыстық заңда белгіленген материалдық  қылмыс құрамының аяқталуы үшін осы  құрамда көрсетілген қылмыстың  зардабы болуы қажет. Мысалы, 316-баптағы  лауазымды салақтылықты атаймыз. Осы  қылмыс аяқталды деп тану үшін субъекттің әрекеттерімен мемлекеттік немесе азаматтардың мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірілуі керек. Әрі осы іс-әреекттер мен келтірілген зиян арасында себептік салдарлық байланыс болуы керек.

    Кейбір  қылмыстардың диспозициясында қылмыстың  мүмкін болатын бірнеше зардаптарының  түрлері көрсетіледі (103-бапты мысалға  алуға болады). Мұндай қылмыс аяқталды деп тану үшін осы бапта көрсетілген  зардаптардың бірінің орын алуы жеткілікті.

    Қылмыстық кодексте зардаптары болмайтын формальдық қылмыс құрамдары да бар. Мұндай қылмыстың  аяқталуы кінәлінің заңда көрсетілген  іс-әреекттерді жасауымен тұжырымдалады (мысалы, 314, 320-баптар).

    Кейбір  жағдайларда қылмыс істеудің дайындық сатысында-ақ аяқталған қылмыс құрамдарына  жол беріледі. Мысалы, кінәлі адам адам өлтіру үшін заңсыз атылатын қару сатып  алады. Мұндайда оның әрекеттерінде  кісі өлтіруге дайындалу мен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, сатып  алу сияқты қылмыс құрамдары бар.

    Қылмыстық кодекстің 20-бабында:

  1. Адамның дайындау іс-әреекттерін немесе қылмыс істеуге тікелей бағыттаған дайындалу іс-әрекеттерін тоқтатуы не іс-әрекеттерін тоқтату, егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғынған болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Егер адам бір қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржолата бас тартса, ол осы қылмысы үшін жауаптылыққа тартылмайды.
  2. Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуы керек, - делінген. Осы баптың мазмұнынан туындайтын қорытынды, егер адам қылмысын ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұра дайындық әрекеттерін өз еркімен тоқтатса, не болмаса қылмыс істеуге тікелей бағытталған әрекеттерді не әрекетсіздікті өз еркімен тоқтатса, бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылады. Өз еркімен бас тарту деп танылған іс-әреект қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмысқа алдын ала дайындық – қылмыс істеуге дайындалу немесе оқталу сатыларында орын алады. Егер қылмыскер алдын ала қылмысқа дайындалуда іске асыру мүмкіндігі болмай қылмыс істеуден бас тартса, онда оның әрекеттері қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп саналмайды. Мысалы, баукеспе ұры кезекті ұрлықты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою арқылы бас тартса, мұнда оның әреекттерінде ұрлық жасауға дайындалу белгілері бар деп саналады.

    Қылмысты  ақырына дейін жеткізуден бас  тартқан адам, егер оның істеген  әрекеттерінде басқа бір қылмыстың  белгілері бар болған реттерде ғана қылмыстық жауапқа жатады. Егер оның әрекеттерінде басқа бір қылмыстың  белгілері болмаса, ондай адам қылмыстық  жауапқа тартылмайды. Қылмыс істеуден бас тарту мынадай екі белгінің: өз еркімен бас тарту және түпкілікті бас тарту орын алғандығында ғана жол беріледі.

    Өз  еркімен бас тарту дегеніміз  алдын ала қылмысты әрекет істеуге  кіріскен адам өз еркімен оны одан әрі дамытудан бас тартады. Бұл  жерде адам қылмысты ақырына дейін  жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұрып, осы мүмкіндікті пайдаланудан өз еркімен бас тартады. Мұндай жағдайда адам өзінің ойлаған ойын жүзеге асырмайды. Өз еркімен бас тартуда басшылыққа алынған ниеттер әртүрлі болуы  мүмкін. Олар бастаған ісінің зардабын зиянды екенінен сескену, қатаң жазаға тартылудан қорқу, жәбірленушіге аяушылық білдіру, істеген ісіне өкіну  сияқтылар. Заң мұндай ниеттердің түріне мән бермейді. Екіншіден, қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту қасақана істелген қылмыстың тек дайындық немесе оқьалу сатыларында болады және де өз еркімен бас тарту сол  қылмыс істеліп бітпей тұрып, түпкілікті және біржолата болуы керек. Егер қылмыс істеуден бас тартуды біраз  уақытта тоқтата тұрса, мысалы, инкассатордың  ақшына тек жеке өзі алып жүрген уақытын күтіп, оған сол кезде  шабуыл жасауды ойласа, онда бұл  жерде қылмыс істеуден біржолата  бас тарту болмайды.

    Кейбір  жағдайларда ерікті бас тартудың бастамалары болып басқа адамдар  – туыстары, достары болуы мүмкін. Бұл жағдайларда да ерікті бас  тарту қылмыс істеуді бастаған адамның  өзінің оны ақырына дейін жеткізуге  мүмкіндігі бар бола тұра, оны іске асырғысы келмегендігінен туындауы керек.

    Қылмыс  істеуден бас тартудың қылмыс істеуге  дайындалу не оқталу сатыларында  болуы керек. Бұл жағдайларда  бас тарту белсенді түрде қылмыстың  зардабын болғызбауға, тойтаруға бағытталуы тиіс. Мысалы, кінәлі адам дұшпанына  беретін у дәріні қосылған стақандағы суды өз ойынан айнып, оны жерге төгіп  тастаса немесе орнынан тұра алмай  жатқан үй иесін иістендіріп өлтіру мақсатымен газ плитасын іске қосып  қойып, артынан қайта ойланып, оны  жойса.

    Аяқталған қылмыста қылмыс істеуден өз еркімен  бас тартушылық болмайды, себебі бітіріп  қойған нәрседен бас тартуға болмайды. Сондай-ақ қылмыс істеуге дайындалуды  немесе оқталуды қайталап жасау мақсатымен бас тарту да өз еркімен бас  тарту болып саналмайды. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту кейбір жағдайларда  әреетсіздік арқылы жүзеге асырылады, мысалы, ұрлық жасауға дайындалғанда  оны іске асыратын жағдайларды жоюдың өзі жеткілікті. Кейбір жағдайларда  өз еркімен түпкілікті бас тартуда  белсенді әрекеттер жасау керек  болады (өрт сөндіру, жарылысты тойтару).

    Қылмысқа  дайындалудан немесе оқталудан өз еркімен  бас тартқаннан кейінгі уақыттағы  іс-әрееттер қылмыс болып табылмайды. Егер адамның одан бұрын істеген  іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері  болса, ол жауапқа тартылады.

    Жаңа  Қылмыстық кодекс бұрынғы заңға  қарағанда қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартулары  мәселесін ерекше атап көрсетеді.

    Қылмысты  ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап  салушы, егер ол адамдар мемлекеттік  органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейін жеткізуіне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейін оған күні бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетіліп үлгірген көмектің салдарын жойса, қылмысқа көмектесуші қылмыстық жааупқа тартылмайды.

    Егер  ұйымдастырушының немесе айдап салушының  осы баптың үшінші бөлімінде аталған  іс-әрекеттері орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға әкелмесе, олардың қолданған шаралары жаза тағайындағанда жеңілдетілетін мән-жайлар ретінде қарастырылады. Бұл әреекттерді  қылмыстық құқықтағы жігерлілікпен  өкіну деген ұғымнан айыра  білу керек. Жігерлілікпен өкіну  келтірілген зиянның орнын толтыру, жәбірленушіден кешірім сұрау, материалдық  зиянды өтеу сияқты әрекеттерден құралады. Яғни шын көңілмен өкіну қылмыстың  зардабы болғаннан кейін орын алады. Қылмыс істеуден өз еркімен бас  тарту қылмыс басталғанға дейін  орын алады. Сонымен бұл екі ұғымның  өзгешелігі – біріншісі қылмыс болған соң, екіншісі қылмыстың зардабының алдын алады. Қолданылып жүрген қылмыстық  заңда шын көңілмен өкіну кейде  қылмыстық жауаптылықтан босататын  жағдайларға жатса, ал кейде ол жазаны жеңілдететін жағдай болады. Шын жігерлілікпен  өкінушілік Қылмыстық кодексте көрсетілген 3-бап бойынша қылмыстық жауаптылықты жояды. Мемлекеттік опасыздық, пара беру, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сату, сатып алу, жасау  және өткізу.  

    Өзін-өзі  бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қылмысты жасау сатыларының түсінігі мен маңызы.
  2. Қылмысқа дайындалу.
  3. Қылмысқа оқталу.
  4. Аяқталған қылмыс.
  5. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.
  6. Аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шектері.

Информация о работе Аяқталмаған қылмыс