Қазақстандағы терроризм проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 20:15, реферат

Описание

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ПРОБЛЕМАСЫ
Шетелдік басылым тәжік, қырғыз, өзбек проблемасын таратып келіп, Қазақстандағы терроризм мәселесіне арнайы тоқталады. Осы аралықта мұнайға бай батыс Қазақстанда терактілер басталып та кетті дейді автор. 2011 жылдың мамыр айында 25 жасар жігіт Ақтөбе қаласындағы ҰҚК-нің ғимаратының кіре берісінде өзін-өзі жарып жіберді. Ресми билік әуеліде оны «қылмыстық топтың мүшесі» деп айтқанымен, артынан оны «дәстүрлі емес Ислам» ағымының мүшесі деп мәлімдеуге мәжбүр болды. Қазақстандық басылымдар болса осы кезде ақтөбелік жанкештілердің Дағыстандағ

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 49.59 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИЗМ ПРОБЛЕМАСЫ

 

Шетелдік басылым тәжік, қырғыз, өзбек проблемасын таратып  келіп, Қазақстандағы терроризм мәселесіне арнайы тоқталады. Осы аралықта мұнайға бай батыс Қазақстанда терактілер басталып та кетті дейді автор. 2011 жылдың мамыр айында 25 жасар жігіт Ақтөбе қаласындағы ҰҚК-нің ғимаратының кіре берісінде өзін-өзі жарып жіберді. Ресми билік әуеліде оны «қылмыстық топтың мүшесі» деп айтқанымен, артынан оны «дәстүрлі емес Ислам» ағымының мүшесі деп мәлімдеуге мәжбүр болды.  Қазақстандық басылымдар болса осы кезде ақтөбелік жанкештілердің Дағыстандағы террорлық топтарға қатысы барлығы туралы ақпараттарды  таратып жатты.

 

Ақтөбедегі жарылыс жалғыз болған жоқ. 2011 жылдың 1 маусымында Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында екі полицейді әсіре діншілдер атып өлтірген. Оларды тоқтатауға барған арнайы «Арлан» жасағының бір  сарбазы сол жерде оққа ұшып, үшеуі тағы жараланды. Оларға қосымша күш ретінде «Сұңқар» арнайы жасағы жұмылдырылды. Ақырғы атыста діншілдердің біреуін ғана тірідей тұтқындап, тоғызын атып өлтірді. Қазақстанның БАҚ-ы оларды «салафилер» деп атай бастады деп жазады мақала авторы.

 

Ақтөбедегі жарылыстан кейінгі  көрініс. 17 мамыр 2011 жыл​​

Атыраудан бірнеше шақырым  жердегі ауылда және бір терроршы атыс кезінде қаза болды.  Оның үйін тінтігенде бомба жасайтын заттар мен қауіпті діни әдебиеттер табылды. Қыркүйек айында Атыраудың облыстық сотының баспасөз хатшысы өлген содырға қатысы бар тағы да 24 адамның тұтқындалғанын ресми түрде хабарлады. Бұл ұйымдасқан топ мүшелерінің БТА банкі арқылы Ауғанстан мен Пәкістаннан қаржылай көмек алып тұрғаны және олардың біреуінің ағасы Пәкістанда тұратыны хабарланды.

 

Қолдарына қару ұстаған, беттеріне  маска киген содырлар қыркүйек айында өздерін Джунд әл-Халифат ұйымының сарбаздарымыз деп атап, Қазақстан  үкіметіне қарсы шабуылдар ұйымдастыра  беретінін айтып қорқытқан бейнематериалдарын жариялады.

 

Оның артынша Атырауда қыркүйектің 31-і әкімшілік ғимаратының  жанында  екі бомба тағы да жарылды. Бұл жарылысты да Джунд әл-Халифат  ұйымы біз жасадық деп мойнына алды. Олар «Бұл әлі ескерту. Біз жаппай қан төгуді мақсат тұтқан жоқпыз. Егер талабымыз орындалмаса жалғаса береді» деп қорқытқан.

 

Бұл ұйымның жетекшілерінің өздері таратқан мәліметтері бойынша Джунд әл-Халифаттың 90 пайыз мүшелері – қазақстандықтар. Олардың көпшілігі Ауғанстанда дайындалып жатыр.

 

Тараздағы жанкештінің шабуылы  кезінде қаза тапқан адамның мүрдесі. 12 қараша 2011 жыл​​

Мақаланың авторы соңғы кезде  болған терактілердің ішінде Тараз  оқиғасына ерекше тоқталған. Қарашаның 12-інде Мақсат Кариев есімді жас жігіт  өзін аңдып жүрген екі қауіпсіздік  қызметкерін атып өлтіріп, қаруларын алып кеткен. Сосын аңшылар дүкенін  тонап, екі кісіні атып өлтіріп, РПГ-26 гранатометімен ҰҚК-нің ғимаратына оқ атқан. Одан бөлек тағы да екі полицейді атып өлтіріп, ақырында өзін-өзі жарып жіберді. Бұл атысты да   Джунд әл-Халифат ұйымы өз мойнына алып, «Ислам дініне кедергі көбейе беретін болса, біз осылай жасай береміз» деген ескертуін тағы қайталады. Олардың негізгі талабы – Қазақстан парламенті жақында қабылдаған дін туралы заңды өзгерту.

 

Ресей болса Орталық Азиядағы террорлық актілерді жою үшін бірнеше мәрте жаттығулар өткізіп, көмек бермекші де болған. Кремль Орталық Азиядағы тыныштыққа кепіл болғысы келеді. Тәжікстан мен Қырғызстан өз жеріне Ресей әскерін кіргізбеуге тырысып-ақ жатыр. Алайда содырлар соққысы сырттан күшейе беретін болса, амал жоқ келісуге тура келеді деп пайымдайды мақала авторы.

 

Тіпті Ресей қолдағанның  өзінде Орталық Азия елдеріне Ауғанстанмен шектесетін шекараларын қорғау үшін біраз күресуге тура келеді. Қалай болғанда да Орталық Азия елдерінің ішкі мәселелеріне Ресейдің араласуы содырлардың Кавказдағы жақтастарынан жәрдем іздеуіне апарып соғады.  Онда олар Мәскеуге қарсы соғыстарын жалғастыра түсу үшін Ауғанстандағы мүдделестерін тез арада тауып алуы мүмкін деп болжайды басылым тілшісі.

 

Терроризм мәселесі соңғы  уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке  нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.

 

Терроризм қауіп-қатеріне

 

қарсы бағытталған негізгі қадамдар

 

Дегенмен, аймақтағы басқа  елдермен салыстырғанда Қазақстанда  террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.

 

2003 жылғы желтоқсанда  Президенттің жарлығымен терроризмнің  және діни экстремизмнің көріністерімен күресте барлық қауіпсіздік қорғау құрылымдарының неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды және оған барлық арнайы құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де ведомстволардың қызметін үйлестіру жүктелді.

 

2006 жылғы қазанда ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды:

 

1. «Әл-Каеда»;

 

2. «Шығыс Түркістан ислам партиясы»;

 

3. «Күрд халықтық конгресі»;

 

4. «Өзбекістан ислам қозғалысы»;

 

5. «Әсбат-әл-Ансар»;

 

6. «Мұсылман бауырлары»;

 

7. «Талибан» қозғалысы»;

 

8. «Боз Кұрт»;

 

9. «Орталық Азия моджахедтер  жамағаты»;

 

10. «Лашқар-и-Тәйба»;

 

11. «Әлеуметтік реформалар  қоғамы».

 

Кейін Астана қаласы сотының  шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.

 

Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.

 

Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.

 

Бұлыңғыр елес пе әлде сұмдықтың сұлбасы ма?

 

Соңғы уақытқа дейін терроризм  қоғамның күн тәртібінде алыстағы қауіп-қатердің бір бұлыңғыр елесі сияқты қабылданып келді.

 

Алайда өткен жылдың мынадай  оқиғалары:

 

- 2010 жылғы маусымда болған  Маңғыстау облысында қатаң тәртіптегі  колониядан діни экстремистік  ұйымның мүшелерінің жаппай қашып  шығуы. Бұл қашып шығудың жоғары  деңгейде ұйымдастырылуы және  қатыгездігі, сондай-ақ ресми  емес хабарлама бойынша қашқындардың  бір бөлігі өзін-өзі жарып жіберуі ерекше назар аудартты;

 

- Солтүстік Кавказда террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысты күдікпен Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында қолға түсуі.

 

Сондай-ақ ағымдағы жылдың басындағы мынадай оқиғалар:

 

- биылғы жылғы сәуірде  өткізілген ІІМ «Сұңқар» таңдаулы  бөлімшесінің экстремистік топтың  мүшелеріне қарсы арнайы операциясы;

 

- Қазақстан азаматтарының  РФ-ның Оңтүстік өңірі аумағындағы террористік іс-әрекеттерге қатысуының жаңа фактілері;

 

- 17 мамырдағы Ақтөбе облысы  бойынша ҰҚКД ғимаратында кейбір деректер бойынша діни экстремистік ұйымның мүшесі болған азаматтың өзін-өзі жарып жіберуі;

 

- 24 мамырда Астана ҰҚКД  уақытша ұстау изоляторы ғимаратының жанында автокөліктің жарылуы. Жарылыс затының іске қосылуына байланысты машинада болған екі адам сол жерде жан тапсырған.

 

Аталған оқиғалар қоғам ішінде алаңдаушылық туғызды және де бұл жағдай құзыретті органдар тарапынан дер кезіндегі толық және объективті ақпарат болмауынан ушыға түсті. Қоғам назарына бұрын іліге бермейтін «телефондық терроризм» оқиғаларының өзі де бұрынғыдай емес ерекше әсермен қабылданатын болды.

 

Осылайша, Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың қалайша бағаланатынына, сондай-ақ бұл оқиғалардың артында  кімдер, қандай күштер, себептер тұрғанына қарамастан, өкінішке қарай, біздің елімізде терроризм қауіп-қатерінің күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын еріксіз  мойындауға тура келеді:

 

- Қазақстан азаматтарының  басқа елдердің жерінде террористік  іс-әрекетке қатысуын куәландыратын мәліметтер жиілеп кетті;

 

- Біздің еліміздің аумағында  да экстремистік және террористік  іс-әрекетпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтардың саны да өсе түсуде. Мәселен, атап айтқанда 2008-2009 жылдары ресми деректер бойынша елде 7 террористік оқиғасының жолы кесілді (Kazakhstan Today Ақпарат агенттігі, 14.10.09 ж., http://www.today.kz/ru/news/kazakhstan/2009-10-14/teract). Сондықтан да терроризм проблемасы бұрын бізге алыстағы қатер болып көрінсе, бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сипат алуда.

 

Қазақстанда террористік  қауіп-қатердің үдей түсу кезеңдері

 

Шын мәнісінде, терроризм  көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірақ бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді.

 

Тұтастай алғанда, Қазақстанда  террористік қауіп-қатердің үдеу түсуінің шартты түрде үш кезеңін бөліп айтуға болады:

 

1. «Қашқын террористер» 

 

(90-жылдардың соңы –  2000-жылдардың басы)

 

Он жыл бұрын Қазақстан  үшін терроризм проблемасы көбінесе республика аумағында қашқын террористердің, яғни террористік іс-әрекеті және заңсыз әскери құрылымдарға қатысқаны үшін басқа мемлекеттің азаматтарының бізде елде жасырынуымен байланысты болды.

 

Мәселен, 2000-2004 жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік  іс-әрекеті үшін біздің еліміздің аумағына келіп жасырынған Өзбекстанның сегіз азаматын ұстап, өзбек жағына берді.

 

2004-2005 жылдары Қазақстанның  аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге,  Өзбекстанға және бірқатар басқа  елдерге жөнелтілді (Zakon.kz Ақпарат агенттігі, http://www.zakon.kz/68872-za-uchastie-v-terroristicheskojj.html, 03.02.06ж.).

 

2006 жылы Қазақстанда терроризмге  қатысы бар деген 13 адам ұсталды.  Қылмыскерлердің көпшілігі –  Ресей, Өзбекістан, Түркия және  Қытай азаматтары. (http://studies.agentura.ru/centres/cap/itogi2005-2006)

 

2. «Сырттан келіп арбау кезеңі»

 

(2000-жылдардың басы мен  ортасы)

 

Бұл кезеңде Қазақстан  азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға – Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.

 

Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқан сияқты деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта» деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.

 

3. «Жергілікті немесе  «өзіміздің террористер»

 

(2000 жылдардың аяғынан  бастап)

 

Бұл кезең бір жағынан Қазақстан азаматтарының басқа елдердің аумағында террористік іс-әрекеттерге қатысу жағдайының жиі кездесуімен сипатталады.

 

Мысалы, 2009 жылдың шілде айында Дағыстанда жүргізілген арнайы операция кезінде сегіз террорист өлтіріліп, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша олардың бесеуінде қазақстандық төлқұжаттар табылған (Диапазон газеті, 16.02.11ж, http://diapazon.kz/kazakhstan/kaz-incidents/35804-zachem-pugat-rossijan-terroristami-iz-kazakhstana.html ).

 

2009 жылдың 19 шілдесінде қырғыз  қауіпсіздік қорғау қызметтері  Бішкекте және елдің оңтүстігінде  террористік әрекетке қатысы  бар деген күдікпен 18 адамды тұтқынға алды, олардың арасында Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан азаматтары болған (Vesti.kz интернет-сайты, 17.07.2009ж., http://vesti.kz/asia/19917/ ).

 

2010 жылдың 19 қыркүйегінде  тәжік қарулы күштері Тәжікстанның  Рашт алабында жүргізілген арнайы  операция кезінде өлтірілген бір қылмыскерден Қазақстан азаматының төлқұжатын тапқан (Paruskg.info интернет-сайты 22.04.11ж.,  http://www.paruskg.info/2011/04/22/42848 ).

Информация о работе Қазақстандағы терроризм проблемасы