Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:45, курсовая работа

Описание

Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын бұзу
2.2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
2.3Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі -Пайдалы модель
24. Селекциялық жетістіктерді қорғау
2.5 Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс 1 Семестр.docx

— 27.85 Кб (Скачать документ)

 Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарды бұзу.

Жоспар

 

Жоспар 
1.Кіріспе 
2.Негізгі бөлім

2.1Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын бұзу 
2.2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері

2.3Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі -Пайдалы модель 
24. Селекциялық жетістіктерді қорғау

2.5 Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы 
3.Қорытынды 
4.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу.

 

      1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

      жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

      2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулi мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -

      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:

      а) бiрнеше рет;

      б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

      в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;

      г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту.

      1. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлерді, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулi залал келтiрген немесе елеулi мөлшерде жасалған деп танылады.

      2. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер iрi залал келтiрген немесе iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

      Ескерту. Кодекс 184-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 179-IV , 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі - Пайдалы модель

Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады, және ол жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса ғана, оғаң, құқықтық қорғау берiледi.

Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады.

Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды.

Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.

Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.

Төмендегі аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды:

жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;

шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;

шартты белгiлер, кестелер, ережелер;

ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;

есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;

ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;

бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;

Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар.

Пайдалы модель - патентпен қорғалады және өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.

Пайдалы модельдің авторы болып, өз еңбегiмен жасаған жеке адам танылады.

Пайдалы модель патенті оның авторына (авторларына) патент иеленушiлерге беріледі және қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.

Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.

Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi және қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.

Пайдалы модель объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар Қазақстан Республикасының патент заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңымен реттеледi.

Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 53-НҚ Бұйрығымен бекітілгең «Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықта» жазылған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті пайдалы модельдердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және пайдалы модельдердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.

Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (пайдалы модельдердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК.

 

                          ӨНЕРТАБЫСТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі

Өнеркәсіптік меншік объектілерінің маңызының артуына байланысты оларды қорғаудың ролі өсе түсуде. Өнертабысты қорғаудың құқықтық жүйесінің мақсаты оларға тиісті қорғауды ұсыну және патент иеленушілер мен авторлардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар олардың заңсыз қолданылуына жол бермеу болып табылады.

Біздің елімізде өнертабысты құру, құқықтық қорғау және оны қолдану - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент заңымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 52-н.қ. Бұйрығымен бекітілген Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.

ҚР Патент заңына сәйкес, өнертабысқа деген құқық инновациялық патентпен және патентпен куәландырылады.

Инновациялық патент және патент өнертабысқа ұсынылған айрықша құқықты білдіреді, яғни патент иесі өзінің қалауы бойынша өнертабысты қолдануға құқылы.

Өнертабыс жаңашылдыққа, өнертабыстық деңгейге ие және өнеркәсіптік жарамды болса, оған құқықтық қорғау көрсетіледі.

Өнертабыс бұрын белгісіз болған бұйымды көрсетуі керек. Жаңашылдық ұғымы белгілі бір саладағы алға жылжуды білдіреді. Өнертабыс өнертабыстық деңгейге ие болуы керек, яғни белгілі немесе таныс болмауы керек. Өнеркәсіптік жарамдылық ұғымы өнертабысты өнеркәсіптік өндірісте және басқа салаларда қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Өнертабысқа инновациялық патентті және патентті алу үшін Сараптама ұйымына өтінім беру құқығы, оның шығармашылық еңбегімен жасалған авторға тиесілі.

Инновациялық патентті және патентті алуға деген өтінімдер олардың патенттік қабілеттілігін анықтау үшін сараптамадан өтеді.

Өнертабысқа инновациялық патентті беруге арналған өтінім сараптамадан өткеннен кейін өнертабысқа деген инновациялық патент беріледі. Аталған сараптамада барысында талап етілетін құжаттар тізімі тексеріледі, басымдылық күні белгіленеді және ұсынылған шешімнің Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға қатысты локальды жаңалығы тексеріледі. Сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін инновациялық патентке формуласы өтінім берушімен келісілген оң қорытынды беріледі.

Патентті беруге деген өтінім сараптамасы екі бөлімнен тұрады: ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама. Ресми сараптама жүргізу барысында құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келуі тексерiледi. Ресми сараптама өткізілгеннен кейін, мәні бойынша сараптама жүргізіледі. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi білдіреді.

Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкін, бірақ ол екі жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.

Патентті өнертабысты қорғау саласындағы құзыретті орган береді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ондай орган ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті танылады.

Патент иеленуші қорғалу мерзімі аралығында өнертабысты кім қолдана алады немесе қолдана алмайтыны жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар. Патент иеленуші өзара тиімді шарттарда өнертабысқа рұқсатты немесе оны қолдануға деген лицензияны басқа тұлғаларға бере алады. Сонымен қатар патент иесі өнертабысқа деген құқықты сата алады. Бұл жағдайда құқықты сатып алған адам өнертабыстың иесі болады.

Өнертабысты қорғау, атап айтқанда оған патент беру кейбір жеке тұлғалардың шығармашылық талантының мойындалғанын көрсетеді және олардың өнертабыстарын коммерциялық сипатта өзге адамдар қолданғаны үшін сыйақы алуға ынталандырады.

 

Селекциялық жетістіктерді қорғау

1999 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданған.

Осы объектілердің атауы болып табылатын «селектио» «сұрыптау» деп аталатын латын сөзінен шыққан «селекция» атты ғылыми қызметі.

Ғылым ретінде селекция 1859 жылдан бастап Ч. Дарвинның «Табиғи іріктеу жолымен түрлердің пайда болуы әлде өмір үшін күрескен жағдайлы тұқымдардың сақталуы» кітабы шыққан кезден дами бастады.

Селекциялық жетістіктердің құқығын қорғау әлемде бірқалыпсыздікпен дамыды. АҚШ бұл сұрақта бірінші болды. Өткен ғасырдың 30 жылдарында жыныссыз жолымен шыққан өсімдіктерге патент берудің арнайы жүйесі еңгізілді.

АҚШ-да вегетативтық жолымен көбейтілген өсімдік сорттары 1970 жылы қабылданған жаңа өсімдік сорттарын қорғау туралы Заңымен қорғалады.

Информация о работе Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге