Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:45, курсовая работа

Описание

Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларының құқықтарын бұзу
2.2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
2.3Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі -Пайдалы модель
24. Селекциялық жетістіктерді қорғау
2.5 Қазақстан Республикасындағы интегралдық микросхемалар тополгоиясы
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курстык жумыс 1 Семестр.docx

— 27.85 Кб (Скачать документ)

 

      13-бап. Топологияға айрықша құқықтың

              қолданылу мерзiмi

      1. Топологияға айрықша құқық топология тiркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. 

      2. Егер топология тiркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзiм осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхеманың дүние жүзiнiң кез келген елiнде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнiнен бастап есептеледi.

      3. Топология тiркелген күнге дейiн пайдаланыла бастаған топологияны тiркеу кезiнде айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi осы баптың 2-тармағына сәйкес есептеледi.

      4. Басқа автор өз бетiмен жасаған түпнұсқалық ұқсас топологияның пайда болуы осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған айрықша құқықтың қолданылу мерзiмiн үзбейдi және тоқтатпайды, бұл орайда топологияға айрықша құқықтың қолданылатын жалпы мерзiмi он жылдан аспауы керек.

 

      14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау

      1. Топологияға құқықтарды қорғауды сот:

      1) құқықтарды тану;

      2) құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру;

      3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу;

      4) құқық бұзушының келтiрiлген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуi;

      5) залалдың орнын толтырту орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндiрiп алу; 

      6) айрықша құқықты бұзушының заңдарда белгiленген он мыңнан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтем төлеуi. Өтем мөлшерiн сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндiрiп алу орнына белгiлейдi;

 

      7) азаматтық айналымға енгiзiлетiн немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушiнiң пайдасына алып қою;

      8) бұзылған құқық кiмге тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялау;

      9) заң актiлерiнде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.

      2. Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.

 

      15-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және зияткерлiк меншiк саласында кемiнде төрт жыл жұмыс өтiлi бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органда тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл болуға құқылы.

      Уәкiлеттi орган патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу үшiн уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымының қызметкерлерi арасынан аттестаттау комиссиясын құрады. Бұл ретте, аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң ең аз саны кемiнде бес қызметкерден тұрады.

      Уәкiлеттi орган патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттауды сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттардан өтiнiштердiң келiп түсуiне қарай жылына кемiнде бiр рет өткiзедi.

      Аттестаттау нәтижелерi бойынша аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Аттестаттау комиссиясы шешiмiнiң нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi. Аттестаттау комиссиясы шешiм шығарған кезден бастап үш ай iшiнде мұндай шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидат аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгi берiледi, оның нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу және оларға куәлiк беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленетiн мемлекеттiк баж алынады.

      2. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;

      2) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;

      3) қылмыс жасағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

      4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.

      3. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметi аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешiмiмен:

      1) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң аттестаттау комиссиясына берген өтiнiшi негiзiнде;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның iшiнде уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерiне жатқызу кезеңiне;

      3) осы Заңның 15-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметi аттестаттау комиссиясы үш ай iшiнде тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады.

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметiн тоқтата тұруға негiз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметi аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешiмiмен қайта жалғастырылады.

      4. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл өтiнiш берушiнiң немесе патент иеленушiнiң өкiлi ретiнде уәкiлеттi органмен iс жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен iс жүргiзудi, сондай-ақ өтiнiш берушi және (немесе) құқық иеленушi дербес жүзеге асыруы мүмкiн.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өздерiнiң өтiнiш берушi ретiндегi құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлға ретiндегi құқықтарын жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi ретiндегi құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлға ретiндегi құқықтарын жүзеге асыра алады.

      5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      15-1-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң құқықтары

                 мен мiндеттерi

      1. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл өтiнiш берушiнiң, өзiмен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушiнiң немесе өзiмен немесе өзiнiң жұмыс берушiсiмен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесiнде мынадай қызмет түрлерiн:

      1) интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды иелену немесе беру мәселелерi бойынша консультация беру;

      2) өтiнiш берушiнiң атынан және тапсырмасы бойынша интегралдық микросхемалар топологияларына өтiнiмдердi ресiмдеу және жасау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру;

      3) интегралдық микросхемалар топологияларын тiркеу мәселелерi бойынша уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау;

      4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейiннен оларды сараптамаға жiберуге жәрдемдесу қызметiн жүзеге асыруға құқылы.

      2. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.

      3. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл интегралдық микросхемалардың топологияларын тiркеуге өтiнiмдер беруге және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты iстердi жүргiзуге арналған сенiмхаттың көшiрмесiн ұсынған жағдайда, көрсетiлген өтiнiм немесе қарсылық берiлген кезден бастап үш ай iшiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл тиiсiнше сараптама жасау ұйымына және уәкiлеттi органға сенiмхаттың түпнұсқасын ұсынуға мiндеттi. Түпнұсқалылығы расталғаннан кейiн сенiмхаттың түпнұсқасы қайтарылуға жатады.

      Егер сенiмхат шетел тiлiнде жасалса, онда мiндеттi түрде оның нотариус растаған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасы ұсынылуға тиiс.

      4. Егер патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша мүдделерi iс жүргiзу туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға мiндеттi.

      Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      15-2-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн

                 қайтарып алу және оның күшiн жою

      1. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл аттестаттау комиссиясының шешiмiмен:

      1) өзiнiң аттестаттау комиссиясына берген өтiнiшi негiзiнде;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

      3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң кәсiптiк қызметiнде бес жылдан астам үзiлiс болған жағдайда;

      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл қылмыс жасағаны үшiн сотталып, соттың айыптау үкiмi күшiне енген кезде;

      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

      6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл әрекетке қабiлетсiз немесе оның әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған жағдайда патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылады.

      2. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы баптың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша тiзiлiмнен шығарылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының шешiмiмен куәлiктiң күшi жойылады. Куәлiктiң күшiн жою туралы мәлiметтер патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiне енгiзiледi.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өзiнiң немесе соған негiзi бар үшiншi тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде аттестаттау комиссиясының шешiмiмен қайтарып алынады.

      Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негiздерi бойынша тiзiлiмнен шығарылған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл тiзiлiмнен шығаруға себеп болған негiздер тоқтатылып, тiзiлiмнен шығару туралы шешiм жарияланған күннен бастап үш жыл iшiнде аттестаттау комиссиясына өтiнiш берген жағдайда, бiлiктiлiк емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде қайта тiркелуi мүмкiн. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздердiң жойылу фактiсiн анықтайды.

      4. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл, бұл туралы мәлiметтер енгiзiлген күннен бастап патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметiн жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркеу туралы куәлiк қайтарып алынады не оның күшi жойылады.

      5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы Заңда белгiленген өз мiндеттерiн адал орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган құрамы уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.

      Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың пiкiрiнше, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiретiн патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған iс-әрекеттерiне олардың шағымдарын қарайды.

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң iс-әрекеттерiне шағым берген тұлғалар және өздерiне қатысты осындай шағымдар берiлген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысуға құқылы.

      Шағымды қарау нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссия уәкiлеттi органға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiнiң күшiн жою туралы сотқа талап арыз жолдауға ұсыныс жасайды не мынадай:

      1) дәлелдемелердiң жеткiлiксiздiгiне байланысты немесе объективтi шешiм қабылдауға ықпал ететiн мән-жайлар анықталғанға дейiн шағымның қаралуын кейiнге қалдыру туралы;

      2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

      Апелляциялық комиссияның шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Апелляциялық комиссияның шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      Апелляциялық комиссия туралы ереженi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Информация о работе Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге