Жауап алу түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 07:06, реферат

Описание

Бүгінгі күні қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80 % жуығы куәлердің, жәбірленішулердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Қылмыстық істерді тергеу занда көрсетілген тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерін шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Содержание

ермания индустриально развитая страна. Основными отраслями промышленности являются машиностроение, электротехническая, химическая, автомобильная и судостроение, каменноугольная.
Германия не обладает большими запасами каких-либо полезных ископаемых. Редкое исключение из этого правила, распространяющегося и на весь Центральноевропейский регион, — уголь, как каменный (Рурский бассейн), так и бурый. Поэтому её экономика сконцентрирована преимущественно на секторе промышленного производства и сфере услуг.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 34.20 Кб (Скачать документ)

Сезіктіні  және   айыпталушының   психикалық жағдайы,   олардың    әрекеттерінің   ниеті және  жеке ерекшеліктері   олардың  алдын ала   тергеудегі тәртібін  анықтайды,  ал мұның бәрі тергеушіге қандай тиімді тактикалық және психологиялық  әдістерді  қолдануына,   олармен  психологиялық қатынастар  тудыруына  септігін  тигізеді.

Қылмыс жасаған адам қылмысының әшкереленуінен және оны күтіп тұрған   жазадан қорқады. Мұның бәрі қылмыскердің психикасына әсер етеді, яғни, оның   жағдайды  дұрыс бағалауына кедергі  келтіреді,   өзін-өзі    ұстауын,  өзін-өзі қадағалауын    нашарлатады,   яғни, сезікті мен айыпталушыны депрессиялық  жағдайға  әкеледі. Әдетте  қылмыстық  жазаға тартпас бұрын қылмыс жасаған  адамның бетінде қорқыныш байқалады. Мұндай  психологиялық жағдай жауап  алынатын адаммен  психологиялық    қарым-қатынас   жасауға, жауап  алу   әдістерінің   тиімділігіне   кері  әсер тигізеді.

Жауап  алу кезінде  айыпталушының  жаны тынышсыз, қобалжу   күйінде   болады,  істеген әрекеті  жайында  туған  - туыстары, жолдастары, әріптестері, кәршілері   біліп  қояды деп қорқып, ұялады. Мұндай жағдайда   тергеушінің   мақсаты -жауап    беруші    адамға   әділ   және   толық   жауап  беруін,  және де  тек осы жағдайда  ғана   оған жақын адамдардың  көз  қарастары     сақталатынын   түсіндіру.

Әдетте, тергеушілер айналадағы адамдардың ойы оларды ойландырмайтын  айыпталушылармен ( рецидивистермен) де  кездеседі.   Мұндай айыпталушылар   әрине   "ұрлық үстінде  ұсталмаған адам  ұры емес",   "ақшаның  иесі жоқ" деген принциптерді  басшылыққа алады. Мұндай айыпталушылар  бір нәрседен айырыламыз деп қорықпайды.   Сондықтан да жауап  алу кезінде  әділ жауап   беруден   жалтарады.

Сонымен қатар, әділ жауап  беруден жалтаратын адамдар - бұл  бірінші  рет  қылмыс  жасаған  адамдар. Олар  қылмыскердің арасына  баруға және күтіп тұрған жазадан  қорқады,   сол  себептен, яғни, жазадан    құтылып  кету мақсатында жалған  жауап береді. Мұндай жағдайда тергеуші айыпталушының психологиялық  жағдайын пайдаланып айыпталушыға шын  жүректен, ағынан  жарылып шынын   айтса,  қылмыстың  ашылуына   көмектессе, сот оған жауаптылығын  жеңілдетіп  жағдайларды қолданатынын түсіндіреді.

Өмірде сезікті немесе   айыпталушы ретіндегі   кінәсіз    адамның    психологиялық жағдайы  ерекше орын  алады.  Осындай жағдайдағы сезіктімен   айыпталушылар    таңғалу, күйіну,  ренжу сезімдерін  сезінеді, өзінің кінәсіз екендігін  дәлелдеуге     тырысады, мұндай   негізсіз  кінәден тезірек  арылуға   асығады, сонымен    қатар   кінәлі еместігін  дәлелдей  алмаудан   қорқады.

Жауап алудың тиімділігі   көбінесе  сезікті мен айыпталушының  психологиялық    жағдайымен тығыз  байланысты.  Тергеуші жауап  алу  кезінде жауап алуға қолайлы   психологиялық жағдайларды қалыптастырып, жауап алуға қолайсыз жағдайларды    әлсірете  білуі  керек.

Қылмыскерде қылмыс жасалғаннан  кейін қылық уликасы қалыптасады. Қылық уликасы дегеніміз қылмыскердің қылмысын жасыруға және өзіне қауіпсіз жағдай қалыптастыруға бағытталған әрекеттері. Қылық уликасы әр түрлі болып келеді. Соның ішінде кең тарағандары: жалған алиби   қалыптастыру;  жоспарланбаған   жол жүру; тергеуді    теріс жолға түсіру    әрекеттерін   жасау; қылмыскердің жеке  басы  туралы    өтірік  өсек тарату;  жәбірленушіні    немесе   куәні   сатып   алу әрекетгері; жалған жауап беретін куәлер   қарастыру. Сезіктінің    немесе    айыпталушының    қылық уликасының  психофизиологиялық табиғатын дұрыс түсіне білетін және   оны   талдай білетін тергеуші  істі  тез және  дұрыс шешеді.

Тағы  да  бір айтатын  жағдай, қылмысты мойындап   өз   қателігін   дұрыс  түсінген айыпталушылардан аса маңызды    мәліметгер  алуға болады.  Бірақ оны  асыра  бағалап,   оған ерекше сенімділікпен  қарауға болмайды.  Өйткені,  істегі деректердің    дәлелдемелік    күштері бірдей, бірінен-бірінің  артықшылығы жоқ. Соңдықтан қылмыскердің    қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей  жағдайларда қылмыскердің жасаған  ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ   қылмыстарын мойынына алып,  тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр  қылмыстарынан  құтылып кетуге  тырысуы  мүмкін.  Айып   істегі   барлық деректердің  тұжырымды  қортындысына  ғана негізделуі тиіс.

Ғылым ретінде жауап алудағы  заң психологиясының мақсаты - тергеушінің    жауап алу кезіндегі шығармашылық тапқырлықтарына қолайлы теориялық  база   қалыптастыру.

Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін   өткізу алдында жүргізген  дайындық жұмыстары  көп әсер етеді. Куәгер  жәбірленушіден не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды    толық  оқып, танысуы керек.  Іспен толық  танысып  болғаннан кейін ,  әр жауап  алғанда    қандай мәселелерге  назар аудару керек  екендігін  анықтап, жоспарлап, жазып алуы  тиіс.   Әр жауапкерге қандай кезекте  қою  керек  екендігін  алдын ала  анықтап, белгіленген    жөн.

Жауап алуға дайындық  үстінде  осы адамның  мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық  қасиеттері  жөнінде белгілі мәліметтер жинап,  ол адамның кім,     қандай адам екенін  біліп онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек  екендігін  тергеушінің   алдын  ала  жүйелеп  алғаны  жөн.

Дайындық  жұмыстарын  өткізу барысында жауапты  қай   уақытга ,  қай   күні  алу   керектігін шешу керек. Бұл  мәселені   шешкенде, жауап алуға  шақырылатын     куәгердің     денсаулығы,  жасы есепке алынуы   керек. Әрине, егер оны біреулер   өтірік жауап  беруге   азғырып ,  көндіруі мүмкін  деген   қауіп  туса,   одан    уақыт  өткізбей дереу жауап  алған  жөн.

Жауап алу уақытын   белгіленгенде   тергеуші бұған  өзінің   бос  уақыты бар  ма,   жоқ па  соны мүқият  ескеруі  тиіс.  Бұрын басқа тергеу әрекетгері жоспарланған, басқа да   жұмыстар қат-қабат келген күнге  жауап  алуды  белгілеуге болмайды.   Асығыс, шаршап  жүргенде  өткізілген    шараның сапасы, әрине төмен болады.

Қай жерде    жауап  алу керек  екендігі де алдын ала  жоспарланады. Көбінесе    тергеуші жауапты өзінің   жұмыс  бөлмесінде   алады. Кей жағдайларда жауапкердің   денсаулығына  байланысты   жауапты  оның үйіне,  не ауруханаға  барып  алуға  тура келеді. Қылмыскер қамауда  отырса,  тергеуші  одан жауапты  көбінесе сол қамау орнында  алады. Кейде айыпкерді  тергеушінің   талап етуі бойынша, қамау орнының  әкімшілігі  тергеушінің  жұмыс  бөлмесіне жеткізеді.

Жауап  алуға  керек  жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден  жауап алғанда педагог, дәрігер не тергеушінің қалауы бойынша  жасы толмаған  куәгердің   ата-анасы  да  қатысады.

Дайындық  жұмысы   жауап   алу жоспарын құрумен  аяқталады.  Жауап  алынатын   әр адамға арнап  құрған  жоспарда, оған  қойылатын   сұрақтар жазылады,   істегі  қандай  деректер  мен  фактілердің дәлелденілетіні  көрсетіледі,   ол деректерді  қандай кезекте көрсету   керектігі  белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі  аз  жас  тергеушілерге өте  қажет. Көп эпизодты істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық  зерттеп, анықтауға  көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Жауап алуды жүргізу.

 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 82-бабы куәнәі процессуалдық  жағдайын қарастырған, ал осы заңның 86-бабы куәгердің процессуалдық  жағдайын қарастырады. Осыған орай, айтылып  отырғандар екі бір-біріне тәуелсіз екі бөлек тұлға болса керек  еді, ал бірақта ҚР Қылмыстық іс жүргізу  кодексінде куәні бірде «куә»  деп, бірде «куәгер» деп көрсете  береді. Ал ҚР Қылмыстық кодекстің 352- және 353-баптарына сай көрінеу  жалған жауап бергені үшін және жауап  беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін «куәні» емес «куәгерді» қылмыстық  жауапқа тартуды қарастырған. Осы  заң шыққанға дейін «куәгер» (ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген тұлға) әртүрлі аталып келді. Мысалы, «айғақтар», «айғақтаушы адамадар» және басқалар.

Жауап алу мен беттестіруді жүргізудің заң ережелері негізінен  ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 26-тарауында көрсетілген. Ал барлық жауап алуларға қатысты, оның ішінде беттестіруге қатысты жалпы ережелер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің айтылған тарауындағы 213-бапта көрсетілген. 

Тергеу іс әрекеті хаттамаға  түсіріп, тергеуші бәрін сұрап анықтап  болғаннан кейін, еркін әңгіме ретінде  жазылады. Жауап берген адамдардың жауабын тұжырымдап, өзгертпей жазу керек.

Тергеу іс-әрекетінің хаттамасы  тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында  немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенографиялық, киноға түсіру, дыбыс және бейне жазба қолдануы тиіс. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейне жазба материалдары іс пен бірге сақталады.

Хаттамада:

-   тергеу іс-әрекетін  жүргізу орны мен күні;

-   оның басталу және  аяқталу уақыты минутына дейін  дәл;

-   тергеушінің лауазымы мен аты -жөні;

-   тергеу іс-әрекетіне  қатысқан әрбір адамның тегі;

-   аты;

-   әкесінің аты.

Танысу үшін хаттама тергеу іс-әркетін жүргізуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады.Оларға хаттамаға енгізілуге тиіс ескертпе жасау құқығы түсіндіріледі.

Хаттамаға енгізілген барлық ескертпелер

-   толықтырулар,

-  түзетулер

көрсетілуге және олар осы  адамдардың қол қоюмен куәландырылуға тиіс.

Хатгамаға:

-   тергеуші

-  жауап алынған адам

-  аудармашы

-  маман

    • куәгерлер
    • -тергеу іс әрекетін жүргізуге қатысқан барлық адамдар қол қояды .

Тергеу іс-әрекетінің хаттамасына  қол қоюдан бас тартқан немесе қол қою мүмкін болмаған жағдайда куәлаңдыру осы кодекстің 12 бабының  сегізінші және оныншы бөліктеріне  сәйкес жүргізіледі. Хаттамаға тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде орындалған

-  фотографиялық

-   негативтер

-  суреттер

-   кино таспалар

-   диапозитивтер

-   фонограммалар

-   бейне жазба кассеталары

-   сызбалар

-   жоспарлар

-   схемалар

ал қажет болған жағдайда оның мекен - жайы көрсетіледі. Хаттамада іс-жүргізу әрекеттері олардың болған ретімен, оларды жүргізу барысында іс үшін мәні бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу іс әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелері жазылады.

Егер тергеу іс-әрекетін жүргізу  кезінде

-   фотосуретке түсіру

-  киноға түсіру

-   дыбыс және бейне  жазба қолданылса не іздің  көшірме бедері

-   таңбасы жасалса

-   сызбалар

 -   схемалар

-   жоспарлар жасалса,

онда хаттамада оны  жүргізу барысында қолданылған  ғылыми техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайы мен тәртібі бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижелер көрсетілген тиіс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуі, қамтуға тиіс. Жауап алудың бір бөлігін дыбыс бейне жазбаға түсіруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берілген айғақтарды жазып алу үшін арнайы қайталауға жол берілмейді. Жауап алу аяқталғаннан кейін дыбыс және бейне жазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып, көрсетіледі. Жауап алынып отырған адамның дыбыс және бейне жазбаға толықтыру ретіндегі айғақтарды дыбыс жазумен бейне жазуға енгізіледі. Дыбыс және бейне жазба жауап алынатын адамның бұл жазбалардың дұрыстығын куәландыратын мәлімдемесімен аяқталады.

2.   Дыбыс құралдары арқылы бекіту .

  • Дыбыс және бейне жазба қолданылған жауап алу барысында алынған айғақтар жауап алу хатгмасына енгізіледі.

Жауап алу хатгамасы сондай-ақ дыбыс және бейне жазба қолданылғаны және ол туралы жауап алынып отырған  адамға хабарланғаны туралы белгілі;

-   техникалық құралдар,

-   дыбыс және бейне  жазба шарттары мен оны тоқтата  тұру фактілері,

-   іздің көшірме  бедерлері,

-   таңбалары тіркеледі.

Егер тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында маман зерттеу нәтижелері бойынша ресми құжат жасаса , онда бұл құжат хаттамаға қоса тіркеледі, ол туралы хаттамаға тиісті жазу жазылады ,

-   жәбірленушінің,

-   оның өлімінің,

-   куәнің және олардың жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп санауға негіздер болған кезде тергеуші аталған адамдар қатысып отырған тергеу іс-әрекеті хатгамасында олардың жеке басы туралы деректерді жазбауға құқылы.

Тергеушінің шешімі бойынша,

-   айыпталушының,

-   сезіктінің ,

-   жәбірленушінің өтініші бойынша жауап алу кезінде дыбыс және бейне жазба қолданылуы мүмкін.

Тергеуші дыбыс және бейне  жазба туралы шешім қабылдайды және бұл туралы жауап алынатын адамға жауап алу басталғанға дейін  хабарлайды.

Дыбыс және бейне жазба  жауап алудың барысын толығымен  бейнелеуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын ,

-   тоқтатудың себептері  мен ұзақтығы туралы мәліметтерді;

-   жауап алынып отырған  адамның дыбыс және бейне жазба  қолдану жөніндегі мәлімдемесін ;

-   дыбыс жазбасының  жауап алынып отырған адамға  тыңдатылғаны туралы белгіні;

-   жауап алынып отырған  адамның және тергеушінің хатгама мен дыбыс және бейнежазбаның қолданылуы жөніндегі мәлімдемесін қамтуға тиіс.

Дыбыс  жазба  мен бейне  жазба   іспен    бірге  сақталады және алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін олар мөрмен бекітіледі. Айғақтардың   дыбыс  және  бейне   жазбасы басқа тергеу іс-әркеттерін жүргізу кезінде тындатылып, көрсетілген жағдайда тергеуші бұл туралы таісті тергеу іс-әрекетінің хаттамасында көрсетуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қылмыстың алдын алудың  жолдары, ол қылмысты тез арада ашу. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-тегжейі  сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексерілетін нақты іске байланысты өзіндік ерекшелігімен, өзіндік  тәсілдерімен анықталады. Дегенмен, криминалистика ғылымы жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға, мейлінше, ортақ  бірқатар тәсілдерін ұсынады. Ондай  тәсілдер төмендегідей :

а) жауап алу барысында  сұрақтардың сипатына орай айыпкер  шыққан көзін байқап қалатын деректерді пайдаланбаған жөн ;

Информация о работе Жауап алу түрлері