Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:24, курсовая работа
Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады.
1.Кіріспе 3
1.1.Жергілікті өзін-өзі басқару
1.2.Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік
2.Үкімет 3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс 19
4.Пайдаланған әдебиет 22
Мәслихат сессиясы
Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 рет өткізіледі), өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат сессиясының төрағасы, бюджеттіңдепутаттар, мәслихат хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияның төрағасы мен оның хатшысын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді.
Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Сессия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады. Мәслихат қызметінде ревизиялық комиссияның атқаратын рөлі жоғары. Ревизиялық комиссия мәслихат өкілетінің мерзіміне сайланады, олар жергілікті бюджеттің орындалуына бақылау жасайды. Тексеру нәтижесімен ревизилық комиссия мәслихат пен акиматты ақпараттандырады.
Мәслихат немесе оның хатшысы
мәслихат сессиясында қарауға
Хатшы
Мәслихат құрылымында хатшының атқаратын рөлі зор, ол мәслихаттың ағымдағы барлық жұмыстарын орындайды. Бұл лауазымды тұлға, ол тұрақты негізде жұмыс істейді. Мәслихат хатшысының оның тұрақты комиссиясының құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын аппарат құрылады, оның құрылымы мен сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды — техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.
Мәслихат аппараты жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын
Сот
Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 – 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.
Мемлекеттік қызметкерлер
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне
маманданғандығы мен
Мемлекеттік қызметкер:
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен
бекітілген шарттарын екі топқа
бөлуге болады: саяси мемлекеттік
қызметкерлердің мемлекеттік
Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері.
Мемлекеттік әкімшілік
Информация о работе Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік