Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:24, курсовая работа

Описание

Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады.

Содержание

1.Кіріспе 3
1.1.Жергілікті өзін-өзі басқару
1.2.Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік
2.Үкімет 3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс 19
4.Пайдаланған әдебиет 22

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ.docx

— 60.83 Кб (Скачать документ)
  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
  • қызметтен шығару.

Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген  тәртіп бойынша ақы төленетін  қызметте отырған және мемлекеттің  міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  азаматы мемлекеттік қызметкер  деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен  жабдықталған болуы керек.

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бакалаврдың  біліктілік сипаттамасы.

  1. Кәсіби қызметінің өрісі: халық шаруашылығын, әкімшілік- аумақтық таксондарды басқару, ұлттық компанияларда, елдің әртүрлі кәсіпорындарында менеджер мен экономистері.

2. Кәсіби қызметінің объектілері: бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі - Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі; ҚР Парламенті аппараты; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика және қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудан, қала, облыс әкімияттары) және атқарушы органдар аппараты; Ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар бола алады.

3. Кәсіби қызметінің пәні: басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативті және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, аймақтық, кәсіпорын деңгейлерінде қаржылық-экономикалық шешім қабылдау және т.б.

4. Кәсіби қызметінің түрлері: Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: ұйымдастырушылық - технологиялық қызмет. Осы мамандық бакалавры мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, нақты кәсіпорындарда, басқару технологиясын жасау және қолдану аясында білікті жұмысқа қажет барлық дағдыларға ие, соның ішінде аналитикалық, есептеу-нормативтік, кеңес беру қызметтерінде, басқарудың ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық технологиялық негізін құруға қатысады, басқа мамандармен бірлесе отырып нақты бір фирмада немесе компанияда стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың, сонымен қатар менеджменттің ең тиімді әдістерін, ережелері мен процедураларын жасайды және қолданады; 
- өндірістік-басқарушылық қызмет. Білім алу үрдісі мемлекеттік және жергілікті басқару, оның ішінде өндірісті басқарумен байланысты барлық мәселелерді жан-жақты зерттеуді талап ететіндіктен өндірістік-басқарушылық қызмет осы мамандық бакалаврының айрықша ерекшелігі болып табылады. Осы мамандық бітірушілерінің тікелей лауазымдық міндеттері халық шаруашылығын, оның салаларын және аймақтарды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Практикада басқарудың барлық белгілі қағидаларын қолдану, басқарудың әзірленген ғылыми-методологиялық және ұйымдастырушылық-технологиялық негізін пайдалану, мемлекеттің, экономика салаларының және аймақтардың экономикалық стратегиясын қалыптастыру, ағымдағы қызметті стратегиялық жоспарлау, олардың орындалуының тиімділігін талдау және т.б. 
 
-жобалық қызмет. Аталмыш мамандықты бітірушілер бұл қызмет түрін екі бағыт бойынша іске асырады: ұйымдастырушылық жобалау және жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу. Ұйымдастырушылық-жобалау басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жасауды, оларды енгізуді, бейімдеуді, сонымен қатар, бұл құрылымдардың тиімділігін және жетілдірілуін талдау. Экономикалық жобаларды талдау жаңа кәсіпорынды немесе экономикалық жобаны ұйымдастыруға қатысты және кредит, қарыз, сондай-ақ қаржылық қолдаудың барлық түрлерін алуға қажет арнаулы құжаттар (техникалық-экономикалық негіздеу, бизнес-жоспар және т.б.) мен олардың тиімділігін талдауды кездейді, ғылыми зерттеу кызметі. Осы мамандық бойынша бакалаврдың ғылыми- зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен корпорациялардың сәйкес зерттеу топтарының құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; экономика, ұйымдастыру, басқару салаларындағы ғылыми ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу; 
-білім беру немесе педагогикалық қызмет. Бакалаврдың білім беру немесе педагогикалық қызметі орта арнайы оқу орындарында жүзеге асады.

5. Кәсіби қызметінің функциясы: Кәсіби қызметінің функциясы болып табылатындар: әкімшілік-аумақтық бірліктердің (округтардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың) және Қазақстан Республикасының әртүрлі сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамуды басқару іс-әрекетін жүзеге асыру; 
-әкімшілік-экономикалық тетіктерді жетілдіру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында аумақтардың, әкімшілік аудандар мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму процесін сипаттайтын көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жүргізу; 
-жалпымемлекеттік мүдделердің басымдылығын сақтай отырып оларды жүзеге асыратын жергілікті факторлар мен шарттарды ескеретін ғылыми негізделген шаруашылық шешімдер қабылдау; 
-экономиканың копукладтылығы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жағдайында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық және элеуметтік даму перспективасын ғылыми дәлелдеу үшін жоспарлы болжамдық есептеулер жүргізу; 
-экономиканы дамыту және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселелері жөнінде заңдылыққа бастамашылық білдіруде жергілік- ті өкілетті органдардың белсенділігін ынталандыру мақсатымен аналитикалық, анықтамалық, нормативті-нұсқаулық және басқа да материалдарды дайындау; 
-еңбек кұралы мен нәтижесіне меншік нысандарының әртүрлі арақатынас жағдайында тек жергілікті шаруашылықтың ғана емес, сонымен қатар, экономиканы баскарудың жергілікті органдарының да кұрылымының тиімділігін арттыру мен жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу.

6. Кәсіби қызметінің типтік  міндеттері. Бакалавр дайындауда кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: 
- ел және оның аймақтарының экономикасы, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқару, мемлекетті және оның аумақтық бірліктерін басқару саласында толықтай, сапалы жоғары білім мен кәсіптік құзірет алуы; 
-жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету, сауатты сөйлей білу, гуманитарлық мәдениетке ие болу, жоғары адамгершілік, этикалық, құқықтық нормаларды игеру, экономикалық ойлау, басқарушылық еңбектің ғылыми тәжірибесіне қол жеткізу; 
-творчестволық әлеуетін, өзінің жеке ынтасын және жаңашылдығын дамыту; 
-жоғары білім беру саласында әрі қарай оқуын жалғастыру; 
-мамандық бойынша жылдам жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететіндей, еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілетті болуы; 
-студенттің жеке оқу бағдарламасын таңдауы.

7. Кәсіби қызметінің бағыттары: тиісті аймақтардың (аудандардың, қалалардың, облыстардың) экономикалық және әлеуметтік дамуын талдау; 
-басқару объектісі шегінде әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру; 
-селолық аумақтардың, аудандардың, қалалар мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық орта және ұзақ мерзімді даму перспективасын анықтау; 
-экономиканы басқару органдарының құрылымын жетілдіру бойынша тиісті деңгейде шешім қабылдау үшін мәселелерді негіздеп дайындау; 
-қалыптасқан жергілікті жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік Бағдарламаларды, жоспарларды, шешімдерді түзету қажеттілілігін айқындау мақсатымен экономиканы басқарудың орталық және жергілікті органдарының оларды орындауларына мониторинг жүргізу; 
- селолық елді мекендердің, округтардың, аудандардың, қалалар мен облыстардың экономикасы мен әлеуметтік өмір сүру сферасын басқару.

8. Кәсіби қызметінің мазмұны  -экономикалық талдау жүргізу; 
-салалық және аймақтық деңгейде басқару объектілерінің әлсіз және күшті тұстарын анықтау; 
-басқару объектісінің даму стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы қауіптері мен мүмкіндіктерін анықтау; 
-басқару объектісінің стратегиялық мақсаттарына жету үшін жобалық шешімдерді дайындау,

9. Мемлекеттік және жергілікті  басқару мамандығы бойынша бакалаврдың  негізгі қызметіне қойылатын  талаптар. Білуі керек: 
-экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық - әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін, макроэкономикалық процестерді реттеуді, халық шаруашылығын тиімділігін қамтамасыз етуді; 
-шешілуі жалпымемлекеттік, салалық, аймақтық мүдделердің бір мезгілде есепке алынуын талап ететін халық шаруашылығы мәселелерін үйлестіруде жоспарлы және нарықтық үлгілердің әдістері мен негіздерін біріктіре қарастыруды; 
-халық шаруашылығын және оның салаларын басқарудың мемлекет- тік және жалпыэкономикалық органдарының құрылымы мен қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін. хабардар болуы керек: 
- маманның іскерлік этикасын анықтайтын, қоғамдағы қатынастарды реттейтін және этикалық нормаларынан; 
-орталық және жергілікті басқару органдарының сыртқыэкономикалық қызметтерін жүзеге асыру және оның тиімділігін арттыру, ұйымдастыру негіздерінен;  
- ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және сақтауда қазіргі компьютерлік технологиядан; -мемлекеттік, орыс және бір шет тілінен. Ұйымдастыра алуы керек:  
- мемлекеттің экономикалық саясатын негіздеу бойынша, алдағы уақытқа мақсаттарды анықтау және ел мен оның әкімшілік-аумақтық таксондарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарын әзірлеу жөнінде тиісті ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізуді; 
-өзінің жұмысында мемлекеттік реттеудің жэне экономикалық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесін қолдана білуді; 
- алдағы кезеңге қоғамның өндіргіш күштерін тиімді орналастыру жолдары мен концепциясын негіздеуді; 
-облыстардың, аймақтардың (қаладағы аудандардың) және қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларын әзірлеуді және оларды жүзеге асыру әдістерін; 
-қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, білім алу және оны жаңартуды. Дағдысы болуы керек: 
-облыстардың, аудандардың, қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарын әзірлеу; 
-өндірістік-басқарушылық қызмет; 
-халық шаруашылығын, оның салалары мен аймақтарды басқарудың тиімді жүйесін құру; -практикада басқарудың барлық белгілі қағидаларын қолдану. 
Жетік білуі керек: 
-қазіргі компьютерлік технология саласын; 
-халық шаруашылығы проблемаларын реттеу, оның тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету саласын; 
-мемлекеттің экономикалық саясатын негіздеу және алдағы кезеңнің мақсаттарын белгілеу саласын.

 

3. Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс - Қ.Мәми

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Өскеменде Шығыс Қазақстан  облысы жергілікті депутаттары мен  активі алдында сөз сөйледі.

Қ.Мәми 2011 жыл қазақстандық мемлекет қалыптасуы мен дамуының тарихи белесі екенін атап өтті. Ол кездесуге қатысушыларға  Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы декларация қабылдау жөніндегі Парламент бастамалары  туралы айтты, онда Қазақстанның егеменді дамуының басты жетістіктері көрініс  табатын болады Ал жергілікті өзін-өзі  басқаруды дамыту мәсселелеріне  қатысты айтар болсақ, ол «мемлекеттік басқару жүйесіндегі толыққанды және күшті буын болуы тиіс», сенаторлар Өскеменге кездейсоқ келген жоқ, деп атап өтті спикер. Мұнда 1996 жылдан бері Өскеменде жұмыс жасап жатқан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастырудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Нақ сол кезде қалада жергілікті өзін өзі басқарудың алғашқы комитеттері пайда болды, жұртшіліқ кеңесі, ақсақалдар кеңесі, т.б. белсенді жұмыс жасады.

«Бұл жергілікті проблемаларды  шешуге халықты белсенді тартудың үлгісі болды», деп атап өтті Қ.Мәми. Ол шығыстың бастамасы жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін дамыту жөніндегі тиімді құқықтық база қабылдауға көмектесетінін баса айтып өтті. Спикердің айтып  өткеніндей, оң тәжірибені зерделеу жергілікті басқарудың қазақстандық моделін жетілдіруге  қызмет етпек.

«Ағымдағы жылғы сәуірде кеңейтілген  отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің  алдына жергілікті өзін-өзі басқаруды  едәуір кеңейту, мемлекеттік өкілеттіліктің бір бөлігін жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына беру жөнінде  бірқатар нақты міндеттер қойды. Жергілікті өін-өзі басқару азаматтық  бастамаларды және жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың  өздері тұратын аумақта істің  жай-күйіне ұжымдық жауапкершілігін  дамытуға жәрдемдесетін болады», - деді Қ.Мәми.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы  жергілікті мәслихаттармен өзара іс-қимыл  жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы  он-лайн режимінде өтіп, қатысушылар  аудиториясын едәуір кеңейтті. Жергілікті депутаттар және облыс активінің  өкілдері сайлаушылардың ҚР Парламенті жоғарғы палатасының спикеріне  алғаш рет тікелей сұрақ қою  мүмкіндігін пайдаланды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан  қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Лопаткинді «экологиялық төлемдер»  мәселесі толғандырды. Оның айтуынша, 1992 жылы қабылданған Семей ядролық  сынақ полигонынан зардап шеккендерге  төленетін өтемақы сол жылы қаражат  жетіспеушілігінен тоқтап қалған. «Қазір істің жағдайы қандай?», - деді В.Лопатин. - Зейтнеткерлерге жыл сайын өтемақы  бола ма?».

Риддер қаласы аудандық мәслихатының хатшысы Галина Денисова ағымдағы зейнетақы  заңнамасына қатысты сұрақтар қойды, зейнетақы мен еңбек өтілін есептеудегі  әділетсіздікке назар аударды, жетімдерді әлеуметтік қорғау, тыл еңбеккерлерінің  мәртебесі мәселелерін қозғады. ҚР Парламенті жоғары палатасының спикері  өзінің орынбасары Александр Судьинге «аймақтардан келген осындай хаттар бойынша мәселелерді шешу» жөнінде  қолма-қол тапсырма берді.

Кездесу соңында Қ.Мәми белсенді жұмысы үшін облыстық мәслихаттың депутаттары  Темірлан Оралбаевқа, Рая Рахымға, Әсемхан  Досқожановқа және аудандық мәслихат хатшысы Галина Денисоваға ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарын тапсырды. Кеңестің көшпелі отырысына Палата вице-спикері Александр Судьин, депутаттар Т.Абайділдин, С.Плотников, Н.Сүлейменов қатысты.

Сол күні Өскеменде «Шығыс Қазақстан  облысы тәжірибесінде жергілікті өзін-өзі  басқарудың заманауи моделін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында «дөңгелек  үстел» өтті. Сонымен қатар сенаторлар аймаққа сапары барысында қаланың  өнеркәсіп кәсіпорындарында, әлеуметтік нысандарында болды, «Нұрлы көш» кентінің оралмандарымен, этноауылдың этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет:

        [1]Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

[2]Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

[3]Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

[4]Қазақстан энциклопедиясы, VII-том

[5]Институт экономики и права (каз).

[6]“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

[7]ҚР Конституциясы. Юридическая энциклопедия, М., 2001; Давыдов Н.М., Суд и права личности, сборник статей, М., 2005.

[8]Қазақ Энциклопедиясы 6 том.

 

 


Информация о работе Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік