Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 12:23, курсовая работа
Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1320, тауарлар 1330, 1340 аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі
II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы
2.2 Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР
1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі
II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы
2.2 Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
- олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен
- нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Өндіріс үрдісінде бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын қорлардыңалатын орны өте зор.
Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1320, тауарлар 1330, 1340 аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы - транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.
Шаруашылық қызметпен және қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және тағы басқалар.
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі
Қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.
Қорларды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар
Реттік номері | Құжаттың аты |
1 | 2 |
1 | «Қорлардың есебі», бухгалтерлік есептің 7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының 13.11.1996ж № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2003ж №27 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен және өзгертулерімен) |
2 | ҚР-ның салық бюджеттеге төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексі. 12.06.2001 жыл № 209-2 «2004 ж 22- қазанда жасалған өзгертулермен және толықтырулармен » |
3 | ҚР –ның Кеден кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2004 жылғы 9 шілде жасалған өзгертулермен және толықтырулар |
4 | ҚР-ның Валюталық реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж 1995ж 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулар |
5 | ҚР-ның вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997 -1 2003ж 9-шілде өзгертулермен және толықтырулар №482-2 |
6 | ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы 26.12.1995 №273 2004 ж 11 маусымдағы өзгертулермен және толықтырулар |
7 | Фискалық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж |
8 | Кәсінорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым талаптар қою және құрау мен шаруашылық келісім шарттар бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралыЕреже-Нұсқау:ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы, №111 15.02.1995 |
9 | Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінді заңдарды қолдану тәжірибесі туралы:ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының қаулысы, №4 23.12.1993 ж |
10 | «Қорларды алуға сенімхат беру және оларды сенім-хат бойынша босату тәртібі туралы» , 06.03.1998ж. №41 әдістемелік ұсынымдар |
11 | "Қаржылық қорытынды есепті дайындау тапсырудың тұжырымдамалыұ(концептуалдық) негізі".ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29 10 2002 ж |
12 | "Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы" :ҚР Қаржы Министрлігінің №128 бұйрығы , 19.03.2004ж |
13 | "табыс " деп аталатын бух. есептің №5 ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар:ҚР Қаржы Министрлігінің бух.есеп және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997 ж |
14 | "Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі" 5" табыс " деп аталтын бух. есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар.ҚР Қаржы Министрлігінің №457 бұйрығы .31.12.1997ж |
15 | "Бух. есеп регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің №72 ереже нұсқау 24.11.1997ж |
16 | Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж |
17 | Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж |
18 | "Вексельдік операциялардың бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хатты, 07.02.2001ж |
II. Қорлар есебінің аудиті
2.1. Қорлар аудитінің бағдарламасы
Қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
- Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;
- Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
- қолда бар қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
- қойма есебінің, қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
- Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
- Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.
Қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы
Рет нөмір | Аудит процедуралары | Ақпарат көздері |
1 | Қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру | Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с. |
2 | Қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру | Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б. |
3 | Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру | Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б. |
4 | Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру
| Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с. |
5 | Қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау | Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері |
6 | Кәсіпорынның өндіріс қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау | Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар |
Қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.
Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
2.2. Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.
Қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,
рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға құқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.
Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс.
Қоймашы материалдардың әрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған орнының тұсына жапсырып қояды. Таңба қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.
Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап, оларды натуралды түрде жүргізеді.
Карточканы бухгалтерияда немесе электронды есептеу техникаларында ашып, оған қоймасын, нөмірін, материалдардың аталуын, маркасын, сортын, кескінін, көлемін, өлшем бірлігін, номенклатураның нөмірін, есептік бағасын және шектеуді жазады. Содан кейін карточка қоймаға беріліп, қоймашы материалдардың кіріс, шығыс және қалдық бағаларын толтырады. Операциялардың жасалған жұлдызына (күніне) қоймашы карточкаларға бастапқы құжаттарының (кіріс ордерлерінің талап ету накладнойлардың және т.б.) негізінде жазуларын жүргізеді.
Осының арқасында қоймадағы материалдық қорлардың жағдайы туралы жедел мәлімет алуға болады. Егер материалдардың қалдықтары бекітілген қор нормасынан жоғары немесе төмен болса, ол туралы қойма меңгерушісі жабдықтау бөліміне хабарлауға міндетті.
Бүлінген Қорларды жабдықтаушылармен ауыстырғанда:
Д-т 1420 К-т 1410
Егер жақтардың келісімі бойынша қорлардың бағасын төмендету сұрақтары шешілген болса:
Д-т1410 К-т 1420
Егер сатып алушылармен төлем жүзеге асырылмаса, қарыздар азайса:
Д-т 3310 К-т 1410
Егер төлем жүзеге асырылса:
Д-т 1030 К-т 1410
Информация о работе ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ