ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 12:23, курсовая работа

Описание

Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1320, тауарлар 1330, 1340 аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .

Содержание

1.1 Қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері
1.2 Қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі

II. ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

2.1 Қорлар аудитінің бағдарламасы
2.2 Қорлардың қоймадағы есебінің аудиті

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.doc

— 104.50 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

 

      Осы курстық жұмысты қорыта келе,  төмендегідей мәселелерге тоқталдым. Бірінші бөлімде: қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі қарастырылады.

   Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

      Аудитор бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.

  Аудитордың жұмысының маңызды бағыттарының бірі -өндіріс қорларына талдау жасап, шаруашылықтың кідіріссіз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.

     Материалды құндылықтарға талдау жасау үшін, қоймалық есеп карточкаларын, айналым (қалдық) ведомостарын және түгелдеу көшірмелерін, сонымен қатар бастапқы құжаттарын қолданады.

    Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

     Аудитордың алынатын қорлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің саны, мөлшері мен сапасы бойынша, сонымен қатар бағалар мен тарифтердің сақталмауына, есептеу құжаттарында арифметикалық қателердің табылуына, өлшеу мен таразыға тарту кезіндегі қателерге байланысты берілген шағымдардың дер кезінде берілуін тексеруге зор көңіл бөлуі керек. Сонымен қатар түгендеу процесі қалай бақыланатындығын, оны жүргізу бойынша қандай нұсқаулықтардың бар екендігін және қандай ереже бұзушылықтар анықталғандығын білу керек.

     Қорыта келгенде, өндіріс қорларын аудиттеу кезінде аудитор материалдарды кіріске алудың дер кезінде және толық жүзеге асырылғандығына, оларды өндіріске, шаруашылықтың басқа да бөлімшелеріне және сыртқы мекемелерге босатудың заңдылығына көз жеткізуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Сәтмырзаев  Асан  Абдасбекұлы,  Уқашев  Бақыт  Еркінбекұлы.

  Аудит  теориясы;  оқу  құралы – Алматы  Р.Б.К  2000ж.

 

2.Сәтмырзаев  Асан  Абдасбекұлы,  Уқашев  Бақыт  Еркінбекұлы.

  Аудит  теориясы;  оқу  құралы   Ұлағат университеті  Алматы                                      1998ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ