Атап айтқанда «Бөтеннің
мүлкін талан-таражға салуды саралаудың
кейбір мәселелері туралы» 1996
жылғы 25-шілдедегі қаулысының 7 пункітінде
қылмыстың берілген түрі үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
жасқа жетпеген немесе есі
дұрыс емес деп танылған тұлғамен
бірлесіп жасаған қылмыс адамдар
тобымен жасалған талан-тараж
ретінде бағаланбайтындығы көрсетілген.
Қатысушылардың
жеке жауаптылығы қағидасы қатысушылар
мен орындаушының жауапкершілігінің
әртүрлі болуы мүмкіндігінен
көрініс табады. Мысалы, орындаушы
қылмысты аяғына дайін жеткізуден
өз еркімен бас тартуына байланысты
қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы
мүмкін. Бірақ, ұйымдастырушы, айдап
салушы, көмектесуші тұлғаны қылмыс
жасауға көндіруге бағытталған
ұйымдастырушылық әрекеттері немесе
жасалуы мүмкін қылмысқа көмек
көрсеткені үшін 24, 28 баптар бойынша
және ҚК-тің Ерекше бөлімінің
тиісті бабымен жауаптылыққа
тартылуы мүмкін.
Қатысушылықпен жасалған
қылмысты саралау барысында жауаптылықты
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды
есепке алу олар жасалған іс-әрекетке
және ұйымдастырушының, айдап салушының,
көмектесушінің жеке бастарына қатыстылығы
тәуелділікте шешілуі тиіс.
Ұйымдастырушыға, айдап салушыға
немесе көмектесушіге қатысты мән-жайлар
тек олардың әрқайсысының іс-әрекеттерін
саралау барысында ғана есепке алынады
және басқа тұлғалардың әрекеттерін
саралау барысында есепке алынбайды.
Мысалы пайдакүнемдік ниетпен қасақаналықпен
адам өлтіруде ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі
«з» пункіті бойынша жауаптылыққа
тартылса ал осы қылмысты орындаушының
әрекеттері 2 бөлімнің басқа пункттерімен
саралануы мүмкін.
Орындаушының іс-әрекеттеріне
және жеке басына қатысты жеңілдететін
және ауырлататын мән-жайлар әртүрлі
заңи салдарды туындатуы мүмкін. Мысалы,
егер орындаушы жәбірленушінің мүшелерін
немесе тінін пайдалану мақсатымен
адам өлтірсе онда әрбір қатысушының
әрекеттері орындаушының әрекеттері сияқты
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлімі «м» пункті бойынша
саралануы тиіс.
Қылмыстың субъектісін сипаттауға
қатысты мән-жайлар өзге қатысушылардың
әрекеттерін саралауға әсер етеді.
Мысалы әскери қылмыстардың субъектісі
болып жалпы ереже бойынша
әскерге шақыру бойынша не келісім
шарт бойынша Қазақстан Республикасының
басқа да әскерлері мен әскери
құрамаларында әскери қызмет атқарушы
әскери қызметкерлер сондай-ақ жиындардан
өтуі кезіндегі запастағы азаматтар
табылады.
Әскери қылмыстардаң
орындаушысы болып тек көрсетілген
белгілерге ие тұлғалар ғана
танылады. Оларға ие емес тұлғалар
орындаушы бола алмайды бірақ
ұйымдастырушы, айдап салушы, немесе
көмектесуші ретінде қылмыстық
жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы,
әскери қызметкер қашқындық жасайды.
Оның іс-әрекеттері ҚК-тің 373 бабы
бойынша саралауға жатады. Басқа
қатысушылардың іс-әрекеттері сол
бап бойынша ҚК-тің 28 бабына
сілтеме жасау арқылы саралануы
тиіс. Осы жағдайда олардың іс-әрекеттері
ҚК-тің 373 бабы 2 бөлімімен алдын
ала сөз байланысқан адамдар
тобымен (егер осындай сөз байласу
анықталса) жасалған қашқындық
ретінде саралануы тиіс.
Орындаушының
жеке басына қатысты және қылмыс
субъектісінің белгілері болып
табылмайтын мән-жайлар тек орындаушының
өзінің әрекеттерін саралау барысында
ғана ескерілуі тиіс. Мысалы, алаяқтықты
бұрын қорқытып алушылық үшін
екі рет сотталған адам жасаса
ал оған көмектесуші бұл саралау
белгісіне ие емес тұлға болса
онда орындаушы ҚК-тің 177 бабының
3 бөлімі «в» пункіті бойынша
жауапқа тартылады ал көмектесуші
(егер олардың арасында алдын
ала сөз байласу орын алған
болса) ҚК-тің 28 баб, 177 баптың 2 бөлімімен
жауапқа тартылуы тиіс. Сонымен
қатар кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске тартудың орындаушысы
және айдап салушысының іс-әрекеттерін
де саралау да осылай жүргізілуі
тиіс. Егер бұл қылмыстың орындаушысы
ата-ана педагог немесе кәмелетке
толмағандарды тәрбиелеу міндеті
заңмен жүктелген өзге адам
болып табылмайтын бұл қылмыстың
айдап салушысы ҚК-тің 28 және 131
баптың 1 бөлімімен жауапқа тартылуы
тиіс.
Қатысушының шектен
шығуы барысында қатысушылардың
әрекеттерін саралау белгілі
бір маңызға ие. Қазақстан Республикасының
ҚК-нің 30- бабына сай қылмысқа
қатысушының, басқа қатысушылардың
ойында болмаған қылмысты жасауы
оның шектен шығушылығы деп
танылады. Шектен шығушылық үшін
басқа қатысушылар қылмыстық
жауапқа тартылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында
қатысушының шектен шығушылығын
сандық және сапалық 2 түрге бөлу қабылданған.
Сандық шектен шығушылық ретінде
қатысушы, топтық барлық қатысушылармен
алдын ала келісім жасалған қылмыспен
бір тектес қылмыс жасаған кезде
орын алады. Мысалы ұрлықтың орындаушыларының
бірі басқа қатысушылардан жасырын
мүлікті (басқа қатысушылармен бірге
ұрланған мүліктен бөлек) басқа ұрланған
мүліктермен қоса есептегенде 500 айлық
есептік көрсеткіштен асып түсетін
мүлікті ұрласа ол ҚК-тің 175 бабының
3 бөлімімен жауапқа тартылады, ал
қалған қатысушылар егер ұрланған мүліктің
бағасы аталған көрсеткіштен асып түспесе
ҚК-тің 175 бабының 2 бөлімімен жауапқа
тартылады.
Қылмысқа қатысушының
топтық жасауға сөз байланысқан
қылмысымен бір тектес болып табылмайтын
қылмысты жасауы қатысушының шектен
шығушылығының сапалық түрі болып
табылады. Мысалы, адамдар тобы дәріханадан
медикаменттерді ұрлау барысында
олардың біреуі, олардын бөлек
наркотик заттарды ұрласа. Ол екі қылмыс
жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады:
ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 175 бабы)
және наркотикалық заттарды талан-таражға
салғаны үшін (ҚК-тің 260 б) ал, қалған
қатысушылар тек ұрлық жасағаны үшін жауаптылыққа
тартылады.
Айыпталғандардан шығатын
қортынды қатысушының шектеу шығуы
ұйымдасқан топтарда және қылмыстық
қауымдастықтарда орын алатын алдын
ала сөз байласу арқылы жасалатын
топтық қылмыстарда ғана мүмкін болады.
Бірігіп қатысушылықтың
ең қауіпті нысандары болып
ұйымдасқан топ және қылмыстық
қауымдастықтың табылатыны белгілі,
құқыққорғау, шаруашылық және
басқа органдар қызметкерлерінің
коррупциясы арқылы сипатталады.
Бұл қылмыстық топтар үшін
топтар үшін қауіпті болып
табылатын тиісті мемлекеттік
қызметкерлер мен қоғамдық қызметкерлердің
іс-әрекеттерін бейтараптандыруға
мүмкіндік беріп ғана қоймай
сонымен қатар олардың қызиетін
өз мақсаттарына бағындыруға
олар арқылы осы мақсаттарға
ресми құрылымдарды пайдалануға
оларға қатырына енуге мүмкіндік
береді.
Қылмысқа қатысушылықтың
көрсетілген нысандарымен жасалған
қылмысты саралау үшін олардың
белгілерін анықтау қажет. Ұйымдасқан
топтың сипаттау белгілері болып
бір немесе бірнеше соның ішінде
ауыр және аса ауыр қылмыстарды
жасау үшін күні бұрын біріккен
топтың тұрақтылығы. Алдын ала
сөз байласуда қатысушылықтың
берілген нысанасының міндетті
белгісі болып табылады. Олай
болмаған жағдайда қылмыс жасау
үшін күні бұрын бірігу мүмкін
болмайды.
Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық
ұйым) үшін өзіндік белгілер топтың
тығыз ұйымдасқандығы және оны құрудың
мақсаты ауыр және аса ауыр қылмыстарды
жасау болып табылады. Аталған
белгілердің біреуінің болмауы
қылмыстық қауымдастықтың қатысушылықтың
нысаны ретінде жоқ екендігіне дәлел
болады. Мысалы, топтың тығыз ұйымдасқандық
белгісі, белгісінің болмауы олар әртүрлі
сипаттағы соның ішінде ауыр және
аса ауыр қылмыстарды жасау үшін
құрылған топ болсада. Бұл жағдайда
ұйымдасқан топтың (тұрақтылық белгісі
бар болса) бар екендігі танылады.
Қылмыстық қауымдастықтың екінші міндетті
белгісі топ тек ауыр және аса
ауыр қылмыстарды ғана жасау үшін
ұйымдасқан болуы тиіс. Мысалы, тығыз
ұйымдасқан қылмыстық топ жала жабуды
тарату үшін құрылған болса қылмыстық
ұйым болып табылмайды.
Қазақстан
Республикасының ҚК-нің 31 бабының
5 бөліміне сай ұйымдасқан топты
немесе қылмыстық сыбайластықты
құрған не оларға басшылық
еткен адам кодекстің Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында
көзделген жағдайларда оларды
ұйымдастырғаны және оларға басшылық
еткені, сондай-ақ қылмыстар оның
қаскүнемдік ниетімен қамтылса,
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған
барлық қылмыс үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Құқық
қолдану қызметінің процессінде
ұйымдасқан топты немесе қылмыстық
қауымдастыққа басшылық жасаудың
нені білдіретінін анықтап алудың
маңызы зор. Ұйымдастырылған қылмыстық
топтың жұмысының бағытын анықтау
(қылмыстық іс-әрекеттердің жоспарын
жасатау, топ мүшелері арасында
міндеттерді бөлу, қылмыстық қол
сұғу объектісін анықтау, қылмыстық
құрылым мүшелеріне нұсқаулар
мен тапсырмалар беру т.б.) болып
табылады.