Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Содержание

КІРІСПЕ.
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ.
1.Жаза ұғымы және оның белгілері
2.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4.Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау.
5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
7.Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Жаза тағайындау.doc

— 337.50 Кб (Скачать документ)


Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Жоспар.

КІРІСПЕ.

І  ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ.
1.Жаза ұғымы және оның белгілері
2.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4.Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау.

5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
7.Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында.
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда  қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.  
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

1.Жаза ұғымы және оның белгілері

Қылмыстық қүқык әдебиеттерінің сарапталған мәліметтеріне қарағанда, .заңгер ғалымдардың арасында жаза түсінігі турзлы бірдей көзқарас жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабына сойкес «Жаза дегеніміз сотгың үкімі бойынша тағайьтндалатын мемлекетгік можбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп табылған адамға қолданыла-ды және ол адамды қүқықтары мен бостандық-тарынан, осы кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады». Қазақстан Рес-публикасында жаза үгымы қылмыстық заңнама-ның басты тарауында қарастырылған. Заңгср ға-лымдардың көптеген еңбектері осы мәселсні тал-қылаута арналған. ҚР К,К-да жаңалық ретінде үсынылған жаза мәселелері Н. Дулатбеков. С. Рахметов сияқты көрнекті зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған1.

Жазаның үғымы мен мазмүнынын, анықта-масы қарастырылып отырған мәссленің басты кезендері болып табылады. Қылмыстық заңна-маның дамуы, кылмыс қүрамдарынъщ және санк-циялардың езгерістеріне әсерін тигізуде мәні зор екенін ескере кету керек. Жазаның мөлшерлерінін және түрлсрінің езгеруі, криминализацияның кө-беюіне байланысты деп айтуға болады. Жазаның жалпы көкейкесті мәселелері, көбінде жазаның үғымы мен мазмүнын дүрыс аныктауға байла-нысты болады.

Заңнамада корсетілген «жаза» түсінігінің езін элементтеп талдау керек. Қылмыстық қүқықтьщ функцияларын іске асыруында қылмыстық жа-заның өте маңызды екейдігін белгілейміз. Қыл-мыстық күқықтың мәнді бір Ішституты қылмы-стық к.үқықтың олеуметтік-превентивтік функ-цияларын өмірге енпзуте әсер ететш, қылмыс-тық жаза институты болып табылады. Қылмыс-тық құқықтын, тиімділігі жоніндегі мәселе айтар-лықтай дәрежеде кылмыстық жазанын тиімділігі туралы сүрақта жинақталып, жазаның мақсатта-рын дүрыс анықтауға байланысты2.

Сонымен қатар, ҚР К,К 38-бабына, ҚазССР Қылмыстық кодексінің нормаларымен салыстыр-ғавда (атап айтканда 20-бабы) маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Олар ғылыми түрғыда ойлануды қажет етеді. Жоғарьща айтыл-ғанның негізінде, біз осы жаңалықтарды ашуды талап етіп көрдік.

Айта кететіні, зақ шығарушылар осы бап-тың бірінші болімінде жазаның үғымын нақты түрде айқындан берді, ал жазаның қолдану мақ-саттарьга осы баптың дербес күйіндегі екінші бөлімінде қарастырды. Жазаньщ осы анықтама-сы ең толық жоне дүрыс болып табылады, себебі, онда мемлекеттің қорғауында болатын азамат ретінде түлғаның қүқықтық жағдаііын бүзбай-тын, жазаның түлғаға қолданылатын барлык, қажетті шарттары бар.

Біріншіден, жаза дегеніміз, сотгың үкімі бой-ынша тағайындалған мемлекеттік можбүрлеу шарасы. Осынық негізінде бірнеше сұрак туын-дайды:

1.  Осы мәжбүрлеу немен айкындалады немесе неге негізделеді?

2.  Мемлекет мәжбүрлеу аркылы қандай нәрсеге жауап беруі мүмкін?

Күкықтың кез келген нормасын сақтау мәжбүрлеу ету арқылы қамтамасызетіледі. Мәжбүр-леу үрдісі коғамдык емірдің қүк,ықтық ретгеуі жоқ салаларында да тиісті орнын алады, тіптікүкық та, мемлекет те болмаған кезде ол орын алып түрған3. Баскаша айтқанда, біз жеке ережелері, нормалары, заңдары бар қоғамда өмір сүріп жатырмыз, ал осылардың сң болмаса біреуін сақ-тамаған кезде қоғамымыздың калыптасқан шарт-тарын бүзуына тиісті түлғаға мемлекет тарапы-нан қажетті мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Қүқық нормаларын сақтауды камтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолданылатын можбүр-леу бүзылған қүқықты кайта қалпына келтіру немесе келешекте бүзушылықтардың алдын алу мақсатында болуы мүмкін.

Екіншіден, жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады (ҚазКСР ҚК-де бүл белгі болған жоқ) және ол адамды қүқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның әлеуметтік мәні осы. Яғни, адам дүрыс өмір сүріп, барлық үсыныл-ған жәнс өмірге сай келетін мүмкіндіктерін пай-даланылады. Ол, мысалы, өз ісінде, орекеттерінде еркін және олеуметтік жағынан шектелмеген. Ал жазаға алынған адамның өмірі мүлдем басқаша. Жаза адамға шарасыз азап келтіреді. Жаза қылмыскерді қорқыту үшін жоне түрақсыз эле-мснттсрге әсерін тигізу үшін азап кажет. Бірақ, дәл осы қасиет жазаның қажетті белгісі болса да, азал үрдісі жазаның мақсаты болып табылмайды. Жаза азап шеккізу нәтижесінде объек-тивті және шарасыз қылмыс жасаған түлғаға және айналадағы адамдарға да психикалық әсерін тигізеді, себебі, қылмыскер де, басқа түлғалар да жаза аркылы келтірілетін шектеулер мен аза-пқа түсуді қаламайды.

Жоғарыда көрсетілген екі пункт бір-бірімен тығыз байланысты. Қылмыс жасап, айыпкер ретінде белгіленген түлғаның бостандықтары мен қүқықтарын шектеуді немесе одан айыруды жү-зеге асыру тек қана мемлекеттік можбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Осы жерде айта кететіні, мемлекетгік мәжбүрлеу тек қана шарт болып та-былады.

Бұрынғы КдзКСР заңнамасында, атап айтқан-да Қылмыстык кодсксінің 20-бабында «жаза тек кана сазайын тарттыру емес». Басқаша айтқанда, жаза ішінара сазайын тарттыру болып танылған. Жазаның мәнін түсіиудің қиьшшылығы, тек қана ғылымдағы жазаның сазайын тарттыру қырын лқтау жолдарының ор түрлілігіне байланысты емес, сазайын беру табиғатының да әр түрлілігіне байланысты. Заңдылық жүйесінің тарихи дамуы заңдылықты жаңарту кажеттілігін айқындады. Осының негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі пайда болды, ал оның 38-ба-бының 1 -бөлігінде жазаның толық және дүрыс анықтамасы берілді.

Енді, тікелей жазаның мақсаттарына токталайық. Жоғарыда керсетіп өткеніміздей, ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабында жазаның мақсаттары жазаның үғымынан жеке қарасты-рылады, яғни заң шығарушылар жазанын. үғымы мен мақсаттарын бөліп қарастырды. ҚазКСР Қылмыстық кодексінің 20-бабында жазаның мақсаттары келесі түрғьща анықталған: жаза сот-талған адамды түзеу және оның кезқарасын адал еңбекке, заңдарды нақты орындауға, социалистік өмір жагдайыньщ тәртібін күрметтеуге кайта тәрбиелеу және сотталған адамның да, басқа адам-дардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Қазіргі кездегі заннамада «қайта торбиелеу» сиякты мақсат жоқ. Заң шығарушылар оны ҚР Қылмыстық кодек-сінің 38-бабына кіргізбегені өте орынды, себебі ол біздін, мемлекетіміздің қоғамдық қүрылы-мына сай келмейді. Осыдан басқа, «адамды қайта тәрбнелеу» - бүл оның әдеттерін, оның өзін, қажет болған жағдайда онын түрмыстық жағдайын өзгерту, яғни жаңа түлғаны «жарату» болып табылады. Байкап отырсак, адамның тілеуінсіз, оның әдеттерін, жылдар бойы калыптасқан мүдделері мен қажеттіліктерін езгерту мүмкін емес. Егер адам өз өмірін өзгерткісі келсе, ол жазаны қолданбай да осыны орындай алады. Қылмыстық-қүқықтык қүралдарды қайта тәрбиелеу үрдісімен тікелей байланыстыруға болмайды,

Мәселен, жазаның мақсаты ретінде «әлеуметтік оділеттілікті қалпына келтіру» деген заңдағы сілтеменің елеулі жаңартылуын айтуға болады. Осыған сәйкес, жазаның өзіжасалған қылмысқа және кінәлі түлғаға сәйкес келіп, жәбірленушінің, оньщ туысқандарының, мемлекеттің, онын органдарынын және жалпы қоғамньвд көздерінше әлеуметтік әділеттілікті кайта қалпына келтіруге тиіс, яғни кылмыстың ауырлығына сай болу керек.

Жалпы қоғамға, әлеуметтік әділдікке сай, сот әділетті жазаны тағайындау барысында қоғамның  әр мүшесіне қылмыстық занды бұзған тұлғаларға тиісті жаза қолданатыны туралы ашық айтады және коғамды, халықты осыдан сактауға қүқылы екенін анык көрсетеді. Осы мақсат туралы айтқанда, соттар жазаны тағайындау кезіңде ой-өрісіне терен бойлауға міндетті болады.

Жазаның келесі мақсаты сотталған адамды түзеу болып табылады. Осы максаттың болуы, біздің республика заңнамасының ізгі сипатын керсететін. Түзеудің өзі сотталғанның тәртібін және оның психикасын өзгерту болып табылады. Түзеу сотталған адамды қоғамға қарсы әдет-терден, көзқарастардан босату жөне оған болымды сипаттарды негіздеу болады. Бүл сипаттар -түлғаға құрмет білдіру, оның құқықтары мен мүдделерін сыйлау және қоғамда қалыптасқан тәртіпті орындау.

Жазаның әр түрлі болуы түзеудің әр түрлі қүралдарының, әдістерінін және жолдарының болуын үйгарады. Түзеу қүралдары жазалау ша-ралары сиякты сотталған түлғаға және ол жаса-ған кылмыстың ауырлығына сәйкес қолданылу керек.

Әлеуметтік оділдікті қалпына келтіру және түзеу өзара тығыз байланысты. Егер сот тағай-ындаған жазаның мөлшері өте катаң немссе тым жүмсак болса, бүл әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге ғана емес, сотталғанның түзелуіне де қайшы келуі мүмкін. яғни өте катаң жазадан ол тым катал болады, ал жүмсақ жазадан ол жауап-тылықтан осылай кетуге болады екен ғой деп, нақты сенеді.

Қылмыстык. кодекстің 38-бабында аталған жазаның мақсатгары, бір жағынан, дербес сипатта болады, баскдша айтқанда, бөлінбейтін күйде жүзсге асырылады. Жазаны қолдану барысында бір уакытта жазаның барлы-қ мақсаттары қарас-тырылады. Бірақ бүл, қандай жағдай болмасын, жазаның бүкіл мақсаттарына жетеміз деген сөз емес. Жазаның мақсаттары жазаның бағытын анықтайды. Жазаның мақсаттарын анықтау ба-рысында зан шығарушылар мүмкіндігі ең колайлы және толық нотижеге сілтейді.

Осы айтылғанның барлығы мемлекеттік мәжбүрЛеудің басқа түрлерінен айырмашылығын айқындауға негізделе отырып, қылмыстык жаза-ның ерекше белгілерін аныктауға мүмкіндік береді:

-   қылмыстық іс-орекет жасаған кінәлі түлғаны мемлекет атынан соггау;

-   зобалаңның ең үлкен катандығы (әкімшілік және азаматтык-күкьіктық мәжбүрлеу түрлеріне

           карағанда);

-   жазаны кылмыс жасаған кінәлі түлгаларға  ғана колдану:

-   кылмыстық жазаны сот үкімі бойынша ғана қолдану мүмкіндігі:

-   жазанын моні сотталған адамды қүқықтары мен бостандықтарынан Кылмыстық кодексте
          көзделгендей айыруда немссе оларды шектеуде болады:

-   соттылык - кылмыстық жазаға ғана тән салдар болады5.

Қорыта келе. соңғы кезде жаза мәселесіне кәп назар аударылуда. себебі осы күралдың нақ-ты түрғыда іс жүзінле болуының маңызы зор және ол өзіне жүктелген міндеттерді атқаруға әрқашан да дайын..

2. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыс жасаған адамға белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау «Жаза тағайынаудың жалпы негіздері» деп аталатын    арнайы    ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз — әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген.
Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Мұнда «сәйкес» термині бір ғана  ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес, әлеуметтік жағынан және арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз - соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол    жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-нің 52-бабы 2-бөлігінде «Қылмыс жасаған адамға   оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін  қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс...» деп көрсетілген. Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды.
Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:
1). Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
2). Кінәлінің жеке басы;
3). Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-қ±лқы;
4). Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
5). Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
6). Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі - бұл ҚК-нен қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының объективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық қ±қық теориясында екі категория: қоғамға қауіптілік сипаты (сапалық белгі) және қоғамға қауіптілік дәрежесі  (сандық белгі) арқылы ашылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты — қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бір-бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі — қылмыстың сандық категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, объектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты; кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тәсілі; субъектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі көбінесе қылмыстың объективтік жағымен, ал қоғамға кауіптілік сипаты — қылмыстың объектісімен және субъективтік жағымен сипатталады. ҚР Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес «жасалған   қылмыстың   қоғамға  қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабы талаптарын,   сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты т.б.) жағдайының барлығын ескеруі тиіс». Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша жинақталған барлық объективтік және субъективтік белгілерін есепке алу қажет.
Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігімен қатыстылығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді, сонымен бірге сотталушының отбасы анықталғаннан кейін тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі қажет.
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәт.
Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді.
Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.
Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.
Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды басшылыкқа алады.
Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге кандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынадай үш критерийден тұрады. Сот жазаны:
1)  ҚК-тің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар шегінде;
2)   ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;
3)  қылмыстың сипаты мен   қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, қылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның   сотталған адамның түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.
Осы критерийлерді қарастырайық:
1. Сот жазаны ҚК-тің тиісті баптарында белгіленген шекте тағайындайды. Бұл — сот жазаны ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкер жасаған қылмыс сараланатын баптың санкциясы шегінде ғана тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігінің санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот бұл баптың санкциясы бойынша белгіленген ең көп және ең аз мерзімдер шегінде жаза тағайындауға тиіс.
Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Балама санкцияларда екі және одан көп негізгі жазалар көрсетіледі, сот оның кез-келгенін таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың көпшілігі балама. Олар жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін анықтауға көп мүмкіндік береді.
Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды (мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша жеті жыл).
Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көзделген ең төменгіден (төменгі шектен) төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік принципінің өзінше көрінісі.
2.   Сот  жазаны   ҚК-тің  Жалпы   бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп тағайындайды. Бұл   жазаның   кейбір   түрлерін   қолданудың мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне қатысы бар ҚК-тің жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың басшылыққа алуы тиіс екендігін көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 359-бабындағы санкцияда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бұл бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, ҚК-тің 48-бабындағы жағдайларды ескергенде, алты ай деп белгіленген. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот алты айдан екі жылға дейінгі мерзімді тағайындау керек.
Жаза тағайындай отырып сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды, жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті екендігін анықтайды.
Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын ескереді.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшері жөніндегі 57-баптың 1 бөлігіндегі жағдайды соттың ескеруі тиіс.
Егер адам бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды күшіне енгенше қамауда ұсталған уақытты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзіміне жатқызу жөніндегі 62-баптың 3 бөлігінің талабын соттың ескеруі қажет.
Жаза тағайындай отырып, сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген мақсаттарды көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы орын алса, онда сот ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал кайталанған қылмыс болса - ҚК-тің 59-бабында белгіленген тәртіп бойынша жаза тағайындайды. Соттың ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған басқа жағдайларды да ескеруі қажет. Атап айтқанда, шартты түрде соттау немесе жаза өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады (ҚК-тің 63, 72,74-баптары).
Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңның жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасағанда заңдылықтың өрескел бұзылуы болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.
3. Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа қылмыстық заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді.
Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.
Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.
Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық  ниетпен   немесе   жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.
Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар   да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза   да қатаң болуы тиіс,  және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдану керек.
Сонымен қатар соттар жасалған қылмыстың тек коғамға қауіптілік сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға қауіптілік сипаты - сапалық көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі — сандық көрсеткіш.
Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі) қауіптілігі аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2 бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген теңіз қарақшылығынан қауіптірек.
Қылмыстың бір түрінің өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа мән-жайлардың жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне, айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі заң талабы әділ жаза тағайындаудың бірден бір алғы шарты болып табылады.
Егер сот қылмысты   кімнің жасағанын,   жазаны кімге қолданатынын дұрыс анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда жалпы қылмыскер деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.
Әдебиеттерде «адамның жеке басы» деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға ретінде көрсететін, оның өзіндік қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген (8, 6-36 б).
Адамның жеке басы деген ұғым - оның қоғамдық мәнін, адамның әлеуметтік-психологиялық және дара биологиялық ерекшеліктерін қамтиды.
Арнаулы алдын алу, қылмыскерді түзеу сияқты жазаның мақсаттарына қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол жеткізуге болады.
Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар екендігін білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын, үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін, жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.
Заң және қылмыстық заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.
Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.
ҚР Жоғарғы   сотының практикасында заңның бұл талабына баса назар аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты есепке алу қажеттігіне соттар әрқашан да мән береді. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке қабілеттігін, еңбекке, оқуға көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау керек (9, 3 б).
Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде әлеуметтік түбір бар.
Сыртқы жағдай айыпкердің мінез-құлқына ықпал жасай отырып оның сана-сезімін, ерік-ынтасын қалыптастырады, психологиялық келбетіне мазмұн береді. Әркімнің ой-түсінігі өзінше. Әрбір адамның өз көзқарасы, сенімі, дағдысы, жұмысқа, отбасына, айналасындағы адамдарға және тірліктегі басқа құндылықтарға деген өз түсінігі болады. Әр адам өмір құндылықтарын өзінше сатылап, бір жүйеге келтіреді, оны А.И.Чучаев «өмір құндылықтарының сатысы» деп дұрыс атаған, ол сатыда әр құндылықтың өз орыны бар, ал түзеу процесі дегеніміз — сол құндылықтарды «ауыстыру» арқылы әрқайсын өзінің лайықты орынына қою (10, 409 б).
Адамның сана-түсінігінің бұзылу сипаты жасалатын қылмыстың түрін анықтайды, ал оның қаншалықты бұзылғандығы - қылмыстық мінез-құлықтың сипатын көрсетеді. Жаза тағайындаған кезде сот сол адамның өмір құндылықтарына көзқарасын, оның ой-түсінігінің бұзылу сипатын және қаншалықты бұзылғандығын қалайда ескеруі тиіс.
Сонымен қатар адамның әлеуметтік қасиеттерінің маңыздылығын да бағалау керек. Сот айыпкерді тек қылмыстық жауапкершілікті көтере алатын жәй субекті ретінде ғана емес, қоғамның, белгілі бір адамдар ұжымының мүшесі, адам ретінде қарастыру керек. «Адам - қоғамдық қатынастар жиынтығы, адамның ой-түсінігі әуелбастан-ақ қоғамдық өнім, ол адамға тән ерекшелік болып қала береді», - деген К. Маркс (11, 3 б.).
Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары немесе төмен екендігін көрсететін оның әлеуметтік қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза тағайындаған кезде сот сотталушының мынадай әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге тиіс: еңбек міндеттемелерін орындауға көзқарасын, нормативтік міндеттеулер мен этикалық ережелерді сақтауын, тұрмыстағы мінез-құлқын, т.б.
Айыпкердің жеке басын сипаттайтын мән-жайларды жаза тағайындау кезінде ескермеу жазаның немқұрайды тағайындалуына жол береді.
Жаза тағайындаудың басты негіздеріне істің жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларын есепке алу жөніндегі заң талабы жатады.
ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында көзделген бұл мән-жайларды айыпкер жасаған қылмыстың сипаттамасына да, оның өз жеке басының сипаттамасына да жатқызуға болады, олар сот тағайындайтын жазаның түрі мен мөлшеріне ықпал жасай алады.
Жеңілдететін мән-жайлардың болуы жасалған қылмыстың, не қылмыскердің жеке басының қауіптілігін азайтады, басқадай барлық тең жағдайларда жеңілдеу жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Ауырлататын мән-жайлар, ондайлар болмаған жағдайларға қарағанда, ауырырақ жаза тағайындауға себеп болады.
Заңда көрсетілген ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттың құқығы емес, міндеті. Сондықтан да, жаза тағайындаған кезде істегі ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға назар   аудармаған      соттар   заңда   көзделген міндеттерін бұзады. Егер сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды жаза тағайындаған кезде ескеріп, оны үкімде көрсетсе, сотталған адам үшін де, сот мәжілісіне қатысқандар үшін де үкім дәлелді болып көрінеді, үкімнің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын тексеруде жоғары тұрған сот сатысының қызметін жеңілдетеді.
Жаза тағайындағанда сот сотталған адамға, сол жазаның оны түзейтіндей ықпалы болатынын, жазалаудағы мақсаттың   орындалатынын болжауы керек, сонан соң барлық мән-жайларды ескеріп, жазаның түрін және оның мөлшерін анықтауы тиіс. Сонымен қатар адамгершілік принципін басшылыққа алып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасына немесе асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына қандай әсер ететіндігін де сот ескеруге тиіс.
Жаза тағайындағанда сот бұл талаптың материалдық және психологиялық жақтары бар екендігін ескеруі қажет. Мысалы, айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және т.б., яғни айыпкерді қандай да бір дүние-мүліктен айыруға байланысты жаза тағайындалса, ал оның асырауында адамдар болып, оларды өзі ғана асырап отырса, әрине жаза оның отбасының тұрмыс жағдайына әсер етеді, бұл жағдай да ескерілуге тиіс. Мұндай жағдайды сот жазаны жеңілдететін мән-жайға жатқызса, ал айыпкердің өзінің отбасы алдындағы жауапкершілігі байқалса және оның қартайған, қаражатсыз ата-анасы, еңбекке жарамсыз көп баласы болса, ал сотталған әйелдің артында жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған баласы қалса, мұның түзелуге ықпалы болады. Егер айыпкер өз отбасы мүшелерін жәбірлеп ұрып-соғатын болса, өз балаларына немесе асырауындағы адамдарға қатыгез мінез көрсететін болса, онда жоғарыда көрсетілген мән-жайды сот ескермеуге тиіс.
Бірақ, тағайындалған жазаның айыпкердің отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына тигізетін ықпалын ғана ескеруге болмайды, себебі, егер бұл мән-жайлар ескеріліп, ауыр қылмыс жасаған немесе қоғамға аса қауіпті адамға өте жеңіл жаза тағайындалған болса, сол адамның қылмысынан жәбір шеккен адамның алдында да, жалпы қоғам алдында да әділдік үміті ақталмайды. Соттаржазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының  жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстылығын, білімін,сотталғандығы  туралы мәліметтерді, сонымен бірге сотталушының отбасы анык,талғаннан кейін тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі қажет. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп - кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты, бірақ қылмыс қүра-мынан тысқары тұратын қыл-мыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігін азайтатын және оныңжауаптылығы менжазасы-ның дәрежесін төмендететін түрлі факторларды түсіну қажет, Жасалған қылмыста жеңілдетілген жағдайлардың бар болуы бап санкциясы шегіндегі жазалардың жеңілдеу түрін тағайындауға, соны-мен бірге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау