Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Содержание

КІРІСПЕ.
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ.
1.Жаза ұғымы және оның белгілері
2.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4.Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау.
5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
7.Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Жаза тағайындау.doc

— 337.50 Кб (Скачать документ)

8). Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау - аталған себептер бойынша қылмыс жасау қылмыстың және кінәлінің аса қауіптілігін куәландырады. Мұнда қызметтік, кәсібн борышын өтеу деп адамның қызметтік не кәсіби міндеттеріне қатысты әрекеттерін   орындауды,   ал қоғамдық міндеттерді орындау деп кез келген азаматтың өзіне арнайы жүктелген, сонымен бірге қоғамның немесе жеке адамдардың мүддесі үшін жасайтын әрекеттерін    (құқық бүзушылықтың алдын алу, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс ту-ралы құқық қорғау органдарына хабарлау) түсіну қажет. Заң бұл жағдайда  жәбірленушілер ретінде тек қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеп жүрген адамдарды ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарын да қарастырады. Аталған жағдайда жәбірленушілердің жақын туыстарымен бірге алыс туыстарын, достарын, таныстарын және осы адамдар үшін қым-бат адамдарды да жатқызуға болады.

9). Аса қатыгездікпен, садизммен,              қорлаумен,жәбірленушіні қинап қылмыс жасау - кінәлінің және жасалған      қылмыстың      қоғамға қауіптілігінің     аса     жоғары екендігін сипаттайтын бұл жағдайлар көбіне жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстарда кездеседі. Егер кінәлі адам жәбірленушіге аса ауыр зардаптар келтіріп, ұдайы азаптаса, сонымен бірге оны жақын туыстарының көзінше қинап, жапа шектірсе немесе қорласа қыл-мыс аса қатыгездікпен жасалған деп танылады. Садизм — қатыгездіктің шектен шыққан көрінісі,  бұл   жағдайда жәбірленушінің немесе басқа адамдардың азап шегуінен қыл-мыскер ләззат, қанағат алады.
10). Қару, оқ дәрі, жарылғыш заттар, техника-лық қүралдар, тез түтана-тын және жанғыш сүйық-тықтар,улы және радиоактивті заттар, дәрі дәрмектерді пайдаланып, күш  көрсетіп немесе пси-хикалық   мәжбүрлеу   не жалпыға қауіпті әдісті қол-данып   қылмыс   жасау қылмыс жасау кезінде өзіне тән қасиеттеріне сай адам-дардың өмірі мен денсаулы-ғына қауіп төндіруге қабілетті қаруларды қолданып, соны-мен бірге жәбірленушіге күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу, яғни қорқыту ар-қылы қылмыс жасау жағдай-лары қарастырылған. Жалпы-ға қауіпті тәсілмен қылмыс жа-сау дегеніміз - адамдарға, мүлік объектілеріне едәуір мөлшерде   зиян   келтіруге қабілетті әдістермен қылмыс жасау (өрт қою, жарылыс жа-сау, жаппай улау, қырып-жою жәке т.б.).

1).  Төтенше жағдайды,табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдай-ларды пайдаланып, жаппай тәртіп бүзушылық кезінде қылмыс жасау - адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын не-месе әкеп соғуы мүмкін, адам-дардың денсаулығына, қорша-ған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе  келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәре-жеде материалдық шығынға ұшырататын авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағ-дайды пайдаланып қылмыс жасау.

12). Алкогольдік, есірт-кілік немесе уытқүмарлық еліту жағдайында қылмыс жасау. Бұл мәнжайды сот қылмыстың сипатына қарай ауырлатушы деп танымауға қүқылы — қылмысты физиологиялық мас күйінде, есірткілік не уытқұмарлық еліту жағдайында жасау кінәлінің жасаған қылмы-сының қоғамға қауіптілігін жоға-рылатады. Алайда, қылмыстық заң соттарға'жасалған қылмыстық әрекеткё кінәлінің масты-ғының қатысы баржоқтығын, оны осындай күйге жеткізген жағдайларды ескере отырып, бұл жағдайды ауырлатушы мән-жай ретінде танымау құқығын берген.

13). Адамның өзі қабыл-даған антын немесе кәсіби антын бүза отырып қылмыс жасауы - кінәлі адамның өзінің берген антын немесе кәсіби антының талаптарын бұзып, қызметтік немесе басқа да әдеп мәселелеріне нұқсан келтіретін қылмыс жасауы. Көбінесе, бұл жағдайлар қылмыс жасаған әскерилерге, дәрігерлерге қатысты қолданылады.

14). Қылмыскердің қыз-мет жағдайына немесе шар-тқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайда-ланып қылмыс жасауы -кінәлінің өзіне қызметі бойынша көрсетілген сенімге немқұрай-ды қарауы немесе шартпен берілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы. Сот тәжірибесі көрсетіп отырған-дай, бұл жағдай кебінесе мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін өзі басқару органдары, экономикалық қызмет саласында орын алады.

15). Үкімет өкілінің нысанды киімін немесе қүжатын пайдаланып қылмыс жасау — өкімет өкілі болып табылмайтын адамның белгілі бір қылмыстық нәтижеге жету үшін өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын заңсыз пайдалану арқылы жеке азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағыт-талған әрекеттері.

Жоғарыда талданған жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайдың кез келгені, егер ол ҚК-нің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында ауырлататын белгі ретінде көрсетілген болса, нақты қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде қайталап ауырлатушы жағдай ретінде ескерілмеуі тиіс.

Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың жоғарыда аталған тізімі түпкілікті, сондықтан соттар жаза тағайындау кезінде осы тізімде көрсетілмеген қандай да бір жағдайды ауырлатушы жағдай ретінде қайталап тануға және олардың қатарын кеңейтуіне болмайды деген сөз. Солай болатұра, сот кінәліні немесе ол жасаған қылмысты жағымсыз жағынан сипаттайтын жоғарыдағы тізімге кірмейтін жағдайларды анықтаған жағдайда жаза тағайындау кезінде сот үкімде көрсетуге құқылы.



3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:
1)  жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек  жаза тағайындау;
2)   сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.
Жиынтықты құрайтын қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау ҚК-тің 58-бабының маңызды талабы, одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза тағайындаудың мұндай тәртібі сотталғаннан кейін айыпкерге қылмыстың әрбір нақты түрі бойынша рахымшылық немесе кешірім жасауды қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі кассациялық немесе қоғамдық тәртіпте қараған жағдайда әрбір бөлек қылмыс үшін тағайындалған жазаны, егер негіз болса, жеңілдетуге немесе үкімнен тіптен алып тастауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар кейбір қылмыс үшін жаза тағайындай отырып заң оның құқыктық салдарын қарастырған. Мысалы, қылмыстың қайталанғандығының орын алғандығын анықтау (ҚК-тің 13-бабы), бас бостандығынан айырғанда колонияның нысанын белгілеу (ҚК-тің 48-бабы), т.б.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс бойынша тағайындалған жазаларды жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу принципі бойынша жүргізіледі.
ҚК-тің 58-бабының 2 бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана соттың сіңіру немесе қосу принциптерін тандауға кұқы бар, яғни ауырлығы шамалы қылмысты жасағаны үшін жаза тағайындағанда ғана. Басқа жағдайларда (егер жиынтықка тек ауырлығы шағын ғана емес, басқа санаттағы да қылмыстар кірсе) сот тек жазаларды қосу принципін ғана колдануға міндетті.
Сіңіру принципін қолданғанда сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкердің әрекеті сараланатын бабын назарға алмайды, жасалған әрбір қылмыс үшін осы санкциялар шегінде тағайындалған нақты жазаларды назарға алады. Жеңілірек қатаң жаза ауырырақ қатаң жазаға сіңіріледі. Егер сот сотталғанға ҚК-тің 221-бабының 2 бөлігі бойынша үш жыл бас бостандығынан айыруды белгілесе, ал ҚК-тің 341-бабының 1 бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығынан айыруды белгілесе, қатаңырақ жаза - үш жыл, жеңілірек жаза  екі жылды өзіне сіңіреді, ал жиынтық бойынша түпкілікті жаза — үш жыл бас бостандығынан айыру болады. Жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін әртүрлі жаза тағайындағанда да осы принцип сақталады.
Мысалы, бірінші қылмыс үшін сот айыпкерге бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарын, жалақысының 20%-ін ұстауды тағайындады, ал екінші қылмыс үшін — үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қосу принципін қолданып, сот, бұл жағдайда, айыпкердің түкпілікті жазасы ретінде үш жыл бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Жазалардың қатаңдығын салыстырғанда сот ҚК-тің 39-бабындағы, яғни жазалар жүйесіндегі көрсетілген жазалардың ретін басшылыққа алады.
Жекелеген қылмыстар үшін тағайындалған жазаларда қосу толық немесе ішінара болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жекелеген қылмысқа тағайындалған жазаның кез-келгенінен қатаң болуға тиіс. Жазаларды толық қосқанда олардың жиынтығы жеке жазалардың қосындысына тең болуға тиіс. Жазаларды ішінара қосқанда басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаның бір бөлігі қатаңырақ жазаға қосылады.
Жазаларды қосуға белгілі бір шектеу қойылған (ҚК-тің 58-бабы). Егер   қылмыстардың жиынтығы тек ауырлығы шамалы қылмыстарды қамтитын болса, онда қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жасалған қылмыстардың ең ауыры үшін жауаптылық жөніндегі   Ерекше  бөлімнің  тиісті  бабының санкциясында   көзделген   жазаның   ең   көп мерзімінен немесе мөлшерінен асуға тиіс. Мысалы, адам ҚК-тің 182-бабының бірінші бөлігі және ҚК-тің 253-бабы бойынша сотталады. Бұл қылмыстың екі түрінің біріншісі ауырырақ болып саналады, ол үшін ең қатаң жаза - екі жылға бас бостандығынан айыру. ҚК-тің осы көрсетілген баптары бойынша бөлек тағайындалған жазаларды қосу принципін қолданып, сот тек 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады. Егер қылмыстар жиынтығы орта ауырлықтағы қылмысты, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды қамтыса, онда түпкілікті жаза тек жазаларды косу принципін қолдану жолымен тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза қолданылған қылмыстық заң нормаларының ауқымымен шектелмейді, тіптен 20 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Егер қылмыстар жиынтығы жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір ерекше ауыр қылмысты қамтыса, бұл жағдайда да түпкілікті жаза тек жазаларды қосу принципі жолымен ғана тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 25 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сонымен соттың қылмыстар жиынтығы болғанда жаза тағайындау принциптерін, сондай-ақ жазаларды қосу принципін қолданғанда бас бостандығынан айырудың ең көп шегін таңдау мүмкіндігін заң реттейді (ҚК-тің 58-бабы) және ол жиынтық құрайтын қылмыстардың қай санатқа жататындығына және олардың арасында 20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза карастырылған қылмыстардың бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер сот айыпкерге ҚК-тің 288-бабының 1 бөлігі бойынша алты ай мерзімге қамауға алу, ал 101-баптың 1 бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаса, ол толық қосу принципіне сәйкес 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындауға құқылы. Егер сот ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігі бойынша 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, онда тек ішінара қосуды ғана қолдана алады, яғни 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға 288-бап бойынша тағайындалған 6 ай қамауға алудың 3 айын ғана қоса алады, себебі ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігінде көзделген мерзімнің ең көп мөлшері 3 жыл, сондықтан түпкілікті жаза одан аспауға тиіс. Сонымен жазаларды қосқанда жазаның ең көп мөлшерін түпкілікті анықтау, егер осы мысалға қатысты алсақ, жиынтыққа кіретін екі қылмыстың да ауырлығы шағын қылмыстар санатына жатқандығына байланысты.
Осы келтірілген мысалда орын алып отырған әртекті жазаларды косу тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні, бас бостандығын шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні, қоғамдық жұмыстарға тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.
Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар емес жазалар тағайындайды.
Мысалы, бір қылмыс үшін - айыппұл салу, екінші үшін - бас бостандығынан айыру, үшінші үшін — белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға — бас бостандығынан айыруға сіңіру принципін қолдануға болады (егер негіз болса). Бірақ бұл жағдайда жазалаудың ықпалы, әсіресе сіңірілген жазаның    жеке сақтандыру мүмкіндігі пайдаланылмайды. Сондықтан да айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ   мүлікті   тәркілеу   сияқты   жазаларды   бас  бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру   түріндегі   жазалармен   қосқан   кезде жазалардың бірінші тобы дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін қосымша жазалар тағайындалса, онда олар да, негізгі жазалар сияқты, бірін бірі сіңіре алады немесе біріне бірі қосыла алады. Әртекті қосымша   жазаларды қосқан күнде де (мысалы, айыппұл салу мен мүлікті тәркілеуді) олар дербес орындалады. Қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша жазаларды түпкілікті тағайындау тәртібін ҚК-тің 58-бабының 5 бөлімі реттейді, онда қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін делінген. Қосқаннан кейінгі түпкілікті қосымша жаза қылмыстың осы түрі үшін белгіленген ең көп мерзімнен немесе мөлшерден асуға тиіс емес (ҚК-тің 40,41, 50, 51-баптары).
ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді. Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-бабы белгілеген тәртібі қолданылады.
ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде көрсетілген жағдайларда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мынадай үш кезеңнен өтеді:
1) сот жаңа үкім бойынша, яғни кейін ашылған қылмыс үшін жаза тағайындайды;
2)  екі үкім бойынша тағайындалған жазалардың жұмсақтауын қатаңдауына сіңіру жолымен немесе жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен, бұрынғы шығарылған үкімдерді ескере отырып, түпкілікті жаза тағайындайды.
3)  ҚК-тің 62-бабының ережесіне сәйкес бірінші үкім бойынша   жазаның нақты өтелген мерзіміне есептеу жасалады. Жаза мерзімін есептеу дегеніміз - егер адам үкім шыққанша бас бостандығынан айырудың алты айын өтесе, ал сот оған үкім бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша екінші үкім шығарылған кезге дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек.

4,Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ, жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы орын алады. Сонымен:
1)  адамға жаза тағайындаған үкімнің болуы;
2)  ол жазаны сотталған адам әлі толық өтемесе;
3)  жаңа қылмыс үкім шыққаннан кейін, бірақ
жазаны толық өтегенге дейін жасалса, бұлар үкімдер жиынтығының белгісі болып табылады.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда жаңа қылмыс адамды бұрын жасаған қылмысы үшін сотталғаннан кейін жасалынады. Бұл мән-жай айыпкердің қоғамға қауіпті адам екендігін, заңда оған қатаң жаза қарастырылуға тиіс екендігін көрсетеді.
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаса, сот жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс. Егер үкімдер жиынтығына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы заңда көзделген тым болмаса бір қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған үкім кірсе, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Үкімдер жиынтығы бойынша белгіленген түпкілікті жаза жаңа жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың бұрынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмей қалған бөлігінен де катаң болуға тиіс.
Жазалардың бірдей, сондай-ақ әртекті түрлерін қосу (оның ішінде қосымшаларын да) ҚК-тің 58 және 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі (бұл тәртіпке өткендегі мөселені қарастырғанда түсініктеме берілген).
Сонымен сот үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда мына тәртіпті сақтайды:
1)  алдымен жаңа жасалған қылмыс үшін жазаны анықтайды;
2)   сол жазаға сот алдыңғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібінің ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіптен айырмашылығы сол, бұл жерде тек жазаларды қосу принципін ғана қолдану көзделген   (ал ҚК-тің 58-бабында жазаларды сіңіру принципі де көзделген). Екінші айырмашылығы — бас бостандығынан айыру сияқты жазаның үкімдердін жиынтығында жиі  колданылатын түрін қосқандағы ең көп мерзімге қатысты.
Сотталған адамға жаңа қылмыс жасағаны үшін , қылмыстың осы түріне белгіленген ең жоғарғы жазаны тағайындау сот практикасында кездесіп калады. Мысалы, бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан адамға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады. Бұл жағдайда сот бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға сіңіру принципін қолдануға мәжбүр болады (бұл принципті қолдану заңда көзделмесе де).
Қосуға болмайтын жазалар, оның ішінде қосымша жазалар дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Қылмыстың қайталануы болған жағдайда сот жазаны үкімдер жиынтығы бойынша тағайындай отырып, жаза тағайындаудың ҚК-тің 59-бабында белгіленген ережесін сақтауға тиіс. Бұл ережелер жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаның түрін, мерзімін және мөлшерін анықтауға қатысты. Мысалы, егер бұзақылық үшін жаза өтеп жатқан адам ҚК-тің 181-бабының 1 бөлігі бойынша қорқытып алушылық жасаса, онда жасаған екінші қылмысы үшін сот тек 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруды ғана тағайындай алады.

5. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану
ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың санкциялары жазаны жеке даралауы үшін сотқа көптеген мүмкіндіктер беруді көздейді. Бірақ өмірде кездесіп қалатын кейбір нақты істердің өзіндік ерекше мән-жайларын ескерсек, санкцияның ең төмен шегіне тең жазаны немесе балама санкцияның ең жеңіл жазасын тағайындағанның өзі жосықсыз катал боп саналады, жазаның ҚК-тің 38-бабында көзделген мақсатын қанағаттандырмайды. Сондай жағдайлар ескеріліп ҚК-тің 55-бабында былай көрсетілген: ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамда қауіптілік дәрежесін едөуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы сол топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін.
Төменгі шектен төмен жаза тағайындағанда сот сотталған адамға жазаның санкцияға көрсетілген түрін анықтайды, бірақ бұл жаза төменгі шектен төмен мөлшерде тағайындалады. Мысалы, санкцияда 100-ден 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген, ал сот 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындайды. Басқа мысал. Санкцияда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сот ҚК-тің 55-бабын басшылыққа алып, сол бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Бірақ, жазаның осы түрі үшін ҚК-тің Жалпы бөлімінде көрсетілген ең аз мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабы бойынша тағайындалуы мүмкін емес. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшердегі айыппұл немесе 6 айдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚК-тің сотталған адамның әрекеті сараланатын бабының санкциясында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындағанда жазаның сол санкцияда көрсетілмеген, бірақ одан жеңіл түрін тағайындайды. Жазаның заңда көрсетілгенінен жеңілірек түрін белгілегенде сот ҚК-тің 39-бабында келтірілген жазалар жүйесін басшылыққа алады. Мысалы, ҚК-тің бұл бабы бойынша санкция бас бостандығынан айыру мен қамауға алуды балама қарастырады. Сот бостандығын шектеуді тағайындайды.
Істің ерекше мән-жайы, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушының топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдесуі ҚК-тің 55-бабын қолдана отырып жаза тағайындауға негіз болады.
Істің ерекше жағдайы дегеніміз қылмыс жасау барысында оң мақсаттар мен игі себептердің болуы, айыпкердің қосалқы рөлі, оның қылмыс жасау кезіндегі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау, т.б. Бұл жерде ескеріліп отырғаны қылмыс зардабын болдырмауға бағытталған мінез-құлық, залалдың орнын өз еркімен толтыру, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап келу, т.б.
Жекелеген жеңілдетуші мән-жайлар да, ондай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар бола алады.
 

6.Аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындау.
Қылмыстық кодекс аяқталмаған қылмыс, қатысып жасалған қылмыс және қайталанған қылмыс үшін жаза тағайындаудың кейбір ерекшеліктерін қарастырған.
ҚК-тің 56-бабына сәйкес аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындағанда (қылмысқа дайындық кезінде немесе қылмыс жасауға оқталғанда) бұрын көрсетілген мән-жайлардан басқа қылмыстың аяқталмай қалуына себеп болған мән-жайды есепке алу қажет, сонымен қатар қылмыс жасауға калай оқталғандық ескеріледі. Қылмыс жасау пиғылы жүзеге асса, ол жүзеге аспай қалғаннан қауіптірек. Қылмыстың аяғына дейін жетуіне тосқауыл болған мән-жайды есепке алудың қажет екендігі заңда орынды көрсетілген. Мысалы, әйел зорлауға оқталған адам әйелдің жанұшыра қарсыласуы нәтижесінде өзінің қылмыстық әрекетін аяғына дейін жеткізе алмайды. Екінші жағдайда қылмыскер өзінің сондай пиғылын қылмыс жасау орнына ІІМ қызметкерлерінің тосыннан келіп қалуы нәтижесінде жүзеге асыра алмайды. Бірінші жағдайға қарағанда екінші жағдайда қоғамға қауіптілік дәреже жоғары. Бұл жерде өзінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін қылмыскерде қаншалықты нақты мүмкіндік болғанын, мақсатқа жетуге қаншалықты жақын қалғанын ескеру кажет. Сонымен қатар егер адам қылмысқа дайындалғанда немесе қылмыс жасауға оқталғанда сол қылмысты аяғына дейін жеткізетіндей өзінде шама болмаса да мүмкіндігін асыра бағаласа, сот бұл мән-жайды есепке алып айыпкерге, осындай әрекеттерді басқа мән-жайларда жасаған адамға қарағанда, жеңілдеу жаза тағайындауға тиіс. Қылмысқа дайындықпен салыстырғанда қылмыс жасауға оқталу қауіптірек әрекет болғандықтан заң қылмысқа дайындық жасауға қарағанда сол қылмысты жасауға оқталғандық үшін қатаңырақ жаза қолдану мүмкіндігін қарастырады. ҚК-тің 56-бабының 2 бөлігінде қылмысқа дайындалғаны үшін тағайындалатын жазаның мерзімі мен мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауы керек делінген. Мысалы, егер адамға ҚК-тің 127-бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысқа дайындалғаны үшін жаза тағайындалса, оған берілетін ең қатаң жаза 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде бола алады, егер ҚК-тің 231-бабының 1 бөлігі бойынша 1 жыл көзделген болса.
Қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімі мен мөлшері ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта ерекше қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауы керек (ҚК-тің 56-бабының 3 бөлігі). Қылмыстың     жоғарыда келтірілген түрлеріне оқталғанда ең қатаң жаза, тиісінше,  2 жыл 3 ай және  1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс.
Қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы, тіптен бұл жаза шаралары айыпкерге қолданылатын ҚК-тегі баптардың санкциясында көзделген болса да, тағайындалмайды.
Қатысып жасалған   қылмыс үшін әдетте   жаза тағайындаудың ерекшелігі сонда, заң соттың жоғарыда көрсетілгендермен қоса мына мән-жайларды ескеруін талап етеді: қылмыс жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесін, осы қатысудың қылмыс  мақсатына жетудегі маңызын, оның келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын (ҚК-тің 57-бабы).
Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігі және оларға тиісінше жаза тағайындау мүмкіндігі анықталады. Сонымен қатар, егер банданың алдына қойған мақсатқа жетуіне, сондай-ақ келтірілген немесе келуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшеріне бандитизмді ұйымдастырушы екі адамның әрқайсысының ықпалын өзара салыстырсақ, айырмашылықты көру қиын емес.
Топтасқан қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау жөнінде ҚК-тің   57-бабында мынадай тағы бір міндеттеу бар: қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол   қатысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың біреуінің өз айыбын мойындап келуі сол қылмысқа катысушы басқа адамдарға жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуге тиіс емес.
Қылмыстың қайталануы — адамның сотталғаннан кейін қайта қылмыс жасауы, оның қоғамға аса қауіпті екендігінің белгісі, сондықтан да заңда қылмыс қайталанған жағдайда жаза тағайындаудың арнайы ережесі белгіленген (ҚК-тің 59-бабы). Оның мәні мынада: қылмыстардың қайталануы бойынша жаза тағайындай отырып, сот бұрын жасалған қылмыстардың санын, сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның   алдындағы жазаның түзетушілік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайларды, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың    сипаты мен    қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескеруге тиіс.
Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшін жазаның мерзімі мен мөлшері, жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің жартысынан төмен болмауға тиіс.
Қылмыстың қауіпті    қайталануы жағдайында тағайындалатын жаза жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің үштен екісінен, ал қылмыстың аса қауіпті қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауға тиіс (ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігі). Мысалы,    қасақана жасаған бұрынғы қылмысы үшін сотты болған адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталады. ҚК-тің көрсетілген бөлігінің санкциясында балама ретінде берілген бес түрлі жазаның сот айыпкерге ең қатаң түрін - бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Бұл жағдайда қылмыстың жәй қайталануы орын алғандықтан, ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес сот айыпкерге 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі мер-зімге бас бостандығынан айыруды тағайындай алады. Егер сотгалғанның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталану нышаны болса - 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге,   егер қылмыстардың     аса қауіпті қайталануы болса — 2 жыл  3 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасынтағайындай алады.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қолданылып отырған нормасы соттылықтың болуын саралаушы белгі ретінде қарастырса, мұндай қылмыстардың  қайталануында  сот жазаны ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде   көзделген тәртіпті ескермей-ақ   тағайындайды,   яғни   сот   жаза тағайындаған кезде жазаның ең аз мөлшеріне қатысты ауқыммен шектелмейді. Бұл, мұндай жағдайларда қылмыстың қайталануы қылмыстық -заң нормаларында бұрыннан    ескерілгендігіне байланысты, сондықтан да жаза тағайындау кезінде оны қайта есепке алудың қажеті жоқ. Сонымен катар қылмыстардың қайталануы болып және ҚК-тің 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар орын алса, бұл жағдайда да жаза ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпті есепке алмай тағайындалады.    ҚК-тің 59-бабының бұл ережелеріне түсініктеме беру үшін мына мысалдарды қарастырайық.   Мысалы, айыпкер ҚК-тің 175-бабы 3 бөлігінің «в» тармағы бойынша бұрын екі  немесе одан көп соттылығы бар адам ретінде бұзақылық (кез-келген формасы) немесе корқытып алушылық үшін сотталды. Мұндай адамға жаза тағайындау кезінде ҚК-тің 2-бабында көрсетілген ережені ескереді (қылмыстардың қайталану белгісі бола тұрса да), яғни   мүлкін тәркілеп 3   жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.
Басқа мысал. Қылмыстардың қайталану белгісі бар жағдайда адам ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша сотталуда. Бірақ сот іс материалдарында ҚК-тің 55-бабында көрсетілген ерекше мән-жайлардың бар екендігін анықтады. Бұл жағдайда да сот айыпталушыға жазаны ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігінде көрсетілген ережелерді есепке алмай тағайындайды, яғни ҚК-тің 175-бабының 1 бөлімінің санкциясында көзделген жазалардың бас бостандығынан айыруға қарағанда жеңілдеуін тағайындай алады. Егер бәрі бір бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ол 6 айдан 3 жылға дейінгі мөлшерде болуға тиіс.
7.Қылмыстық  жаза мәні мен мақсаты хақында.

Жаза проблемасы сандаған ғасырлар              бойына  тек  заңгерлерді емес, философтарды, социологтарды,   қоғамтану саласындағы өзге де мамандар-ды ойландырып келе жатыр. Жаза мәселелеріне   қылмыстық құқық теориясында үлкен мән берілген. Бұлар құқық қорғау органдарының қызметінде де езекті   мәселелер. Республиканың бұрынғы екі Қылмыстық кодекстерінде жаза түсінігіне анықтама берілмеген. Ол тек қылмыстық құқық теориясында қарастырылатын. Жаза туралы түбегейлі   еңбек жазған кеңес криминалисі И. Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып, бір-формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей қалатындығын айтқан болатын.   Осыған орай кеңес уақытындағы жаза түрлері де Қазақстандағы   қоғамдық қатынастардың сипаты өзгерген кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанда жазаның мақсаттары  да  қомақты езгеріске  ұшырады.   Ондағы мақсаттардың   кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса, кейбіріне «социалистік емес» тұрғыдан   жаңаша   көзқарас қажет болып жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен жазаның  түсінігін  анықтаудан бастаған ләзім. Мысалы, Н.Шаргородский «Жаза дегеніміз қылмыскерді оған тиөсілі қандай да игіліктен айыру, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске шығаруы» деп санайды.

С. Дементьевтің пікірі басқаша, ол «Жаза дегеніміз айыпкер басынан кешіруге тиісті, алдын ала ойластырылған, заңда белгіленген тән азаптары мен тапшылықтары» дегенді айтады. Ғалым-криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады. (Беляев Н. Цели наказания и средства их достижения. — Л., 1963).

Біз С. Дементьевтің пікірімен келісе алмаймыз, себебі жазаның мәнін айыпкерге келетін тән азаптары мен тапшылықтарды алдын ала көздеу деп санау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабында  көрініс тапқан гуманизм принципіне қайшы келеді. Керісінше, И. Карпецтің қылмыстылықпен күрес құралдарының бірі болып табылатын жазаның мазмұнында сендіру мен мәжбүрлеу бірдей көрініс тапқан деуі қолдарлық (Карпец И. На-казание: социальные, правовые и криминологические проблемы. - М., 1973.).

Н. Стручков жазаның мазмұнына мынадай анықтама береді: «Жаза дегеніміз қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс-әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін занда белгіленген құқық шектеу жүйесін.

Республикамыздың заң шығарушы органдарының ұстанган пікірімен келісуге болады, онда «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады» делінген (ҚК-тің 38-бабы).

Қылмыстық жазалау шараларының мәні мемлекеттік айыптауды және мәж-бүрлеуді арнайы тәсілмен жүзеге асыру. Осыған байланысты Н. Сергеевский былай деп жазады: «Жазада қылмыстық іс-әрекетті қандай формада болмасын, қандай мазмұнда болмасын айыптау, бетке басу әрқашанда болады».

С. Познышев өш алу теориясын сынады. «Егер жаза нақты қолданылса, — дейді ол, тежеуші әсерге артық қатыгездік жасамай-ақ қолжеткізуге болады, ал қолданылмаса — қандай үрей туғызсаң да әсері болмайды».

Жаза қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік арнайы мәжбүрлеу шарасы ретінде құқықтық қудалаудың кейбір түрлерімен ғана шектелмейді, сонымен қатар ол қылмыскерге тәрбиелік ықпал етуді де көздейді.

Жаза туралы ілімнің ең көп талас тудыратын мәселелерінің бірі — жазалаудағы сазай тартқызудың рөлі мен мағынасы туралы мәселе. Бірқатар ғалымдар сазай тартқызуды жазалаудағы өзінше мақсат деп санайды (Беляев Н.А., Карпец И.И., Ретюнских И.С., т.б.)-Заңгерлердің басым көпшілігі бұл пікірмен келіспейді (Анашкин Г.В., Шаргородский М.Д., Свек-тинович А.Л., Закутский С.Г., Ахмедов Г.А., т.б.). Көптеген зерттеушілер жазада ондай мақсат жоқ дейді. А. Ременсонның пікірінше сазай тартқызу қылмыстық жазанын, мақсаты бола алмайды. Сазай тартқызуды жазаның мақсаты деп тану - жазалауды мақсат тұту деп мойындау деген сөз. Э. Норбутаев сазай тартқызуды жазаның негізгі мазмұны деп санаса, кейбір пікірлер бойынша жазада сорын қайнату (покарение) мақсаты да бар (Осипов К.П., Беля-ев А.А.). Бұл сынға алып отырған пікірді жақтаушылардың біразы сазай тартқызу мақсатын қоғамдық сананы қанағат-тандыру, адамдардың әділдік сезімін сақтауға ұмтылу мақсаты деп қарастырады.

Қазақстан Республикасында жазалау өш алу емес. Онда қандай да бір тәрбиелік мән бар. Жаза, біріншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандар үшін сазайын тарту, екіншіден, жазаны өтеп жатқан адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысуын мақсат тұтады, үшіншіден, белгілі бір жаза тағайындаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң арқылы айыптау — оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі жөнінде ықпал етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасында жаза дегеніміз жасалған қылмыс үшін сазай тартқызу деп көрсетілген Біздің пікірімізше, мазмұны жағынан жақын келетін бұл сөз онша сәтті алынбағаң. Себебі, «кара» деген сөз құқықтық әдебиетте дау туғызуда. Орыс тілі сөздігінде «сазай тартқызу» сезіне синонимдер арасында мынадай анықтама берілген: «Сазай тартқызу — жазалау, өш алу».

Ол ресми-қүжаттық стильге қойылатын талаптардың бірі —тіл дәлдігін сақтауға көмектеспейді. Соған байланысты Қазақстанның заң шығарушылары заңда «кара» сөзін қолданудан бас тартып дүрыс жасаған.

Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау