Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 15:26, дипломная работа

Описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………..…...3
1. ЛОГИСТИКАНЫҢ теориялық негіздері
1.1. Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы………..........6
1.2 . Логистиканы қолданудың тиімділігі.......................................…............17
1.3 . Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі....................................................................................25
2. Қазақстан Республикасында логистиканы қолдану және оның даму болашағы
2.1. Қазақстан Республикасында логистиканың даму жағдайы және болашағы ……………………38
2.2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау……………...................................…49
2.3. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында логистиканы жетілдіру жолдары………….............................................................................................59
Қорытынды………………………...........……………………………………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………....................…………………...72

Работа состоит из  1 файл

Логистика.doc

— 780.00 Кб (Скачать документ)

 

6 сурет. Тауар нарығы инфрақұрылымын жетілдіру

Сауда логистикасының ішкі және сыртқы орталарының өзгермелі жағдайларына логистикалық жүйені бейімдеу, ол бейімделуші логистика болады.

Сауда логистикасының барлық элементтерін ұтымды ұйымдастыру, олардың өзара қызмет етуін қамтамасыз ету, ол ұйымдастырушылық логистика болады.

Суретте көрсетілген логистикалық интеграция түрлерін қарастырайық:

1.      Фирма ішіндегі интеграция үш бағытта жүзеге асады:

а) Сауда кәсіпорындарының материалды ағымының біртұтас технологиясын өндеуді білдіретін технологиялық интеграция. Ол фирма ішіндегі сауда логистикасының материалды негізі болып табылады негізі болып табылады және негізгі логистикалық операциялардың технико-технологиялық байланысын көрсетеді. Технологиялық интеграция келесі жағдайларды қамтуға мүмкіндік береді: тауарларды әкелудің ұтымды тәртібін орнату; жүктерді сандық және сапалық қабылдауды уақытылы өткізу; жылжымалы құрам мен көтеру-көліктік құралдарды ұтымды пайдалану; көлік-қойма жұмыскерлерінің еңбегін тиімді ұйымдастеру; тауарларды сатып алушыларға жеткізу бойынша көліктердің нақты жұмыс істеуі; ыдыстардың прогрессивті түрлерін және жүктерді бумалаудың жүйесін қолдану; логистикалық операциялардың байланыспауынан болатын жоғалтымдарды төмендету; фирма клиенттеріне қызмет көрсету сапасын жоғарлату.

ә) Материалдық қаржылық және ақпараттық ағымдарды басқарудың интегралданған жүйесін құруды білдіретін функционалды интеграция. Ол сауда кәсіпорының әртүрлі қосалқы бөлімдерінің материалды ағымдарды бақарудағы күш-жүгерін біріктіреді.

б) технологиялық және функционалды интеграциялар синтезі ретінде болатын кешенді интеграция.

Фирма ішіндегі интеграция сауда кәсіпорынының материалды ағымдарын басқаруға мүмкіндік береді, бірақ сыртқы орта факторларына әсер ете алмайды.

2.      Сала ішіндегі интеграция үш бағытта жүзеге асады:

а) бәсекелес сауда кәсіпорындарының қызығушылықтарын біріктіруге негізделген, біз оны шоғырландыру тәсілі ретінде жоғарыда қарастырғанбыз.

ә) тәуелсіз, бірақ өзара байланысты сауда кәсіпорындарының логистикалық күш-жігерлерін біріктіру арқылы құрылады, оны да біз жоғарыда толық қарастырып өттік.

б) көлденең және тура интеграцияны біріктіретін аралас интеграция.

І. Салааралық интеграция үш бағытта жүзеге асады: регрессивті, прогрессивті және конгломератты, бірақ мұндай сала араларындағы бірігулер монополияғы қарсы заңдылықтармен реттеліп отуруы керек. Ол өндіруші, өндеуші және жеткізуші саларының арасындағы материал ағымының қозғалысын тиімді ұйымдастыру үшін жузеге асады.

Логистикалық интеграция мәні кәсіпорында іс-әрекетін біріктіруде. Мұндай біріктірулер нысаны әртүрлілігімен ерекшеленеді, көбінесе ол кәсіпорынның мақсатына, қаржылық, техникалық және басқа да мүмкіншіліктеріне байланысты. Жалпы түрде логистикалық интеграция нысандарын келесі үш түрде көрсетуге болады:

1.      жеке немесе бірнеше қызметтер түрін біріктіру, оған жоспарлау, тасымалдау, сатып алу, өткізу және тағы да сол сияқты іс-әрекеттерді қысқа мерзімге (соңғы мақсатқа жеткенге дейін) біріктіру жатады;

2.      ұйымдық-функционалды іс-әрекеттерді, мысалы қоймаларды, көлік шаоуашылықтарын және басқа да ұйымдастырушылық қосалқы бөлімдерді біріктіру ұзақ мерзімге жоспарланады;

3.      барлық іс-әрекетті басқаруды біріктіру және біртұтас кәсіпорын құру, яғни өзара бірге жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бірігуші кәсіпорындардың экономикалық қызығушылығының негізінде болатын делдалдық іс-әрекетті орталықтандыру.

Кәсіпорындар, фирмалар бірігу арқылы өздері жеке шеше алмайтын біріккен мәселерді тиімді шешуге қызығушылық тудырады. Біріккен кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасы екі жақты шаруашылық келісім ретінде, құжатсыз келісім ретінденемесе толық іс-әрекеттерін біріктіру үшін толық қосылу ретінде бола алады. Көбінесе осы тура және көлденең интеграцияны жүзеге асыру үшін осы іс-әрекетті бақылайтын, координациялайтын және басқаратын біртұтас орган болуы керек. Бұл орган біріккен кәсіпорындардың ең қолайлысында бола алады немесе басқа басқарушы органның қоластында құрыла алады. Нарықта координирлеу үшін құрылған ұйым осы интеграцияланған кәсіпорындардың іс-әрекетін баға, жабдықтау, жаңалық енгізу тиімділігі және т.б. көрсеткіштер бойынша реттеуі керек.

Сонымен, кәсіпорындарды біріктіру үш түрлі меншік нысанында жүзеге асырылуы мүмкін:

1.      Жеке меншік нысанында, бұл жоғарыда көрсетілген ұйымдардың құрылуы, бұл кездегі басты шарт-осы басқарушы ұйым біріккен кәсіпорындардың жұмысы тиімділігінің жоғарлауына қызығушылық білдіруі керек, яғни сол кәсіпорын үшін де тиімді болуы керек;

2.      Мемлекеттік меншік нысанында, мұнда мемлекет өзінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында салықтарды төлейтін кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін басқарушы орган ретінде бола алады, яғни мемлекеттің де осы саланы дамыту үшін қызығушылы болады.

3.      Аралас меншік нысанында басқару ұйымын құру ең тиімді жол болып табылады, себебі жеке кәсіпкерде, мемлекет те өздерінің соңғы мақсаттарына жету үшін мәселелерді тиімді шешуге тырысады, мемлекеттік қолдау да болады.

Осы біріктірулер негізінде кешенді сауда-көліктік логистикалық объектілер құру қажет. Бүгінгі күні тауар нарығының отандық инфрақұрылымы дамыған елдердің инфрақұрылымынан бірнеше есе артта қалып отыр. Қазіргі кездегі аралас мультимодальды жүктік терминалдар осы ұғымда жоққа тең. Бұрындары салынған қоймалар, көтерме базалар, сақтау орындарының бүгінгі күні тек 30-40 пайызы қолданылуда, ал көбісі иесіз қалды. Осы кезде кәсіпорындар өз жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін дайын өнімнің үлкен қорын сақтау керек және меншікті көлігін ұстау керек, ал бұл кәсіпорын шығындарын көбейтіп, тауар бағасына кері әсерін тигізеді.

Қазақстан жағдайында бүгінгі күні біз тек мемлекеттік меншіктегі логистикалық басқару объектісін құра аламыз, оны көбінесе логистикалық орталық деп атайды, себебі фирмаларда әлі күнге дейін логистиканың мәнін түсінбеушілік бар және фирмалардың өзара келісімдерге келуі ұзақ уақытты алады, ал мемлекет тарапынан әкімшілік құралдар арқылы фирмаларды бір-бірімен келістіріп, кездестіріп, логистикалық жүйеге кіру қажеттілігін сендіру керек.

Енді осы логистикалық орталықты әрбір аймақтағы өнеркәсіптік-сауда палаталарының маңайынан немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрамында арнайы орталық ашу қажет, ол әрбір облыс орталығында орналасуы керек. Осы отралықты сауда саласының соңғы  нәтижесінде түсетін жанама салықтар арқылы қаржыландыруға болады. Ол көбінесе акциздік салық.

Көп жағдайда «өнімді өндіру-тұтыну» циклында тауар өнімін дайындауға барлық уақыттың 10 пайызы жұмсалса, ал қалған 90 пайызы көліктік-қоймалық және делдалдық операцияларға жұмсалады. Жүктерді контейнерленген түрде өңдеу арнайы комбинирленген жүкті өңдеу орталықтарында-бір тұтас ғаламдық логистикалық желі құрайтын терминалдарда біріктірілген. Дамыған логистикалық негіз аймақты дамыту кешені болып табылады. Шет елдерде әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды дамытуға тауар ағымы менинвестициялар қарату үшін өнеркәсіптік-сауда-көліктік түйіндерде құрылатын ерекше экономикалық зоналар механизімін кеңінен қолданады. әлемде бүгінгі күні аралас тасымалдаулар барлық жүк тасымалдаулардың 50 пайызын құрайды, ал Қазақстан және ТМД елдерінде ол 2 пайыздан да төмен. Бізде кеңінен қолданылып жүрген челночты бизнес шағын тасымалдау мен мауданың ортағасырлық тәсілі, ол өте артта қалған елдерде қолданылады және халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.

Келесі 7 сурет арқылы логистикалық орталықтарды қаржыландыру жолдары мен атқаратын қызметерін көрсетейік.

Қарапайым тасымалдауға қарағанда үйлестірілген тасымалдаулардың келесі артықшылықтары бар:

1.      Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану;

2.      Көлік құралдарын және ұлттық көліктік инфрақұрылымды қолданудың тиімді жағдайлары, көлік желісін тиімдірек бақылау және жаңа көліктік технологиялар қолдану;

3.      Ұлттық ресурстарды қолданудың ыңғайлы алғы шарттарын білдіретін комбинирленген тасымалдаудың салыстырмалы төмен құны;

4.      Экспорттың бәсекеге төзімділігін жоғарылатуға және сыртқы сауданың дамуына жағдай жасайды;

5.      Кедендік процедураларды жеңілдетеді және құжаттарды толтыру уақыты үнемделеді;

6.      Тауарлардың қозғалысын сақтандырудың артуы;

7.      Ұлттық тасымалдаушыларға зиян келтіретін шет ел капиталын интервенциясынның алдын алу.

Сонымен, тауар нарығының инфрақұрылымын тауар қозғалысының логистикасы есебінен алып, оны интегрциялау жолдарын көрсетіп отырмыз, бірақ біздің елде бұл процесті енгізу үшін бүгінгі күні мемлекеттік қолдау қажет, себебі логистикалық жүйені тиімді құрып, оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мамандар дайындауға, огистикалық интеграцияны басқару органын құруда мемлекеттің алатын орны зор.

 

7 сурет. Логистикалық орталықты құру жолдары

 

Қазіргі кездегі логистика-бұл копьютерлі-интегрирленген логистика. Логистикалық инфрақұрылымның жағдайы әлемде нарықтық дамудың, инвестициялық тартымдылықтың және қандай да – бір территорияның экспортты-активизирлеуші факторы болып табылады. Көлік, қойма, сауда және сервис бірігеді және өзара бір-бірін дамытады. Сенімді сауда-көліктік инфрақұрылым-аймақтардың шаруашылық интеграциясының мықты негізі, мемлекеттің дезинтеграциясына қарсы әсер етудің қажетті факторы.

Сондықтан шет елдердің көпшілігінде сауда-көліктік және оған сәйкес ақпараттық инфрақұрылымның дамуы мемлекеттің қатаң бақылауында болады, ол тек тура бюджеттік ассигнациялар түрінде ғана емес, сонымен қатар заңдылықты ұйымдық-экономикалық реттеу және координациялау арқылы.

Сонымен, Қазақстан экономикасын нарықтық қатынастар негізінде интенсивті көтеру мақсатында тауар қозғалысын өндірушіден соңғы тұтынушыға жеткізуді максималды түрде жеделдетуге әрекет ететін кешенді логистикалық сауда-көліктік объектілер мен желілер құру қажет. Осы мәселе бойынша мәліметтерді талдау және жүйелеу келесідей шешімдерге әкеледі:

1.      Әртүрлі фирмалар өздерінің іс-әрекетінде электронды коммерция тәсілдерін қолдану көлемін әрі қарай жоғарлату тенденциясы болып отыр;

2.      интернеттің желілік  технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

3.      қазақстандық нарық электронды коммерциямен әлі жаулап алынған жоқ, Батыстың әсерін есепке алмағанда іс-әрекеттің бұл түріне өте үлкен басымдылық бар;

4.      интернеттің желілік технологиясы желіде коммерциялық іс-әрекеттерді орындау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етуде жетілдіруден әлі де алысырақ;

5.      логистиканы тауар нарығының инфрақұрылымында да қолдануға болады, ол осы нарыққа қатысатын барлық шаруашылық субъектілердің жұмысын тиімдірек ету үшін өте қажет. Енді келесі схема түрінде тауар нарығының инфрақұрылымын логистикалық интеграция арқылы жетілдіруді қарастырайық.

6.      интеграцияға деген қажеттілік аумақтық және салалық құрылым түріне қарамастан барлық өндірістік-коммерциялық кәсіпорындарға тән болып келеді. Қазақстан экономикасының дамуының бүгінгі жағдайы нарық нарық инфрақұрылымына қызмет көрсететін өнеркәсіптік, сауда кәсіпорындары мен компанияларын интегрирленген жүйеге біріктіру бойынша жағдай жасауды талап етеді. Мұндай біріктірудің басты себебі-өндіріспен байланыссыз шығындар көлемін жоғарылатату жағдайын тудыратын шикізат пен матеиал көзінің тұтынушылардан географиялық алыс орналасуы.

7.      тауар нарығының инфрақұрылымын тауар қозғалысының логистикасы есебінде алып, осы интеграциялау жолдарын көрсетіп отырмыз, бірақ біздің елде бұл процесті енгізу үшін бүгінгі күні мемлекеттік қолдау қажет, себебі логистикалық жүйені тиімді құрып, оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етеін мамандар дайындауға, логистикалық интеграцияны басқару органын құруда мемлекеттің алатын орны зор.

Біздің елімізге басқа шетелдік капиталистік елдерде қолданылатын логистикалық жүйелер мен концепцияларды қайталаудың қажеті жоқ. Олардың жинаған тәжірибесін және өзіміздің потенциалды және елдің спецификаық ерекшелігін ескере отырып, біз тез қарқынмен заманауи логистикалық көзқарасты және отандық бизнестегі нарықтық бағытталған құрылымдардағы жүйені енгізуіміз қажет. Дүние жүзінде таңымал, кең қолданылатын JIT, KANBAN, MRP, DRP, ROP, QR, CR, AR, LEAN PRODUCTION және т.б. концепцияларын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ерекшеліктерін ескере отырып, енгізу, жетілдіру жақсы болар еді.

Қазақстан үшін оның үлкен территориясымен қайта шығарудың жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы транспорттық және транспорттық-экспедициялық кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды: транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер, транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар және т.б.

Тұтынушыларға нәтижелі қызмет көрсету, көптеген транспорттық-логистикалық фирмаларды және аудандардағы делдалдардың жұмысын басқару және координациялау жергілікті транспорттық-логистикалық жүйесіз мүмкін емес. Осы жүйелердің түзетуші және біріктіруші потенциалды белгілі аудандардың әлуметтік-экономикалық дамуына, транспорттық-логистикалық қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелілігін ұлғайту, олардың әлемдік стандарттарға жақындауы, жергілікті материалдық және оларды ақпараттық және қаржылық ағыммен қамтамасыздандыратын заманауи логистикалық басқару технологияларын енгізу.

Информация о работе Логистика түсінігі және оның даму тарихы, эволюциясы