Білім базасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:01, дипломная работа

Описание

Есептеу техникасы дамуының қазіргі кезеңі ЭЕМ бағдарламалық қамтамасына жасанды интеллект элементтерінің кіруімен сипатталады. Білім базалары (ББ) осыған байланысты жасалған. Бағдарламалық қамтаманың объектілерінің тек нақты фактілері кіретін мәліметтер базасынан олардың айырмашылығы - ББ-ға концептуалды, түсініктеме мәліметтері кіреді. Олар табиғи тілде жазылады да, одан басқа объектілер сыныбы туралы мәліметтер де кіреді (олардың байланыстары, қасиеттері).

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................
1.Мәліметтер базасы мен банкі.....................................................................
1.1 Мәліметтерді өңдеу жене оның құрылымы...........................................
1.1.1 Информация жене мәліметтер.............................................................
1.1.2 Мәліметтер құрылымы.........................................................................
1.1.3. Мәліметтер жиынтығы және файлдар................................................
1.1.4. Қол жеткізу тәсілдері...........................................................................
1.1.5 Мәліметті өңдеудің негізгі есептері....................................................
1.1.6 Мәліметтердің өзара байланысы мен..................................................
информациялық қарым-қатынасы................................................................
1.2.Мәліметтер банкінің құрылымы.............................................................
1.3.Ұсталатын мәліметтердің мәліметтер...................................................
базасындағы қасиеттері.................................................................................
1.4.Схемалар және оның бөлшектері............................................................
1.5 Бағдарлама пакетімен МЕВЖ өзара.......................................................
әсерлесу схемасы............................................................................................
1.6. Мәліметтер банкін қолданушылар.........................................................
1.7.Мәліметтердің база әкімінің құрамы......................................................
1.8.Мәліметтерді көрсету деңгейлері...........................................................
1.9.Мәліметтердің негізгі модельдері..........................................................
1.10. Реляциялық алгебра..............................................................................
1.11. Мәліметтер базасын жобалау..............................................................
1.11.1.Талаптарды түрге келтіру және талдау............................................
1.11.2.Астарлы жобалау................................................................................
1.11.3. Логикалық жобалау............................................................................
1.11.4.Физикалық жобалау............................................................................
2.Білім базасы.................................................................................................
2.1.Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы..............................................
2.2. Білім және оларды көрсету....................................................................
2.3. Сараптау жүйе білімінің құрамы..........................................................
2.4 Білім базасындағы білім құрамы...........................................................
2.5.Сараптау жүйесін құру методологиясы................................................
2.6.Сараптау жүйесін паидаланушылардың өзара....................................
әрекет үлгісі...................................................................................................
2.7.Диалог жүйешесі - өзара әрекет үлгісі...................................................
2.7.1.Диалогтың жалпы құрылымы..............................................................
2.7.2.Диалогтың тақырыптық құрылымы.....................................................
2.7.3 Диалог қадамының құрылымы.............................................................
2.8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері .......................
2.9.Басқарушы компоненттердің қызмет үлгісі...........................................
2.9.1.Сараптау жүйесіндегі басқарудың нақты үлгісі ................................
2.9.2.Басқару механизмі түріндегі стратегия................................................
2.10.Сараптау жүйесінің түсіндіру қабілеті..................................................
2.10.1. Түсіндіру параметрлері.......................................................................
2.11.Білімге сусындау......................................................................................
2.11.1 .Білімді игеру сатылары........................................................................
2.11.2.Білімді игеру модельдері.......................................................................
2.11.3.Білім номеклатурасы.............................................................................
2.11.4.Білім деңгейі...........................................................................................
2.11.5.Білімге сусындау құралдары................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................
Мазмұны...........................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Білім базасы. 54.doc

— 384.50 Кб (Скачать документ)

 

2.10. Сараптау жүйесінің  түсіндіру қабілеті

Сараптау жүйелеріндегі  түсіндірудің мәні көптеген факторлардан туындаған. Біріншіден, пайдаланушылардың барлық мүмкіндіктерді білуі және сараптау жүйелерінің барлық циклын түсінуі мүмкін емес. Сондықтан пайдаланушыға сараптау жүйесінің көмегі қажет болады. Екіншіден, сараптау жүйесі шарттылығы аз салаларға, яғни алгоритмді есептері жоқ тапсырмаларға арналған, сондықтан түсіндірудің кажеттігі көп. Алынған нәтижелердің дұрыстығына сенімді кепілдік беретін теория болмаған жағдайда шешімді алу үшін пайдаланушыға сараптау жүйесінде қолданылатын білімдер мен әдістердің дұрыстығына көз жеткізетін құралдарды дайындау қажеттігі туады. Сараптау жүйелерінде мұндай құрал ретінде түсіндіруші қабілеттер қолданылады.

Түсіндіру және соған ұқсас "негіздеу", "анықтау", "дәлелдеу" ұғымдары таным логикасы мен теориясында зерттеледі.

"Түсіндіру" термині бұл ғылымда кеңінен колданылады. Жеке алғанда, ғылыми және күрделі түсіндірулердің айырмашылығы бар. Бұл терминнің ортақ, жалпыға бірдей анықтамасы жоқ. Жалпы жоспарда түсіндіру - негізгі белгілерін анықтайтын қатынастар мен байланыстарына қарап зерттелетін объектінің ерекшелігін алу. Түсіндіру - объектінің сипатталүы, оның байланыстарын, қатынасы мен қатысын контексте талдау [6]. Ғылыми әдебиеттерде түсіндіру терминінің бүдан басқа да анықтамалары кездеседі. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатын анықтамалар:

1. Бір нәрсені түсіндіру  -  табиғи және  әдебиеттік өзара байланыс пен заңдардың жүйесінде түсіндірілетін деректің орнын көрсету мақсатында түсіндірілетін зат (дерек, оқиға, үрдіс) пен бұрыннан белгілі және бұрыннан түсінікті құбылыстармен арасындағы байланысты алу, түсіндіру - өзіне де, басқа біреуге де түсінікті, нақты болуы үшін ойланып. "неліктен?" деген сұраққа жауап беру [6].

2.  Түсіндіру дегеніміз - "неліктен?" деген сұраққа жауап беру [6].

3.  Құбылысты түсіндіру - ол ортақ заңға бағынатынын көрсету деген сөз [6].

4.   "Түсіндіру  - қандай да бір анық  емес, шырмалған іске  байланысты талқылаудың дұрыстығын нақтылауға көмектесетін, белгісіз немесе беймәлім құбылыс туралы неғұрлым анық, нақты көрініс тудыру мақсатындағы әдістердің жиынтығы".[6].

Жоғарыда келтірілген анықтамалардың әрқайсысы түсіндірудің әртүрлі қырын қамтығанымен бұл құбылысты барлық жағынан аша алмайды.

Сондықтан "түсіндіру" терминінің жаңаша анықтамасы, яғни оны сипаттайтын белгілердің жиынтығы арқылы анықтама беріледі. Түрлі түсіндірудің ортақ логикалық сипаттамасына мыналар жатады: 1) оның екі құрамдылығы; 2) логикалық қолданыста қатынаста болуы. Кез келген түсіндіруде қызметі жағынан: экспланандум (S) - яғни түсіндірілуі керек нәрсе және эксплананс (R) - түсіндірілетін сипаттар жиынтығы болатын екі бөліктен тұрады.

Түрі бойынша түсіндіру S пен R байламы болып табылады. Байлам процедурасы ретінде modus popens (А мен А В-дан В) алынады. Байлам тұрғысынан алғанда түсіндіруді кейде дедуктивті, "индуктивті және абдуктивті байламға бөледі.

"Түсіндіру" ұғымына "негіздеу" ұғымы жақын. "Негіздеу - қандай да бір бекіту, баға немесе тәжірибелік қимыл туралы шешімдер алу үшін нақты білім, көлем және қондырғы қолдануға негізделген ойлау процедурасы ..." [6].

Негіздеу мақсаты - кейбір жағдайда белгілі бір қимыл, шешімдердің  ақылға қонымдылығы мен қуқылығын  талқылап, талдау және олардың ішінен ең тиімдісін алу.

Сараптау жүйелерін қолданғанда, жүйе жұмысына негіздеу дегеніміз - қарастырылатын жағдайда олардың орынды екендігін көрсету. Сараптау жүйелерінде негіздеу мен түсіндіруді бірдей білім көмегімен іске асыру мүмкін емес.

Түсіндірудің дәлелдеумен  де көп ортақ жақтары бар екендігін атап өту керек. Дәлелдеуді (түсіндірудегідей) дәлелдеу сүйенетін көптеген негізді ұсыныстар мен логикалық шешімдер процедурасымен көрсетуге болады. Айырмашылығы; түсіндіруде түсіндірілетін ұсыныстың ақиқаттығы адресатқа белгілі (немесе адресат оған сенеді); ал дәлелденетін ұсыныстың ақиқаттығы дәлелденіп біткенше адресатқа белгісіз болады. Келтірілген айырмашылық сараптау жүйесінде неліктен көбінесе түсіндіру немесе негіздеумен емес, дәлелдеумен жұмыс істеу себебін түсіндіреді.

 

2.10.1. Түсіндіру параметрлері

Түсіндіруді мына параметрлердің жиынтығымен сипаттауға болады: мақсат, объект, жол, адресат. Сараптау жүйелеріндегі түсіндіру қабілеттері онымен жұмыс істейтіндердің бөріне бағытталуы керек. Бұл тарауда мұндай адамдарды біз "пайдаланушы" деген жалпыланған терминмен атайтын боламыз. Әдетте пайдаланушыларды мынадай түрге бөледі:

1) саралтама саласында  маман емес пайдаданушылар; олардың  міндеті - сараптау жүйесінен  кейбір тапсырмалардың шешімдерін  алу;

2) сараптама саласындағы  маман пайдаланушылар; олардың міндеті - сарап жолын пайдалана отырып, нәтиженің алыну қиындығын қысқартып, сапасын арттыру;

3) "студенттер", яғни  сараптау жүйелерінің көмегімен  сараптама саласында тапсырмалардың орындалу әдістерін үйренгісі келетіндер;

4) сарапшылар, яғни жоғары білікті мамандар; олардың міндеті- жетіспейтін білімді тауып, оны жүйеге енгізу, яғни білімді кейінге қалдыру;

5) білім жөніндегі  инженер, яғни білім инженерия  саласындағы мамандар; олардың міндеті - басқару механизмін кейінге қалдыра отырып, сараптау жүйелеріндегі өзгерістерді талдау және жинақтау.

Түрлі пайдаланушылардың  орындайтын тапсырмаларының өзгешеліктерінің сарап жүйесінде түсіндіру мүмкіндіктеріне  түрлі талап қояды. Шындығында, студент  үшін түсіндіру қабілетін қолдануға негізгі мақсат - үйрену, сарапшы мен білім жөнінен инженерге - жергілікті әсер қателіктерін жою, маман пайдаланушыларға - нәтижеге сенім қалыптастыру, маман емес пайдаланушыға - өзара түсінушілікті қалыптастыру.

Сонымен, сараптау жүйесінде  түсіндіруді қолдануда мына мақсаттар көзделеді: 1) талқылау әдісін зерттеу арқылы жүйенің жергілікті қателерін жою; 2) жүйенің тәжірибелік қолданысқа жарамды деген қанағаттанарлық баға беруге (нәтиженің алыну жолын түсіндіру арқылы) көмектесетін пайдаланушының жүйеге сенімін арттыру; 3) пайдаланушы мен жүйе арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізу (түсініксіз терминдер, жауаптар мен жағдайларды түсіндіру жолымен), бұл пайдаланушының алдына қойған міндетін табысты шешуіне көмектеседі; 4) пайдаланушыға үйрету.

Объект параметрі түсіндірілетін мәнді анықтайды. Бұл параметрлердің шғуы былай көрсетіледі: І) түсіндіру жолы көбінесе түсіндірілетін мәнге байланысты болады; 2) қазіргі бар және болашақтағы жүйелерде түсіндірілетін мәндер барлық білім мен процедураны ңамти алмайды; сондықтан, қай жағын түсіндіре алатынын нақты көрсетуі керек.

Түсіндірілетін мәндерді былай топтастыруға болады:

1) түсініктеме облысы (пән саласы, жүйе, пайдаланушы, тіл); 2) жалпылық деңгейі (нақты деректер, абстракты деректер, метадеректер); 3) мән түрі; 4) мәннің касиеті мен маңызы (статикалық, динамикалық, нақты, жуық, толық, толық емес т.с.с.).

Мысалы, MYCIN жүйесінде  екі түрлі мәнде түсіндіруге болады: 1) жүйенің қарастырылуы ойда бекітілген; 2) жүйеге белгілі білімдер.

Білім статикалық және динамикалық болып бөлінеді, түрлі түсіндіру механизмдері осыған сейкес қолданылады.

"Жол" параметрінің бірнеше аспектісі бар. Соның ішінде үшеуіне тоқталайық: 1) түсіндіру түрі; 2) түсіндірудің нақтылық деңгейі; 3) түсіндіру тілі. Ғылыми әдебиетте түсіндірудің бес негізгі түрі көрсетіледі: себепті (себептілік), заң арқылы түсіндіру. функционалды (мақсатты, дәлелді), құрылымдық жене генетикалық (тарихи). Себепті түсіндірулер бірнеше құбылыс арасындағы өзара байланыс себептерін ашады. Бұл жағдайда түсіндіру дегеніміз - себебін ашу дегенмен бірдей. Себепті түсіндірудің маңызы зор. Өйткені, себеп- жалпы, белгілі бір сандар туғызбайтын құбылыс жоқ екендігі сияқты, себепсіз құбылыс жоқ.

Ғылыми түсіндірулердің  неғұрлым дамыған түрі - теориялық заңдардың негізіндегі түсіндірулер. Мұнда түсіндірілетін ват, құбылыс қандай заңға, теорияға, модельге байланысты пайда болды немесе туындады деген сұраққа сәйкес келеді. Бұл жағдайда, түсіндіруді дедукцияның логикалық операциясы ретінде қарастыруға болады: жеке сандардың жалпы заңнан (теория, модель) шығуы. Мысалы, газ молекулалардан турғандықтан, қимылды газдың генетикалық теориясы түсіндіреді.

Функционалды түсіндірулер жүйенің белгілі бір бөлігі орындайтын қызметке бағытталған. Мұндай түсіндірулер: "Ү жолы пайда болуы үшін X керек" деген принцип бойынша құрылады. Мысалы, "жауыннан құтылу үшін жендіктерге мимикрия керек". Себепті түсіндіруді де, функционалды түсіндіруді де бірдей көріністе беруге болады.

Әлеуметтік ғылымдарда адамдар тобы немесе жеке адамның  мақсатты бағытталған қимылдарын түсіндіру объектісі болғандықтан, функционалды түсіндірулер мақсатты түсіндіруге айналады. Адам (жасанды жүйе) белгілі бір мақсатқа жетуі үшін қимыл жасайды. Әлеуметтік құбылыстарды талдау барысында қимылдар көрініп, мақсаттар көмескі күйінде қалғандықтан, мақсатты түсіндіру қиын. Мақсатты түсіндірулер бірнеше мүмкін мақсаттардың ақиқат шамалауынан құралады және мұндай түсіндірулер үнемі шындыққа сәйкес келе бермейді. Осылайша, пайдаланушы MYCIN жүйесіне НЕЛІКТЕН сұрағын қойғанда, мақсатты әрқашан жүйеге белгілі, біреу екендігін ескереді. Әрине, мұндай болжамдар үнемі орындала бермейді.

Құрылымдық түсіндіру жалпы алғанда түсіндірілетін жүйенің тәртібі мен қызметін орындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың сипатталуы арқылы беріледі. Құбылыстың жекелеген аспектілері (себебі, мақсаты, т.с.с.) қолданылатын түсіндіру түрлерінен, құрылымдық түсіндірулердің айырмашылығы - жағдайды бүтіндей қамтуында.

Генетикалық (тарихи) түсіндіру  жүйенің, зат, құбылыстың осы қалыпқа келу шартын, себеп, заңдарын ашудан тұрады. Генетикалық түсіндірулер мәннің қалай пайда болғанын және оның пайда болу жолдарын ашады. Қазіргі сараптау жүйелерінде мақсатты және себепті түсіндірулер қолданылады.

"Тәсіл" параметрін түсіндірудің нақтылық деңгейі тұрғысыннан да қарастыруға болады. Түрлі нақтылық деңгейіне түсінік беру қажеттігі пайдаланушы мақсаттарының әртүрлілігінен, олардың білім деңгейінің қилы болуынан, нақты пайдаланушының уақытты өзгертуінен т.с.с. туындайды. Түсіндірудің кез келген нақтылық деңгейінде түсіндірілетін мәнге теңбе-тең мән (осы деңгей үшін) беруі керек. "Тәсіл" параметріне "түсіндіру тілі" аспектісі де кіреді. Сараптау жүйелерінде түсіндірулер шектеулі табиғи немесе графикалық бейнелер тілінде беріледі.

"Адресат" факторын  түсіндірудің дербес параметрі ретінде қарастыра отырып, оның мәнін көрсетеміз. Сараптау жүйелеріндегі түсіндірулерде адресаттың ескерілуі мына себептерге байланысты:

1) жүйемен өзара әрекет  барысында түрлі мақсаттағы пайдаланушылар түрі бар;

2) осы түрдің нақты  пайдаланушысының біліктілігі (білім)  уақытпен езгереді;

3) сараптау жүйесі жұмысының логикасы мен білімді сақтау жолдары пайдаланушы түсінігіне сәйкес келмейді.

Апайда, түсіндірулер пайдаланушыға релевантты сұраныс түрінде берілуі керек (яғни түсінікті болып, жалпылық пен нақтылықтың сәйкес деңгейінде мәнге қатысты болуы керек).

 

2.11. Білімге  сусындау

Сарапшвдан (немесе кез  келген білім көзінен) білім алып, оны сараптау жүйесіне көшіру білімді  игеру деп аталады. Әдетте білім  көзі - адам болып табылады, апайда сараптама саласы туралы мәліметтері бар текстер мен эмпириялық мәліметтер де болуы мүмкін, Білімді меңгеру үрдісі маңызды да күрделі. Сараптау жүйелеріндегі тапсырмалардың сапасы мен тиімді орындалуы онда қолданылатын білімнің сапасы мен санына байланысты болғандықтан, бұл үрдіс өте маңызды болып табылады. Үрдістің қиындығы - ондағы білім көлемділігі сондай, оны сарапшының өзі толық меңгере алмайды.

Білімді меңгеру үрдісін әртүрлі қырынан қарастырып, бірнеше аспектімен сипаттауға болады. Осы аспектілердің ең маңыздылары: 1) білімді игеру сатылары; 2) білім игеру модельдері; 3) білімнің аты; 4) білім деңгейі; 5) білімді қандыру құралдары.

 

2.11.1.Білімді  игеру сатылары

Білімді игеру үрдісінде  бірнеше сатының болуын мамандар дерлік қуаттайды. Оның қанша жене қандай сатылары бар деген мәселе біраз талас тудырады. Мысалы,бірқатар авторлар сараптау жобалау үрдісінде қанша саты болса, білімді игеру үрдісінде де сонша саты бар деп есептейді.

Білім игеру үрдісін жобалауға  қатысушылар мен сараптау жүйесінің кызметін өзгертуін көрсететін сатыларға бөлген дұрыс сияқты. Осы тұрғыдан қарағанда, (28-сурет) 1) болжам сатысы; 2) бастапқы саты; 3) жинақтау сатысы шығады:


 

 

 

 

 

 

 

 

 


  • болжам сатысы                                            -   беру
  • бастапқы саты                                              -   әсер ету

-   жинақтау сатысы                                         -   дайындау

28-сурет. Білімді игерудің  жалпы үлгісі

Білімді игерудің болжам сатысы әлі сараптау жүйесінің жоқтығымен (саты аты да осыған байланысты) сипатталады. Білімді инженер сарашпыдан алады. Бұл сатыда білім жөніндегі инженердің міндеті - сарапшыдан сараптама саласы туралы (негізгі ұғымдар, қатынастар, шағын тапсырмалар, т.с.с.) негізгі мәліметтер алып, солардың негізінде сараптау жүйесін құру принциптері мен мәліметтер құрылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Білімді игерудің бұл сатысы теңестіру, концептуалдау және формалдау сатыларында орындапады.

Информация о работе Білім базасы