Білім базасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:01, дипломная работа

Описание

Есептеу техникасы дамуының қазіргі кезеңі ЭЕМ бағдарламалық қамтамасына жасанды интеллект элементтерінің кіруімен сипатталады. Білім базалары (ББ) осыған байланысты жасалған. Бағдарламалық қамтаманың объектілерінің тек нақты фактілері кіретін мәліметтер базасынан олардың айырмашылығы - ББ-ға концептуалды, түсініктеме мәліметтері кіреді. Олар табиғи тілде жазылады да, одан басқа объектілер сыныбы туралы мәліметтер де кіреді (олардың байланыстары, қасиеттері).

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................
1.Мәліметтер базасы мен банкі.....................................................................
1.1 Мәліметтерді өңдеу жене оның құрылымы...........................................
1.1.1 Информация жене мәліметтер.............................................................
1.1.2 Мәліметтер құрылымы.........................................................................
1.1.3. Мәліметтер жиынтығы және файлдар................................................
1.1.4. Қол жеткізу тәсілдері...........................................................................
1.1.5 Мәліметті өңдеудің негізгі есептері....................................................
1.1.6 Мәліметтердің өзара байланысы мен..................................................
информациялық қарым-қатынасы................................................................
1.2.Мәліметтер банкінің құрылымы.............................................................
1.3.Ұсталатын мәліметтердің мәліметтер...................................................
базасындағы қасиеттері.................................................................................
1.4.Схемалар және оның бөлшектері............................................................
1.5 Бағдарлама пакетімен МЕВЖ өзара.......................................................
әсерлесу схемасы............................................................................................
1.6. Мәліметтер банкін қолданушылар.........................................................
1.7.Мәліметтердің база әкімінің құрамы......................................................
1.8.Мәліметтерді көрсету деңгейлері...........................................................
1.9.Мәліметтердің негізгі модельдері..........................................................
1.10. Реляциялық алгебра..............................................................................
1.11. Мәліметтер базасын жобалау..............................................................
1.11.1.Талаптарды түрге келтіру және талдау............................................
1.11.2.Астарлы жобалау................................................................................
1.11.3. Логикалық жобалау............................................................................
1.11.4.Физикалық жобалау............................................................................
2.Білім базасы.................................................................................................
2.1.Сараптау жүйесінің жалпылама схемасы..............................................
2.2. Білім және оларды көрсету....................................................................
2.3. Сараптау жүйе білімінің құрамы..........................................................
2.4 Білім базасындағы білім құрамы...........................................................
2.5.Сараптау жүйесін құру методологиясы................................................
2.6.Сараптау жүйесін паидаланушылардың өзара....................................
әрекет үлгісі...................................................................................................
2.7.Диалог жүйешесі - өзара әрекет үлгісі...................................................
2.7.1.Диалогтың жалпы құрылымы..............................................................
2.7.2.Диалогтың тақырыптық құрылымы.....................................................
2.7.3 Диалог қадамының құрылымы.............................................................
2.8. Хабарламалардың талдау және жинақтау жүйешелері .......................
2.9.Басқарушы компоненттердің қызмет үлгісі...........................................
2.9.1.Сараптау жүйесіндегі басқарудың нақты үлгісі ................................
2.9.2.Басқару механизмі түріндегі стратегия................................................
2.10.Сараптау жүйесінің түсіндіру қабілеті..................................................
2.10.1. Түсіндіру параметрлері.......................................................................
2.11.Білімге сусындау......................................................................................
2.11.1 .Білімді игеру сатылары........................................................................
2.11.2.Білімді игеру модельдері.......................................................................
2.11.3.Білім номеклатурасы.............................................................................
2.11.4.Білім деңгейі...........................................................................................
2.11.5.Білімге сусындау құралдары................................................................
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................
Мазмұны...........................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

Білім базасы. 54.doc

— 384.50 Кб (Скачать документ)

Бастапқы сатыда жүйе түсінік туралы бідіммен, яғни ұйымдастыруды анықтайтын мәндер, білім база түсінігінің жолдары мен құрылымы туралы мәліметтермен толығады. Бұл білімдерді анықтау үшін бағдарлама негіздерін меңгеріп, сарап жүйесінде жобаланатын қызметті нақты түсіндіруі керек. Бастапқы сатыда білімді сарапшы мен білім жөніндегі инженер ғана енгізе алады. Бастапқы саты орындалу сатысының бірінші кезеңінде жүргізіледі. Жинақтау сатысында сараптама туралы негізгі білім меңгеріледі. Дамытудың қазіргі деңгейінде бұл сатыда білім жөніндегі инженер мен сарапшы білімді бірігіп игереді . Жинақтау сатысындағы орындалатын міндеттер:

1) сараптау жүйесінде  қолданылатын білімнің қате, толық  емес жене қайшылықтк тұстарын табу;

2) табылған қате, толық  емес, қайшылықты тұстарды жаңа біліммен ауыстыру;

3) жаңа білімді сараптау  жүйесінен түсінікті түрге көшіру;

4) "жаңа" білім мен  "ескі" білімнің қосылуы.

Бұл сатыда тиімді және сапалы қызмет үшін қажетті барлық білім түрлерінің қалыптасатынын атап өту керек.

28-суретте жоғарыда келтірілген сатылармен бірге білімді игерудің жалпы үлгісі берілген. Келтірілген үлгі негізінде білімнің игерілуін тар не кең көлемде айтуға болады. Тар мағынасында білімді игеру деп - іс жүзіндегі сараптау жүйесіне, яғни орындалу сатысындағы сараптау жүйесіне білім беретін жинақталу сатысын түсінеміз. Барлық сатыны кең мағынасында білімді игеру деп түсінеді.Бұл тар мағынасы да, кең мағынасы да жоғары берілген "білімді игеру" терминінің анықтамасына сәйкес келеді. Бірінші жағдайда, сараптау жүйесі болып білім берілетін сараптау жүйесінің іс жүвіндегі прототипі, ал екінші жағдайда, сараптау жүйесінің жобалаушы прототипі деп түсіндіріледі. Яғни, мұнда білім сараптау жүйесіне де, сол сияқты іс жүзіндегі сараптау жүйесінің прототипі түрінде іске асыратын білім жөніндегі инженерге беріледі.

 

2.11.2.Білімді игеру модельдері

Білімді игеру - сараптау жүйесін дайындаудың ең күрделі кезеңі болып табылады. Бұл әдетте білім жөніндегі инженердің пән саласын жетік білмейтіндігі, ал сарапшның бағдарламаны білмейтіндігіне байланысты. Соған сәйкес сарапшының лексикасы (сөздері) білім жөніндегі инженерге түсініксіз болады. Лексиканы нақтылап, кеңейту үшін сарапшы мен білім жөніндегі инженердің бірлескен жұмысы керек. Пөн саласындағы білімнің құрылымында сарапшыға көмектесу - білім жөніндегі инженер үшін ең қиын міндеттердің бірі.

Білімді игеру үрдісін  міндеттердің орындалу бірізділігімен былай сәйкестендіруге болады: 1) білімді жетілдіру (кеңейту) қажеттігі; 2) жетілдіру үшін жаңа білім аду, олай болмаған жағдайда білімді игеру үрдісі тоқталады; 3) жаңа білімдер сарап жүйесіне түсінікті түрге ауысады; 4) жүйе білімі жетілдіріліп,бірінші тапсырмаға көшіріледі. Жоғарыда келтірілген міндеттерді орындауға сарапшы, білім жөніндегі инженер, бағдарламашы жене сараптау жүйесі катысады. Тапсырманы кімнің орындайтынына байланысты білім игерудің түрлі модельдерін шығаруға болады.

Жасанды интеллектіге байланысты бұрынғы жұмыстарда дайындалатын жүйемен бағдарламашы ғана өзара қимылға түседі. Жүйені дайындау барысында бағдарламашы шығару механизмінен білімді бөлмейді. Бағдарламашы міндеті - сарапшының көмегімен пен саласын меңгеру жене жүйені дайындау барысында сарапшы ретінде де, бағдарламашы ретінде де жұмыс істеу болып табылады. Сараптама саласындағы білімнің тапшылығының салдарынан бағдарламашы игерілген білімнің толықтығы мен қайшылықсыздығын қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар жүйені жетілдіру қажеттігі - бір кездері қол жеткен білім қайшылықсыздығын сақтап қалу мүмкін еместігін көрсетеді (жүйені білім базасы мен шығару механизміне бөлмеген кезде). Жасанды интеллект дамуының алғашқы кезеңіндегі жүйе мен сарапшының өзара қимыл моделі 29-суретте берілген. Бұл модельде білімді игеруге байланысты жоғарыда көрсетілген міндеттерді бағдарламашы орындайды.


 

29-сурет.Жасанды интеллектінің бұрынғы жүйелерімен

білімді игеру моделі

 

Жасанды интеллект жүйесінің  одан кейінгі дайындалулары білімнің бағдарламадан бөлініп, білім базасы деп аталатын қарапайым ақпарат құрылымдары түрінде берілуіне негізделеді. Мұнда сарапшы жүйемен тікелей өзі, не білім жөніндегі инженер арқылы байланысады (30-сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

30-сурет.Білім жөніндегі  инженердің көмегімен сараптау  жүйесіндегі білімді игеру моделі.

30-суретте көрсетілген  модельмен салыстырғанда бұл жолдың ерекшелігі - мұнда білім базасы білімнің жетілдіруін жеңілдетеді. Бұл модельде білімді игерудің бірінші және екінші тапсырмасын білім жөніндегі инженердің көмегімен сарапшы орындайды, үшінші тапсырманы - білім жөніндегі инженер, ал төртінші тапсырманы - сараптау жүйесі орындайды. Бұл жолдың негізгі кемшілігі - оның күрделілігінде.

Бағдарлама мәселесінен  азғана хабары бар сарапшы білім  жөніндегі инженердің көмегінсіз интеллектуалды редактор арқылы сараптау жүйесімен  өаара қимылға түсе алады. Бұл жолдың моделі 31-суретте берілген. Бұл модельде интеллектуалды редактордың диалогтық қабілеті мен білім базасының құрылымы туралы біраз білімі, яғни метабілімі болуы керек.


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31-сурет. Интеллектуалды  редактордың көмегімен сараптау  жүйесінің білімді игеру моделі

 

Интеллектуалды редактор сараптау жүйесінің құрамына кіруі де мүмкін. Интеллектуалды редакторды қолдануда сарапшы (білім жөніндегі инженер мен сараптау жүйесінің азғана көмегімен) білімді игерудің бірінші, екінші тапсырмаларын орындаса, үшінші, төртінші тапсырманы сараптау жүйесі орындайды.

Болашақта сарап жүйелері сарапшы-адам сияқты білім игереді  деген сенімдеміз (32-сурет). Бұл жағдайда индуктивті бағдарлама пен саласын сипаттайтын көптеген қатынастар мен ережелердің автоматты түрде қалыптастырған кейбір сараптама мәліметтерін талдайды. Білім базасында анық түрдегі мәселе саласының нақты деректері сақталады, ал индуктивті бағдарламаның міндеті- маңызды жалпылама беру.


 

 

 

 

 

 

 

 

32-сурет. Индуктивті  бағдарламаның көмегімен сараптау 

жүйесінің білімді игеру  моделі

 

Бұл жолдың негізгі артықшылығы - білімді игеруге байланысты жоғарыда көрсетілген терт тапсырманың автоматтандырылуында. Индуктивті бағдарламаларды қолданатын сарап жүйелерін жасауда алғашқы қадамдар ғана жасалуда. Индуктивті бағдарламадан білім алатын сараптау жүйелері әзірге жоқ, индуктивті жалпыламаларды беретін тәжірибелік бағдарламалар ғана кездеседі.

Сараптау жүйелерінің  одан әрі даму болашағы білімді табиғи тілдегі текстерден тікелей игеруге  байланысты. Білімді игерудің мұндай моделі 33-суретте берілген. Вүл жағдайда күнделікті баспа текстерін оқу (кітап, мақала т.с.с.) және солардан білім алу, яғни текст, үлгі, графиктерді түсіну талап етілді. Түсіну тапсырмасының қиындығы - табиғи тілді өңдеумен қатар, текст бойынша кейбір мәселелер саласында модельдерді жасау қажеттілігінде.

Жоғарыда келтірілген  білімді игеру әдістері (модельдері) сарапшыдан тәуелсіздігі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Әдістер осы тәуелсіздіктің өсу тәртібімен, яғни білім игеру үрдісінің автоматтандырылу деңгейінің көтерілу тәртібімен берілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33-сурет. Текст түсіну  бағдарламасының көмегімен сараптау 

жүйесінің білімді игеру  моделі

 

2. 11.3. Білім номенклатурасы

Сараптау жүйесі пайдаланушылардың  ақпараттық қажеттіктерін қанағаттандыруы  үшін нақты мәселе саласы туралы, қатынас тілі, жүйе және оны пайдаланушылар туралы түрлі білімі болуы керек. Сараптау жүйесінде қолданылатын білімнің көп түрлілігінен қатынасқа қатысушылар (сарапшы мен білім жөніндегі инженер) оған мәселе саласындағы білім мен жүйе туралы білімді бере алады.

Апайда мәселе саласындағы жаңа білімді игеру барысында тіл туралы жаңа білім игеріледі, немесе бұрынғы білімдер жетілдіріледі. Мысалы, мәселе саласында жаңа объект немесе атрибут енгізілгенде, сөздікте осы объектінің атын білдіретін жаңа сөз морфологиялық, синтаксистік және семантикалық сипаттама беру қажеттігі туындайды. Апайда, сарапшының да, білім жөніндегі инженердің де тіл туралы жаңа білім енгізетін лингвистикалық білімі жоқ. Пайдаланушылар туралы білімді игеруде, яғни нақты пайдаланушының жекелеген ерекшеліктері туралы білімді игеруде қиындықтар кездеседі. Мұндай білімдер пайдаланушымен нақты жұмыс барысында, яғни сарапшы мен білім жөніндегі инженердің жүйемен байланыспаған кезінде игерілуі керек. Пайдаланушы туралы білім көзі - оның өзі ғана болуы мүмкін (пайдаланушылардың алдын ала білгіленген түрлерге топтастырылуын есептемегенде). Сарап жүйесімен қатынасқа түсетін катысушылардың арасындағы қатынас тілі және нақты пайдаланушы ерекшеліктері туралы білімі бар мамандар болмағандықтан, бұл білімдер автоматтандырылуы керек.

Тіл туралы немесе пайдаланушы  туралы білімді игеру барысында пайдаланушымен немесе сарапшымен өзара әрекет оларға түсінікті терминдермен берілуі керек.

 

2.11.4. Білім  деңгейі

Білім түрліше топтастырылуы  мүмкін. Білімді ұйымдастыру тұрғысынан алғанда, оларды екі аспектіде қарастыруға болады: 1) түсінік деңгейі бойынша; 2) нақтылық деңгейі бойынша. Әр аспект деңгейлер иерархиясын жасайды.

Түсініктің үш деңгейін алып қарайық: бұлар кейде одан да кеп болуы мүмкін. Мәселе саласындағы білімді нөлдік деңгейге жақындататын болсақ, онда түсініктің бірінші деңгейінің құрамында метабілім, яғни нөлдік деңгейдегі білім жүйесінің ішкі жүйесінде көрсетілген білім болуы мүмкін. Білімді игеру мен жүйе қимылын түсіндіруде бірінші деңгей білімі маңызды орын алады.

Түсініктің екінші деңгейінде бірінші деңгейдің білімі туралы метабілім, яғни бірінші деңгейдің негізгі ұғымдарының түсініктері туралы білім болуы керек.

Деңгейлер иерархиясы туралы айтқанымызды мына мысалдармен түсіндірейік. X мәселесі саласындағы білім деңгейінде тиімді жұмыс істейтін жүйені (1-жүйе) құруға көмектесу үшін, X мәселесі саласындағы білімді игере алатын метажүйені (2-жүйені) құру керек. Апайда 2-жүйе - X саласына арналған бірінші деңгей жүйесі X саласы туралы білім түсінігін белгілейтін кейбір Ү мәселесінің саласы үшін нөлдік жүйесі ретінде қарастырылады. Ү саласындағы, яғни түсінік туралы білімді игеруге арналған 2-жүйе үшін (3-жүйе) метажүйе құрамыз. 34-суретте білімді игерудің жоғарыда келтірілген көпдеңгейлік үлгісі берілген. 34-суретте берілген үлгі екі жүйемен (бірінші және екінші) шектелуі мүмкін екендігін атап өтеміз. Шындығында, 3-жүйеде орындалатын кез келген түсінік туралы білімді игеру үрдісі 2-жүйеде орындалатын нақты түсінік туралы білімді игеру үрдісімен бірдей ұйымдастырылуы мүмкін. Осылайша, 2-жүйе екі тапсырманы да орындай алады.

Нақтылық деңгейін шығару білімді көпдеңгейлі білім ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Білімнің жалпы ұйымдастырылуын көрсететін нақтылықтың ең аз дегенде үш деңгейі, білімнің жекелеген құрылымдарының логикалық және физикалық ұйымдастырылуы болып бөлінеді.

 


 

 

 

 

 

 

34-сурет.Білімді игерудің  көпдеңгейлік үлгісі

 

Жалпы категориялық терминінде қарастырылып отырған екі топтастыру да (түсінік деңгейі мен нақтылық деңгейі бойынша) білімнің әр түріне сәйкес келетін механизмдерді қолдануда нұсқау беру арқылы білімді игеру үрдісін басқарады. Мүндай бағытталған нұсқаулар кең қолданылады, яғни олар нақты сала немесе түсініктің шарттылығымен шектелмейді.

 

2.11.5. Білімге  сусындау құралдары

Білімді игеру әдістерін білімді сусындау құралдарымен сипаттауға болады. Сусындау құралы білімнің қате, толық емес және қайшылықты тұстарын тауып, түәетуге көмектесуі керек. Сусындау құралын мына белгілермен сипаттауға болады: 1) құралдардың актив - пассивтігі; 2) білімді сусындауда қолданылатын тіл деңгейі (төмен-жоғары); 3) сусындау тілінің түсініктеме саласы (бағдарлама ұғымы, мәселе саласының ұғымы). Білімді сусындаудың ең қарапайым құралдары сусындау тілі деңгейінің пассивтігімен (яғни сусындау адамның бұйрығымен қосылады), білімді сусындау тілінің төмен деңгейімен (яғни ассемблер деңгейінде) және сусындау мәселе садасындағы терминдермен емес, пайдаланушыға түсініксіз бағдарлама терминдерін қолдануымен сипатталады.

Көптеген сараптау жүйелерінде мәселе саласындағы түсіндірілетін ұғымдардың жоғары деңгейдегі тілде білімге сусындаудың актив құралдары қолданылады.

Сонымен, сараптау жүйесіндегі  білімді игеру туралы сөз болғанда, мына белгілерді ескеру керек:

1) білім қай сатыда  игеріледі?

2) қандай білімдер (номенклатурасы  мен деңгейі бойынша) игеріледі?

3) ол білімдер қандай  жолмен игеріледі (яғни қандай модель қолданылады)?

4) игерілетін білімдер  қандай болады?

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Ульман Дж. Основы  систем баз данных.- М. .-Финансы  и статистика, 1983.

2. Тиори Т., Фрай Дж. Проектирование структур баз данных.- М.:Мир, 1985.

3. Четвериков В.Н. и др. Базы и банки данных.- М.:Высшая школа, 1987.

4. Атре Ш. Структурный  подход к организации баз и  банков данных.- М.:Финансы и статистика, 1983.

5. Дейт К. Введение  в системы баз данных.- М.:Мир, 1980.

6. Философский энциклопедический  словарь.- М.:Наука,1983.

7. Попов Э.В. Экспертные  системы: решение неформализованных задач в диалоге с ЭВМ.- М.:Наука, 1987.

8. Мартин Дж. Организация  баз данных в вычислительных  системах.- М.:Мир, 1978.

9. Мейер Д. Теория  реляционных баз данных.- М.:Мир, 1987.

10. Диго С. Проектирование баз данных.- М. .-Финансы и статистика, 1988.

 


Информация о работе Білім базасы