Ендірістік оқытудағы тәрбие жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание

Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
2.2 Кәсіптік білім беру мекемелерінің тәрбие контигентінің ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ондирис реферат.docx

— 29.08 Кб (Скачать документ)

                    Жоспар

 

І. Кіріспе бөлім

  ІІ. Негізгі бөлім

    2.1 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары

2.2 Кәсіптік білім беру мекемелерінің тәрбие  контигентінің        ерекшеліктері

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданға білім беру заңының 28-бабында :

Білім беру ұйымдарындағы  оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен  бағдарламаларының толық көлемде  уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы  оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау  оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық  сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарындағы  оқу және тәрбие жұмыстарының есебі  теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу  бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін  жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

 Білім беру ұйымдарындағы  тәрбие бағдарламалары оқу процесінің  құрамдас бөлігі болып табылады  және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық  сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ  жан-жақты қызығушылықтары мен  қабілеттерін дамытуға бағытталған- делінген.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық  негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак  Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге  көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы  болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "әркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци "Лингард и Гәртруда" деген  еңбегінде білім беруге демократиялық  көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл  бөлуді жақтады.

Адамды табиғат жаратса  да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін  дамыту үшін, бәріне бірдей жасап, ортақ  тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.з.д. ІV ғасырда Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына назар аударып, «...заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруіне тиісті екеніне ешкімнің де күмәні болмайы тиіс. Себебі, мемлекеттің ең негізгі мақсатты, барлық адамдарға бір ғана ортақ тәрбиесі болуы тиіс. Тәрбиеге қатысты заң болуы тиіс және ол  ортақ тәрбиесі болуы тиіс...» деп есептеген. Сондықтан да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлық процесі деп қарастырған.

Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет дей отыра, «Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез-құлқын түзетуі және әр кезде оларды заңға  сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс.»  деп есептеген.

  Тәрбиелеу- халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. (Әл-Фараби)

«Тәрбие- біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие- бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның  екінші адамға ықпал етуі» (Л.Н.Толстой).

«Тәрбие- кең мағынада-бұл  рухани жағынан үнемі жетілдіру  және баюда көпсалалы процесс.» (В.А.Сухомлинский).

«Тәрбие- кең мағынада алғанда- қандай да болса бір жан иесі тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс  өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адам баласын кәмілет жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азып беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі.» (М.Жұмабаев).

«Тәрбие – бұл адам жанын  жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын  жетілдірудің ең күшті сыры бар.»        (Иммануил  Кант)

«Тәрбие-тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х.И.Лийметса)

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына  жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние  танымының дамуына, ерік-жігері мен  моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар  тәрбие адамдарды  қоғамда еңбекке  және басқа да пайдалы әрекеттерді  пайдалану әрекеттерді орындауға  дайындалудың табиғи заңдылық процесі.

Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді,ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен  қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Тәрбие кездейсоқ оқиға  емес, ол қоғамның пайда болуына  тән қасиет. Тәрбие-жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыстасуына әсер ететін құрал. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың  айналамен қарым-қатынас, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

Менің тақырыпты алу себебім  қазіргі кезде Қазақстандағы  жастар тәрбиесі қандай деңгейде, тәрбие туралы зерттеген ғалымдарды, сондай-ақ кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысы қалай жүргізілетінін білу үшін алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1   Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары

 

Тәрбие  процесін  табысты,  нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге , алдымен  тәрбие заңдылықтарын  жете түсінуді қажет етеді. Философия  ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіріледі.

Педагогикалық құбылыс деп  тұлшғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында  жеке басында, айналасында  кездесетін, ықпал ететін табиғи  немесе табиғи емес әр түрлі жанғдайларды айтуға болады.

Тәрбие процесінің негізінде  тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірінің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады. Тәрбиенің  заңдылықтары:

    • Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи заңдылық
    • Баланы өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы ортамен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы.
    • Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы.
    • Тәрбие  мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы.
    • Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі.
    • Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігіне, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Педагогика ғылымында  тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді  негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның  заңдылықтары негізінде  қандай принциптерді қарастыру принциптеріне  оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.

Принцип деген ұғым  латын  тілінде «бастапқы», «негізгі» деген  түсінікті білдіріп, белгілі бір  әрекет барысында басшылық ету идеясын  көздейді. Олай болса, иірбие принциптері  деп тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын  басты тәрбие идеяларының жиынтығын  айтамыз.

Тәрбие принциптері  тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:

    • Тәрбиенің мақсаттылығы.
    • Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикамен байланыстылығы.
    • Еңбек арқылы тәрбиелеу.
    • Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрмейттей білудің бірлігі.
    • Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу.
    • Тәрбиенің жүйелілігі,бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету.
    • Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.
    • Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Тәрбие принциптерінің ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені  тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекетер белгілі бір мақсатқа негізделген. Мақсат- тәрбиелік шаралардың  кездейсоқ сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмытардың түрлері, мазмұны мен  ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип  ретінде  саналады.

Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие берудегі қоғамның  әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуге, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ете кезден араластыру өз еліне, туған  өлкесіне деген сүйіспеншілікке  баулу, ел азаматтарына , еңбек ардагерлеріне  деген құрметтушілік, ізгілік  ниеттерінің  орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің»  баспалдығынан біртіндеп қуат алып, оның қыр-сырымен танысуға мүмкіндік  туғызады.

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципинің  мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген  жағымды көзқараспен қарым-қатынас  қасиеттерін орнықтыруды, сонымен  қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілігінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанмен,  оны нағыз адам етіп қалыптастырған  еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда әкеледі. Сондықтан да бұл принцип тәлрбие процесінің өң бойында өзекті мәселе болып қала береді.

Жеке тұлғаға талап  қоюшылық пен құрметтей білу принципинің  көздейтін мақсаты:

  • Оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгеруді;
  • Оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;
  • Мектепке оқушыларға арналған  ережені қатаң сақтауды;
  • Мектеп пен отбасы  және мектептен тыс  мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының  талап бірлігін үйлестіруді;
  • Жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;
  • Сүйіспеншілік көрсеуді т.б.

Тәрбие жұмысының табысты  болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. Әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі көзқарасы, адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әртүрлі. Сондықтан  да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктердің ескертудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.

Тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны  мен тәрбиелік әрекеттердің баланың  жас шамасына сай біртіндеп жүйелі жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде  тәрбиешілер тарапына болатын ықпалдағы  жүйесіздік, тірбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, керісінше онда әр түрлі кездейсоққа тап болуға итермелейді. Баланың түсінігіне  орай тәрбие жұмысын жүйелі түрде  жүргізу, тірбие салаларының тұтастығын қамтамасыз етеді,өйткені тірбие міндеттерін  шешуде атқарылатын шаралардың мазмұны  бүгінгі мен болашақта жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы, осы принциптің бірден-бір міндеті.

Жеке тұлғаның ұжымда тек  ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңістік дәуірде комунистік тәрбие беру жүйесінің  негізгі  талаптарының бірі болып  келеді. Бұл социолистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда  өмір сүріп жатқан «барлығы біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс. Оқушының жеке басын ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі-оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен  іс-әрекетінде олардың жауапкершілігін, белсенділігін артып, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым-қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра моральдық нормаға айнала бермек.

Тәрбие  процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жасөсперімдерге  тәрбиелік ықпалын үйлестіру  қажеттілігінентуындайды. Балаға дегенде  қоғамның талаптарын жүзеге асыруда  олардың әрекетінде ауызбіршілік жүйелік  болмаған жағдайда  тәрбиелік шаралардың нәтижесі төмендейді. Баланың дүниетанымы  отбасынан бастау алып, мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың  мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне  жағымсыз көлеңке түсіреді.

Жоғарыда баяндалған тәрбие принциптерін  тәрбие процестерінде  басшылыққа алу, олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге  айрықша міндеттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Кәсіптік білім беру мекемелерінің тәрбие контигентінің ерекшеліктері

 

    1. Оқу топтарын жасақтаудағы кәсіби принципті сақтау дегеніміз жалпы орта білім және негізгі білім базасында мектептен келген түлектердің жас ерекшеліктері мен аймақтық айырмашылықтарын, түрлі ұжымдық ортадан келгендігін ескеру болып табылады. Сондақтан олардың жатаханада бірге тұру, отбасының қашықта тұруына байланысты  ата-анасымен хабарласудың қиындығы, оқушының жеке өмір сүруге дайындығының жоқтығы жаңа өмірге бейімделуі, алғашқыда көптеген қиындықтар туғызады.
    2. Шындығын айту керек, көптеген кәсіби оқу орындарына оқушылар кездейсоқ, өз ықтиярынсыз, ата-аналарының ұсынысымен кәсіп саласынан бейхабар болып оқуға келетіні жиі кездесіп тұрады.  Бұл тек білім игеру емес, сол кәсіпке, еңбек ету қызметі, қала берді өмірден өз орнын таба білуіне де нұқсан келтіруі мүмкін. Мұны олардың үлгерімінен, кәсіби практигаға қатысуынан, анкеталаық сұрақтардан, мамандығы туралы жазған шығармаларынан байқаймыз.
    3. Кәсіптік мектептерде негізінен сабаққа қызығушылығы аз, мұғалімдерге ұнамаған, тәртібі нашар, белсенділігі төмен оқушылар келеді.  Оларда әлекметтік ортаның қалыптасуы тым нашар, өзара киркілжің туғызуға бейім, ұнамсыз әрекеттерге үйір оқушылар да болып, өзгелерге әсерін тигізеді.
    4. Кісіптік мектепке келген оқушылардың арасында жалпы білім беретін мектепте кәсіби біліктілігі төмен мұғалімдердің білім бергені де көрініп тұрады. Олар өз материалдарын игере алмайды, оқуға қызығушылығы азайып, педагогтен да қолдау таппайды.
    5. Кәсіптік мектепке түрлі мектептерде,түрлі педагогтардың әртүрлі әдістермен тәрбиеленген, білім берген оқушылар тобы жинақталады.
    6. Кәсіп саласына байланысты  кейбір топтар жағы қыз балалар,ал кейбір топтарға ер балалар құрамынан тұрады. Бұлда олармен жұмыс істеуде едәуір қиындық туғызады. Осының бәрін жинақтай келе білім саласында мына кемшіліктердің орын алуына жол береді:

Информация о работе Ендірістік оқытудағы тәрбие жұмысы