Ендірістік оқытудағы тәрбие жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание

Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
2.2 Кәсіптік білім беру мекемелерінің тәрбие контигентінің ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ондирис реферат.docx

— 29.08 Кб (Скачать документ)
  • Жеке тұлғаға, оның біліміне нақты көзқарастың болмағанын.
  • Оқыту мен тәрбиелеу, оның әдістері туралы әңгімелердің көбінесе сөз кезінде қалып қоятыны.
  • Тәрбиенің шек-шектеу түрінің орын алғаны.
  • Педагогтардың оқушы боййындағы  адамгершілік қасиеттердің дамуына аз ықпал еткендігі.
  • Жас ұрпақты тәрбиелеуде саралау әдісінің жоқтығы.
  • Оқу орнының  қабырғасында біртұтас тәрбиенің жүйелі жүргізілмегендігі.(кейбір тәрбие түрлері  жеке дара оқшауланып жүргізіледі, мысалы, эстетикалық, адамгершілік т.б. )

Кәсіптік білім  беру орындарында тәрбие жұмысын  жүргізудің мына төмендегідей ерекшеліктері  бар:

    • Кәсіптік мектеп оқушылары , жалпы  білім беретін мектеп оқушыларын қарағанда, әрбір топ күні ұзақ мұғалім бақылауында болады, онда небәрі 2-3-инженер-педагог пен оқытушы, куратор ғана жұмыс істейді.
    • Өндірістік оқыту жұмысымен ерекшелерген кәсіптік мектептерде курстан курсқа өткен сайын оның өндірістік сипаты күрделене түседі.
    • Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысы көбінесе оларды түзету және қайта тәрбиелеу жұмыстарымен тығыз байланыстырыла жүргізеді.
    • Мұнда өндірістік  оқыту мен өндірістік практика кезінде еңбек ұжымының тәрбиесін, оның әсер ету факторларында есепке алған жөн.
    • Сондай-ақ кәсіптік мектептердің инженер-педагогикалық  ұжымы мен контингент ерекшелерін есепке ала отырып, жоғары айтылғандармен кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Егер орта кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұымысын ұйымдастырушы кураторлар пән оқытушылары болса, бастауыш кәсіптік мектептерде бұл жұмыстар өндірістік оқу шеберлеріне де жүктелуі тиіс.

 

 

 

 

 

ІІІ.  Қорытынды

 

Жас бала – жаңа өркен  жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді  халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет  те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді  керек етеді.Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін  жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың  айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай  мінез – құлқын қалыптастыру құралы. 
        Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне- өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі. 
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әр бір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.  
      Әрине, жастарға тәлім – тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.  
Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы – мақал – мәтел, ертегі, өлең – жыр түрінде, ақын– жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған. 
       Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан – жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу – ең басты өзекті мәселе. Ол біріншіден, білім мазмұны арқылы іске асса, екіншіден, тәлім – тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 


Информация о работе Ендірістік оқытудағы тәрбие жұмысы