Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:38, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дүниежүзілік қоғамдастыққа танылуы Қазақстан педагогикасының жаңа мазмұнда сипатталуына кең мүмкіндіктер ашып отыр. Оның бір дәлелі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты сараланып, ақиқаты ашылмай келген ұлттық педагогика тарихының қазіргі заман тұрғысынан әділ бағасын беруге деген талпынысын айтуға болады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтардың тәрбиелік мазмұны...............................................................................................10

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин шығармаларының педагогикалық мүмкіндіктері.........................................................................................................25

2 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімді жолдары..................................................................................................................27
2.2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі........................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу.doc

— 562.00 Кб (Скачать документ)

   В. Франкл өмір мөнін адам жаны үмтылатын «рухани объект» жөне ол мақсатпен, қүндылықпен байланыста болады деп түсіндіреді. «Өмір мәнін түсіну әртүрлі жас кезеңінде және әртүрлі жагдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мөн беруі тиіс, өйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мөні жазылып, қүрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мөнін іздестіру адам үпгін табиғи қүбылыс болып саналады» [65;18].

    Демек, адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін қүрайды:

  1. Трансдентальдық, яғни тәжірибеден, ақыл-санадан тыс қүндылық. 
    Оған   қүдай   туралы,   өлем   негізіндегі   абсолютті   принциптер, 
    моральды абсолют жүйесі жатады. Бұл құндылықтар адамды өлім 
    туралы ойлауға, оған мөн беруге әкеледі. Олар қоғамды біріктіреді, 
    идеологиялық жүйені құрайды, адам эмоциясына әсер етеді.
  2. Әлеуметтік-мәдени    құндылықтар:    саяси    мұраттар,    мемлекет 
    тарихы,    мемлекет    мөдениеті,    мемлекеттік    шекара,     аймақ, 
    дәстүрлер, тіл т.б. Адам Отанына, еліне, жеріне қызмет етуден 
    өмірдің менін тапқандай болады.
  3. Жеке бас құндылығы: денсаулығы, табысы, махаббаты, достығы, 
    қарым-қатынасы т.б.

   Жеке  бас құндылығы - тарихи өзгермелі категория. Мәселен, тоталитарлық қоғамда жеке тұлғаға қоғамдық құндылық белгіленіп беріледі, олар адамдар тарапынан игеріледі де, жеке бас қүндылығына айналады, ал демократиялық қоғамда жеке бас өз құндылығын ерікті түрде тандап алады, бірақ мүнда адамдарды (басқаларды) біріктіретін құндылық күшін жояды.

   Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоциональдық  жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылықпен, қарым-қатынастағы өз орнын сезінумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен, белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын, арман-тілегін сезінумен қоса жүреді [66].

   Өмірдің құндылығын түсіндіруге негізделген Ш.Уалихановтың түсінігінде адам, оның өмірі - ең басты қүндылық, жаратылыстың ғажайып жемісі: «Табиғат пен адам, өмір мен өлім саналы үғымға тіптен түсініксіз, таңғажайып құпия қүбылыс болып келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажал, одан қүпия не бар?» - деп, толғанған Шоқан адамның пайда болуы мен дамуын табиғатпен тікелей байланысты қарастырылады. Бұл пікірін ол шамандықтың себептерін ашуға тырысқан «Тәңірі» атты еңбегінде жалғастырып, ол табиғатты адам санасынан алғашқы, объективтік реальдық, ал адам санасы осы реальды шындықтың бейнесі деп түсіндіреді. Табиғат - адамнан жоғары жөне мәңгілік, сондықтан адам одан әлсіз. Адамның санасында табиғатқа табынушылықтың пайда болуы да, оның табиғат алдында бас июінің, мойындауының дөлелі екендігі туралы Шоқан: «От - өулие, киелі болып саналады... Ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайды, қарғыс үрады... Қара жер қайғыға қайырымсыз, аруақтардың рухы бар деп, ескі жүртты баспайды, ескі жүртта жүруден қорқады. ... Аспандағы өр жүлдызды өр адамның жаны деп түсінеді. Табиғат пен жаратылыстың барлық тосын құбылыстары көрінген жерлерді қасиетті деп санайды» - деп жазды. Демек, Шоқан адам санасындағы құбылыстардың, әртүрлі сенімдердің себебін осылайша табиғаттан іздеудің, адаммен табиғат бірлігін түсіне білудің маңызы өте зор екендігін атап көрсетеді [67, 171].

   Ш. Уалиханов сияқты Ы. Алтынсарин да адам өмірінің адамгершіліктік мағынасын қазақтың, жалпы адамзаттың тарихи жөне шынайы мысалдары арқылы көрсетеді. «...шариғат, мысалы, әртүрлі ғылымдарды, өнерді қай халықтан болса да үйренудің керектігін ешбір жерде теріс демейді», - деп жақсы дәлелдейді.

   Қазақ ағартушысының бұл пікірі қазіргі заман адамын да ойландырады. Біздің қоғамда адамгершілікті тек діннен іздеуге насихаттаушы бағыт қазіргі кезеңнің басым бағыты болып тұрғандығын жасыру мүмкін емес. Бірақ, адамгершілік тек діни ұғым деп түсіну қате, жеке адам адамгершілікке қүдайдан қорыққаннан емес, саналы түрде өз еркімен, жүрегінің өмірімен жетуі тиіс.

   Осыған  орай халықтың өз дінін білу керек  екендігін түсіне білген Ыбырай қазақ балаларын мүсылман дінінің шын мәнімен таныстыратын «Шариат-ұл Ислам» деген атпен діни оқулық жазып, 1884 жылы Қазан қаласында жарыққа іпығарды. Ислам дінінің негізгі қағидаларын қазақ тілінде баяндайтын бүл кітап туралы пікірлер әртүрлі. Бүл мөселенің мәні жөнінде біздің ойымызды білдірсек, біріншіден, сол кезде орыс патшалығының мектептерінде дін сабағы міндетті түрде оқытылатын. Сондықтан да ерте ме, кеш пе бүл пән қазақ даласында ашылған мектептерге де жетер еді жөне ол христиан дінін уағыздаушы пән болуы өбден мүмкін еді. Осы құбылыстың алдын ала білген Ыбырай қазақ мектептерінде мүсылман дінінің негіздерін оқытуды енгізді. Оқулық қазақ балаларына түсінікті қазақ тілінде жазылды. Екіншіден, Ы.Алтынсарин мұсылман дінінің адамды адамгершілікке шақыратын тұстарына ерекше назар аударып, адам өмірінің мәні ғылым-білімге, адамдыққа ұмтылу, адамгершілікте өмір сүру, сол арқылы халқына пайдалы болу деп түсініп, ғұлама ұстаз діни оқулықты да осы қағиданы ұғындыруға пайдаланды.

   Демек, Ыбырайдың бүл айтқандарының  мәні өте терең. Ол адам еркінДігін ерекше атап көрсетіп, жаманды істеп, жақсылыққа ие боламын деу мүмкін емес, адам не ексе, соны орады, деп түжырымдайды. Сондықтан адам ең әуелі жаман қүлықтан арылып, ойын тазартып, таза ой мен таза мінезге үйренгені жөн. Ой мен мінезді түзету ешқашанда кеш емес, бірақ «ағашты жас күнінде қисығын түзей келсең, түзу болып өседі, һәм бір түзу болып өскен соң түзеуге де көнбейді, сынып кетеді», — деп Ы. Алтынсарин ұстаз ретінде әрбір ата-ананың есіне салады [67,171-172].

   Қазақ педагогикасында қүндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш терең философиялық мән беріп, оны жан-жақты талдай білген Абайдан асқан зор түлғаны атау қиын.

     Абай қазақ ұлты үшін парасат биіктігінің, ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Мәселен, Абайдың адам өмірінің мәні мен мақсатын түсіндіруде оның қара сөздерінің орны ерекше. «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алысты, жұмысты, айтысты, тартысты, өурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік. Қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің бәрінің баяндысын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік.

   Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып  өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын», - деп толғанған Абай өмір туралы түйген пікірін осылайша білдіреді. Демек, Абай мүнда басқаларға ой салудың, сол арқылы адамды түзетудің ең дүрыс жолы ретінде санаға сөз арқылы өсер етуді тавдайды: «кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім езімдікі», -дейді Абай.

   Сондай-ақ адамның өмірге келгендегі басты  мақсатын Абай жетішпі қара сөзінде: «Дүниеге келген адамдардың бір тобы ішсем, жесем, ұйықтасам деп тәнін күтеді, енді біреулер көрсем, білсем деп жан рахатына ұмтылады» деп зерделейді.

   Абай  нағыз адам болу үшін жан сүраныстарын дамытудың қажеттігін айтады. Бұл жол - адамгершілік жолы, руханишылыққа, білімге талпыныс жолы. Рухани байлық адамның ең жоғарғы өлшемі десек те болады. «Ішсем, жесем» деген төн қүмарлығы жануарларда да бар, адам осы мақсатты ғана көздесе, оның жануардан еш айырмашылығы жоқ.

   Әрине, өсіп-жетілу үшін төн сүраныстарын да қанағаттандырған дүрыс, бірақ жанды тәннен жоғары қоя білу керек.

   Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші, саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндет. Әрбір халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен жалпы адамзаттық ізгіліктерді жинақтап, пайдалана отырып, қоғамдық-тарихи тәжірибесін игертуді мақсат еткен.

   Әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Мәселен, Антика заманы мен орта ғасырдағы өмір сүрген философ-ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлірек айтқанда этикалық,  эстетикалық,  діни сипаттамаларды  нақтылық,  шынайы болмыс ұғымымен бірге қарастырды.

   Бұл - ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі ойшылдарды мазалап келген сүрақтардың бірі. Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Құндылық - бүл құнды нәрсе.

    Алайда, адам үшін не қүнды және неге қүнды? Кейде біреу үшін қүнды нөрсе өзгелер үшін құнсыз болатын кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкім де келіскісі келмейді жэне әрқайсысы өзі үшін құнды нәрсені нағыз құндылық деп есептейді. Кімдікі дүрыс?

    Бұл мәселені қүндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде «ахіс»- құндылық және "1о§о8" - ілім) шешуге ұмтылады. Аксиологая - құндылықтар жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтың өлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлғаның құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.

   Ал, Н. Лапин: «Құндылықтар - адамдардың өз мінез-құлқының мақсаты мен нормасы туралы талдап, қорытындыланған түсініктері, онда адамзаттың тарихи тәжірибесі жинақталып, белгілі бір этностың немесе жалпы адамзат мәдениетінің мәні жатыр», - деген пікір айтқан еді [89].

   Кейбір  еңбектерде «құндылық» сөзі тиісті заттарға да, сондай-ақ тиісті ойларға да қатысты қолданылады.

   Бірінші топқа табиғи қүбылыстардағы игіліктер мен зиянкестіктер, еңбек өнімдерінің тұтынушылық бағасы, адам әрекеттерінің адамгершілік сипаттамалары, табиғи және қоғамдық объектілердің, көркем өнер туындыларының эстетикалық сипаттамасы сияқты заттық құндылықтар жатады.

   Ал  екінші топқа адамзаттың жақсылық пен  жамандық, әділеттілік, өсемділік пен кейіпсіздік туралы нормативті түсініктер түріндегі қоғамдық ережелер мен бағалау, бұйрықтар мен тыйымдар, мақсаттар мен жобалар, арман-мүраттары, нормалары мен көзқарастары жатады. Бұл топты субъектілік қүндылықтар немесе саналық қүндылықтар деп атайды.

   Құндылықтар арман-мүрат ретінде тек жеке адамға, жеке тұлғаға ғана тән емес, ол жеке тұлғаның өміріндегі өз орнын өзі белгілеу критерийі болып та саналады. В. Краустың пікірінше: «Арман-мұраттар дегеніміз жоғары деңгейдегі құндылықтар, оларға тек жақындауға ғана болады, оларды өмірге енгізу әрекеті бүл арман-мұраттардың күйреуіне әкелуі мүмкін» [91].

   Шет елдердегі әлеуметтану ғылымында да құндылық ұғымының нақтй бір қорытыланған анықтамасы жоқ. Т. Парсонстың пікірінше: «...құндылықтар дегеніміз әлеуметтік жүйенің құрамды бөліктері. ... әлеуметтік жүйенің қалаулы түрі туралы жалпы адамзаттық түсініктер, ең алдымен қоғам мүшелерінің қоғам туралы түсініктері.

   Мұндай  әлеуметтік құндылықтарды адамдардың, басқа да физикалық заттардың қалаулы түрімен шатастыруға болмайды» [92].

   Н. Смелзер құндылықтар деп «қоғамдағы адамдардың ұмтылуға тиісті мақсаттарға және оларға жетудің негізгі әдіс-тәсілдеріне (терминалды жөне инструменталдық құндылықтар) қатысты сенімдерді» қарастырады [93]. А.Тойнбидің пікірінше: «Құндылық та - уақыт сияқты қатыстық үғым»- дейді [94,87].

   Л. Витгенштейн былай деп есептейді: «Дүниенің мөні дүниеден тыс болу керек. Дүниеде барлығы да тиісінше бар және өрбуде; бірақ онда қүндылық жоқ - егер құндылық болса, онда оның құны болмас еді. Егер қандай да бір құны бар құндылық бар болса да, ол дүниедегі барлық бар және әрбіп жатқаннан тыс болу керек, өйткені дүниеде болып жатқанның бәрі кездейсоқтық. Құндылық дүниеден тыс болу керек» [95,70].

   «Шынайылық, адамгершілік, әлемдік — жалған, адамгершіліксіз, ұсқынсыздық» түріндегі құндылықтар мен құнсыздықтар арасындағы қарама-қайшылық адам баласын жаман жөне жақсы деп екіге бөлудің негізі бола алмайды. Әртүрлі жағдайларда адам әртүрлі әрекет жасайды, кейде тіпті өзінің мақсаттары мен өзіндік бағасына кері өрекет етіп, құнсыздықты нағыз құндылық деп қабылдауы мүмкін. Құндылықты анықтау бағытындағы осындай қателесулер құндылық мәселесінің айналасында әртүрлі пікірталастар тудырады, [101,105].

   Адамның жекелік қасиеттері мен мінез-қүлқы да қайта қарастырылады. Жеке түлғаның рухани қалыптасуы дегеніміз өз өзіне, яғни өз қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне, қатынастарына, мінез-қүлқына қайта-қайта талдау жасау үрдісі. Жеке тұлғаның мінез-құлқы мән мен мағынаның өрісінің кеңуімен анықталады.

   Адамгершілік  өрісінің мәні ерекше: адамгершілік санамен қоса адамның бойында өзінің іс-өрекетіне деген жауапкершілікпен қарау сезімі де пайда болады. «Эмпирикалық шектеулі болмыста өзін таныту тек жеке түлғаға ғана байланысты. Эмпирияда жеке тұлға басқаларға күш көрсету арқылы ғана өзін танытып, дами алады.

   Ол  өзінің екпініне ұмтылып, оны дұрыс деп таниды. Тек үлкен қайғы мен күйзеліс нәтижесінде ғана жеке тұлға өлімнің мөнін түсініп, бағалай алады...» [ 102,129].

   Сонымен, адамгершілік нормаларын меңгеру, адамгершілік сананы қалыптастыру тек жақсылық жолымен жүзеге аспайды: адамгершілік адамның мінез-құлқын сырттай ретке келтіруі мүмкін немесе жеке тұлғаның өз ішінде адамгершілік заңдылығына айналуы мүмкін. Адамгершілік нормалары мен құндылықтарын меңгеру адамның «дүниесін» кеңейтіп, оған заттардың дүниесін ғана емес, сонымен қатар дүниенің идеалды өлшемін, мөңгілік мөн мен жақсылықтың дүниесін көріп тануға да мүмкіндік береді.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру