Жай сөйлемнің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 09:57, реферат

Описание

Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем, тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем, сондай – ақ, толымды, толымсыз сөйлем ,атаулы сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Олардың бастауыштары баяндауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме – дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде молшылық орнату бағдарламаларын бұлжытпай жүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы – біз.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім а) Жай сөйлемнің айтылу мақсатына сай топтасуы
ә) Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрленуі
б) Жай сөйлемнің күрделену жолдары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Жай сөйлемнің түрлері.docx

— 69.15 Кб (Скачать документ)

3.Бірыңғай  мүшелерді   жинақтау  қызметінде  бәрі,  барлығы  да, осының  бәрі  үшеуі...  дегендер  сөздер  жиі қолданылады: Анау  төскейдің сай-саласы,  бие бауы,  ауыл  қонысы,  қой өрісі- барлығы  да  соншалық  таныс,  жақын (М. Әуезов).

 Баяндауыштар  бірыңғай  болғанда,  олардың бәрі  бірдей  болғанмен,  көп жерде ең  соңғы баяндауыштың  сөйлем  құрауда синтаксистік  қызметі ерекше  болып келеді.  Оның  үстіне  етістіктен  болған  бірыңғай  баяндауыштың  есімді  бірыңғай  баяндауыштардан елеулі  ерекшеліктері бар.

  • Етістік  бірыңғай  баяндауыштар  қимылдың  бірінен соң бірі  болып жатқан  үдетпелігін  және  мезгілдестігін  білдіреді:Дала  боран, Жел дүрілдейді, ысқырады (Б. Майлин).

Бірыңғай  баяндауыштардың  тұлғалары  әр  уақытта,   жоғарғы  мысалдардағыдай,  біркелкі  болып  келе  бермейді.  Кейде  олардың  алдыңғылары  көсемше тұлғалы  етістік   ең  соңғысы  тиісті  жақ  жалғауында  тұрады;  сол  жалғау  бәріне  де  ортақ  болады:Құс  қанатымен  ұшып,  құйрығымен  қонады  (Мәтел).

Кейде  бірыңғай  баяндауыштың  алдыңғысы  мүлде  айтылмай  қалып,  сол  арқылы  ең  соңғы  бір  баяндауыш  екі  рет  айтылғандай  болып  ұғынылады:Қара  жігіт  саған  бір, Айшаға  бір  қарады (С. Сейфулин). Бұл- бірыңғай  баяндауыштарды  ықшамдау  мақсатымен  айтылған  сөйлемдер. Олардың түрі -...саған бір қарады, Айшаға  бір қарады... Кейде бір баяндауыш бір сөйлемде  бірнеше рет қайталанып  айтылады.  Ондай баяндауыштың  мағынасы  күшейтіліп,  сөйлемге  ерекше  экспрессивті  өң  беріледі: Дауыста, Жамбыл, дауыста! Сөйлеп  бір  жібер,  сөйлеп  енді (Жамбыл)

  • Есімді  бірыңғай  баяндауыштар  субъектінің бір беткей  әр  түрлі сындық,  не  заттық  сапасын білдіреді;  бірыңғай  баяндауыш болатындар-  көбінесе  сын,  зат есімдерден  жасалған  баяндауыштар...Аттың желісі  бір  түрлі  қатты,  мазасыз (М. Әуезов).

5. Екі  не  бірнеше  тұлғаусыз  мүшелер   басқа  тұрлаулы,  тұрлаусыз   мүшелердің  біріне  бағынып,  бір  сұраққа  жауап  болып   тізбектеледі:

  Бақшада  жастықтан,  ьақыттан,  шаттықтан,  сұлулықтан тасып шыққан  ешбір  қайғы-уайымсыз, күмістей  таза  күлкі естілді  (С. Ерубаев).

Жоғары  мысалдардағыдай  бірыңғай  тұлғаусыз  мүшелер  көбінесе  тұлғалас  келеді.  Кейде  тұлғасы  бөлек,  бірақ  түр-тұрпаты  жағынан  әуендес,  қызметі  бірдей  сөздер  де  (көбінесе  анықтауыш,  пысықтауыштар)  бірыңғай  бола  береді. Тұлғасы  бөлек  екі  сөз,  мысалы  анықтауыш  қызметінде,  бірыңғай  болып  айтылу  үшін,  олар  бөлек-бөлек  әуенмен  саналып  айтылуы  керек.

... Қайғысыз,  күмістей  таза  күлкі  естіледі.  Орта  бойлы, ақ  құба  жігіт алдымыздан  шықты.

Соңғы  сөйлемдегі  анықтауыштарды  интонация  арқылы  екі  жікке  бөлмей,  әрқайсысына  ой  екпінін  түсірмей,  бірімен-бірін  ұластыра  айтсақ,  олар  бірыңғай  болмайды. Тұрлаусыз  мүшелердің  барлығының  бірыңғай  болу  амалдары  бірдей  емес.

   Толықтауыштар  бірыңғай  болғанда,  олар  жалғаулықты,  жалғаулықсыз  байланыста  тұрып,  екі түрлі тұлғаланады:  бірде (көбінесе)  әрбір бірыңғай  толықтауыш  тиісті  септік  жалғауда  айтылса,  кейде онда  жалғау  ең  соңғы толықтауышқа  ғана  жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға  сырттай телініп,  жалғаусыз айтылады:  Әкем  Балжандарға  хат  беріп, туыс  жолдастарын  сырттан  таныстырып  жүр (Ғ. Мұстафин)

 Бірыңғай  толықтауыштар  мен  (пен, бен)  жалғаулығы  арқылы  байланысқанда,  олардың әр  уақытта   тек соңғысы жалғаулы  болады,  ал  жалғаулықсыз  байланысса,  кейде олай,  кейде бұлай болып тұлғана береді:Тау мен тасты  су  бұзады (Мақал).

Анықтауыштар  анықтайтын  сөздерінің  алдында  екі  түрлі  ыңғайда  топтанады:  кейде  бірнеше  анықтауыш  бірін-бірі  анықтап  барып,  ең  соңғы  зат  есімге  бағынып  тұрады. Мысалы:  Әлеуметтік  құрлыстың   жаңа  міндеттері  дегенде «әлеуметтік»  деген анықтауыш құрлыстың  дегенді анықтайды,  құрлыстың жаңа  дегендер – міндеттері  дегенді анықтайды,  Мұндай  бір сөзді түрлі жағынан сипттайтын  анықтауыштар  әркелкі  анықтауыштар  болады.

 Кейде   анықтайтын  сөзіне  қатысы  бірдей  бірнеше  анықтауыш  бір   сөзді  әр  жағынан  анықтайды.  Олар  мағыналық,  грамматикалық    белгілері  жағынан  ыңғайлас  болады. Мысалы: Дала қызыл,  сары,  көкшіл  түстермен құлпырып  тұр (М. Әуезов).

 Мұндай  мағыналас,  көбінесе  тұлғалас  сөздерден   жасалған  барлығы  бірдей  дәрежеде   бір  сөзге   қатысты  болып  тұратын   анықтауыштар  бірыңғай  анықтауыштар – ойды,  көрікті,  көркем  етудің  де  тәсіл  бояулары.

Кейде  тұлғасы,  мағынасы  жағынан  түрлі  сөз  табына  жататын  сөздер  де бірыңғай  анықтауыштар  болуы  мүмкін.  Ондайда олар  да  айырым  интонациямен  айтылады.  Мысалы: Орысша  киінген,  ақ  құба,  қара  сақалды,  орта  бойлы  адам  үйге  кірді.

Пысықтауыштар  да  анықтауыш сияқты  бірыңғай  болып көп жұмсалады.  Әсіресе туынды  үстеулерден,  көсемшелерден болған  пысықтауыштардың  бірыңғай  болу   қабілеті  күшті.  Олар  көбінесе  интонация арқылы,  кейде жалғаулықтар  арқылы  да  байланысады: Ол  хатты  асықпай,  баппен,  жақсылап  тағы  бір оқып  шықты. (С. Көбеев).

 Бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысы  дарасөзді (жалаң)  және  сөз тіркесінен  (күрделі сөздерден де)  құралған  күрделі (жайылма)  болуы мүмкін:

         Шалқар көл,  сайраған  құс,  мұнарлы  бел.

         Жап-жасыл,  жайнаған  шөп,  самалды   жел

                                                                 ( Н. Байғанин).

Қорыта айтқанда, бірыңғай мүшелер ойды, біржағынан шұбалаңқы етпей тұжырымдау үшін, екінші жағынан, тарамдап талдау үшін  жұмсалады.

Сөздер сөйлемде қалай болса солай орналаспайды, тіліміздің синтаксистік ерекшеліктеріне  лайық белгілі тәртіппен орналасады. Сондықтан әрбір сөйлем мүшесінің  сөйлемде қалыпты орны болады.

      Осыны ескере отырып, қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі, негізінде, екі түрлі болады дейміз: сөйлемдегі бірқатар сөйлем мүшелерінің орын тәртібі  тұрақты,  бірқатарының орын тәртібі жылжымалы болады. Орын тәртібі тұрақты болатындар –жалғаусыз қабыса байланысатын  сөйлем мүшелері, орын тәртібі жылжымалы болатындар –жалғаулар арқылы қиыса, меңгеріле, матаса байланысатын сөйлем мүшелері.

      Сөйлемдегі  сөздердің қалыпты орнын ауыстырып  айтуды и н в е р с и я дейміз. Инверсия арқылы ондағы сөздің бірі болмаса біріне ой екпінін түсіріп айтуға болады.

      Сөйлем  мүшелерінің тұрған орнына қарай  өзара қарым-қатынаста, байланыста тұратынын айырғанда, Н.К.Дмитриев айтқандай, Олардың қандай сөйлемдердегі мүшелер  екендігіне  де қараймыз. Жалаң сөйлемде бастауышты баяндауышқа,  баяндауышты  бастауышқа қарап, жайылма сөйлемде тұрлаусыз мүшелерді басқа  сөздермен  қарым-қатынасына қарап, олардың сөйлемдегі қалыпты  орны қайсы екенін  белгілеуге болады.

      Жалпы ереже бойынша сөйлем мүшелерінің  орын тәртібі былай болады: баяндауыш  сөйлемнің ең соңында,  бастауыш одан бұрын,  анықтауыш анықталатын  сөзден бұрын, толықтауыш пен пысықтауыштар  өздері қатысты сөздерінен бұрын  тұрады.

         Бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемде бастауыш бірінші орында, баяндауыш екінші орында тұрады: Сіз студентсіз

      Олар  жайылма сөйлемдерде  де өз орындарын  сақтап бастауыш бұрын келеді, баяндауыш  одан соң тұрады: Кеше жаңбыр жауды.

Бұл сияқты жайылма  сөйлемде  бастауыштың баяндауышпен қатар тұруы, не одан қашықтап тұруы  сөйлемдегі тұрлаусыз мүшенің қай  тұрлаулы мүшенің ықпалында болуымен байланысты не болмаса ой екпінінің  сөйлемдегі сөздің  қайсысына  түсетіндігімен байланысты.

         а) Егер тұрлаусыз мүшелер бастауыштың  жетегіндегі сөздер болса, бастауыш  баяндауыштың дәл алдында келеді: Сенен сауға сұраған келіншек кетіп қалды.

         ә) Егер тұрлаусыз мүшелер баяндауыштың  жетегіндегі  сөздер болса,  бастауыш олардан бұрын тұрады: Біз Алматы қаласына бардық

         б) Егер бастауыштың да, баяндауыштың  да жетегінде тұрлаусыз мүше  болса, бастауыш сөйлемнің ортасында,  баяндауыш ең соңында тұрады: Шоқша сақалды кісі арбадан түсті.

 Бастауыш, толықтауыштарға  қарағанда, баяндауыштың сөйлемдегі  орны  аса тұрақты: баяндауыш  көбінесе сөйлемнің соңында тұрады.

Өлеңді сөйлемдерде  бұйрық рай, есімше тұлғалы етістіктерден, жіктік жалғаулы етістіктер мен есімдерден болған баяндауыштар сөйлемнің  басында  да, ортасында да тұра береді: 

Көзіңді салшы далама,

         Түкті кілем түгіндей (Жамбыл)

Жіктік жалғаулары жалғанбай айтылған есім баяндауыштар әр уақытта бастауыштан соң тұрады. Оларды басқа мүшелермен орын ауыстырып  айтуға болмайды: Халқым бақытты.

Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден  басым мағынада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші  орынға қойып айтуға болады: Жасасын сүйікті Отанымыз!

Диалогты сөйлемнен  соң айтылатын автор сөзінде  баяндауыш бұрын, бастауыш одан соң  келеді

  Хабарлы сөйлемдерде  толықтауыштардың қай-қайсысы болса да өздерін жетектеп тұратын етістіктерден  және есімдерден бұрын тұрады.

Бастауышы, баяндауышы бар  сөйлемнің толықтауышы да болса, соңғының қалыпты орны, негізінде, баяндауыштың қасы болады (Мен кітапты оқыдым).

Бір сөйлемде  бірнеше жанама және тура толықтауыш болса, олардың сөйлемдегі орын тәртібі, өзара грамматикалық, мағыналық  байланысына қарай әр қилы болады: Олар егіннен мол өнім алуды қамтамасыз етуге уәде берді.

Қазақ тіліндегі  толықтауыштардың сөйлемдегі орны туралы мынадай негізгі ережелерді айтуға болады:

а) Тура толықтауыш барыс, шығыс жалғауларындағы жанама толықтауыштардан соң тұрады: Қолыма қалам алдым.

Тура толықтауыштың  қалыпты орны барыс, шығыс жалғауларындағы  толықтауыштардан бұрын болуы да мүмкін. Ондай жерде  тура толықтауыш тек баяндауыштың ғана объектісі  болмай,  өзінен кейін тұрған толықтауыштарға  да қатысты болады: Таз ашуын тырнадан алады

ә) Барыс жалғауындағы толықтауыш көбінесе шығыс жалғауындағы толықтауыштардан соң тұрады.

б) Көмектес жалғауындағы толықтауыштар барыс, шығыс және табыс жалғауындағы толықтауыштардан соң да, бұрын да тұра береді.

Толықтауыштар бұйрықты, лепті,  сұраулы сөйлемдерде  болмаса,  хабарлы сөйлемде баяндауыштармен  орын ауысып, баяндауыштың соңында  келе бермейді.

5. Анықтауыштың сөйлемдегі орнын белгілейтін  сөз –анықталушы мүше, жалпы ереже бойынша анықтауыш анықталатын сөздің  алдында тұратындықтан, анықталатын сөздің қай мүше, қандай орында тұрғанына қарап, анықтауыш кейде сөйлемнің басында, кейде орта шенінде тұра береді.

Сөйлемде орналасу тәртібі онша қатал болмайтын  анықтауыштар –изафеттік құрылыстағы  ілік жалғауда жұмсалатын  анықтауыштар. Олардың орын тәртібі ,негізінде, былай  болады:ілік жалғауындағы анықтауыш  тәуелдеулі сөзден бұрын келеді: Мұғалімнің беделі артты.

Ілік жалғаудағы анықтауыш өзі қатысты сөзімен  қатар тұруы да, олардың ортасына басқа сөздер қойлып, бірінен бірі қашықтап тұруы да мүмкін.Өлеңді сөйлемде  және кейбір сұраулы сөйлемдерде  ондай анықтауыштар тәуелдеулі сөзден  кейін тұруы мүмкін: Аяғы жазылды ма өзінің?

Сапалық анықтауыштар мен анықталушы сөздер бірімен-бірі қабысып қатар тұрады. Сонда анықтауыш  анықталатын сөзден бұрын тұрады.

Бірыңғай анықтауыштардың  анықтауыштық қызметі бірдей болатындықтан, орындарын ауыстыра беруге болады: Күшепті жігіт.

Анықтауыштардың анықтайтын сөзінен қашықтап, инверсия жасалып айтылуы аз да болса кездеседі: Үлкен кісісің ғой,апа, көп көрген.

  Пысықтауыш қатысты сөз көбіне етістік, кейде баяндауыш қызметіндегі есімдер болатындықтан, оның сөйлемдегі орнын соларға қарай белгілеуге болады.

Бірқатар пысықтауыштардың сөйлемдегі орны  тұрақты –пысықтайтын сөздердің дәл алды болады: Баяндамашы жақсы айтты.

Пысықтауыштардың  бірқатарының орын тәртібі «еркін»болатыны  түркі тілдерінің грамматикаларында  бұрыннан айтылып жүр. Н.К.Дмитриев оның себебін былай түсіндіреді: біріншіден, ондай пысықтауыштар  етістіктермен тығыз байланысты болмайды, екіншіден, пысықтауыштар  сөйлемнің басында тұрғанда, олар жеке сөзге ғана емес, түгел сөйлемге қатысты болады.

Кейде бір сөйлемде бір етістікке бағынған  бірнеше  түрлі пысықтауыштар болуы мүмкін. Олардың етістікпен тығыз байланыстағысы  және негізгісі етістіктің қасында  тұрады да, басқалары өзара байланысына  және басқа мүшелердің қатысына қарай  ілгері-кейін қойыла береді.

Информация о работе Жай сөйлемнің түрлері