Жай сөйлемнің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 09:57, реферат

Описание

Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем, тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем, сондай – ақ, толымды, толымсыз сөйлем ,атаулы сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Олардың бастауыштары баяндауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме – дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде молшылық орнату бағдарламаларын бұлжытпай жүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы – біз.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім а) Жай сөйлемнің айтылу мақсатына сай топтасуы
ә) Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрленуі
б) Жай сөйлемнің күрделену жолдары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Жай сөйлемнің түрлері.docx

— 69.15 Кб (Скачать документ)

Сонымен, сөйлемдегі сөздердің, сөйлем мүшелерінің  белгілі  тәртіппен тізбектелуінің мәні зор.  Ол синтаксистік байланыстың басты  формуласының бірі болып та, сөзден сөз тудыру амалы, ой өзгешелігін  білдірудің  стильдік амалы ретінде  де жұмсалады. Сондай-ақ көп жерде  сөйлемдегі  сөздердің синтаксистік  қызметін белгілеуге себепкер  себепкер болады.

Қазақ тіліндегі  жайылма сөйлемдегі бағыныңқы сөздер басыңқылардың алдында тұрғанда олардың позициялық діңгегі әр уақытта  тұрлаулы мүшелер болады.Ал тұрлаулы мүшелер керісінше құрылады: бағыныңқы  мүше (баяндауыш) көбінесе басыңқы мүшеден  (бастауыштан) соң тұрады, бастауыш  (сол сияқты толықтауыш та) тұрлаусыз  мүшелердің өзіне не баяндауышқа  қатысты болуына қарай жайылма  сөйлемнің басында да, ортасында  да, аяқ шенінде де тұра береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды: 

           Біз сөйлемнің анықтамасын, грамматикалық белгілерін атадық, олардың қандай топтарға бөлінетінін көрсеттік. Енді ескертіп кететін жайлар мыналар:

     Біріншіден, предикативтік форма құрауға шақ, рай, жақ формалары қатысады дедік. Синтаксисте, яғни сөйлем құрамында да шақ, рай мағыналары етістікке тән формаларға (шақ, рай формаларына) сүйеніп білдіріледі. Бірақ айырмашылық жоқ емес. Бұл ретте біз лингвистика теориясында айтылып жүрген морфологиялық шақ, рай формалары мен синтаксистік шақ, рай формаларын даралап тануымыз керек деген пікірін ескергеніміз жөн. Морфологиялық форма мен оның синтаксистік жұмсалуының арасында айырмашылықтың көп болатыны септік формаларының сөз тіркесінде жұмсалуынан да байқадық.

     Екінші ескеретін жай, сөйлемдер құрылысы, формасы, мағынасы жағынан ерекшеленіп топталғанмен, олар өзара тығыз структуралық байланыста келеді. Түрлі трансформация арқылы сөйлемдердің типтік түрлері функция жағынан да, өзгеру жүйесі жағынан да өзара байланысып жатады. Мысалы: алмайды — алады — алмайды емес, сонда айттым — сонда айтқаным!

Осы айтылғанның бәрі сөйлемнің грамматикалық  формасы, семантикалық-грамматикалық  түрлері әр стильде түрліше көрінетінін  байқатады. Әсіресе ауызекі сейлеу тілінде сөйлем түрлі структуралық, грамматика-лық ерекшелігімен көзге түседі, сонымен бірге онда сөйлемнің грамматикалық типтерін ерекше жұмсау да жоқ емес. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992
  2. Сайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
  3. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
  4. Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. 1993.
  5. Әміров Р.С.,Әмірова Ж.Р. Жай сөйлем  синтаксисі .1996.
  6. Әбілқаев  А. Қазіргі  қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері.1963.
  7. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер.1959.
  8. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем  пунктуациясының негіздері. Алматы, 1959.
  9. Күлкенова О. Қазіргі  қазақ тіліндегі жай сөйлем  синтаксисі. 1988.
  10. 31.Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальді  және мақсат мәнді жай сөйлем типтері.1968.

Информация о работе Жай сөйлемнің түрлері