Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:03, дипломная работа

Описание

ңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды.

Работа состоит из  1 файл

Аға тәрбиешілерге арналған лауазымдық нұсқаулық.docx

— 742.02 Кб (Скачать документ)

  Қай  кезең,қай дәуірде болсын  болашақ ұрпаққа  білім  мен тәрбие беруден  асқан  мұрат  жоқ.  «Ұстаз», «Шәкірт», «Білім»-осы үштік  оқу жүйесінің   күретамыры.Олай  болса, ұлы  ғылымның алғашқы кіріспесі де-осы білімдік  жүйе,сапаға  негізделген  құрылым  болмақ.Бүгінде оқыту жүйесіндегі  озық  идеялар   бір оқушылардың  даму,ізденіс  ерекшеліктеріне  қарай бағытталып,соған сай  педагогикалық  қолдауға ие болып  келеді.

Жаңа педагогикалық  сапа-құзырлылық-оқушының  жан-жақтылығы,өмірді танып-білуі,дербестікке ұмтылысы болса ,бұл бір көркем әлем,өз  «Менін» іздеуі  деп те айтуға  болады.    

 Жылдан-жылға  педагогикалық  ұжым  мүшелерінің  шеберліктері  шыңдалып,

оларға  қойылып  отырған   талаптар күшеюде.Сондықтан олар өз білімдерін тексеріп  жетілдіруде  арнаулы  курстардан,   семинарлардан өтіп,әдістемелік кәсіптік  шеберліктерін  жетілдіруде.

Атап айтқанда,биылғы  оқу жылында облыстық  білім  жетілдіру курстарында  қаржы сауаттылық негіздері  пәнінің  маманы  Ахметова  Г.Ж.,математика пәнінің маманы  Халхабай  Н.,дене тәрбиесі маманы   Акпасов Р.С.өз біліктіліктерін арттырды.                          

 Сондай-ақ  кәсіптік  шеберліктерін  шыңдау  мақсатында           Көкшетау  қаласында   өткен   Халықаралық     «Әлеуметтік- педагогикалық инновация  жәрмеңкесіне» мектебімізден  жоғары санатты  мұғалімдер : орыс тілі  пәнінің   мұғалімі Айкимбаева Қ.Б.,тарих  пәнінің   мұғалімі  АкпасоваЛ.К.,математика  пәнінің  мұғалімі  Халхабай  Н. қатысып, сертификат  алды.                

     №48 орта  мектепте өткізілген  мектеп директорларының облыстық семинарында  Айкимбаева К.Б. баяндама жасады.  «Оқушылармен жекеше жұмыс жүргізудің жаңа ерекшеліктері.» тақырыбында  №48 орта  мектеп  мұғалімдерінің  қатысуымен  семинар  өткізілді.   

              Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Жұмағалиева   А.Л..   

 Аршалы  ауданында өткізілген     облыстық семинарға,география  пәнінен      Софиевка  орта мектебінде өткізілген  облыстық  семинарға  Қабсамет  А.,ал Ахметова  Г.Ж. №5 ОМ  ағылшын тілі пәнінен, Рысхан К. №32ОМ  биология-химия пәндерінен,Қасымханова Зура  № 18 ОМ қазақ тілі  пәнінен, Байжұма К.бастауыш сынып,,Жұмағалиева А.Л.қазақ  тілі,Хуанай Е. математикадан  Талапкер орта мектебінде  өткен аудандық  семинарға  қатысты.             

    Биылғы  оқу жылында  мектебіміздің  2 мұғалімі  біліктілік санатына      растама  жасау  мақсатында аттестациядан  өтті. 

 Жаратылыстану-математика  әдістемелік бірлестігінің  мұғалімі    Халхабай Нарима 

 өзінде бар  жоғары санатты  растады.  Дамыту пәндері  бірлестігінен  технология  пәнінің мұғалімі  Алдабергенов С.Р. - өзінде бар І санатты  растады.            

        Оқушыларымыз жылма-жыл аудандық  пәндер  олимпиадасына,                    

     интеллектуалдық  марафондарға,аудандық  байқауларға  қатысып,қызығушылық         танытуда.             

            2010-2011 оқу  жылында  орыс  тілінен  аудандық  олимпиадада   11 сынып оқушысы  Нұрсалханова  Аяжан  І орынға ие болса,облыстық олимпиадада  ІІІ орынды  жеңіп алды,Қазақстан  тарихы  пәнінен аудандық олимпиадаға  қатысқан  9 сынып оқушысы  Бекзантегі  Нұргүл І орын алса,10 сынып  оқушысы  Хасым  Нұрдәулет  ІІІ орынға   ие болды.    

 Сондай-ақ  Халықаралық  «Русский  медвежонок»  байқауынан  6-  сынып оқушысы  Есенжолова  Гүлназ  бен 7-сынып  оқушысы  Сабиева  Гауһар –І орынға ие болды.        

             Халықаралық  «Кенгуру» байқауынан -7-сынып оқушысы  -  Сабиева  Г.-ІІІ   орынға және 8-сынып оқушысы  Джамшитов  Амиран  да ІІІ орынға ие болып,дипломмен  марапатталды.   «Алтын жабағы» байқауынан  3-сынып    оқушысы   Алип  Ербағлан.-ІІІ  орынға  ие болды.    

  Биылғы  жылы  аудандық  « М.Мақатаев  оқулары» байқауынан 7-сынып  оқушысы  Өтеген  Алтын  І орынға ие болса, «Абай  оқулары »  байқауынан   6- сынып  оқушысы  Өтеген  Жанель  ІІ орын  жеңімпазы  атанды.         

       Аудандық бастауыш  сыныптар олимпиадасында  қазақ  тілі пәні бойынша  4-    сынып  оқушысы  Авьзаар   Данагүл– ІІІ орынға   ие  болды.              

 Оқушыларымыздың   аудандық  спорттық  жарыстар  бойынша да      көрсеткіштері  жаман емес.Нәтижелері  төмендегідей:                      

-теннис- V орын,                      

-шахмат- VI орын,         

              -волейбол- VII орын,                       

-баскетбол- VІІІ  орын,                      

-Президенттік көп  сайыс- ІV орын,                      

-жеңіл атлетика- VIІІ орын.              

       Жалпы  командалық  есепте  VIІІ орында.       

 Аудандық  «Жүрегімді  балаларға   беремін» байқауына  сырттай  турға       мектепалды  даярлық сынып  мұғалімі  Сабиева  Айман  Қабдыровна   қатысты.           .               

2010-2011  оқу жылында  МАБ -та  мектеп  оқушылары  білім       деңгейі  бойынша  жақсы  нәтиже  көрсетті.            

              Мектебіміз  2010-2011 оқу  жылында  өткізілген  кезекті  аттестациядан да       

 ойдағыдай  өтті.  

 

 

                              

 

IV. Мектеп түлектерінің еңбекпен  қамтылу деңгейінің қорытындысы.  

 

9-сыныпты 19 оқушы  бітірді. Оның 8-і: Әбітжан Медет,Мукашева  Әлия,Кайленов

Алмаз,Қуандықұлы  Батырхан,Хуанған Кенже,Ербол  Айдана,Ноябрь Жанерке,Болатбек

Береке - колледжге, 3-уі:Бикенов Саят,Капанова Бибігүл,Дәулет Еркінбек- кәсіптік лицейге түсті,қалған оқушылар  мектепте 10-сыныпта оқиды.      

11-сыныптың   8 түлегінің 1-і:Смағұл Мағызура-ЖОО-да, Нұрсалқанова А.,

Баганбаева А.,Капанова З.,Едилхан С.колледждерге түсті.

Ақтай Қ.,Базылов  Н.,Алипхан А. жұмыс істейді. 

 

V. Міндетті орта білімнің орындалуы.  

 

 

        Мектеп жасындағы барлық балалар оқуға тартылды.Оқу жылын 127 оқушы бастап,жыл     соңында  130 болып  аяқтады.   

 МАДТ- 11 тәрбиеленуші, 1-4 сыныпта – 50 оқушы, 5-9 сыныпта  – 63 оқушы, 10-11 сыныпта -    17 оқушы бітірді. Мектепке қамтылмаған болған жоқ. Мектепте көп балалы жанұя саны - 11,бала саны-35, табысы аз жанұя - 4,бала саны-11,жетім балалар - 3, сәтсіз жанұя - 1,бала саны-1, ата-ананың қарауынсыз қалған  бала  жоқ..  

 Оқу жылының  басында «Мектепке жол», «Қамқорлық»  акциялары өткізіліп, оқушыларға     материалдық көмек жасалды.Атап айтқанда сынып жетекшілер:

Байжұма Күлира,Рысхан Күлдари,Ни Алия,Акпасова Л.К.т.б. сынып  оқушыларымен біріге отырып,өз сыныптарындағы  көп балалы,табысы аз жанұя балаларына оқу құралдары мен

күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды сатып әперді.

Мектептегі барлық оқушылар үшін асханадан ыстық шәй  мен тәтті нандар буфеттік жүйеде беріледі.   

 Жағдайсыз оқушыларға  аудандық білім бөлімі тарапынан  көмек көрсетілді,атап айтқанда  Қайыртанова  К.- аяқ киім,портфель,Алип Т.-аяқ киім,Алип Е.-куртка,Дәулет Е. -куртка ,Сальманович А,Шоқан А,Дәулетбекқызы Ж.Алип Е.- портфель берілді.  

Балалардың құқығын  қорғауда мақсатты жұмыстар жетім балалар, табысы аз жанұя балалары, көп балалы жанұя балаларымен жүргізілді. Жалпыға міндетті орта білімді жақсы өткізу үшін балалар құқығын қорғау жұмысын жүргізу деңгейін көтеру қажет:

-         қамқорлықсыз қалған балаларды;

-         сабақтан қалуға бейім оқушыларды үнемі бақылауға алу. 

Жасы 5-6-ға жеткен балаларды  МАДТ-на дайындау ұйымдастырылды.

Жалпыға міндетті орта білімді жақсы өткізу үшін алдағы оқу жылында төмендегі    жұмыстарды жүргізу қажет:     

-сынып жетекшілері  өз сыныптарында «қамқорлық»  акциясын өткізу сапасын жақсарту,

-         сабақ қалдыруға бейім оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу;

жылына 2 рет балаларды  қамқорлыққа алған отбасыларына барып, материалдық - тұрмыстық және моральдық-психологиялық жағдайын білу.         

 

 

                VI. Педагогикалық  қызметкерлермен жұмыс қорытындысы  

 

 

    2010-2011 оқу жылында мектепте 19 мұғалім  еңбек етті, олардың жоғары білімдісі  - 16, арнаулы орта білімдісі –  3. 14 мұғалімнің біліктілік санаты  бар.Жоғары санаттысы - 3, І санаттысы  - 3, ІІ санаттысы -8. Әкімшілік қызметкер-4, бәрі де жоғары білімді және біліктілік санаттары бар.   

 Мектептің әдістемелік  жұмыс жүйесі ғылыми-теориялық,  әдістемелік өзекті мәселелер  бойынша бірнеше жылдар бойы  жұмыс жүргізіп келеді. Соңғы  екі жылда оқу-тәрбие үрдісінде  алға қойған өзекті мәселесі  «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізу». Мектептегі қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көтерілуіне, оның жаңа ұстанымға сай болуына, шығармашылық жұмыс істеуіне, бүгінгі білім беру ісіндегі инновациялық үрдісіне тікелей араласуына, бағдарлы білім беруде, нәтижеге жетулеріне жағдай жасау - басшылық міндеті. 

 

 

 

   

 

Әдістемелік оқу мектебі. 

 

 

    Мектептің алдын ала жоспарлауы  бойынша бес жылда мұғалімдер  білім жетілдіру курсынан өтіп  тұрады. Көкшетау қаласында Халхабай  Нарима математика,Акпасов Р.С.  –дене шынықтыру ,Ахметова Г.Д.-қаржы  сауаттылығы пәнінен білім жетілдіру  курсында болды. Әдістемелік жұмыс  жүйесі мен білім көтеру деңгейі  жүйесі педагогикалық іскерлікке  жоғары әсер етті, мұғалімдер  өз жұмыстарында жаңа педагогикалық  технологияны оқушылардың  оқу-танымдық әрекетін жандандыру мақсатында қызу қолдана бастады.   

 Өткен оқу  жылында 2 мұғалім аттестациялаудан  өтуге өтініш берген, олардың  екеуі де аттестациялау комиссиясының  шешімі бойынша аттестациялаудан  өтті.Атап айтқанда  Халхабай Нарима мен Алдабергенов С.Р.өздерінде бар санаттың растығын дәлелдеді. Әдістемелік бірлестік іс - жүзінде практикалық бағытта жұмыс жасады: іскерлік ойындар өткізілді, ҰБТ - ның қорытындысы сарапталды, МАБ, бақылау жұмыстары, оқу шапшандығы тексеріліп,қорытындыланды.    

 Жас мамандармен  төмендегі жұмыстар өткізілді:

-         Тәлімгерлер бекітілді;

-         «Жас мамандар мектебі» сабағы ұйымдастырылды;

-         Семинар - практикумдар өткізілді.

Тәлімгерлік жұмыста  әдістемелік жағынан нашар дайындық, білімді жүйелі жеткізе алмаушылық байқалды. Сынақ ісін өткізудің негізгі  қиындықтарын жоюға жағдай туғызылды.Сондай-ақ пән бірлестік апталықтары жоспар бойынша жүргізілді. 

    Шығармашылық-ізденіс жұмысына кәсіптік  шеберліктерін  шыңдау  мақсатында      Көкшетау  қаласында   өткен   Халықаралық     «Әлеуметтік- педагогикалық инновация  жәрмеңкесіне» мектебімізден  жоғары санатты  мұғалімдер : орыс тілі  пәнінің   мұғалімі Айкимбаева Қ.Б.,тарих  пәнінің   мұғалімі  АкпасоваЛ.К.,математика  пәнінің  мұғалімі  Халхабай  Н. қатысып, сертификат  алды  

   Мектептің материалдық - техникалық базасының нашарлығы

және кітапханада  ғылыми әдістемелік әдебиеттердің  жоқтығы,

педагогикалық ғылымның қолданысқа енуіне, мұғалlмнің шығармашылық

жұмысына кедергі  жасайды. 

 

VІІ. Ата - анамен, қоғаммен жұмысты  талдау. 

 

Баланы мемлекет тарапынан әлеуметтік-тұрмыстық, қалыпты  қолайлы жағдай, ата-ана мен мектеп арасындағы бірігушілік осының бәрі - барлық оқушыларға керек жағдайлар. Біздің ауылда кейбір ата - аналарды мектеп өмірі қызықтырмайды, өз балаларының  қиындықтарына немқұрайлы қарайды, ата - аналар жиналысына келмейді.

Осындай ата - аналарды қалайда мектеп өміріне араластыру қажет:

«Қиын» балалар  тобындағы балалардың ата-анасы  мен сынып жетекшілері,психолог және мектеп басшылары  жеке жұмыстар жүргізді.   

 

 

 

-         үйлеріне барды, (АКТ жасалды)

-         түсіндірме әнгімелер жүргізілді.

-         бөлімшелік инспектормен, ауыл әкімімен кездесулер өткізілді.    

 Ата-аналарды  педагогикалық тұрғыдан сауаттандыру  үшін жеке әңгіме мен «Салауатты ұрпақ тәрбиелеу-біздің басты мақсатымыз», «Сіз балаңыздың құқығын білесіз бе?» тақырыбында жалпы жиналысы өткізілді. Мектептің ата-аналар алқасы мектеп басқару ісіне араласқан жоқ. Оның жұмысы тек Жаңа жылдық мерекеге сыйлық дайындаумен шектелді. Алдағы уақытта мектеп пен ата-ана арасындағы жұмысты тәртіпке келтіру үшін, ата-аналар алқасын мектеп басқару ісіне араластыру қажет. 2011-2012 оқу жылында балалар мен үлкендердің араласқан іс-шараларын жоспарлау керек, түбінде адам қалыптасатын, мектеп әлеуметтік мәдениет орталығы болуы керек. 

 

VIII. Материалдық-техникалық база  және қаржыландыруды талдау. 

 

Мектепке жылдағыдай ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.Наурыз айынан бастап шағын орталық ашылып,орталыққа  қажетті ойыншықтар,2 кілем,ыдыс-аяқ  аудандық білім бөлімінен берілді.Жаңадан  НР  маркалы компьютер берілді.Кітапхана қоры 9875 дана болып,жаңа оқулықтармен толықты ,көркем әдебиет  саны -8024.  Әдістемелік көмекші құралдар -129 дана. Жаңа жабдықтар алуға қаржы  бөлінген жоқ. Сондықтан оқу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі - әлі де әлсіз. 

 

ІХ. Мектепішілік басқарудың мектеп жұмысының  қорытындысына ықпалын талдау 

 

 

   Педагогикалық  ұжымының  алдына  қойған   мақсат-міндеттері  

 «қанағаттанарлық»  деңгейде орындалды.    

 Педагогикалық  технологияны қолдануы, өзіндік  білімін жетілдіруін көтеру, біліктілігін  жетілдіру курстарынан өту, дидактикалық  материалдарды жүйеге келтіру,  алдағы мақсатына жеткізді. Сонымен  бірге мақсатқа жетуге кері  әсер ететін факторлар да болды.

-         материалдық базаның нашарлығы - кабинеттік жүйенің стандартқа сәйкессіздігі , кітапханада әдістемелік көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілмеуі.

Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы