Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 15:53, курсовая работа

Описание

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Содержание

Кіріспе 3

1. Ақшаның қажеттігі, экономикалық мәні және оның қызметі 4

1.1. Ақшаның түсінігі мен оның формасы 4

1.2. Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы 5

1.3. Мемлекеттің ақша жүйесінің басты құралы теңге 8

2. Ақша сұранымы мен ақша табысының жылдамдығының

түсініктері 10

2.1. Ақша сұранымы теориясы 10

2.2. Ақша табысының жылдамдығы мен сандық теориясы 11

Қорытынды 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Глоссарий 17

Работа состоит из  1 файл

Кейс акша.docx

— 129.42 Кб (Скачать документ)

 
 

      

Қорытынды

      Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда  болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары  және т.б. Мұның барлығы тауар  өндірісі мен тауар айналысының  болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

      Экономикалық  категория ретінде ақшалар өндіріс  және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

      Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде  жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен  алтынмен жүргізілсе, бұл күндері  қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда. 

        Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

        Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс  құралы қызметінде тауарларды  өткізудегі делдал болып табылады.

     Тауарлар  бір қолдан екінші қолға ауыса  отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

       Ақша төлем құралы. Тауар айналысы  ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ  ақша қозғалысы міндетті түрде  тауар қозғалысымен бір уақытта  тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның  еркін формасында көрінеді. Олар  өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан  ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

      Егер  тауар мен ақшаның қарама –  қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар  төлем ақы түскенге дейін сатып  алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем  құралы қызметін атқарады.

      Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  қатар қаржы – несие қатынастарына  да қызмет етеді.

     Дүниежүзілік  ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

     Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

     Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі  нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек  қана алтын нарығындағы операциялар  арқылы алтын атқарады. 
 
 
 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 
1. Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.  
2. Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.  
3. Финансы в вопросах и ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,  д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.

 

Глоссарий 

    Ағымдағы  валюталық бағам дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

    Ағымдағы  қызмет көрсету құны

    ағымдағы  кезең ішінде қызметкерлерге қызмет көрсету нәтижесінде белгіленген  төлемдері бар зейнетақы жоспары  бойынша міндеттемелердің дисконтталған  құнының ұлғаюы.

    Ақша  баптары - қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.

    Ақша  қаражаттары компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша.

    Ақша  қаражаттарының баламалары алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.

    Ақша  қаражаттарының қозғалысы ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.

    Ақша  қаражатын құрайтын  бірлік басқа активтерден немесе активтер тобынан түскен ақша қаражатының ағындарынан едәуір деңгейде тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын құрайтын ең аз сәйкестендірілетін активтер тобы.

    Ақшалай активтер бұл ұсталатын ақша және тұрақты және белгіленген сомадағы алынатын активтер

    Амортизация активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.

    Амортизацияланатын  құн

    жойылу  құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген  басқа сома.

    Аралық  кезең бұл ұзақтығы толық қаржы жылынан қысқа қаржылық есеп беру кезеңі.

    Аралық  қаржы есептілігі

    аралық  кезеңдегі не қаржы есептілігінің  толық жиынтығынан (1-«Қаржы есептілігін  ұсыну» (2007 жылы қайта қаралғандай) IAS сипатталғандай) не ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан (осы Стандартта сипатталғандай) тұратын қаржы есептілігі.

    Ауылшаруашылық  қызметі

    кәсіпорынның  биологиялық түрлендіруді және сатуға арналған немесе ауылшаруашылық өнімге немесе қосымша биологиялық активтерге ауыстыруға арналған биологиялық активтердің  өнімдерін жинауды басқаруы.

    Ауылшаруашылық  өнімі

    кәсіпорынның  биологиялық активтерінен жиналған өнім. 
 

Мазмұны 
 

Кіріспе 3 

1. Ақшаның қажеттігі,  экономикалық мәні және оның  қызметі 4

1.1. Ақшаның түсінігі  мен оның формасы 4

1.2. Ақшаның қызметі  мен оның қазіргі жағдайдағы  дамуы 5

1.3. Мемлекеттің  ақша жүйесінің басты құралы  теңге 8

2. Ақша сұранымы  мен ақша табысының жылдамдығының 

түсініктері 10

2.1. Ақша сұранымы  теориясы 10

2.2. Ақша табысының  жылдамдығы мен сандық теориясы 11

Қорытынды 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

Глоссарий  17 


Информация о работе Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі