Инвестиция және оның теориялық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 12:26, реферат

Описание

Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Инвестицияның түрлері және мәні». Негізінен қазіргі таңда еліміздің нарықтық экономика жағдайында инвестиция мен шетелдік инвесторлардың рөлі маңызды деп айтуға болады. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдап отырмын. Менің рефератым негізгі екі бөлімнен тұрады: 1. Инвестицияның теориялық мәні; 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ .................................................................................................. 4
1. Инвестиция және оның теориялық мәні........ ........................................ 4
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары ......................................................... 20
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................ 23

Работа состоит из  1 файл

Манасбаева Арайлым.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)
  1. Шетелдік несиелер мен қарыздар.

Олар көбінесе Қазақстанға  халықаралық ұйымдар мен дамыған  елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді. Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

Инвестициялық саясаттың  негізін заң шығарушылық және нормативтік өріс құрайды. Осыған байланысты Қазақстанда 2 заң қабылданды:

  1. «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 ж. 27 желтоқсандағы Заң.
  2. «Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету» жөніндегі 

1997 ж. 28 ақпандағы Заң. 

Инвестициялар экономикалық категория  ретінде кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды қызмет атқарады, сонымен қатар олар төмендегі  берілгендерге негіз болады:

  • кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының жүйелі жаңалануы мен кеңейтілген ұдайы өндіріс саясатын іске асыру;
  • ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату мен  өнім сапасын жақсарту;
  • өнеркәсіптің қажетті шикізаттық базасын құру;
  • мемлекеттің қорғану қабілетін қамтамасыз ету және басқада көптеген мәселелерді шешу.

Инвестиция ұғымын анықтағаннан кейін міндетті түрде оның жіктелуін  қарастыру қажет. Инвестициялардың жіктелуін тиімді инвестициялық  қызметті іске сыру үшін объективті ақпаратты  ала отырып, оларды  пайдалану деңгейін жан-жақты талдауға, сауатты есепке алуға жағдай жасайды. Біздің ойымызша, шетел дерек көздерінде айтылатын инвестициялық жіктеме және оларды отандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жалпылау ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудырады.

Сонымен қатар, өзінің маңызы бойынша кәсіпорынның инвестииялық портфелін сипаттайтын кәсіпорын  деңгейіндегі жіктеме қажет. Атаулы портфельдің анағұрлм тәуекел мен  неғұрлым экономикалық пайда әкелу  бойынша оңтайлану кәсіпорындағы  маңызды мәселелердің бірі болып келеді.

Келтірілген жіктелулердің  барлығы да инвестициялардың түрлері  мен формаларын неғұрлым терең қарастыруға  мүмкіндік беріп, тиімділікті өсіру  мақсатында терең талдау жүргізуге  жағдай жасайды. Алайда, қазіргі кезде  атаулы жіктелулер жеткіліксіз. Біздің ойымызша, макродеңгейде инвестицияларды шығындау мақсаты туралы айқын түсінік беретін жіктелу қажет.

Жоғарыда айтылғандай  инвестициялар біртекті емес, олар маңызды айырмашылықтарды иеленіп, мақсатты бағытталуы мен айналым  саласына қарай келесілерге құйылатын инвестицияларға бөлінеді:

  • материалды активтерге, яғни қаражаттарды ғимараттарға, құрылғыларға, қызмет мерзімі бір жылдан асатын кез-келген машина түрлері мен құрал-жабдықтарға және материалдық қорларға салынуы;
  • қаржы активтеріне, яғни қаражаттардың құнды қағаздарға салынуы;
  • материалды емес акивтерге, яғни қаражаттың патенттерді, лицензияларды сатып алуға, ғылыми – техникалық жаңаылдықтарды жасап шығаруға, кәсіби біліктілікті жоғарлатуға, өмір сүру деңгейін өсіруге, қорағани ортаны жақсартуға, денсаулқы жақсартуға және т.б. салынуы.

Негізгі капиталдың өндірісінде  олар келесілерге бөлінуі мүмкін:

  • жалпы немесе жиынтық;
  • таза, яғни негізгі капиалды өсіруге бағытталған;
  • негізгі капиталдың кетуін өтеуге.

Инвестициялардың қалыптасуына ықпал ететін факторларға байланысты  экономикалық жіктелу келесідей:

  • өндірістік;
  • автономды.

Өндірістік экономиканың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенің  эндогенді факторлармен  байланысты, яғни ұлттық табыс пен тұтынушылық  сұраныстағы өзгерістермен байланысты.

Өндірістік инвестиция деп - тұтынушылқ қоры өсіру нәтижесінде  жаңа капиталдың пайда болуы қарастрылады. Н.К. Нұрланованың ойынша, мұндай бөліну шартты болып, статистикалық тұрғыдан бағалана алмайды. Салымдырдың түрлі  типтеріндегі сипатты қозғалыстарын айқындау үшін, төлім қабілеттілігі сұранысына тәуелділік деңгейін анықтау үшін, динамиканың өсу шекарасы мен ерекшеліктерін бекіту үшін, оны теориялық үлгілерді жасап шығару және инвестициялық қызметерді анықтау кезінде пайдалану керек. Ресей зерттеушісі Е.Р.Орлованың ойынша, инвестициялардың белгілері бойынша жіктелуінде келесідей бөлген: ұйымдастыру түрлері бойынша, инвестициялық қызметтің объектілері бойынша, инвестициялық ресурстардың меншік нысаны бойынша, инвестициялауға қатысу сипаты бойына, әрекетің бағытталуы бойынша, жіктелген.

Біздің ойымызша қазіргі  кезең талабына сай инвестициялардың белгілеріне инвестициялық нарық  түрлерінің жіктелуін қосу қажет. Инвестициялық  нарық түрлерінің құрымына нақты  инвестициялаудың нарықты объектісі, қаржылық инвестициялаудың нарықты объектісі және инновациялық инвестициялаудың нарықты объектілеріне жатады.

Сонымен, инвестициялар  маңызды экономикалық категория  болып, ең алдымен, жай және ұдайы  өндіріс үшін, ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) жылдамдату үшін, құрылымдық өзгерістер мен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін макро және микро деңгейлерде шешуші рөл атқарады. Инвестицияларды пайдалану тиімділігі айтарлықтай деңгейде олардың құрлымына байланысты болып келеді. Инвестицияның құрлымы деп - түрлері, пайдалану бағытары мен жалпы инвестиялардағы үлесі  бойынша құрамын түсінеміз.

Инвестицяларды дайындау және талдау олардың көмегімен қандай экономикалық мәселені шешуге болатынына байланысты. Осы тұрғыдан инвестициялардың барлық түрлерін төменде берілген негізгі топтарға бөледі:

  1. Мәжбүрлі инвестиция - қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау, тауарлар қауіпсіздігі немесе тек басқаруды жетілдіру арқылы ғана қамтамасыз етіле қоймайтын басқа да қызмет жағдайларын қорғау бойынша заңнама орындау үшн салынады.
  2. Тиімділікті өсіруге арналған инвестициялар - құрал-жабдықтарды ауыстыру, қызметкерлерді оқыту немесе өндіріс қуаттарын өндіріс жағдайын неғұрлым жайлы аудандарға ауыстыру арқылы.
  3. Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар - істегі өндіріс шеңберіндегі ертеректе қалыптасқан нарықтар үшін тауарларды өндіру мүмкіндіктерін қалыптастыру.
  4. Жаңа өндірісті қалыптастыруға бағытталған инвестициялар - бұрын шығарылмаған тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру.
  5. Зерттеулер мен инновациялардағы инвестициялар.

  Шетел фирмаларының инвесторлары ішкі капитал салымдарына арналған көзі ретінде ғана емес, сыртқы нарықтарда өткізу жүйесіне, жаңа қаржыландыру көздеріне қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылады. Бөлінген инвестициялар және оларды іс жүзінде игерудегі қызметтер  жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді. Инвестициялық қызмет кез-келген инвестицияның нысанындағы портфельдің қалыптасуымен байланысты болады. Ал инвестициялық портфель инвестициялық стратегияға сәйкес қызметтің жүзеге асыру үшін инвестициялаудың нақты және қаржылық объектілерінің жиынтығынан қалыптасады.

Инвестициялық портфель келесі қағидалар негізінде қалыптасады:

  • инвестицияның стратегиясының жүзеге асырылуын  қамтамасыз ету. Яғни инвестициялық портфельдің қалыптасуы инвестициялық қызметтің ұзақ және орта мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ететін, инвестициялық стратегияға сәйкес келуі керек;
  • табыстылық пен өнімділік арасын оңтайландыру, яғни белгілі бір инвестициялық стратегияны сақтаудағы табыс пен тәуекелділіктің арақатнасы;
  • портфельмен басқарушылықты  қамтамасыз ету, яғни кадрлық әлеуетті инвестициялау объектілердің сәйкестігі және құралдарды жедел  қайта инвестициялауды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Инвестициялық қызмет мынандай  негізгі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы қажет:

  • қоғамдық ұйымдардың басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі жасап араласпауы қажет;
  • инвестициялаудың өз еркімен болуы;
  • меншік және қызмет түрлеріне қарамастан инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;
  • инвестицияның қорғалуы;
  • инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін таңдау.

Инвестиция  (латынша investir - киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық  байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын  еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші  субьектілер салатын инвестициялық қаражат.

Қазақстан Республикасының  инвестициялар туралы заңында мынадай  анықтама берген: Инвестиция – бұл  инвестордың заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тұрақты активтерді арттыруға салатын мүліктің барлық түрлері және мүліктік құқықтар.

Инвестиция – бұл  материалдық мүліктік құндылықтың  және оның құқығының  барлық  түрі, сондай -  ақ, инвесторлардың табыс  табу  мақсатымен кәсіпкерлік  жұмыс  нысандарына  бөлінетін  интеллектуалдық  меншіктікке ие бола алады. Бұл түсініктің сондай - ақ , жоғарыдағыдан бірде бір айырмашылығы жоқ  ықшамды анықтамасы бар: Инвестиция – бұл  нәтижесінде табыс немесе әлеуметтік тиімділік туындайтын, кәсіпкерлік және  өзге де іс - әрекет   нысанына  бөлінетін  құндылық. Инвестицияларда қаражат  тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және  материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

Инвестиция өзінің құрамы жағынан  біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай  негізгі капиталға салынатын инвестициялар, шетелдік инвестициялар, портфельдік (қоржындық) инвестициялар түрлеріне бөлінеді.  Негізгі капиталға салынатын инвестициялар – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ  материалдық айналым құралдарының  қорларын толықтыруға  жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар,  машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б. жатады. Сонымен инвестицияға  төмендегілерді жатқызуға болады:

   -  ақшалай қаражат, мақсатты түрдегі банкке ақша салу, акциялар және

өзге де құнды  қағаздар;

   -  жылжымалы және жылжымайтын мүлік (ғимарат, ғимараттар, жабдықтар және өзге де материалдық  құндылықтар);

  • авторлық  құқық, жерді  пайдалану  құқығы;
  • мүліктік  құқық, бойдағы  тәжірибе және басқа  ой құндылықтары.

Басқаша айтсақ, инвестиция – бұл ресурстардың (құндылықтардың) жұмсалуы (шығындалу)  және осының нәтижесінен  табыс табу (тиімділігі).

Қаржылық  көзқарас тұрғысынан  инвестиция – табыс табу мақсатымен шаруашылық  іске жұмсалатын белсенділіктің барлық  түрі  болмақ.   Ал, экономикалық анықтама бойынша инвестиция – бұл  жаңа негізгі қорларды құруға, қайта  жаңартуға, кеңейтуге және жүргізіліп жатқан негізгі  қордың техникалық  тұрғыда қайта жабдықтауға  жұмсалатын  және айналымдағы қаржы жиынтығы (осы анықтама бойынша, «инвестиция» сөзінің мағынасы «қаржы бөлу»мағынасымен сәйкес болып келеді).

 Қазақстанның экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Нарықтық экономиканың қазіргі реформалау кезеңінде инвестициялық қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді. Инвестициялық қызметті іске асыру барысында инвестициялық ұдайы өндірістің ұйымдастырушылық - экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету негізінде жаңа салалар қалыптасты. Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырды.

Жоғарыда айтылған процеспен  екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі уақыт, ал екіншісі –  тәуекелділік (тәуеклге бару). Сонымен  қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі инвестицияның көзі бола алады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілер немесе кәсіпкерлер өзінің таза табысының есебінен өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу  арқылы жасайды.

Информация о работе Инвестиция және оның теориялық мәні