Инвестиция және оның теориялық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 12:26, реферат

Описание

Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Инвестицияның түрлері және мәні». Негізінен қазіргі таңда еліміздің нарықтық экономика жағдайында инвестиция мен шетелдік инвесторлардың рөлі маңызды деп айтуға болады. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдап отырмын. Менің рефератым негізгі екі бөлімнен тұрады: 1. Инвестицияның теориялық мәні; 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары.

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ .................................................................................................. 4
1. Инвестиция және оның теориялық мәні........ ........................................ 4
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары ......................................................... 20
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................ 23

Работа состоит из  1 файл

Манасбаева Арайлым.doc

— 122.00 Кб (Скачать документ)

Қаржылық инвестициялар  иелену мерзіміне қарай мынадай  категорияларға жіктеледі:

  1. қысқа мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылға дейін;
  2. ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі 1 жылдан артық.

Сонымен қатар инвестициялар  тiкелей және жанама инвестициялар  болып бөлінеді. Тiкелей инвестициялар  – бұл Қазақстан Республикасының  кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан  Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар – бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар. 

Тікелей инвестиция ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражатпен қаржыландыру. Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция қажет шаруашылық субъекттерді қаржыландыру.  

Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның даму мүмкіншілігін жақсартуда, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн сақтауда маңызы өте зор.  Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда нақты инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

1) Тиiмдiлiктi арттыруға  бағытталған инвестициялар. Олардың  мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды  едәуір жаңа, прогрессивті түрлерімен  алмастыру, қызметкерлерді оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайларын тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

2) Өндiрiстi кеңейтуге  бағытталған инвестициялар. Мұндай  инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

3) Жаңа өндiрiстердi  құруға бағытталған инвестициялар.  Мұндай инвестициялар кәсiпорында  бұрындары өндiрiлмеген тауарларды  шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

4) Мемлекеттiк басқару  органдарының талаптарын қанағаттандыру  мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.

Инвестициялардың осылай топтастырылу себебi, олармен байланысты тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң әртүрлiлiгi болып табылады.  

        Сонымен қатар инвестицияны басқа да белгілері бойынша жіктеуге болады. Олар келесілер: инвестициялардың түрлері; ақша құралдарын салу обьектілері; инвестицияландыруға қатысу сипаты; инвестицияландыру кезеңі;  меншік түрлері; инвестордың қатысу түрлері; тәуекел дәрежесі. Инвестицияны мүмкін болған барлық түрлері бойынша жіктеу және олардың өзіндік ерекшеліктерін сипаттау оның әлеуметтік – экономикалық мәні мен маңызын толық ашуға мүмкіндік береді.

Инвестицияның мәні мен  маңызын және экономиканы дамыту мен халық шаруашылық салаларының  нәтижелеріне өзіндік оң ықпал етеді. Ол сол саладағы кәсіпорындардың  инвестициялық тартымдылығын арттыруға  да септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан  Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлар

       Инвестициялық климат дегеніміз – инвестордың тиімді капитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық климаттың анықтамасы – инвестицияны бөлуге жайлы жағдай жасайтын капиталды сыртқа шығаратын елдердің экономикалық саяси табиғи ресурстардың және арнаулы іс-әрекеттің жиынтығын білдіреді. Бірақ біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емеc. Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық климат және сыртқы факторлар түсінігіне геосаяси орналасу орнын басқа ұлттық рыноктарға жақындығын да қосады. Еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қортындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвесициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климаты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

        Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек инвестициялық климаттың түсінігі дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық келбетін білдіреді. Инвестициялық тәуекелді әлшеудің әртүрілі жолдары бар. Себебі әртүрлі инвесторлар инвестициялау жағдайына, оның маңыздылығын бағалауға әртүрлі әдістер қолданады. Шетелдік экономикалық әдебиеттерде ең басты себептер мен шетелдік инвестициялау жағдайын анықтауға бірсыпыра талпыныстар жасалды. Бұл мақсатпен социологиялық зерттеулер де көптеп жүргізілді. Бұл зертеулердің нәтижесінде сыртқы инвестициялардың басты белгілерінің (жиынтық белгілері) өте жүйелі шеңбері жасалды. Соның нәтижесінде маңызына қарай реттеу әдісін қолдана отырып инвестициялық тәуекел көрсеткіші есептеледі.

     Көптеген халықаралық қаржы ұйымдары, тәуелсіз рейтингілік агенттіктер және ірі компаниялар әдетте 60-жылдар аяғында Р.Стобау ұсынған тәуекел үшін сыйлық әдісіне келеді. Ол ұсынған тәуекелді бағалаудың сандық әдісі инвестициялық климаттың өңделген үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Бұл үлгі өз кезегінде елге капиталдарды тартудың негізделген стратегиясын жасауда маңызды орын алды. Әлгіні жасау инвесторға әсер ететін, оның көңіл-күйін дәлелді түсінуге жағдай жасайды. Факторлардың қозғаушы күші туралы жүйелі түсініктер береді: Американдық экономистер Р.Болдун және Я.Ригардсон “Фирмаға инвестициялауды не талап қойғанын білмей, кейбір жағдайда керісінше инвестицияны кері қайтаратын саясатты жасау мүмкін емес”- деп көрсетеді. Әрине инвестициялаудың негізін талдап қортындылаудың пайдасы бар. Бірақта шешім қабылдау себептері әр түрілі болады, өйткені компанияның ішкі фирмалық стратегиясы әртүрілі болады. Инвестиция климатын бағалау мегамаркетингпен байлансты. Оны ұлттық рыноктар ұлғайған сайын салыстырмалы түрде тартымдылығын бағалау қажет. Тауар өткізу мен шетке шығарудың яғни капиталды шетке шығарудан гөрі жиі алдын алатынын ескертіп, халықаралық маркетинг талдауды инвестициялық климатты талдаудың құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Күрделі қаржы салудың табиғатында, сауда қызметкерлеріне қарағанда инвестициялық климат ұзақ мерзімдік сипатта болады. Инвесторлардың күрделі қажыны салып, одан әрі міндеттемеден бос тартып, тез арада қысқа мерзімдік іс-әрекеттерге көшуге мүмкіндік жоқ. Инвестициялық климатты жан-жақты және соған сәйкес микро және макролық кіші және ауқымды дәрежеде қарастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, бірінші бөлімге келсек, казіргі таңдағы дүниежүзілік экономиканың дамуындағы ең басты рөлді инвестиция атқарады. Инвестиция нәтижесінде табыс немесе әлеуметті тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңлауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелер шешуге, сонымен қатар акцияларды, облигациялар және басқа құнды қағаздар мен сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интелектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет.

     Сонымен  қатар, бұл бөлімде инвестиция  туралы ҚР-да қабылданған заңдар  қарастырылған.

      Екінші бөлімге тоқталсақ, инвестициялық тәуекел көрсеткіш немесе елдің инвесициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климаты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер

 

  1. Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы: Білім, 1997. -176 б. 
  2. “Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер” // Егемен Қазақстан, 2006 жыл, 31 қаңтар.
  3. Я. Әубәкіров, «Экономикалық теория негіздері»// Алматы: Эверо, 2005.- 258б.
  4. “Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер” // Егемен Қазақстан, 2006 жыл, 31 қаңтар.
  5. Сейтказиева А.М. “Инвестиционная деятельность предприятия” // Алматы: Экономика, 1998год, с.172.

 

 


Информация о работе Инвестиция және оның теориялық мәні