Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты

Автор работы: e****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Содержание

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11
II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18
III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25
Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.............................

Работа состоит из  1 файл

мемл. Kaрылым инв.сясат-1.doc2003.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы  процестің басты мәселелерін  анықтауға себепші болады.Олардың  бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру,сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсаты мен инвестицияларды басқарудың заң шағаратын негізі мен органдары құрылды.Осы мәселе бойынша шаралардың бір тұтас кешені қабылдануда.Соның ішінде, «Шетел инвестициялары туралы»заң (1991ж), «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже»(1993ж).

     «Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж) «Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі» ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж) «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж)және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданады.Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;жұмыс орындарын құру,инфрақұрылымды дамыту,елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциялын дамытудың өсу қарқыны мен әр тараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін,олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

       Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикадағы инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бір қатар негізгі кемшіліктерін анықтады.Олар мына төмендегіге салды:Шетел инвесторларымен жұмыс тәжрибесінің жоқтығы;несиелер бөлу,әсіресе,алғашқы кезеңде,оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамассыз етудің сарапшылық бағалауының жеткіліксіздігінсіз несие бөлу;Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің жетіспеушілігі; Шетел несиелерін беру мен олардың масатты қолдануын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоқтығы; әлеуметтік, өндірістік, нарықтық, инфрақұрылымының жетілімегендігі,нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман қызметкерлерінің жетіспеушілігі.

       Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамассыз ету кіреді.Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін  әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.Ынталандыру құрамына кемсілер кіру қажет: шетел мен отандық инвестролар үшін қолайлы климат жасау;жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық жобаны  әлеуметтік –экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын –ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс (конкурстық) негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халық –аралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік –коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейтті.

      Инфрақұрылымға салынған капиталдығы инвестицияның экономикалық өсуі мен өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.

      Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық ресурстардың 70% -ы өндірістік инфрақұрылымының кәсіпорындары мен объектілерін қолдауға бағытталынды. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты жобаларды қаржыландыруға бағытталынды.

     2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнер кәсіптік, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының,машина жасаудың,құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай,химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңбрінде жүзеге асыру қарастырылады.

    Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1.Жоспарлау

2.Бағдарламалау

3.Бюджетті  дайындау

4.Орындау

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде,сондай –ақ,әр бір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі.Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет,жуықтағы бірнеше жылға арналған.Инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

     Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеруі қажет.(Қаражат)

-Бюджет  орындалатын,макорэкономикалық жағдай.

-Инвестициялар  бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері,соның  ішінде экономикалық аспектілер;

      Егер инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бюджеттік мекемелердің міндеті болып табылса,инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса,әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерді аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.Қазақстанға ең алдымен,мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институтционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау,бағдарламалау,бюджетті дайындау және оны орындау) ұймдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. 
 

 3.3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын

             қалыптастыру негіздері. 
 

       Ең алдымен аса маңызды екі  мәселеге ерекше көңіл бөлу  керек:біріншіден,халық шаруашылығының  құрылымдық өзгерістеріне нарықтық  механизм әсер ете алмайды,сондықтан  бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан  реттеу қажет;екіншіден,өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.Сондай-ақ,болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі-әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

     Экономикадағы құрылымдық өндірістерді  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.Басқаша айтқанда,жалпы мемлекеттік экономикалық саясат-макроэкономикалық,салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.

    Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда   құрылымдық саясатты қалыптастыру  негізіне өзара тиімді қатынастарды  қамтамассыз ету жөніндегі бірқатар  мәселелер жатады.Олар:қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы,аралық және дайын  өнім,өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі(«А» өнімі),ұлттық  табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау,өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары  мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы қатынастар.Олардың негізінде тиімділікке  қол жеткізу дегеніміз-қоғамның         табиғи-шикізат,материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып,халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін,жақсы тұрмыс жағдайын қамтамассыз ету.Мұнда аталған мәселені  шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын  жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің  нарықтық модулі.

         Макроэкономикалық салада оңтайландыру  ісі халық шаруашылығының  салалық құрамына  да әсер етеді.Өйткені мұнда өндірістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады.Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау-экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

         Болашақтағы салалық өзгерістерді  негіздеу де ескерілетін маңызды  фактор-жиынтық сұраныс құрылымы  жайлы болжамды  мәліметтер. Олар ішкі  қорлармен импортты алмастыратын  өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді.Әлемдік тәжірибе, басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті нығайтуға  септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр.Ал,егерде мәселе азық-түлік өнімдеріне деген  сұранысты  өтеу жөнінде болса,онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай  нашарлатады.

       Дағдарысты жағдайдан шығу және  экономиканы дамыту-ұлттық табыстағы  өндірістік  қор  жинау үлесін арыттыруға байланысты.Ал бұл,өз кезегінде әсіресе барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арыттыруды қажет.Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар.Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу,біріншіден,отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамассыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін,екіншіден,елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін.Бұл екі жағдайда да өндірісте интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады,ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының

инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану  тиімділігін арттыру мүдделерінің көзделуі тиіс.   

     Мұндай  саясатты қалыптастыру  қалдықсыз  технологияларды  кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру  мүдделеріне  де  негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру –шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік  беруі қажет.Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттың бағытын жою мүмкін болар еді.

     Мемлекеттің құрылымдық саясаты,  ең алдымен макроэкономикалық  деңгейде инвестициялық шешімдер  қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық  саясаттарды тығыз байланыстырғанда  ғана шынайы болады.

     Инвестициялық саясат маңызды  үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

   Осы бағыттар ішінен басымдысын  таңдап алу және халық шаруашылығының  барынша тиімді аймақтық –салалық  құрылымын қолдау мақсатында  олардың үйлесімін қамтамасыз  ету –мемлекеттің инвестициялық  саясатының негізін құрайды.Оны  қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.

     Іс жүзнде,белгілі мақсатқа қол  жеткізуді көздейтін мемлекеттің  құрылымдық –инвестициялық саясатының  бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер,ресурстық база, механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де  салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді.

    

 Онда  оның баланымтық нәтижелерін  анықтап, экономикалық –математикалық  есептеулер жүргізу және мәліметтерді  бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде,  бухгалтерлік қосарланған  жазу әдісі арқылы толтыруға болады. 

  Өндіріс Тұтыну Күрделі қаржы  аржы жұмсау Басқа

 елдер.

Ұлттық санақ

 жүйесі

Өндіру          
Тұтыну           
Күрделі қаржы

жұмсау 

         
Басқа елдер          
Ұлттық  санақ 

жүйесі

         

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты