Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

Сәйкессіздік тапқанда оның себептерін анықтау қажет. Негізгі  себебі ақшалай қаржылардың шығынын  еңбек төлемі, түрлі төлемдер ұстаулар қорына алу, авансты толық ұстамау,төлемдердің құжаттарын екі рет есепке алу, сальдоны бір есептік ведомостен екіншіге ауыстырғанда дебиторлық қарыздың төмендеуі немесе кредиторлық қарыздың өсуі, есептің дұрыс жүргізілуі.

Аудиторлық тексеру  барысындағы анықталған қателер  мен ауытқулар, бұзылған нормативті құжаттар көрсетіле және есеп беру көрсеткішіне сандық әсерін анықтай  отырып , аудитордың жұмыс құжатына жазылады.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айрысудың бухгалтерлік есебіндегі кең тараған қателіктер мен ауытқулар:

- жұмысшыларға төлемнің  заңдылығы мен мақсаттылығын   растайтын құжаттардың жоқ болуы  немесе дұрыс болмауы, уақытында  енгізілмеуі; 

- орташа жалақыға қатысты  төлемдерді (демалыс, уақытша еңбекке  жарамсыздық және т.б.) есептегендегі қателіктер;

- түнгі уақытта еңбек  ету, қосымша жұмыс және т.б.  үшін түрлі төлем және қосымша  төлемді дұрыс есептемеу; 

- еңбек ақысы және  басқа төлемдерді есептеу бойынша  шоттардың дұрыс емес корреспонденциясы. 

Кәсіпорынның бюджетпен есептесу аудитінің негізгі мақсаты салықтар мен жинақтардың барлық түрлері бойынша есептердің дұрыстығын анықтау, уақыты өтіп кеткен төлемдерді және оған қандай пеня есептелінгенін, уақытында қаржы аудармаған кінәлілерге  және мүмкін болатын тәртіп бұзуларға қандай шаралар қолдану болып табылады.  Бюджетпен есептесуді тексеру барысында аудитор тексерілуші шаруашылық субъектісінің, салық пен жинақтарды дұрыс есептемеуге байланысты салық салу қызметтерінің салатын санкциясы, жжәне сонымен қатар бюджетке уақытында ақша аудармауға байланысты, қаржылық шығындарды болдырмауына көмектесуі керек. 

Бюджетпен есептесуді тексеру  үшін негізгі ақпарат көздері  келесілер болып табылады: төлемдер мен жинақтардың жеке түрлері  бойынша есептер мен түсіндірмелер, бюджетке аударған қажетті сома жайлы алғашқа құжаттармен бірге банкінің көшірмесі, салықтық органдары жағынан тексеру актілері, бухгалтерлік есеп шоты бойынша жазбалар, журнал-ордер және басқа есеп регистрлері, Бас кітап, бухгалтерлік баланс, табыс пен шығындар және т.б. жайлы есеп. 

Салық пен жинақтардың  әрбір түрі бойынша келесілерді  тексеру қажет:

-  осы  есептерді  ішкі бақылау (тестілеу жолымен)  жағдайы; 

- бақылау, сканирлеу,  құжаттар мен есеп регистрлерін  салыстыру арқылы салық салу  базасының дұрыстығын анықтау; 

- бақылау және сканирлеу  жолымен салық қойылымының қолдану  дұрыстығын;

- бақылау, нормативті  құжаттармен салыстыру, тексерілуші  субъектінің ерекшеліктерін зерттеу  арқылы салықтық дұрыстығын анықтау; 

- бақылау, алғашқы  құжаттармен танысу, арифметикалық есептеу жолымен сатып алынған ресурстар бойынша  ҚҚС салу дұрыстығы;

- төлем құжаттармен  танысу, салықтық есептесу жолымен  салықпен есептеу анықтамасының  дұрыс жазылуы, салықтық төлемдер  мен жинақтарды аударудың толықтығы  мен уақытына сайлығын,

- салықтар мен жинақтарды  төлеу мен аудару бойынша операцияларды  бухгалтерлік есепте көрсетудің  дұрыстығын.

Кәсіпорын бюджетпен  салық пен жинақтың қандай түрі арқылы есептесетінін анықтау қажет. Алдында  кетірген қателердің сипатын анықтауға  және терең бақылау үшін объектілерді таңдауға мүмкіндік беретін салықтық қызмет пен басқа тексеруші органдар жағынан тексеру қорытындысы мен материалдарымен танысу қажет.

Тексеру барысында анықталған  бұзушылық аудитордың жұмыс құжаттарында және аудиторлық есепте тіркеледі.

Аудитор кредиторлық  міндеттемелерді келесілер бойынша  қарастыру керек:

- төлеу мерзімі болмаған  есеп құжаттары;

- уақытында төленбеген  есеп құжаттары бойынша жабдықтаушылар;

- өзара талаптарды  ескеру тәртібіндегі есептеулер;

- бюджетпен есептесу;

- төлеу мерзімі басталмаған  вексельдер және уақыты біткен  төлемдер.

Міндеттемелерді өтеу келесі әдістермен жүзеге асады:

- төлем арқылы;

- басқа активтерді беру;

- міндеттемелерді басқаларға аудару;

- міндеттемелерді акцияға айырбастау.

Аудитор,  әдейі және мүдделі қателіктер мүмкін болатын, міндеттемелер өтеудің ерекше жолдарына көңіл аудару қажет. Осындай қателерді анықтаған кезде,  маңыздылығын ескеру арқылы  олардың қаржылық есепек әсерін  қарастыру қажет.

Міндеттемелер ұзақ мерзімді (несиелер, мерзімі ұзартылған салықтар) және, есептік күннен бастап бір жыл аралығында өтелуі қажет, ағымдық міндеттемелер болып бөлінеді.

Міндеттеменің пайда  болуының заңды түсінігі мен негізі,  және оның орындалуы ҚР «Міндеттемелік құқығының»  III бөлімімен реттеледі. Онда міндеттемелердің орындалуы бөлімдер,үшінші жақ, орындалу мерзімі және т.б. бойынша қарастырылған.

Кредиторлық қарыздың аудиті кезіндесалықтық заңдар қарызға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие болатынын ескеру қажет.  Үш жыл бойы төленбеген ұйымның қарызы,осы  мерзім біткенде сезікті деп танылады және оның сомасыжиынтық жылдық табысқа қосылады. ҚР-ның Салық кодексінің 10 бапына сйкес сезікті қарыздар ретінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша туындаған, және сонымен қатар өзінің жұмысшыларының еңбек ақысы бойынша  есептелінген, бірақүшжыл бойы төленбеген сомасы бойынша қарыздар түсініледі. Егер кезінде сезікті деп танылған міндеттеме төленсе, жиынтық жылдық табыс осы төленген сомаға азаяды.    Жиынтық жылдық табыстың азаюы солтөлем жүргізген есептік уақытта және алдында табысқажатқызылған  сома мөлшерінде ғана жүзеге асады.   

Исктік ұзақтығы үш жыл  деп бекітілген азаматтық  заңдарға сүйене отырып  бухгалтерлік есепті жүргізбеу салықтық есептегі міндеттемеден босатуға негіз бола алмайтынына аудитор көңіл аудару керек.  Исктік ұзақтық мерзімі  азаматтық  заңдар бойынша салықтық заңдармен салыстырғанда үнемі үш жылдан көп болады.  Бұл салық салу мақсатында уақыт ұзақтығын есептеу қарыздың құрылу сәтінен басталатынына байланысты. Азаматтық  заңдар бойынша -  тұлға өзінің құқығы бұзылғанын білген сәттен бастап, яғни, әдетте, төлем күні ретінде анықталған күннен бастап. Мысалы, тауар күні алынды, төлем мерзімі 20 наурыздан кеш емес деп бекітілді. Салықтық есепте міндеттеме мерзімі 20 ақпанда бітеді, азаматтық заңдар бойынша исктік ұзақтық мерзімін қолдану мақсатында – 20 наурызда.

Қаржылық есепте міндеттемелерден босату бекітілген мерзімнің бітуі  ғана емес, басқа да жағдайларға  байланысты жүзеге асады. Мысалы, ұйым басқа ұйымның қарызын кешіреді, бұл жағдайда алып тасталған қарыз сомасындай табыс пайда болады. Табыс бұл жағдайда бухгалтерлік есепте де көрініс табады. 

 

 

  1. «Есік жүйке аурулар интенат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері. 

 

3.1 «Есік жүйке аурулар интенат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің сипаттамасы

 

 Мемлекеттік Мекеме «Есік жүйке аурулар интернат үйі»

Есік жүйке аурулар  интернат үйі 1978 жылы құрылған, аумағы 3,8 га., мекеме аумағы 11 342 кв.м, екі қабатты үш корпустан тұратын тұрпатты ғимараттарға орналасқан, мұнда қазіргі уақытты 540 адам, 1-2-3 топтағы мүгедектер тұрады. Мүгедектердің 276 елер, 264 әйелдер.Мекемеде 295 адам қызмет етеді. Олардың 15-і маман дәрігер, алтауы психолог, алтауы  дефектолог мұғалім, еңбек нұсқаушысы, қалғаны  әлеуметтік күтім жасау жөніндегі арнаулы мамандар. Осынау  мекемелер үшін республикалық бюджет трансферті арқылы 2 шағын  автобус, аса қымбат  тұратын  шетелдік ауру анықтау-емдеу құрал-жабдықтары, спорттық сауықтыру және тұрмыстық техника, жиһаздармен жабдықталған. Мекемедегі стоматология, УЗИ, лаборатория, терапия т.б болмелерінде  толық медициналық құрал – жабдықтары бар. Мекеме жергілікті бюджеттің есебімен қаржыландырылады.  Мекеменің мекен жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Орымбетов көшесі, 214. Мүлік иесі Алматы облысы Әкімі болып табылады.

 

Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде  оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды. Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міңдеттерді орыңдай алатындай болып ұйымдастырылуы керек. ҚР – ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы (өзгерістері енгізіліп және толықтырылу) 28.02.2007ж. № 234-III заңына сәйкес:

  • жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторларды, жеткізушілердің, сатып алушылардың, кредиторлардың, салық және банк органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық үрдістер мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және шы-найы ақпараттарды қалыптастыру;
  • мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
  • қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау.
  • ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
  • ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.

Бухгалтерлік есептің  алдына қойылған міңдеттерді орындау үшін ол мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  • Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығыньның нормадан ауытқуын анықтауға, бақылауды жүзеге асыруға және т.б. үшін қажет.
  • Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен салыстырымдыны белгіленген көрсеткіштердің есеп деректерімен байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің орыңдалуына мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

 Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне кәсіпорынның қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгеңдеу, бухгалтерлік есеп шоттарьн  қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да ХҚЕС № 2 сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

         Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған, бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады.  «Бухгалтерлік есеп және каржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп қағидаларында кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысыңда бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

   Бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

  Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының тиртік жоспары;

   Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

   Кәсіпорынның ішкі бухгалтерлік қорытыңды есеп құрудағы құжат нысандары;

  Актив пен міндеттемелер түгендеуін өткізу тәртібі (реті);

 Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

  Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;

  Кәсіпорынның  операцияларды бақылау тәртібі;

  Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

      Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.  Кәсіпорынның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:

  • Меншік нысаны мен құқыіқтық-ұйыімдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өңдірістік кооператив және тағы басқа);
  • Салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
  • Салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
  • Қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міңдеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
  • Кәсіпорынның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша)  бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
  • Материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

     Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері