Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:33, курсовая работа

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны.

Содержание

Кіріспе 5

Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44

3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61

Қорытынды 65


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дипломная.doc

— 640.50 Кб (Скачать документ)

 

Орташа күндік табысты  анықтаймыз: 334 545,45 теңге / 248 күн = 1 348,97 теңге;

2009 жылдың қаңтар айының 28-нен ақпан айының 20-на келетін демалыс аралығының жұмыс күнінің санын анықтаймыз: 18 жұмыс күні;

Кезекті демалыс аралығындағы отраша еңбекақы : 1348,97 теңге*18 күн = 24 281,46 теңге құрайды.

Сонымен бухгалтердің кезекті  еңбек демалысын есептелінген еңбекақы сомасы және оған төмендегідей бухгалтерлік проводка беріледі:

      

          Дебет                                       Кредит                         Сома

 

            7211                                          3350                             24 281,46 теңге.

 

 

    1.   Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және  еңбек заңдылықтарының сақталынуы     

 

   Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің  негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы кодексі», қызметкерлердің еңбегі бойынша мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

     Қызмеркерлермен  еңбек ақы төлеу бойынша есеп  айырысуларды тексеруді әр айдың  бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша  аналитикалық есеп көрсеткіштерінің  және бухгалтерлік баланстағы, бір уақытта айналым қалдық ведомосындағы жазулармен сәйкестігін анықтап алған жөн. Бұл үшін айналым қалдық ведомосындағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 шот бойынша тізімдеме ведомосының жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағы көрсеткішімен салыстыру керек. Алғашқы құжаттардың анық сенімділігін , толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

    Еңбекті уақыт бойынша төлеуде (мерзімді еңбекақы) тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді еңбекақы төлеуде- жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі. Еңбекақы төлеу есебі жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар немесе жоғын т.б. анықтайды. 

   Жұмыс уақыты  мен нарядтар есебі табелін,  сондай-ақ еңбекті төлеуді есептеу  жөніндегі алғашқы құжаттарды  тесергенде, оларға ойдан шығарылған, яғни жасанды тұлғаларды кіргізу  жағдайлары бар немесе жоқтығын  анықтау керек. Бұл үшін оларды  берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін, жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтермен салыстыру керек. Бұрын төленген алғашқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар немесе жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу-төлемдік ведомостарда қайталануын тексеру де маңызды болып табылады. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жвзылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аудару қажет және алғашқы құжаттар мен есептік ведомостарды тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекшк көңіл бөлу керек.

    Аудиторлық  тексерудің одан әрі жүзеге  асатын кезеңдері мыналар болып табылады:

  • төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
  • жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты болатын қосымша еңбекақы ресімдеу тәртібі;
  • түнгі мерзімдегі жұмысқа төленетін қосымша еңбекақы;
  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақыны төлеу;
  • мерекелік күндердегі жұмыс істегені үшін еңбекақы төлеу;
  • іс жүзіндегі заңда қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдем ақысын төлеу және т.б.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
  • еңбекақыдан аударымдардың дұрыс ұсталғандығын тексеру.

Заңға сәйкес еңбекақыдан  мыналар ұсталынуы тиіс:

  • зейнетақы қорына аударым;
  • табыс салығы;
  • бұрын берілген аванс бойынша берешекті;
  • арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы беруге;
  • пәтер ақы;
  • баланың мекткпке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиеленгені үшін;
  • қызметкерлердің кәсіпорынға келтірілген материалдық зиянның орнын толтыруы;
  • ақшалай артық есептеулер.

Тексеру қорытысында  мыналарды анықтау қажет:

  • шығыстарды еңбекақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
  • жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;
  • бухгалтерлік өткізбелерді еңбекті төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
  • синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы.

Кесте 11

Аудиторлық қызмет

 

 

 

 

 

Лицензия алуға қажетті құжаттар қатары

Лицензия алу үшін Лицензиар мынадай құжаттар ұсынады:

  • аудиторларға:
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен формасындағы өтініш;
    • Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқына байланысты лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;
    • Аудитордың біліктілік куәлігінің нотариуспен бекітілген көшірмесі;
    • Еңбек кітапшасының нотариуспен бекітілген көшірмесі (еңбек келісім-шарты);
    • аудиторлық ұйымға (1 негізгі пунктің төртінші бөлімінде айтылғандардан басқа):
      • Заңды тұлға ретіндегі және статистикалық картаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариуспен бекітілген көшірмесі;
      • Құрылтайышылқ құжаттардың нотариуспен бекітілген көшірмесі;
      • аудиторлық ұйым жетекшілері мен аттаестацияланған аудиторлар туралы мәлімет (аты-жөнімен қоса, біліктілік куәлігінің нотариуспен бекітілген көшірмесі).

Лицензия беруден бас Тарту

Лицензиатқа лицензия беруден  бас тарту келесі негізде жүзеге асады:

  • Заңнамалық актілермен бұл субъект категорияларына аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салынған;
  • Барлық құжаттар көрсетілмесе. Көрсетілген қарсылықтар өтініш иесімен жойылса, өтініш жалпылық негізде қарастырылады;
  • Жекелеген қызмет түрлері құқына байланысты лицензиялық жинақ төлемі төленбесе;
  • Негізгі Ережелермен бекітілген біліктілік талаптарға жауап бермесе;
  • өтініш иесінің қызмет түрімен айналысу құқын жою сотпен шешіледі.

 

 

 

Лицензия беру мерзімі

 

Өтінішті алған күннен бастап барлық қажетті құжаттармен  бірге:

  • 1 ай
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 күн

 

 

Қорытынды

    Шаруашылық  қызметінің үрдісінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмыс бойынша ауысулар жүргізіледі. Адам құрамының есебін кдрлар бөлімі жүргізеді. Ол жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін №Т-2 нысанындағы карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін №Т-4 нысанындағы ғылыми қызметерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген соңғы адамдар жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиіс. 
  Кәсіпорында жұмыс жасайтындарды тізімдік және тізімдік емес қызметкер деп бөледі. Орындайтын функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар мен қызметкерлер деп бөледі. Қызмтекерлер басшылар,мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлінеді. Жұмысшыларды өндіріс үрдісіне қатысуына қарай негізгі және көмекші деп бөледі.

  Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номииналды және шынайы түрлері болады.   ;  Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.   Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға  болатын  өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.    Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.  

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

-  Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен  жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;

- Субъектінің әрбір  қызметкеріне жалақыны дер кезінде  және уақытылы есептеу; 

- Жалақыдан дер кезінде  және дұрыс ұстап қалу;

- Белгіленген мерзімдерде  қызметкерлермен еңдекақы бойынша  есеп айырысуды жүргізу; 

- Есептелген жалақыны  өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік  құнына дер кезінде және дұрыс  енгізу;

- Өндірістік процеске  басшылық жасау операцияларына  қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;

- Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;   
   Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл - әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану болып табылады. Міне, осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.

      Нарықтық  экономика жағдайында шаруашылық  субъектісінің жұмысын жетілдіру  және бақылау үшін бухгалтерлік  есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметті сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Казіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

     Кейбір  субъектілер өндірген өнімге  норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленімге тиіс салықтардың мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың менің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі, оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.

Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры.

    Қазіргі сәтте  еңбек жалақыны есептеуде айтарлықтай  өзгерістер енгізілген. Кәсіпорындағы  еңбекақыны ұйымдастыру механизмі  жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу  үрдісін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылданған осы үлгісі  мен оның нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі жұмыс істейтін әр түрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін қамтамассыз етеді.  Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.

Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы  болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсьныстар әзірлеуге себепкер болады.

Экономиканың саласындағы  мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін  жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек. 

     «Қазақстан  Республикасы Еңбек кодексі бойынша  жұмыс беруші заңға келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес  қызметкердің еңбекақысын төлеуге  міндетті.

   Жұмысшының еңбекақысы  орындалған жұмыстың сапасы мен  санына,ауырлығына байланысты анықталды.

    Еңбекақының  формалары мен жүйелері Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің 03.06.2008 ж. №135 п «Қызметкерлерге  еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс» бұйрығында белгіленген және жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды. Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни Қазақстан Республикасы     «Есік жүйке аурулар интернат» мемлекеттік мекемесі дәл осы Кодекске сай барлық жұмыстарды толығымен орындайды.

Информация о работе Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері